Т?уелсіз елді? ?рпа?ымыз сценарий

Отан дегеніміз ?р адамны? туып ?скен жері, ту?ан туыстарымен, жа?ындарымен бірге т?ратын атамекені. Отансыз адам ?анатсыз ??спен те? демекші, ?р адамны? Отан

Мақсаты:

Оқушыларды өз елін, жерін қорғап оны ойлай білетін ұлтжанды патриот сезімі ұялаған, өз ойын айқын, көркем жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан рәміздері, қанатты сөздер, суреттер, интерактивті тақта.

Ұйымдастыру:

Әнұран ойналады

Мұғалім:

 Отан дегеніміз – әр адамның туып өскен жері, туған – туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. «Отансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші, әр адамның Отаны өзі үшін ыстық. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны –Қазақстан Тәуелсіз Республикасы.

Ендеше балалар «Тәуелсіздік» деген ұғымды қалай түсінеміз. (Оқушылардың пікірі)

Тәуелсіздік – теңдік. Тәуелсіздік – азаттық. Тәуелсіздік – бостандық. Тәуелсіздік барлық жер бетіндегі мемлекеттермен терезесі тең болу. /қанатты  сөздер слайд/

Тәуелсіздік бізге оңайшылықпен келген жоқ. Тәуелсіз ел болуды біздің еліміз армен еткен. Сол тәуелсіздік жолында біздің ағаларымыз бен апайларымыз 1986 жылы 16 желтоқсанда өз Отанын, жерін ар – намысын қорғай алатындығын көрсетті. «Ел намысын аяқ асты етпеймін» деп бейбіт шерудің алдыңғы сапында болды. Олар Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Ләззат Асанова сияқты біртуар ұл- қыздар өздерінің жас ғұмырларын сарп етті.

Олардың есімдері мәңгі жүрегімізде сақталады. Ендеше бұл қазақ азаматтары Желтоқсан құрбандары. / желтоқсан құрбандарының суреттері слайд/

Ән: Желтоқсан желі 

Мұғалім:

Сонымен балалар 1991 жыл -16 желтоқсан Тәуелсіздік алған күн;

1992 жыл – мемлекеттік рәміздері бекітілді;

1993 жыл-Тұңғыш Конституциясы қабылданды

1995 жыл – 30 тамызда Жаңа Ата Заң қабылданды;

1997 жыл -Елорда Астанаға көшті;

2014 жыл – Ел тәуелсіздігіне 23 жыл /атаулы күндер слайд/

-Балалар , біздің тарихымыздағы атаулы күндер мұнымен шектеліп қалмайды, тіпті осы уақытқа дейін мұнан басқа да атаулы   күндер өте көп.

-Ал өздерің қандай атаулы күндерді білесіңдер./балалардың пікірлері слайд/

-Елімізде алдағы уақытта да осындай игілікке бастар атаулы күндер көп болсын деп тілейміз.

Қазақстан тәуелсіздік алған күнен бастап өркениет өрісіне қарай қарышты қадам басып келеді.

Елбасы Н. Назарбаевтың сыңдарлы саясатымен әлемдегі бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіру жолында игілікті істер, ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр. Біздің елдігіміздің белгісі болып саналатын – ұлттық рәміздерімізді тұмардай танып, қадірлеп, қастерлеуіміз керек. Еліміздің ертеңі,  болашағы сіздердің  қолдарыңызда , сондықтан білімді, тәрбиелі , іскер, талапты бола отырып, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосайық.

1-оқушы:

 Ендеше Қазақстан Республикасы:

Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен елеулі, Әнұранмен айбатты. /рәміздер туралы слайд/

2- оқушы:

Қазақстанды орта Азия барысына айналдыру үшін жасалған Елбасымыздың      «Қазақстан — 2030» стратегиялық бағдарламасы бұл күнде құс қанаты талай кең байтақ өлкемізді шарлап  кетті.

 Елбасының жолдауы – егемендіктің кілтін ұстап жастардың жарқын болшағына апарар  алтын сүрлеу.

3- оқушы:

Өзіңдікі елің де,                                               

Өзіңдікі жерінде,

Өзіңді өзің еткен бақ-

Тәуелсіздік төрінде.

4-оқушы:

Өзіңдікі туың да,                                                    

От пен ауа суың да.

Жаса, Қазақстаным.

Белді бекем буын да.

5-оқушы:

Асқар тау да сенікі,                                                     

Бақша бау да сенікі.

Қалтықсыз  дос пенен

Қатал жау да сенікі.

7- оқушы:

Елімнің аты, жерімнің аты-                                  

Өзіңмен биік, Республикам!

Жақсының аты, Ғалымның хаты

Өзіңмен биік Республикам!                             

8 –оқушы:

Бәсеке деген оңай сын емес,         

Ұшпасын бағың, Республикам!

Қазақтың атын, қазақтың затын-

Тұмарғып тағын , Республикам!

9- оқушы:

Қазақстан! Туды алтын дәуірің,                                     

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.

Ұзақ болсын гүлденген бұл ғұмырың,

Тәуелсіздік құтты болсын айбыным!

10-оқушы

Әуелі  отан – Ана алды, оттың басы,                      

Ауыл алды аунаған шөптің қасы,

Сағынғанда тым ыстық көрінеді.

Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы

Мұғалім:

Баллар мен сендерге «Мен Тәуелсіз елдің ұрпағымын»  тақырыбына әңгіме жазып келуге тапсырма берген болатынмын. Ендеше сол жазып келген әңгімелерімізді оқиық.

