Ойын-сауық 16желтоқсан — Тәуелсіздік күні
Жүргізуші: Құрметті балалар, қадірлі балабақша ұжымы! Тәуелсіздік күніне арналған ойын-сауығымызға қош келдініздер! тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз, еліміз аман есен тыныш болсын,республикамыз көркейе берсің!
Әнұран
Елу жылда ел жаңа демекші, осы жылдарда да біраз өзгерістер болды, нарықты заман орнады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Аспанымыз ашық, еліміз аман болса, бұл мақсатқа да жетеміз деп сенеміз. Сол болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіңдер. Сәби күлкісі мен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын.
Тақпақтар
Сахнаның артынан мақта қыз бен мысықтың дыбысы шығады, ұрысып келе жатыр залға кіріп
Мысық: берші маған, берші, қайтарып берші, енді гәрі қатықты төкпеймін
Мақтақыз: мен саған ренжідім сен менім қатығымды төгіп тастадын!
Мысық: кешірші мені берші маған менің құйрығымды
Жүргізүші: салеметсізбе Мақта қыз мен мысық! не талас?
Мақта қыз: Мен үй жинап жүргем миіз тауып қалдым содан мысықты шақырдым, мысық келмеді, содан өзім жей салдым. Соңы білген мысық менің қатығымды төгіп тастады.(деп жылайды) Енді мен оның құйрығын алып қойдым
Жүргізүші: Ұрыспандар бүгін бізде мереке біз 16 желтоқсан күнің атап отырмыз. Сондықтан бізге қосылындар. Бізбен бірге көңіл көтеріп қайтындар
Жүргізүші: балалар ал енді біз мақтақыздың көңілін көтеріп ән айтып жіберейік бірге
Ән: «______________________»
Жүргізүші: балалар біздің елбасымыз кім?
Балалар: Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев
Жүргізүші: біздің Астанамыз қандай
Балалар: Астана қаласы
Жүргізүші: біздің туымыздың түсі қандай?
Балалар: көк
Ойын «Шаңырақ»
Жүргізүші: Мақтақыз және мысық сендерге біздің балалар ән айтқысы келіп тұр
Ән «________________________»
16-шы желтоқсан -Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан,
Атамменен барғанмын.
Мерекеге шығады,
Бүкіл халық, біліп қой.
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік — ұлы той.
Аралаймын алаңды,
Тәуелсіздік күнімен.
Батыр Қайрат ағамның,
Суретіне үңілем.
16-шы желтоқсан —
Тәуелсіздік алған күн
Мерекені ел тосқан,
Шырқатып ән саламыз.
Ойын «тақия тастау»
Жүргізүші: мақтақыз сенің ашуын тарқады ма?
Мақта қыз: Иа, менің көңіл күйім көтеріліп кетті. Қандай тамаша балалар мен біраз серігіп қалдым
Мысық: Мақта қыз кешірші мені, мен енді сенің қатығын тиіспеймін, қайтарышы менің құйрығымды
Мақта қыз: Мә саған құйрығынды ал. жарайды, ал бірақ енді солай істеуші болма жарай ма
Мысық: жарайды
Сонымен мақта қыз мысықтын құйрығын қайтарып береді олар төс қағысстырады
Жүргізүші: Қазақ халқы ғасырлар бойы өз еркіндігі мен бостандығы жолында жанқиярлықпен күрес жүргізіп келгені белгілі. Сондықтан уақыт талабына сай білімді де, парасатты, жан дүниесі кемел, намысшыл, ұлт жанды ұрпақ, отанымыздың арқа сүйер азаматы болайық, оны қорғауға әрқашан дайын тұрайық.
Еліміздің егемендігі кеңейіп, көк байрағы желбірей берсін!
Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, Отанымызға тыныштық тілейміз.
Би: Қара жорға
Тақырыбы: «Тәуелсіздік –тұғырым»
Мақсаты:
-Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу.
-Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау.
-Жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
-Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу. Өз елін,жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.
-Тәуелсіздік бастауы-ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру.
Көрнекіліктері: нақыл сөздер, еліміздің рәміздері, желтоқсан құрбандарының портреттері, шарлар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Кіріспе сөз.
-Құрметті ұстаздар,оқушылар!