11 –оқушы:

Отан дейміз өсірген елімізді.                                            

Отан дейміз өсірген елімізід.

Отан дейміз туған жер атамекен,

Биік тау, орман , тоғай көлімізід

12 –оқушы:

Республика! Ерікті ел – Қазақстан!                               

Келді ақыры көп күткен жаз алыстан

Келді алыстан аңсатып, армандатып,

Торды бұзған мен де бір арыстан.

Мұғалім: Ендеше балалар бізге Тәуелсіздік оңай келген жоқ . Осы тәуелсіздікті сақтау одан да өткен қиын.Сондықтан сендер осы тәуелсіз елдің бақытты ұрпақтарысыңдар. Тәуелсіздікті сақтау сендердің парыздарың. Ол үшін осы бастан сабақты жақсы оқитын білімді, денсаулығы мықты салауатты өмір салтын ұстайтын. Саналы азаматтар болып шығуларың керек. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

Солтүстік Қазақстан облысы

Ақжар ауданы

Кеңащы негізгі мектебі

Біз Тәуелсіз елдің ұрпағымыз!

Мектеп тәлімгер: Муратова А.Т

2015-2016 оқу жылы

Тәуелсіздік — біздің ең қасиетті құндылығымыз. Осы ұғымды келешек ұрпақтың бойына бүлдіршін кезінен сіңіре алу-білікті тәрбиешілердің үлесінде болып отыр. Осы мақсатта Қарағанды қаласының «Айгөлек» бөбекжайының №8 мектепалды даярлық тобы тәрбиешілері Бирманова Бақыт Мухамедиевна, Жанжакина Баян Жумахановна 12 желтоқсан күні «Тәуелсіз елдің ұланы» атты патриоттық бағыттағы іс-шара өткізді.  Тәуелсіздікті ұлықтаған мерекеге балабақша әдіскері Ахметжанова Айсұлу Акимжанова да келіп қатысты. Ол жас балғындарға игі тілегін білдіріп, мерекемен құттықтады. Ата-аналар да алғыстарын білдірді.  Даярлық тобының тәрбиеленушілері ән салып, би биледі, қазақтың өнегелі тарихынан көрініс те қойды.  Б.Б.Мухамемедиева, Б.Ж. Жанжакина бұдан кейін де болашақ ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелейтін жұмыстарын жалғастыра бермек.

Тәрбиешілер:   Бирманова Бақыт Мухамедиевна

Жанжакина Баян Жумахановна

Балалардың кіруі: Музыка әуенімен.

Жалпы би

Айсұлтан:

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы

Енді ағайын көгінде қалықтасын,

Қазағымның қасиетті Әнұраны!

Әнұран

Жүргізуші сөзі:

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Тату тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі!

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, балалар! Сіздерді тәуелсіздігіміздің 28 жылдық торқалы тойымен құттықтаймыз. Біздің балаларымыздың дайындаған «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Тақпақтар.   5

1 Кәусар

Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан-елім менің

2.Әділбек

Отан деген-атамекен

Отан деген-туған жер

Отан ана- Отан –үлкен

Қазақстан-туған жер

  1. Айғаным

Қазақстан елім менің

Саған ешбір жер жетпейді

Біз тұрғанда шекарадан

Ешқандай жау жетпейді

  1. Аңсаған

Отаным менің Қазақстан

Атыңнан сенің айналам

Бас иіп саған өтемін

Жасай бер жаса Қазақстан

5.Айзере

Отан сөнбес күніміз

Отан туған жеріміз

Отан ортақ үйіміз

Отан ән мен күйіміз

  1. Еңлік

Қазақ жері –Қазақстан

Мөлдіреген ашық аспан

Алыс кетсем сағынамын

Отаным сенсің Қазақстан

Ән: Тәуелсіз елдің ұланы

Балалар орындарына отырады

Жүргізуші:

Елімнің атын айтсам — Қазақстан

Жерімнің атын айтсам — Қазақстан.

Қазақстан — Отаным мақтанышым

Мен сені жырлаймын мақтау үшін!

Біздің балаларымыз еліміз Қазақстанға арнап өздерінің ақ тілектерін білдіргілері келеді.

Қ — Қазағым аман болсын!
А — Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етемін
З  — Заманымыз тыныш болсын!
А — Аман болайық!
Қ — Қыран құстай биікке самғайық.
С – Сарыарқа даласында бейбітшілік болсын!
Т – Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын.
А – Аспанымыз ашық болсын!
Н – Намысты ұл-қыз болайық!

Бәрі бірге: ( Біз Қазақстанның болашақ ұрпақтарымыз!

Біз Қазақстанды сүйеміз.)

Балалар орындарына отырады

Слайд көрсету Хандар мен билердің  (Осы кезде ұлдар мен қыздарды киіндіру)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар бізде, біздің ұрпағымызда бақытты, себебі тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Енді экранға назар аударайықшы, бұл қазақтың үш биі Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. Төле би ақылды, әділ, Қазыбек би-тапқыр, батыл, ал Әйтеке би шешендігімен қоса ел басқарған екен. Елін-жерін қорғауда күрескен батырларымыздың ерлігі кейінгі ұрпаққа өнеге. Азаттық, теңдік, тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады.

Енді бір сәт өткен тарихымызға көз жүгіртейік.

Сахналық көрініс: Тақ үстінде Тәуке хан, жан-жағында қазқтың билері мен батырлары. («Көш керуен» күйі ойнап тұрады)

Тәуке хан: (ойлы, тақ үстінде отыр)

-Уа, жұртым, алты Алашқа аты шыққан Қазақтың игі жақсылары! Бүгін бұл жерге  жерімізді, елімізді қорғау үшін жиналып отырмыз.

Абылай хан: Бүгінгі бас қосуымыздың үлкен себептері болып тұр. Елдің елдігін, ерлігін сынайтын күн туды. Батырларымыз жорыққа аттанбақшы. Батырларымызды ақ тілек батамен шығарып салайық.

Қабанбай батыр мен Наурызбай батыр тізерлеп үш бидің алдына отырады.

Керей хан: Алдарыңда отырған үш бидің ақ батасымен жорыққа аттанасыңдар. Айтыңыздар өсиет сөздеріңізді, беріңіздер баталарыңызды!

Төле би:

Бір үйдің баласы болма

Көп үйдің санасы бол

Бір үйдің атасы болма

Бір елдің санасы бол

Халқыңа әділ бол

Жауыңа қатал бол

Досыңа адал бол!

Қазыбек би:

Жеріміздің шетін жау шаппасын деп

Найзаға үкі таққан елміз

Дәм-тұзды ақтай білген елміз

Досымызды сақтай білген елміз!

Әйтеке би:

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін

Батыр болсаң жауыңа найзаң тисін!

Екі батыр бірігіп:

Туған жерді өзгелерге бермейміз

Туған елді басқаларға билетпейміз

Үш жүз алаш бірігіп

Жерімізді қорғаймыз!

Би; Батырлар (ұлдардың орындауында) Қыздарға портреттерді беру , сосын шығару аяқ жағында

Желтоқсан туралы стендті қою (Балаларды жарты шеңберге тұрғызу)

Жүргізуші: «16 желтоқсан — Тәуелсіздік алған күн»

Әр қазақтың есінде сақталады

Желтоқсандық өрендер ақталады

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерлкітерің мәңгілік сақталады

(Балалардың 16 желтоқсан тәуелсіздігіміз туралы тақпақтарын қабыл алыңыздар).

16 желтоқсанға арналған тақпақтар

  1. Балнұр

16-шы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн

  1. Санжар

16-шы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан

3.Айша

16-шы желтоқсан

Елдің ұлй мейрамы

Жаңа шыққан көктемдей

Жаз күніндей жайдары

  1. Бекжан

Тәуелсіздік таңын сүйем

Таңмен бірге келді ме өлең

Көк туына басымды иіп

Көгімізде желбіреген

  1. Ажар

Желтоқсанның ызғары-ай

Кірпікке қатқан мұздер-ай

Елім-ай деп егілген

Қаһарман ұлдар, қыздар-ай

Ән: «Он алтыншы желтоқсан»

Жүргізуші:

Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық

Уықтарша иіліп

Киіз үйді құрайық

Ойын «Киіз үй»

Ойынның шарты: Музыка ойнағанда шеңбер бойымен жүре отырып, музыка тоқтаған кезде ұлдар ортада уықтар болып, ал қыздар сырт жағында кереге болып тұра қалады. (2-3 рет ойнау)

Би: Қыздардың орындауында (кеселерін дайындап қою)

Ән: «Біз Отанның бөбегі»

Жүргізуші:  Міне, балалар 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік ертеңгілікке белсене қатысқандарың үшін сендерге үлкен рахмет! Менің елім, Отаным, Тәуелсіз Қазақстаным-деген  киелі ой жандарыңа әрдайым серік болсын!

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілген ертеңгілігіміз аяқталды.

Әрқашан күн сөнбесін

Аспанымыз ашық болсын

Заманымыз тыныш болсын!

Музыка

Сен неткен Отан-анам ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім

Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін

Жайнай бер, Ұлы Отаным –Қазақ елім.

Береговой ЖББНМ

«Тәуелсіздік тұғырым»

Сагандыкова Гульнар Ерсаиновна

Асаинова Гульмира Шакаровна

ҚР Тәуелсіздігіне арналған

«Тәуелсіздік тұғырым» атты кештің сценариі

Мақсаты:

Еліміздің Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс шара арқылы оқушылардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Көркем сөз және ән арқылы отанға деген сүйіспеншіліктерін, шығармашылық белсенділіктерін арттыру.

Көрнекі құралдар: шарлар, интербелсенді тақта, Қазақстан туралы слайдтар, әндер, би, плакат, домбыра, гитара, күй т.б

Барысы : Фанфары жүргізушілер ортаға шығады.

1 — жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігімізге арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. Көп ұзамай тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік — ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Ведущий Добрый день! Мы рады видеть Вас на нашем празднике !!!

Казахстан – это край и отар, и пшеницы.

Край, и степи, и горы вместивший в границы.

Край заоблачных пиков, жайляу широких,

Неуемных и пенистых речек потоки,

Край батыров, героев порывистых край,

Лишь о нем мои думы, о нем мысли мои

Қазақстан Республикасының гимні! Звучит гимн

Жүргізуші : Сөз кезегі мектеп директорына беріледі .Ортаға Сагандыкова Гульнар Ерсайынқызын шақырамыз

Тәуелсіздіктің Шашуын шашайық

Свободен, величав и первоздан

Звезде подобный, средь земель и стран

Родной мой, лучезарный Казахстан!