Бүгінгі тарихымызды тағы бір еске түсіру үшін ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған тарихи – әдеби ашық тәрбие сағатына жиналып отырмыз.
Біз өзіміздің көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп,өз елтаңбамыз бен әнұранымызды қастерлей отырып, күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздікпен ерліктің белгісі дала қыранының қанаты талмай, шарықтай берсін демекпіз.
Иә, бір кезде Отан үшін деп жанын қиған жастар енді Тәуелсіздік үшін, ар-намысын,ата-баба дәстүрін жоғары көтеру жолында ереуілге шықты.Олардың бұл өжеттілігін ұлтшылдықтың белгісі қылып көрсетті. Қаншама қан төгілді. 1986жылғы «Желтоқсан оқиғасы» тарихта мәңгі қалмақ.
1986 жылы 17 желтоқсанда бүкіл елді дүр сілкіндірген ғаламат оқиға болды.
Азаттық, Теңдік, Тәуелсіздік. Осы бір үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады? Бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанқызы, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз.1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап — жас қыз жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз. (1минут үнсіздік жариялаймыз.)
Ортада оқушылардың Тәуелсіздік жайлы өлең жолдары:
Ислам
Атамекен ақ үйдің
Азат болған күні бұл.
Құндақтағы сәбидің
Қазақ болған күні-бұл.
Дарина
Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні-бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні-бұл.
Әмір
Алты алаштың баласы
Қауымдасқан күні-бұл.
Бір-бірімен жарасып
Бауырласқан күні-бұл.
Нұрсәт
Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлдүлі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл-күні!
Толқын
Жұпар шашқан гүлімнің
Жаңа ашылған күні-бұл.
Менің ана тілімнің
Бағы ашылған күні-бұл.
Асылхан
Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды,кенеле бер.
Мерейің құтты болсын,Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы,келе берер!
Е.Гүлайым
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О,тәңірім бізді баққа жолықтыр!
Бүгін міне,тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!
Жарайсыңдар, балалар!
— Енді Отан, туған жер туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
-«Отан отбасынан басталады»,
-«Туған жерге туынды тік»,
-«Өз үйім – өлең төсегім»,
«Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас»,
-«Отансыз адам – ормансыз бұлбұл»,
-«Отан – оттан да ыстық»,
-«Отан – елдің анасы, ел – ердің анасы».
-Сол бір кездегі тәуелсіз ел болып қуанып жатқан қуанышты сәттерге де кезек берейік. Олай болса, «Тәуелсіздік жарығы» атты шағын көрінісімізді тамашалаңыздар. (Немересі – Нұрсая, әжесі – Жаңагүл)
Немересі: Әже, әже далада адамдар салют атып, қуанып жатыр, ол ненің мерекесі?
Әжесі: Ол тәуелсіздіктің белгісі ғой,балам.
Немересі: Онда маған өткен өміріңізді айтып бересіз бе?
Әжесі: Мен өткен өмірімді айтсам, басым ауырады.
Немересі: Онда тынығып алайық.
(Тынығып жатқан немересі түс көреді)
Немересі: Әже, әже мен түсімде жарық күннің көзін көрдім.
Әжесі: Ол тәуелсіздіктің белгісі ғой.
Немересі: Онда мен достарымнан сүйінші сұрап келейін .
Сүйінші, сүйінші тәуелсіздіктің жарық күні шықты!
Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өркендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.
Қандай бақыт қуаныш күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен қыршын кеткен ағалар мен апалар,
Елің алды егеменді теңдігін,- деп жырлай келе тәуелсіздігіміз жасай берсін, еліміз тыныш болсын демекпіз.
Сабина
Туған халқымыз тәуелсіздік алды.Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді.
1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді.
Асылжан
Мұз жастанып азаттықтын жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке.
Арна
Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.
Егемендік иесі мен деген сөз,
Көптен бері естілмеген ерен сөз,
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған
Көркем жігіт болып өссе көрген сөз.
Егемендік ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші.
«Егемендік» деген сөзден естілер
Ата жұрттың арысы мен бергісі.
Аяулым
1991 жылы желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.
Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімніңбар Президенті.
Шырақ етіп өмір нұрын,
Алыс жатты алдағы жол.
Ел намысын, елдің жүгін,
Арқалаған ардағым-ол.