16 декабря – мы отмечаем самый главный праздник нашего государства – День Независимости Республики Казахстан. В этом году Казахстан празднует 2* — ю годовщину своей Независимости!

1 — жүргізуші сынып оқушыларының тақпақтарын тамашалаңдар

Ведущий Я люблю Казахстан за прекрасные степи,

За высокие горы и шумные реки.

За орла, что парит в высоте надо мной,

И за солнце люблю, и за неба покой.

1 – жүргізуші «Тәуелсіз елімнің ең маңызды парақтары » слайдтарды тамашалауын ұсынамыз

Ведущий предлагаем вашему вниманию слайды Главные страницы Казахстана на пути к независимости!

1 – жүргізуші Бақытты бұл халықтың.

Мейірімі бұл халықтың

Мейірімен тербеген

Тәуелсізідік жарық күн.

Сыныптың оқушысы Беркбаева Диананың орындауында «Саржайлау» әнін тамашалаңдар

Ведущий: Наше государство считается еще очень молодым,и все лучшее у него,как и у вас еще впереди.Именно от вас зависит,какой сложится наша жизнь в будущем,каким станет родной Казахстан!

Встречайте «Танец с домброй»

1 – жүргізуші Тәуелсіздік – бұл бақыт,

Сарқылмайтын шаттық қой.

Көздің жасын құрғатып

Келген бізге бақыт қой.

В центре есть шанырак-

Дом,семья и очаг-

Яркий образ уклада степного.

Здесь слагается кюй,

В юрте-счастье семьи,

А семья государства основа.

Казахстан – это имя страны,

В исполнений Мейрам Мейрамовича «Күй»

Жүргізуші Бақытты бұл халықтың.

Мейірімі бұл халықтың

Мейірімен тербеген

Тәуелсізідік жарық күн.

Ортаға сынып оқушысы Беркбаева Жайнат орындауында «Туған жерім» әні

Ведущий : а сейчас встречайте Беркбаева диана, сценка «Подготовка бабушки на той»

Ведущий

Казахстан- мое счастье!

Казахстан – моя гордость!

Горжусь я тем, что есть у меня

Великий Абай ,великий Мухтар

Пусть краше становится наша земля!

Я люблю свою Родину!

Я люблю тебя,мой Казахстан!

На сцену приглашаеться учитель казахского языка и литературы Асаинова Гульмира Шакаровна

Ученик Ұ класса Пулин Александр с испонением песни на гитаре

Жүргізуші Сендер жас ұлан – Отан ана өркені

Үміт артқан болашағы, ертеңі!

Тәуелсіз елдің даңқын көкке өрлетіп

Гүлге бөлеп жайнатарсыңдар өлкені.

Рамазанның орындауында «Алға Қазақстан » әні

Ведущий Казахстан – это имя свободы,

Казахстан – это солнечный свет

Казахстан – это крылья народа!

Вы должны научиться дорожить дружбой и миром. Это большое счастье и для больших,и для маленьких,что казахстанцы живут в добром согласии.

Счастья вам,процветания нашей Родины. До новых встреч!

Жүргізуші Тәуелсіздік тұғырың биік үстайық ағайын! Біздің кешіміз өз мәресіне жетті Сау саламат болыңдар!!!

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз елдің ұланымыз

Саба?ты? та?ырыбы: Т?уелсіз елді? ?ланымыз

Саба?ты? ма?саты: ?аза? еліні? ж?ріп ?ткен жолдарын, т?уелсіздік туы желбіреген жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерін айта отырып, оны м??гі есте са?тау керектігін т?сіндіру.О?ушыларды Отанды с?юге, ту?ан жерге с?йіспеншілігін арттыру?а, саналылы??а, ??ыптылы??а, т?рбиелеу.

К?рнекіліктер: На?ыл с?з, жалаулар, суреттер, р?міздер, слайдтар.

Саба?ты? ж?рісі:

Ж?ргізуші:

Армысыздар ??рметті кешімізді? к?рермені. Елімізді? т?уелсіздік к?ні барша?ыз?а ??тты болсын! Міне, т?уелсіздік ал?анымыз?а 25 жыл. Ата-бабамыз ?асырлар бойы армандап ?ткен, сол жолда талай бозда?тарымызды? ?аны т?гілген ?асиетті т?уелсіздігіміз ны?айтылып, нары?ты заман орнады. Т?уелсіз елімізді? жастары ?шін заман талабына сай ?нерлі де, білімді болып ?су талабы туды. Т?уелсіз еліміз болаша??а ай?ын ба?дар т?зеп, ?ркениетті елдер ?атарына ая? басты. Ендеше «Т?уелсіз елді? ?ланымыз » атты ерте?гілігімізді назарлары?ыз?а ?сынамыз.

А?ансері:

Отан – елді? анасы
Отан – жерді? анасы
Ба?ытты ?ой, д?л мендей
Т?уелсіз ел баласы?!

Жазира:

Хал?ым айт?ан жер к?терер ел да??ын,

Елім айт?ан ел к?терер жер да??ын.

Президентім, елбасы, аман бол?ай,

М??гі жаса, жас ?аза?ым, ?р хал?ым!

Н?рхат:

Елбасымыз са?ан м??гі ризамыз,

?лкен-кіші, а?айындар – б?ріміз.

«?лтым, елім» деп ?ай?ыр?ан ?лы жан,

Сіз біздерді? піріміз де ?німіз.

К?рніс:
Немересі ж?гіріп ?жесіне келеді.
Немересі::?же- ?ткен ?мір деген не?
?жесі :?, балам, ?ткен ?мір сонау ежелгі ат-бабаларымызды? ерте кезден бергі ?ткен ?мір жолы, тарихы емес пе?

Немересі: Ендеше, сол тарих туралы айтып бересіз бе?

?жесі: -Ендеше балам, ты?да.

Болмаса да о?ы?ан тарихшы атым

Жинадым ескілерден тарих хатынz

Ма?сатым кейінгі ?рпа? ?мытпаса

Айтыл?ан аталарды? аманатын

  • Д?рыс айтасы?, балам, сен де ?з тарихы?ды білуі? керек. Ендеше теледидарды ?ос, елімізді? тарихын ты?дайы?.

Слайд: Желто?сан о?и?асы туралы.

Ж?ргізуші:

1986 жылы желто?санда отты о?и?а болды, Елді? егемендігін а?са?ан жастар ала??а шы?ты. Желто?сан желі дауыл?а айналды, намыс ??діретін ?лемге паш етті. ?аза?станда 1986 жылы желто?санны? к?терілісіне ?атыс?аны ?шін ?айрат Рыс??лбеков, Л?ззат Асанова, С?бира М?хамеджанова т. б. жауап?а тартылды. 16 желто?сан. Б?л ерлік пен ?рлік, ?ай?ы мен ?асірет мидай аралас?ан ?рі жар?ын, ?рі ?аралы, ?асіретті к?н еді. Б?л ?асіретті к?н ?айрат, С?бира, Ербол, Л?ззат сынды ж?здеген, мы?да?ан ?ыршындарды? ?анатын ?иып т?скен озбырлык к?ні, ?ктемдік ?ні еді.

Слайд. ?айрат Рыс??лбеков, Л?ззат Асанова, С?бира М?хамеджанова суреттерін к?рсету.
?жесі: Б??ан да т?убе, Егемендік алып ?лем таныды ?ой елімізді.
Немересі: ?же, Егемендік деген не?
?жесі: Егемендік «иесі мен» деген с?з, к?птен бері естімеген с?з. «Егеменді» деген с?зден естілер Атаж?ртты? ар?ысы мен бергісі. Желбіреген к?к байра?ымыз, айтылды ?н?ранымыз, жар?ыра?ан елта?бамыз т?рімізде ілулі т?р. Егеменді елімізді? келешегін ?зі? сия?ты ?рпа?тарына тарих етіп баяндап ?желері? т?р. ?мытпа?дар, айналайын, ?рпа?тарым

Гимн орындалады.

— ?аза? хал?ы еркіндікке жету ?шін ?аншама ?иын – ?ыстау кезе?дерді бастан кешіріп, ?з т?уелсіздігін алды. Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаев- елбасы болып сайлан?ан со?, ?аза? хал?ы т?уелсіздік алды. Елбасы егемендігімізді? ал?аш?ы к?нінен бастап, жатса- т?рса ойлайтыны да, айтатыны да елімізді? тынышты?ы мен бірлігін са?тап ?алу болды. Бар уайымы, халы?ты ашты??а, жала?ашты??а ?рындырмау болды. ?аза?станны? т?уелсіз мемлекетке айналар жолында, не ?илы ?иынды?тар кезінде хал?ын ?олдап, рух-жігерін к?терді. ?аза? хал?ыны? ??ла?ан іргесін ?айтадан к?теру о?ай бол?ан жо?. Алайда, елбасымыз бар к?ш-жігерін еліні? ая?ына ны? т?руына ба?ыттады. Елбасымызды? ар?асында біз к?п жетістіктерге ?ол жеткіздік. Мысал келтірер болса?, байта? еліміз, т???ыш Президентімізді? басшылы?ымен ?лем мойында?ан, жа?ан?а аты жеткен мемлекетке айналды. Сонымен ?атар, елімізді? экономикасын жа?сартып, хал?ымызды? ?л ау?атын к?терді.

«Мен елімді с?йемін» орта?а балалар шы?ып ?здеріні? композициясын ??райды.

С?ра?тар:

1.?.Р.Президенті кім?

2.?.Р.р?міздеріне не жатады?

3. Онда нелер бейнеленген?

4.Бас ?аламыз ?ай ?ала?
А?ниет:
Т?уелсіздік сан ?асырлар келмеді ?ой
А?са?ан ?лыларым б?гінгіні к?рмеді ?ой
?лылы?ын ас?а?тат?ан ата-баба
?рпа?тары т?уелсіз боп ж?реді ?ой.

Саят:
Ту?ан елім, ту?ан жерім т?уелсіз ел-?аза?стан
Жар?ырап н?рлана бер егемен еріктегі ?аза?стан
Елта?ба,к?к байра?ы?,?н?раны?мен
?лемге та?ыла бер т?уелсіз ел-?аза?стан.
Темирлан:
Т?уелсіз ?аза?стан-?лы Отаным,
К?к туымды ?алайша ??латармын.
Тып-тыныш т?рып жат?ан жайымыз бар,
Б?ріміз баласындай бір атаны?.
Кезекті ?нге береміз. К?к туды? желбірегені Орындайтын Исабай А?ансері.

Ж?ргізуші:Е?сесін ас?а?тат?ан ?аза?станымыз жайнап, г?лдене берсін дей отырып, «Т?уелсіз елді? ?ланымыз» атты ерте?гілігімізді ая?таймыз.