Нұрайым
1999 жылы тұңғыш Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қайта сайлайды,ал 2005 жылы желтоқсан айының төртінші жұлдызында болған сайлауда ел қалауымен Н.Ә.Назарбаев тағы жеті жылға сайланды.
Күнісіз қазақ көгінің,
Шуағын шашқан халқына.
Қазығы бостандығымның,
Қажымас қайсар нар тұлға,
Ұшырдың алыс айға адам
Халқымның мақсат арманын,
Түсінер сіздей қайда адам?!
Бес қару белге буынып,
Қол бастар көсем өзіңсің,
Жаныңды қиып бересің,
Қазақтың байтақ жері үшін.
Ұлан
1992 жылы 4 –маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды.
Рәмізім-елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Дархан
Қазақстан Туы
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек-
Елдің ашық қабығы.
Ақ ниеті – алтын күн,
Асқақ арман-қыраны.
Жалауы бұл-халқымның,
Мәртебесі, мақтаны.
Бақытнұр
Елтаңбасы елімнің
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт, әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада-аспан әлемі.
Құт, береке, шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ.
Екі жақтан көмкеркен.
Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған…
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім-Елтаңбам.
Қ.Гүлайым
Әнұран
Әнұраным-жанұраным,
Айтар әнім-сөйлер сөзім.
Туған жерім-сағынарым –
Мың қайталап айтам мұны.
Би: «Қыз Жібек» қыздар тобы
Медея:
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Әли:
Тәуелсіздік – баршамызға жарық күн,
Тәуелсіздік – баршамызға тыныш түн.
Арайлап атқан күн мен батқан түннің,
Мазмұны Әнұранда шырқалып тұр.
Алина:
Келді алдыңа алыстағы азат күн,
Өзіңді өзге елдің шырмауынан босаттың.
Намысыма тиме менің адамзат,
Өйткені мен қайсар жүрек қазақпын.
Әнуар:
Тәуелсіздік! Балалардың ұраны,
Бейуақытта, бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік! Түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы.
Арай:
Тәуелсіздік – елімнің шамшырағы
Тәуелсіздік – халқымның бәйге пырағы.
Тұрақты болсын , қуатты болсын әрқашан,
Шырағы мен пырағының тұрағы.
Рамазан:
Бабалар армандаған – тәуелсіздік,
Ақындардың жырлағаны – тәуелсіздік.
Еркіндік, елдік берген – тәуелсіздік.
Ұрпақтарға аманат – тәуелсіздік.
Мұғалім:
Қазақстан – қасиетті ұғым бұл
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал, толғайық жеткенінше қызыл тіл.
Т- білдіреді теңдікті,
Ә- әдептілік, әлдікті,
У-уайымсыз уақытты,
Е- егемендік елдікті.
Л-дейді лағып лепірме,
С-сенімділік секілді,
І-ілтипат пен ізетті
З- зиялылық тілек қой.
Д- шақырады достыққа,
І- ізденіс пен нәтиже
К- дейді күн боп көктегі
Көз алартып, көршілерге қол сұқпа.
Ән: «Көк тудың желбірегені» Хор
Қорытындылау:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары.
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің
25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік — тірегім» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. Біздің тілегіміз – бейбітшілік, тыныштық. Сендердің әрқайсысың Отанына қызмет ету үшін жақсы, әдепті, қайырымды, үлкеннің тілін алатын, кішіге қомқор бола білетін азаматтар болып өсулерің керек. Ата-бабамыз жанын қиып қорғаған ұлан-байтақ жердің иесі, болашақ иесі сендерсіңдер. Отанымыз жайнай берсін! Гүлдене берсін! — деген ниетпен ашық тәрбие сабағымызды аяқтай келіп, қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамын. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Көк туымыз аспанда әрдайым биіктен көрініп, самғай берсін!
Сахнада түрлі безендірулер болады. Екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші: Армысыздар, аса қадірменді кеш қонақтары!
2-жүргізуші: Кеш жарық қадірлі көрермендер!
1-жүргізуші: Өткенін ұмытпаған, баһадүрлерін ұлықтаған ұлан-ғайыр атырапта бүгін мереке! Бұл мереке – Тәуелсіздігімізге 25 жыл толуы! Осынау ұлық мерекеміз құтты болсын ағайын!
2-жүргізуші: Иә, бүгінгі мерекенің орны өзге. Қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз ғой бұл. Дала төсінде тербеліп тұрар Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз. Осы орайда, тәуелсіздік жолында шейіт болған боздақтарымызға бүгінгі ұрпақ тарапынан тағзым ретінде бір минут үнсіз еске алсақ. (Барлығы орнынан тұрады)
1-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын, қонақтарымызбен таныстырып өтсек: (келген қонақтарды таныстырады)
2-жүргізуші: «Дариға, Домбырамды берші маған,
Жаныма келші жарым, келші балам.
Бейуақ, іңірдегі көңіліме,
Күй болып күңіреніп енші далам
Домбырам, жүрегіммен үндес едің,
Сенімен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұрам, сен болмасаң,
Өнердің не екенін білмес едім». Әсерлі кешіміздің шымылдығын қазақтың қасиетті қара домбырасынан төгілген құдіретті күйге беруді жөн көріп отырмыз. Ендеше, орталарыңызда _______________________(бір күй орындайды)
1-жүргізуші: Бостандығым! Тосқан күнім азалдан,
Жиырма бес жыл – аспан кірсіз, ажарлы ән.
Сен келгенде серпілгенмін қайғыдан,
Сен келгенде сары мұңнан тазарғам.
2-жүргізуші: «Ән көңілдің ажары» демекші, келесі кезекті әуезді әнге берейік. (Патриоттық тақырыптағы ән орындалады)
1-жүргізуші: Бабаларымыздың қанымен, білегінің күшімен, найзасының ұшымен келген киелі де қасиетті тәуелсіздіктің қандай қиындықпен келгені баршамызға мәлім болса керек-ті. Ұлық мерекеміздің аясында тәуелсіздік жолында еліміздің жүріп өткен қадамдарына назар аударып көрелік. (слайд көрсетіледі)
2-жүргізуші: Бойларыңыз шымырлап, рухтарыңыз бір асқақтап қалған шығар, иә?
1-жүргізуші: Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті. Аңсатқан азаттық жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны анық.
2-жүргізуші: Қазіргі таңда Тәуелсіздік күні – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты, ұлтымыздың ұлы мұраты.
(Хабарлаусыз, бір би жіберіледі)
1-жүргізуші: Біздің ең киелі, ең қасиетті ұғымымыз – тәуелсіздік. Азаттықтың тамыры тым тереңде. Талай ғасырлар қойнауына көз жіберіп қарасаңыз, осынау тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен, қандай азаппен келгенін түсінесіз. Отан, туған ел, халық ұғымын тәуелсіздіктен бөліп қарастыра алмаймыз. Барлығы тамырлас, бір-бірімен байланысып жатқан өзегі бір ұғым. Тәуелсіздіктің иесі – халық, халықтың анасы – Отан.
2-жүргізуші: Жебесімін көбе бұзар түркінің,
Егесімін күллі түркі жұртының.
Назарына түспесе де дұшпанның,
Жанарыма тұнған шықты іркідім.
(Көрініс _______________)
1-жүргізуші: Иә…. Осынау самарқау кезеңнің ұрпағы бола тұра мына біздер тәуелсіздіктің арқасында еркін шалқып өмір сүрудеміз.
2-жүргізуші: Өте дұрыс айтасың, толықтай келісем. Бәйгеге ат жіберсек те, кең далада көсіліп ойнасақ та, билесек те, ән айтсақ та осының бәрі бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз, аманат болған азаттықтың арқасы. Ендеше, татулық пен тұрақтылық аясында өмір сүріп, бейбітшілік, туын биікке көтерген Қазақстан халықы жаңа әлемнің жарқын жаңалықтарына ұмтыла бермек.
1-жүргізуші: Сен десе тыным таппаймын мазамдай мүлдем,
Сен десе жаным жаһанға тажалдай күлген
Сен менің ұлы мұңымсың тағдырым егіз
Сен менің ұлы жырымсың жаза алмай жүрген.
2-жүргізуші: Құрметті жиналған көпшілік қауым, осымен біздің бүгінгі «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты кешіміз өз мәресіне жетті. Еліміздің еңсесі биік, туымыздың тұғыры берік, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай. Келесі көріскенше қош сау болыңыздар!
1 ведущий: Қазақстан қуатты, өлкем туған.
Сенің күшті қанатың болды маған қорған.
Қазақстан ескен жел астықты қағады.
Отаным сен деп мәңгі жүрегім соғады.
Еркін, ұшқыр, тәуелсіз елім.
Сүйікті Республикам менің.
Гүлдене бер сен әрқашанда.
Бостандық елі — Республикам менің.
2 ведущий: Казахстан – это имя народа,
Казахстан – это имя весны,
Казахстан – это имя свободы,
Казахстан – это солнечный свет,
Казахстан – это имя побед,
Казахстан – это крылья народа.
3 ведущий: Kazakhstan — the native land
Very because we love you.
Sea, mountains, dal steppe-
This is my Motherland!
How great is my land,
How wide is its vast expanses
Lakes, rivers and fields,
Forest and steppe, and mountain.
1 ведущий: Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз «Тәуелсіздік- теңдесі жоқ байлығым» атты мерекелік кешті өткізгелі отырмыз. Сіздерді Ұлы Қазақстан Республикасының тәуелсідік күні мерекесімен құттықтаймыз! Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би, мереке шашулары шашылады.
2 ведущий: Наше Отечество, наша Родина – мы так зовем Казахстан, потому что здесь живут наши отцы и деды, и все для нас родное. В преддверии праздника «Дня Независимости» мы проводим наше мероприятие «Тәуелсіздік- теңдесі жоқ байлығым».
3ведущий: Good afternoon dear guests teachers and pupils
Good afternoon everybody who has come to our party.
We are very glad to see you here.
Today is the day of languages. Let,sstart.
«Казахский танец» Исполняют учащийся_________ класса
К Ө Р І Н І С
1 ведущий: Қазақстан Республикасында 130 дан астам ұлттар өмір сүреді. Тілі, түрі бөлек болғанмен жүрегі, тілегі «Қазақстаным – тұған жерім» деп соғатын біздің елдегі өзге ұлт өкілдері ынтымақ пен достықтың туын жоғары ұстап, бір шанырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр.
2 ведущий: Мы люди разных национальностей, живем в мире и согласии. Мы дети – разных народов, но вскормлены одной матерью – Родиной. У каждого народа своя культура, свой язык, национальные костюмы, обычаи и традиции.
3 ведущий: Kazakhstan is our common home. Besides Kazakh and Russian people, there are 2 thousand representatives of about 130 peoples in Kazakhstan.
В исполнении _______________, ученицы « »класса песня «Әрқашан күн сөнбесін»
Выступление учеников
Дети читают стихи:
1-оқушы:
Отан деген – атамекен.
Отан деген – туған жер.
Отан – ана,Отан үлкен
Қазқстан – туған ел.
2-оқушы:
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп мәңгілік
Ел жанында калған күн.
3-оқушы:
Жасай берсін, ұлы кун,
Үміті боп елінін;.
Ақ күні боп баланың,
Шаттығы боп шалдардын.
4-оқушы:
Тәуелсіздік — шұғылалы арманың,
Батыл басып бақытыңа барғаның.
Тәуелсіздік — көк тіреген тауларың
Ойға шомып тұратығын орманың.
5-оқушы
Тәуелсіздік — ту көтерген жеңісің,
Өмір бойы өзің жейтін жемісің.
Ата — бабаң тірлігінде аңсаған,
Құт береке,бейбіт өмір келісім.
6-оқушы:
7-оқушы:
_____________ күйі. Орындайтын _____________ « » класс оқушысы
1 ведущий: Желтоксанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да бөлек. Сондықтан да «толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымыздың әр жылда төгілген қанының, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарының, сәбиін білегімен, даласын жүрегімен тербеткен аналарымыздың аққан жасының, Жаратқаннан тілеген медетінің арқасында қол жеткізген Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тутып, қастерлей білуге тиістіміз. Біле білсек, бұл біздің азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз. Қарсы алыңыздар, М О Н О Л О Г……….
Мен – қазақпын, биiкпiн, байтак елмiн,
қайта тудым, өмiрге қайта келдiм.
Мен мың да бiр тiрiлдiм мәңгi өлмеске –
Айта бергiм келедi, айта бергiм
Предлагаем вашему вниманию песню «__________» в исполнении
Видеоролик
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай.
Туған тілім тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Өссе тілім, мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
2 ведущий: : Мы ещё раз поздравляем всех с праздником – Днём Независимости нашего родного Казахстана! Желаем всем мирного неба над головой! Пусть жизнь в Казахстане всегда будет мирной и по-солнечному радостной, как в сказке. Чтобы дети росли сильными, радостными и джружными, слушались старших и берегли родную землю. Счастья вам, процветания нашей Родины. До новых встреч!
1 ведущий: Осымен біздің концерттік бағдарламамыз аяқталды. Сау болыңыздар! Баршаңызға бақыт, денсаулық, ашық, аспан, бейбетшілік өмір тілейміз! Мерекеміз құтты болсын!
6.Ата бабаларымыздың аңсап көптен күткен тәуелсіздік күніміз кұтты болсын ағайын. Барша казастандыктарды тәуелсіздік кунімен құттықтаймын. Қазақстандағы әр бір отбасына мол бакык, амандық тілеймін, Алланын нұры жаусын, Нұр үстіне нұр жаусын, Еліміз гүлденіп көркейе берсін. Қазақстандыктар төл мерекелеріңіз құтты болсын!
Поздравляем с Днем Независимости — долгожданным праздником. Всех казахстанцев, поздравляем с великим праздником – днем Независимости.
Да здравствует Независимость Казахстана! Надо беречь и преумножать традиции нашего народа. Стараться не пустословить. Чтобы каждая семья жила в достатке. Дай Бог вам здоровья.
Еуразия жүрегінде, өркениеттердің ұштасқан орталығында талай ұлт пен ұлыстың қызырлы мекеніне айналған ұлы Далада азат елдің азаматы атанғаннан асқан бақыт жоқ. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында баянды да бақытты ғұмыр кешуіңізге тілектеспін.
Поздравляем вас С Днем Независимости РК!
Независимость РК пришла в результате борьбы казахского народа за свою независимость. Народ всегда жаждал независимости, сколько крови было пролито на пути к свободе.
Находясь в центре Евразии, наш народ обрел счастье в многонациональной стране. Представители более 100 национальностей живут и трудятся в единой стране вместе с казахским народом, преумножая славу нашего государства.
Kazakhstan is an independent Republic. Kazakhstan is an ancient and hospitable land, which occupies a large part of Central Asia. Kazakhstan has 14 regions, 84 cities. More than 17 million people of over a hundred nationalities and ethnic groups live in the republic. The head of Kazakhstan is a president, his name is Nursultan Nazarbayev. Almaty is a former capital of Kazakhstan. In 1997, the president of sovereign Kazakhstan made a decision to transfer the capital from Almaty to Akmola. In 1998 the government of the country decided to change the name of the capital into Astana, what means “capital” in Kazakh language. In Kazakhstan people speak Russian or Kazakh languages. Kazakhstan has hundreds of nationalities that’s why all people speak their native language. There are many parties in Kazakhstan, for example: Azat, Otan, Alash, Azamat. The president is elected every seven years. The parliament can be divided into two parts. One of them is deputation of Senate and the other is deputation of Mazhilis. Kazakhstan is rich in mineral resources. Coal, oil, timber and gas are the most important of them. I’m proud of my country.
Стихи про Казахстан на английском языке
Kazakhstan — the native land
Very because we love you.
Sea, mountains, dal steppe-
This is my Motherland!
How great is my land,
How wide is its vast expanses
Lakes, rivers and fields,
Forest and steppe, and mountain.
Jura-Jura-Zhuravel!
He circled the hundred lands.
Circled, and passed round,
Wings, legs натрудил.
We asked crane: —
Where are the best land? —
He answered, flying: —
Better to have none of the native land!
***
Kazakhstan – топик на английском, который расскажет вам о Казахстане. Kazakhstan is a sovereign state. In December 1991 Kazakhstan declared its independence. Kazak government pursues the policy of friendship and national accord. Historically Kazakhstan has developed as a multinational state. According to the constitution adopted in 1995 every nationality can develop its culture in Kazakhstan. All people of Kazakhstan have equal rights and duties. Both industry and agriculture are developing here. Nowadays many private firms and joint ventures appear. Kazakhstan has established diplomatic relations with seventy countries of the world. President of Kazakhstan Nursultan Nazarbayev is highly respected not only in this country but abroad as well because he is an honest and intelligent statesman. The most important industrial centres are Karaganda, Pavlodar, Zhezkazgan, Taraz. Our country is rich in mineral resources and minerals. Copper, iron, zinc, lead, coal are mined in Kazakhstan. Now the aim of independent Kazakhstan is to become the country of high technology. Kazakhstan is good for a place of useful health resorts. People can improve their health at the resorts in Kostanay, Kokshetau, Almaty. They say that Kokshetau is «Kazak Switzerland» because its nature is beautiful and climate is mild. Kazak people are friendly and open-hearted. Almaty is the cultural, Scientific, economic and transport centre of Kazakhstan. This is one of the most beautiful cities of Asia. The city has a mild climate. Summer in Almaty lasts from May till September with the average temperature of 22 degrees in July. Winter is not very cold with the average temperature of 8 degrees below zero in January. The city was founded in 1854. Till 1921 it was named Verny. In 1929 Almaty became the capital of the Kazak Socialist Republic. Almaty was the capital of independent Kazakhstan till November 1997. Nowadays the city has seven theatres, many cinemas, hundreds of clubs, libraries and other cultural and educational centres. The most important theatres are the Kazak State Academic Opera and Ballet Theatre named after Abai and the Kazak State Academic Drama Theatre named after M.Auesov. The city also has the Russian, Uigur, Korean theatres and many other troupes. Verny had only one gymnasium. Now in Almaty there are 185 schools of general education, a lot of technical secondary schools and Universities. Almaty is a University city. Young people from different places og Kazakhstan come to study here. Almaty is situated at the food of the Ala-Tau montains. The climate is very favourable for gardening. Everybody in kazakstan knows the world famous apples «aport». The citizens of Almaty are proud of the well known skating-rink «Medeo». It is equipped with all modern sport facilities. The most important competition are held there. Almaty is the city of kind and hospitable people. It is a great pleasure to visit it.
Кештің барысы: «Көк тудың желбірегені» әні.
1 — жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 23 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
2-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік — ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан — жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан — Гүлстан!
1 — жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
2 — жүргізуші:
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!……
Қайрат атты атым бар,он сегізде жасым бар…
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!….
Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көптін-ді….
Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып ….
Ән «Қазақстан»
2 — жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директорына беріледі.
1 — жүргізуші:
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой — қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық
«Балбырауын» күйі.
Бақытым — Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
«Қамажай биі»
1 — жүргізуші:
Таң қалады тергеуші де бел кетіп,,
Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!
Барлық қазақ осындай ма.? білмедім,
Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?….
Барлық қазақ осындай, бар қанында,
Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,
Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,
Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!…
Сол атаның ұрпағы мына менмін,
Есте ұста ей жендет, көрмегенің,
Мен қазақпын қорықпан, өлімнен де,
Табан асты, ол туған жерім менің.
Бір тамшы жас, алмай қара көзіне,
Халқы үшін жауаптығын сезіне,
Жас қазағым, қиындықтан тайсалмай,
Әркездері, жұптап тұрды сөзін де;
Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар,
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!!!
2 — жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, — деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз — өзінен жүрегім ән салады.
«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе — тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы — құт, жері — дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән: «Жаса, Қазақстан!»
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып
1 — жүргізуші:
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты
2 — жүргізуші:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ — дәулетім,
Болашағым, өнер — білім, өркенім.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
Ән: «Қазақстаным»
2 — жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»
Барысы:
«Тойбастар» күйі. (хабарланбайды)
1 — жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 29 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 29 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
2 — жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік — ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан — жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан — Гүлстан!
Казталовка орта мектебінің көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.
Оқушылар сәлемдемесі (20 оқушы)
1 — жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Ән «Қазақстан» орындайтын 10 — сынып оқушысы: Рахмет Сая.
2 — жүргізуші:
Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Талпахов Альберт Асқарұлына беріледі.
1 — жүргізуші:
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып — күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой — қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық
«Балбырауын» күйі. Орындайтын: Ерболат Еркін және Хойшина Әсем
Бақытым — Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
Алдарыңызда бишілер тобының орындауында «Алтынай биі»
2 — жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, — деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз — өзінен жүрегім ән салады.
«Тұмар» дуэтінің орындауында ән «Алға, қазақ, жігіттері»
«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 125 — дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе — тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы — құт, жері — дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән: «Жаса, Қазақстан!» орындайтын: 9 — сынып оқушысы Тасболатов Бауыржан.
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып
1 — жүргізуші: Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық
Нұрлы достық
Күн достық
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты
«Шаттық» биі. Орындайтын 9 — сынып оқушылары – Шамұратова Жадыра және Төлегенова Айза.
2 — жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ — дәулетім,
Болашағым, өнер — білім, өркенім.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
Ән: «Қазақстаным» Орындайтын: 6 — сынып оқушысы Кабир Әсем.
(Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша)
2 — жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің
25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
Аты — жөні: Өтегенова Набия Төлегенқызы
Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті және өзін — өзі тану пәнінің мұғалімі
Мектебі: БҚО Казталов ауданы, Казталов ауылы, Казталовка ОЖББМ
Слайд 1Сайыс тақырыбы:
«Тәуелсіздік тұғырым»
Слайд 2Мақсаты:
Оқушылардың интеллектуалды білімдерін шыңдау. Оқушыларды 16 желтоқсан – ҚР-ның тәуелсіздік күніне
байланысты алған білімдерін анықтап, елін сүюге, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық сана, рухтық қасиеттерін қалыптастыру.
Слайд 3
Интеллектуалдық топтық сайыс
Слайд 4Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Сайыстан тыс қалмаңыздар!
Мұнда қызық табылар,
Білім нұры шашылар.
Ақыл, тілі дамыған,
Үлгі алайық
балалардан!
Слайд 5Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі
күн жеңімпазы болады
Слайд 7Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше
бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Слайд 8
1. “Сұрақтар әлеміне саяхат”
2. “Мақал — сөздің мәйегі ”
3.“Ойнайық та ойлайық”
4.
“Мәнерлеп өлең оқу”
5.Топтық жұмыс «Болашақ Қазақстан»суреттер салу”
6. «Рефлексия Бәйтерекке тілек жазу”
Слайд 9Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы
сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек
Слайд 10І — кезең.
“Сұрақтар әлеміне саяхат”
Бұл сайыста әр топқа 5 сұрақтан қойылады.
Слайд 11Тәуелсіздік тобы
1.Қ.Р.-ның Президенті кім?
2.Қ.Р.-ның рәміздері қалай аталады?
3.Тудың авторы кім?
4.Туда нелер бейнеленген?
5.
Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері кім?
Слайд 121.Сенің Отаның қалай аталады?
2.Елтаңбаның авторлары кім?
3.Қазақстан қандай мемлекет?
4.Елтаңбада нелер бейнеленген?
5. 16
– желтоқсан қандай мереке?
Бейбітшілік тобы
Слайд 131.Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіз ел болды ?
2.Әнұранның авторлары кім?
3.Қазақстанның қай қаласында
тұрасың?
4. 1 – желтоқсан қандай мереке?
5. Тәуелсіздікке қатысқан қазақ жастары кімдер?
Қазақстан тобы
Слайд 14II — кезең. «Мың бір мақал»
Бұл турда мақалдың бірінші жартысы оқылады,
ал сіздер сол мақалдың жалғасын табуларыңыз қажет. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
Слайд 15Түні де ыстық.
Туған жердің күні де ыстық,…
Слайд 16Туған елдей ел болмас.
Туған жердей жер болмас, …
Слайд 17Ормансыз бұлбұл.
Отансыз адам-,…
Слайд 20Ер туған еліне
Ит тойған жеріне, ….
Слайд 25 III- кезең. «Ойнайықта ойлайық»
Бұл сайыста әр топқа сөзжұмбақтар беріледі.
Слайд 26ІV-кезең. Мәнерлеп өлең оқу.
Әр топтан бір оқушы шығып жатқа мәнерлеп өлең
шумақтарын айтады.
Слайд 27V-кезең. Топтық жұмыс.
«Менің Отаным — ҚАЗАҚСТАН»
Сурет арқылы сипаттау.
Слайд 28VІ-кезең. Рефлексия.
Сайыстан алған әсерлері.
Слайд 29Тауды биік деме сен,
Талаптансаң, шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң, шығарсың