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз елдің ұланымыз

Сабақтың мақсаты: Қазақ елінің жүріп өткен жолдарын, тәуелсіздік туы желбіреген жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерін айта отырып, оны мәңгі есте сақтау керектігін түсіндіру.Оқушыларды Отанды сүюге, туған жерге сүйіспеншілігін арттыруға, саналылыққа, ұқыптылыққа, тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Нақыл сөз, жалаулар, суреттер, рәміздер, слайдтар.

Сабақтың жүрісі:

Жүргізуші:

Армысыздар құрметті кешіміздің көрермені. Еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Міне, тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл . Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен, сол жолда талай боздақтарымыздың қаны төгілген қасиетті тәуелсіздігіміз нығайтылып, нарықты заман орнады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де, білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына аяқ басты. Ендеше «Тәуелсіз елдің ұланымыз » атты ертеңгілігімізді назарларыңызға ұсынамыз.

Ақансері:

Отан – елдің анасы
Отан – жердің анасы
Бақытты ғой, дәл мендей
Тәуелсіз ел баласы?!

Жазира:

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.

Президентім, елбасы, аман болғай,

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Нұрхат:

Елбасымыз саған мәңгі ризамыз,

Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де әніміз.

Көрніс:
Немересі жүгіріп әжесіне келеді.
Немересі::Әже- өткен өмір деген не?
Әжесі :Ә, балам, өткен өмір сонау ежелгі ат-бабаларымыздың ерте кезден бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?

Немересі: Ендеше , сол тарих туралы айтып бересіз бе?

Әжесі: -Ендеше балам, тыңда .

Болмаса да оқыған тарихшы атым

Жинадым ескілерден тарих хатынz

Мақсатым кейінгі ұрпақ ұмытпаса

Айтылған аталардың аманатын

  • Дұрыс айтасың, балам , сен де өз тарихыңды білуің керек. Ендеше теледидарды қос, еліміздің тарихын тыңдайық.

Слайд: Желтоқсан оқиғасы туралы.

Жүргізуші:

1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды, Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды, намыс құдіретін әлемге паш етті. Қазақстанда 1986 жылы желтоқсанның көтерілісіне қатысқаны үшін Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова т. б. жауапқа тартылды. 16 желтоқсан. Бүл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлык күні, өктемдік үні еді.

Слайд. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова суреттерін көрсету.
Әжесі: Бұған да тәубе, Егемендік алып әлем таныды ғой елімізді.
Немересі: Әже, Егемендік деген не?
Әжесі: Егемендік «иесі мен» деген сөз, көптен бері естімеген сөз. «Егеменді» деген сөзден естілер Атажұрттың арғысы мен бергісі. Желбіреген көк байрағымыз, айтылды әнұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егеменді еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарына тарих етіп баяндап әжелерің тұр. Ұмытпаңдар, айналайын, ұрпақтарым

Гимн орындалады.

— Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешіріп, өз тәуелсіздігін алды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- елбасы болып сайланған соң, қазақ халқы тәуелсіздік алды. Елбасы егемендігіміздің алғашқы күнінен бастап, жатса- тұрса ойлайтыны да, айтатыны да еліміздің тыныштығы мен бірлігін сақтап қалу болды. Бар уайымы, халықты аштыққа, жалаңаштыққа ұрындырмау болды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекетке айналар жолында, не қилы қиындықтар кезінде халқын қолдап, рух-жігерін көтерді. Қазақ халқының құлаған іргесін қайтадан көтеру оңай болған жоқ. Алайда, елбасымыз бар күш-жігерін елінің аяғына нық тұруына бағыттады. Елбасымыздың арқасында біз көп жетістіктерге қол жеткіздік. Мысал келтірер болсақ, байтақ еліміз, тұңғыш Президентіміздің басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды. Сонымен қатар, еліміздің экономикасын жақсартып, халқымыздың әл ауқатын көтерді.

«Мен елімді сүйемін» ортаға балалар шығып өздерінің композициясын құрайды.

Сұрақтар:

1.Қ.Р.Президенті кім?

2.Қ.Р.рәміздеріне не жатады?

3. Онда нелер бейнеленген?

4.Бас қаламыз қай қала?
Ақниет:
Тәуелсіздік сан ғасырлар келмеді ғой
Аңсаған ұлыларым бүгінгіні көрмеді ғой
Ұлылығын асқақтатқан ата-баба
Ұрпақтары тәуелсіз боп жүреді ғой.

Саят:
Туған елім, туған жерім тәуелсіз ел-Қазақстан
Жарқырап нұрлана бер егемен еріктегі Қазақстан
Елтаңба ,көк байрағың,Әнұраныңмен
Әлемге таңыла бер тәуелсіз ел-Қазақстан.

Темирлан:
Тәуелсіз Қазақстан-ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Кезекті әнге береміз. Көк тудың желбірегені Орындайтын Исабай Ақансері.

Жүргізуші:Еңсесін асқақтатқан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін дей отырып, «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.



-80%

Біз т?уелсіз елді? болаша?ымыз т?рбие са?аты

Тақырыбы: «Біз Тәуелсіз елдің болашағымыз»
МАҚСАТЫ: Оқушыларды Отанымызды сүйе білуге деген және туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Елін, жерін, тарихын, тілін құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Көрнекілігі: ҚР рәміздері, суреттер, қанатты сөздер, әріптер, сандар, шарлар, Өтілу барысы. 1. «Тәуелсіздік шежіресі» 2. «Тәуелсіздік деп жырлайды ұланың» поэзия минуты 3. «Отан деген немене?» 4. Сұрақ-жауап 5. Сен өз құқығыңды білесің бе? І. Кіріспе сөз. Халқымыздың жылдар бойы аңсаған ізгі армандары жүзеге асқан кезеңде тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Бүгін міне, тәуелсіздік мерекесіне орай өткізгелі отырған «Біз Тәуелсіз елдің болашағымыз» атты 3 «Б»сынып оқушыларының сынып сағатына қош келдіңіздер!! Еліміздің егемендігіне ең алғаш қадам жасаған Желтоқсан оқиғасына 25жыл толыпты. Бүгінгі жарқын өміріміз сол ызғарлы күндердің жеңісті жемісі іспетті. Тәуелсіздігіміз баянды болғай, ағайын. Қане, менің көмекшілерім!! 1-жүргізуші келеді. 2-жүргізуші қолын санап тұрады. 1-жүргізуші: Сен не істеп тұрсың? 2-жүргізуші: Тәуелсіздік сөзінің әріптері не мағына береді деп ойлап тұрмын. 1-жүргізуші: Оны ойлап әуре болмай, балалардан сұрайық. Мұғалім: Қазақстан қасиетті ұғым бұл, Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл. Он бір әріп не мағына береді, Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл. (балалар келеді, қолдарында әріптер) Т-білдіреді теңдікті, Ә-әдептілік, әлдікті, У-уайымсыз уақытты, Е-егемендік елдікті, Л-дейді лағып лепірме С-сенімділік секілді ең І-ілтипат қой З-зиялылық тілек қой Д-шақырады достыққа І-ізет қой К-дейді күн боп көктегі Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа. 1-жүргізуші:Міне, біліп алдық.Тәуелсіздік сөзінің мағынасын. 2-жүргізуші: Ал, Тәуелсіздік жылы қай жылы болғанын білесің бе? 1-жүргізуші:Иә, білемін, бірақ оны барлығымыз есітеміз. Кезек тағы да балаларға. ІІ.ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ (балалар қолдарында жыл жазылған қағаздар) -1991ж Тәуелсіздік алған жыл. Өзіңдікі туың да, отпен ауа, суың да, Жаса, Қазақстаным! Белді бекем буын да. Ұраның да жасасын! Егемен тәуелсіздігің жасасын! -1992жылы Тәуелсіз Қазақстанға 1жыл толды. Осы жылды Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. БҰҰ-ға мүше болып кірді. -1993жылы 15қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006жылы қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты. -1994жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ 6 ғарыш кемесімен көкке самғады. -1995жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата Заңы» қабылданды. -1996жылы 20қаңтарда Қазақстан Республикасының І сессиясы болып өтті. -1997жылы «Қуғын сүргіндерді еске алу» жылы деп аталды. -1998жылы 6 мамыр Астана күні . Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмола қаласына көшті. Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды. -1999жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. -2000жылы «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі Түркістанға 1500жыл толды. -2001жыл 21ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10жыл толды. -2002жыл «Денсаулық жылы» деп жарияланды. -2003-2005жылдары «Ауыл жылдары» деп жарияланды. -2004жылы «Қазақстан-Ресей» жылы болды. -2005жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті. -2006жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15жыл толды. Атақты желтоқсан оқиғасына 20жыл толды. -2007жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы. -2008жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы — Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91метр. -2009жылы Қазақстан Республикасының Білім ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары жасалынды. -2010жылы Қазақстан 56 ірі ел бас қосатын мәртебелі ұйым –Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық етті. VІІ Қысқы Азия олимпиадасы Астана мен Алматы қалаларында спорттық жарыстар болды. Біздің еліміз 32алтын, 21күміс, 17қола барлығы 70медальға ие болды.Оның бойтұмары «ақ барыс» еді. -2011жылы Еліміздің 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының сыртқы істер министрлігі Кеңесіне төрағалық етуі «Желтоқсан оқиғасына» 25жыл, Тәуелсіздігімізге 20жыл толды. Мерекелеріңіз құтты болсын! 1-жүргізуші:Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! 2-жүргізуші: Біздің бүгінгі мерекемізге тәуелсіздіктің төл құрдастары келіп отыр, Ол кісілерді ортаға шақырайық. ІІІ. (Тәуелсіздіктің төл құрдастары өз тілектері мен құттықтауларын жеткізеді) 1-жүргізуші:Рақмет сіздерге! 2-жүргізуші:Біздерге сіздердің жолдарыңызды берсін дейміз! 1-жүргізуші «Тәуелсіздік деп жырлайды ұланың» 2-жүргізуші Кезек тағы да балаларға. (Тәуелсіздік жыры оқылады) 1-жүргізуші:Отан деген немене? 2-жүргізуші:Осы сөздің мағынасын да ашып тастайық ендеше. 1-жүргізуші:Отан отбасың, ошақ қасың емес пе? Жоқ одан да Отан туралы балалар не дер екен соны тыңдайық. ІV.(балалар Отан туралы бір-бір ауыз тақпақ айтады) 1-жүргізуші:Енді балаларды пікірлесуге шақырайық. 2-жүргізуші:Жоқ, алдымен білімдерін тексерейік.. 1-жүргізуші Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? 2-жүргізуші Тудың авторы кім? 1-жүргізуші Елтаңбаның авторы кім? 2-жүргізуші Енді қандай сөз шықты оқиық. «Құқық» 1-жүргізуші Олай болса біз құқық туралы не білеміз, білгенімізді ортаға салайық. 2-жүргізуші Онда балалар көрініс дайындап келіпті, көрініске кезекті берейік V..Сен өз құқығыңды білесің бе? (қойылым көру арқылы пікірлесу) 1-көрініс. Екі оқушы аулада ойыншықпен ойнаған сәбиді жолықтырады. -Ойыншығың әдемі екен кім алып берді? -Ата-анам. -Ата-анаң саған тағы не үйретті? -Үлкендерді сыйлауды. -Біз үлкенбіз бе? -Иә. -Онда аяқ-қолыңды көтеріп тұр. Сәби аяқ-қолын көтеріп тұрады. Ал оқушылар оны мазақ етіп кетіп қалады. 1-жүргізуші:Сұрақ:-қандай жағымсыз әдет көрдіңдер? 2-жүргізуші:Бұл заң бұзушылыққа жата ма? 1-жүргізуші:-Сәбиді ата-анасы дұрыс тәрбиелеген бе? (оқушылар пікірлерін тыңдау) Түйінді ой: Сәбиді ата-анасы дұрыс тәрбиелеген. Бірақ 17бапты үйретпепті. Ата Заңымыздың 27бабында «балаларды тәрбиелеу ата-ананың басты міндеті делінген. Ата Заңымыздың 17бабында «ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, адамдық қадір қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге болмайды» делінген. 2-көрініс: Үш оқушы келе жатыр. Бүгін демалыс қой, қалай демаламыз? Ішім пысты. Бірдеңе жасайықшы. –Таптым-таптым бәрің аузыңды ашып қаласың, анау ағашқа от тигізсек өте үлкен алау болады да сендер ауыздарыңды ашып қаласыңдар. От тигізейік –деп жүгіре жөнелді. Екеуі ол баланы от керек емес деп әрең тоқтатты. 1-жүргізуші:Сұрақ: қандай жағымсыз әдет көрдіңдер? 2-жүргізуші:Бұл заң бұзушылыққа жата ма? (оқушылар пікірлерін тыңдау) Түйінді ой: Балалар 24бапты білгенмен, 38бапты білмейді екен. Ата Заңның 24бабында: «әркімнің тынығу құқығы бар» делінген. Ата Заңның 38бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға міндетті» деген. 1-жүргізуші:Міндетті түрде құқықтарымызды оқып түсініп оларға мән берген жөн. 2-жүргізуші:Сауатты болғаның жақсы емес пе? Мұғалім: Бүгінгі мерекеге ата-аналар да қатысып отыр. Ол кісілерді ортаға шақырамыз. Балалар мен бірге мереке баршамызға ортақ, сондықтан ауылдың алты ауызын тыңдасақ. (ата-аналар ән айтады) Сергіту сәті: «Орныңды тап!» Сөздер құрастыру Жанеркенің әншашуы Қорытындылау. Міне, бүгін балалар, өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктеріңді, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер.Белгілі ақын: Жұбан Молдағалиев: Өткеніңді еске алсаң, Өскеніңнің белгісі. Өткеніңді ұмытсаң, Өшкеніңнің белгісі.-деген екен. Олай болса, халқымыздың бүгінге дейінгі жеткен жетістігі өздеріңе аманат. Қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімдімін. Тәуелсізідк мерекесі құтты болсын! Мадина Әншашу: «Саржайлау» Хор: Егеменді Қазақстан



Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»
Барысы:
«Тойбастар» күйі. (хабарланбайды)
1 — жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 29 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 29 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2 — жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік — ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан — жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан — Гүлстан!

Казталовка орта мектебінің көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.

Оқушылар сәлемдемесі (20 оқушы)

1 — жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Ән «Қазақстан» орындайтын 10 — сынып оқушысы: Рахмет Сая.

2 — жүргізуші:
Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Талпахов Альберт Асқарұлына беріледі.

1 — жүргізуші:
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып — күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой — қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық

«Балбырауын» күйі. Орындайтын: Ерболат Еркін және Хойшина Әсем
Бақытым — Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
Алдарыңызда бишілер тобының орындауында «Алтынай биі»

2 — жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, — деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз — өзінен жүрегім ән салады.
«Тұмар» дуэтінің орындауында ән «Алға, қазақ, жігіттері»

«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 125 — дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе — тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы — құт, жері — дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән: «Жаса, Қазақстан!» орындайтын: 9 — сынып оқушысы Тасболатов Бауыржан.

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

1 — жүргізуші: Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық
Нұрлы достық
Күн достық
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты

«Шаттық» биі. Орындайтын 9 — сынып оқушылары – Шамұратова Жадыра және Төлегенова Айза.
2 — жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ — дәулетім,
Болашағым, өнер — білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Ән: «Қазақстаным» Орындайтын: 6 — сынып оқушысы Кабир Әсем.
(Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша)
2 — жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің
25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Аты — жөні: Өтегенова Набия Төлегенқызы
Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті және өзін — өзі тану пәнінің мұғалімі
Мектебі: БҚО Казталов ауданы, Казталов ауылы, Казталовка ОЖББМ

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Т?сау кесу тойыны? сценарий
  • Сша нац праздники
  • Т?сау кесу сценарий на русском
  • Сша народные праздники
  • Т?сау кесу р?сімі сценарий

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии