Астана қаласының Білім басқармасы
Астана қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжі» МКҚК
Келісемін: Бекітемін:
Директордың Директордың
ОӘЖ жөніндегі орынбасары оқу-ісі жөніндегі
орынбасары
___________ Хасенова С.Е. ____________ Сатова Г.Р.
«____»_________2014 ж. «____»_________2014 ж.
Сыныптан тыс іс – шара тақырыбы: «Туризм әлемінде»
Мамандығы: 0511000 «Туристік агент»
Топ: ТАқ-2
«Туризм» пәндерінің циклдік комиссиясы
отырысында қарастырылды
Хаттама № __ «____»_________2014 ж.
ПЦК төрайымы________Жумабаева Г.Т.
Келісілді: Әдіскер ____Абдураимова Р.А.
Дайындаған: Арнайы пәндер оқытушысы Жумабаева Г.Т.
Астана
2014
Жоспар:
Түсініктеме хат 3
1. Мақсаты 4
2. Жалпы ұсыныстар: 4
3. Іс шараның құрылымы 4
3.1 Таныстыру 4
3.2 2 тур. « Кім жылдам» 4
3.3 3 тур. « Бәйге» 6
3.4 4 тур. « Туризм» Крассворд шешу 9
3.5 5 тур. « Туристік агентті жарнамалау» 12
4. Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………13
Түсініктеме хат
Оқытушы студенттерді сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта тәрбиелеп дамытуы қажет. Бұндай іс шаралар мұгалімдерді әр түрлі тәрбиелік жұмыстарды әрдайым кәсіби түрде дайындап, өз білімін жетілдіруге көмектеседі. Бұндай әдістемелік өңдеулер студенттермен сыныптан тыс жұмыстарды жүргізуге арналған. Бұндай сабақтан тыс шаралар формасы ретінде сайыстарды сұрақ жауап тағы басқаларын жатқызуға болады. Сыныптан тыс шараларға сайысты жатқызу себебі, сайыс бұл тек қана оқыту ғана емес, тәрбиелеудің жақсы тәсілдері.
1. Мақсаты:
Әдістемелік мақсаты: Сыныптан тыс шараның бір формасын көрсету.
Тәрбиелік мақсаты: туризмге деген студенттердің қызығушылығын, білімін арттыру.
Дамытушылық мақсаты: студенттің ой өрісін дамыту, жан жақты қалыптастыру.
2. Жалпы ұсыныстар
Сайысқа 6 студент қатысады. Әр қатысушыда есімі жазылған бейдж болады. Әр турда өз ұпайлары қойылады.
3. Іс шараның құрылымы 3.1. Кіріспе
Жүргізуші: Сайысты бастамай тұрып «Халықаралық туризм күніне» қысқаша анықтама беріп өтейін: Бүкіл әлемдік туризм күні— 1979 жылы Испания елінің Торремолинос қаласында Бүкіл әлемдік туристік Генералды ассамблеясы бекіткен халықаралық мейрам. Мейрамның мақсаты — туризмді насихаттау.Бұл күні көптеген елдерде туристік слет, мерекелік шара, көрмелер, семинарлар өтеді. Халықаралық туризм күнің барлық ел 30 жыл астам тойлап келуде.
3.2. 1 тур.Таныстыру.
Жүргізуші: 1. топ «оқжетпес» ұрандатып таныстыру
2. топ «Самұрық» ұрандатып таныстыру
3.2. 2 тур. «Кім жылдам»
Жүргізуші: әр топ басшысына 1 минут ішінде 10 сұрақтан қойылады.
« оқжетпес» тобына:
1.Туған туыстарға немесе туған жерге бару мақсатындағы саяхат ( этикалық туризм)
2. Уақытша болатын елде ақы алынбайтын тек қана жұмыс бабымен шығатын саяхат ( Іскерлік туризм)
3. Экзотикалық жерлерге бару мақсатындағы демалыс (ғажайып туризм)
4.Бұл саяхат түрі денсаулықты қалпына келтіру, емделу мақсатында жасалынады ( емдік-сауықтару мақсатында)
5.Шет елдің мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін, табиғатын тану мақсатындағы саяхат. ( танымдық туризм)
6.Табиғи құндылықтармен танысу. Экологиялық білімге, тәрбиеге бағытталған саяхат. (экологиялық туризм)
7. Туристерге өз бетінше ұйымдастырып, жүріп өтетін саяхат. (өз бетінше саяхат)
8. Лицензиясы бар жеке заңды тұлғалардың туристік өнімді ұсыну және саты жөніндегі қызметі. (туристік агент)
9.Лицензиясы бар жеке жіне заңды тұлғалардың туристік өнімдерін қалыптастыру, туристік агенттер мен туристерге өткізу жөніндегі қызметі. (туроператорлық қызмет)
10.Туристік қызмет көрсету құқықты алуды растайтын құжат (туристік жолдама)
«Самұрық» тобына:
1.Қызметінің негізгі түрі туристік қызметтер болып табылатын заңды мекемелер. ( туристік ұйымдар)
2.Туристерге рухани қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, олардың дене күшін, денсаулығын қалпына келтіретін дамуына жәрдемдесетін табиғи климаттық, тарихи, әлеуметтік мәдени, сауықтыру обьектілері болып табылады.( туристік ресурстар)
3.Турдың құрамына кіретін қызметтерге туристін құқығын және оларға ақы төленгенің растайтын құжат. ( туристік ваучер)
4.Белгілі бір уақытта, белгілі маршрут бойынша жасалынатын саяхаттағы туристерге көрсетілетін қызметтер жиынтығы. ( тур)
5.ҚР азаматы және ҚР тұрақты тұратын тұлғаның ел ішіндегі саяхаты. ( ішкі туризм)
6. Шет ел азаматының ҚР саяхаты (кіру туризмі)
7. ҚР тұрақты тұратын, азаматтығы бар тұлғаның шет елге сапары ( шығу туризмі)
8. Шығу және кіру туризмі ( халықаралық туризм)
9. Әр түрлі мақсаттағы, белгілі бір мерзім ішінде бір жерден екінші жерге немесе елді мекенге орын ауыстыру. ( саяхат)
10.Ұйымдастырылған саяхаттың үш күннени асуы ( жалғастырылмалы туризм)
Түсініктеме:
Халықаралық туризм – туристің тұрақты тұратын жерінен туристік мақсаттаға саяхаты.
Халықаралық туризм – бұл өте күрделі және сирек кездесетін құбылыс.
Халықаралық туризм халықаралық қатынастардың бір түрі ретінде шетел туристеріне кең көлемде мәдени және рухани қажеттіліктерін өтеуге бағытталған туристтік қызметтер көрсетеді.
Халықаралық туризм сыртқы экономикалық байланыстың бір түрі болғанымен, бірқатар өзіндік ерекшеліктері де болады.
Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып, басқа бір шетелдік елге барады. Кеденнен өту үшін туристік құжаттарды толтырады (паспорт, виза жасау), валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі болып саналады және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы.
Шет елге саяхаттау барысында қажетті туристтік формалдылықтар:
— паспорт формальдылықтары
— виза формальдылықтары
— валюта формальдылықтары
— кедендік формальдылықтар
— медициналық формальдылықтар мен туристерге медициналық жәрдем көрсету
Туристтік формалдылықтар мемлекеттік шекараны өтуде қажетті халықаралық туризмнің ең басты ерекшеліктері болып саналынады.
Тур дегеніміз – тұтынушыларға (туристерге) таратылатын және тураператор өндейтін, белгілі бір маршрутта, белгілі бір мерзімге арналған туристік өнім жиынтығы. Қысқаша айтқанда тур – туроператор қалыптастырған туристік қызметтің түрлері.
Турдың құрамы келесідей болады:
1) туристік пакет — негізгі қызметтер, бұл қызметтер тур құңына кіреді және саяхат барысында ауыстырылмайды.
2) Туристік пакетті туроператор ұсынады. Туристік пакет құрамына кіретін қызметер:
3) Туристі шет елге дейін тасмалдау қызметі;
4) Трансфер (әуежайдан туристін орналасу жеріне дейін тасмалдау)
5) Орналастыру, тамақтандыру, экскурсиялық қызметтер
3.4. 3 тур. Бәйге.
Жүргізуші: бұл турда экологиялық туризмнан, экскурсия жүргізуден, туризм негіздерінен, мақал мәтелдерден сұрақтар беріледі және әр ұяшықта өз ұпайына байланысты сұрақтар жасырылған.
Слайд түрінде.
Экологиялық туризм сұрақтары:
1.Алғаш рет экологиялық туризм терминің ұсынған кім ?
(Гектор Цибалос-Ласкурей)100ұпай
2.Экологиялық туризмнің басты объектілері?
(Табиғи аумақтар) 200 ұпай
3. Отандық және шетел әдебиеттерінде экологиялық туризмнің тағы бір анықтамасы?
(Жасыл туризм) 300 ұпай
4.Экологиялық туризмнің зерттеу формасы ?
(Экспедиция)400 ұпай
5.Экологиялық туризмнің пайда болу ғасыры?
(ХІХ ғасырдың аяғы)500 ұпай
Экскурсия жүргізу сұрақтары 1. “Экскурсия” термині қай тілден шыққан және сол тілден аударғанда қандай мағына береді?
(Латын тілінен, серуендеу) 100 ұпай
2. Экскурсия жүргізу пәні оқу үдерісіне алғаш рет қай елде еңгізілді?
(Ресей елі) 200ұпай
3. Экскурсия барысындағы қызмет түрлері?
( Экскурсоводтың және экскурсанттың қызметі)300ұпай
4. «Серуен» экскурсия жүргізу форманың мақсаты?
(Демалу)400ұпай
5. Экскурсиялық процесстің басты міндеттері?
( Көру, тындау)500 ұпай
Туризм негіздерінен сұрақтар:
15-24 жас аралығындағы туристік топтан тұратын жас адамдардың саяхатын қандай туризм түріне жатқызамыз?
(Жасөспірім туризм)100ұпай
Туған туыстарға және туған жерге бару мақсатындағы туризм түрі?
(Этикалық)200ұпай
Авто, мото, велотуризмге арналған қала сыртындағы лагерлер?
(Кемпинг )300ұпай
Шет елдердің мәдениетің, тарихын, салт-дәстүрін, табиғатынтану мақсатындағы саяхат?
(Танымдық )400 ұпай
Туристік қызмет көрсету құқығын алуды растайтын құжат түрі?
(Туристік жолдама)500 ұпай
Мақал мәтелдер:
Ата аналар сөзі,
(Ақыл кеңес көзі)100 ұпай
Жақсы сөз жанға рахат
(Жаман сөз жанға жарақат) 200 ұпай
Ата бәйтерек
(Бала жапырақ) 300 ұпай
Көпшіліктен береке кетпес,
(Берекелі жерден мерек кетпес) 400 ұпай
Білімдіге дүние жарық,
(Білімсіздің күні кәріп) 500 ұпай
Түсініктеме:
Экологиялық туризмнің объектілері: табиғи аймақтар, тарихи ескерткіштер, ғылыми және білім беруде қолданылатын мәдени және архитектуралық ескерткіштер болып табылады. Бұл экологиялық туризмнің жан-жақты болуын қамтамасыз етеді.
Экологиялық туризмнің ең өзекті бағыттары:
— танушылық;
— ғылыми;
— спорттық;
Қазақстанның табиғи климаттық зоналары (жеке шөлді аймақтар, таулы аймақтар) спорттық және ғылыми бағытта экологиялық туризмнің ерекше формасы «экстремалды туризмді» дамытуға мүмкіндік береді. Бұл адам аяғы баспаған және адам өмір сүруге бейімделмеген аймақтарға экстремалды жағдайларда тіршілік ету және өзін-өзі ұстау стратегиясын қалыптастыру мақсатында саяхат жүргізу. Айта кетерлік жағдай, экологиялық туризмді дамыту үшін әр түрлі табиғи ресурстар қажет. Дәл осы жағдай туризмдік жұмыстардың территориялық аймағын және олардың қай бағытта жүруін анықтайды.
Экскурсия — бiз өмiр сүретiн әлемнiң заттар және құбылыстарының таныстыруы процесі болады. «Экскурсия» (excursio) латын тілінен аударғанда «серуендеу» деген мағынаны білдіреді. Экскурсия — жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көруі. «Экскурсия түсінігін» қарастырғанда экскурсиялық үдерістің объективті талаптармен шарттанғанын ескеру керек. Әр экскурсия маңызы нақты заңдылықтармен (тақырыптық, мақсатқа ұмтылушылық, көрнекілік, эмоцияналдық, белсенділік т.б) шартталған қызметтің ерекше үдерісі болады.
Экскурсия – ерекше орындардың, құндылықтардың, тарихи және мәдени ескерткіштердің әдістемелік ұйымдастырылған көрсетілімі. Оның негізінде экскурсанттар қарайтын нысандардың талдауы, сондай-ақ олармен байланысты оқиғалар туралы сенімді баяндау, әңгімелеу жатыр. Алайда, «экскурсия» ұғымының мәнін тек осымен ғана түсіндіру дұрыс емес. Соңғы ХХ ғасырдың 70 жылдары әр түрлі баспаларда жарияланған «экскурсия» терминінің бірнеше анықтамаларын қарастырайық. Олардың алғашқысы былай беріледі: «Экскурсия — өз алдына белгілі бір тақырыпты нақты материалдарда, нақты көріністе зерттеу міндеті қойылған серуен».
Экскурсионист Л.Бархаш мынадай анықтама берді «Экскурсия – бұл белгілі бір білім алудың көрнекілік әдісі, сонымен қатар, белгілі бір нысандарды (мұражай, зауыт, т.б.) алдын ала дайындалған тақырып бойынша арнайы жетекшімен (экскурсия жүргізушімен) барып көру деп есептеді».
Кемпинг – бұл авто, мото туристерге, вело туристерге арналған қаланың сыртында орналасатын лагерь.Туристер жазғы айларда палаткаларда түнеп шығу үшін ғана орналасады
3.4. 4 тур. « Туризм» крассворд шешу.
Жүргізуші: Туризм саласында жиі қолданылып жүрген туристік терминдер.
Слайд түрінде
1) Белгілі бір уақытта, белгілі маршрут бойынша жасалынатын саяхаттағы туристерге көрсетілетін қызметтер жиынтығы (Тур)
2) 6 адам және одан да көп ададмнан тұратын ұйымдастырылған саяхат қандай туризм түріне жатады (Топтық)
3) Спорттық, танымдық, демалу мақсатында топтық немесе жеке бір адамның белгілі бір маршрут бойымен жүріп өтуі (Жорық)
4) Турдың құрамына кіретін қызметтерге ақы төленгенің растайтын туристік құжат (Ваучер)
5) Шет ел азаматтарының Қ.Р. саяхаты туризмнің қандай түріне жатады (Кіру)
6) Ең алғашқы экскурсия ұғымына анықтама берген ғалым (Даль)
7) Жетінші және сегізінші ғасырда дамыған туризм түрі (Діни)
Жол бойында орналасқан жолаушыларға арналған қонақ үй (Мотель)
9) Демалыс, бос уақыт ұғымдардың синонимі (Рекрация)
10) Экскурсоводтың жақсы сөйлеу мәдениетіне жатады (Дикция)
11) Таза туризм түріне қандай туристік саяхат жатады (Емдік)
12) VІІІ ғасырда ертеде ең алғашқы саяхат жасаушы ел (Греция)
13) Туристерді әуежайдан орналасатын жеріне дейін және керісінше орналасқан жерінен әуежайға дейін тасмалдау қызметтері (Трансфер)
Түсініктеме:
Жорық — спорттық, танымдық, демалу мақсатында топтық немесе жеке бір адамның белгілі бір маршрут бойымен жүріп өтуі. Зерттеу мақсатындағы жорық туристік экпедиция деп аталады.
Жорықтың жіктелуі әр түрлі белгілерге байланысты бөлінеді:
-Қозғалу тәсілі (жаяу, шаңғы, тау, велосипед, ат, су)
-Ұзақтығы (көп күндік н.е. демалыс күндегі жорықтар: бір, екі, үш күндік)
— Қиындығы бойынша (жорықтың категориялары (1-6 категорияға дейін)
Құрал-жабдықтар 3 бөлінеді:
Жеке құрал-жабдықтар — туристік жеке қолданатын заттары.
Топтық құрал-жабдықтар — топпен бірлесе қолданады.
Арнайы құрал-жабдықтар — жорықта арнайы қолданылатын заттар, ол жеке және топтық та болып келеді (арқан, карабин, репшнур, накомар¬никтер және т.б.)
Туристің жорық барысындағы жеке құрал-жабдықтар тізімі:
1) рюкзак;
2) жатын қапшық (спальник);
3) коврик немесе пенка;
4) жеке заттарды су болмауы үшін жинайтын пакет;
5) жылы спорттық костюм;
6) жылы курстка;
7) альпеншток;
сидушка;
9) ішкі киім;
11) жылы шұлық — 2 дана;
12) хлопок шұлық— 2 — 3 дана;
13) бас киім немесе панамка;
14) күннен қорғайтын көзілдірік;
15) туристік аяқ киім;
16) кроссовки немесе кеды;
17) гигиеналық құралдар: орамал, тіс паста және щетка, сабын
18) кружка, қасық, миска, пышақ (КҚМП);
19) жамбырдан қорғайтын киім;
20) компас;
21) қалам, блокнот
Топтық құрал-жабдықтар
— палатка
— колышки для палатки
— спальники 2-3 орынды
— коврики, немесе «пена»
— ара
— балта — 8 адамға 1
— арқан — 30…50 м.
— репнабор
— дәріқорап
— қазан (котел)
— отқа тростик ілгішпен
— тамақ жасайтын кезекшілер үшін қолқап
— гитара
— компас
— карты, маршрут сызбасы
— сковорода
— оттық
Жорыққа қажетті арнайы құрал-жабдықтар тізімі:
-Арқан
-Карабин
-Обвязка
-Репшнур
-Накамордник
-Каска
Рекреация дегеніміз -бос уақыт, демалыс, рекреация және туризм болып саналады.
«Бос уақыт» — күш-қуатты қалпына келтіретін уақыт. Бос уақытты жұмыстан тыс уақытпен шатастырмау керек. Жұмыстан тыс уақыт бір- бірінен өзінің мәні жағынан ерекшеленетін төрт топтан тұрады: 1) үйден жұмыс орнына дейін бару; 2) күнделікті қажеттілікті өтеуге арналған уақыт (ұйқы, тамақтану, жеке тазалық); 3) үй шаруашылығына және тұрмыстық қажеттілікті өтеуге арналған уақыт; 4) бос уақыт – демалуға, физикалық және ақыл – ойды дамытуға арналған уақыт.
Сонымен, жұмыстан тыс уақыт екіге бөлінеді: міндетті түрде және басқа іс- әрекеттер. Бос уақыт адамның физикалық және рухани күш- қуатын қалпына келтіріп, дамытуға жұмсалады. Бос уақыт, басқаша айтқанда, белсенді іс- әрекетке кетебі. «Белсенді іс- әрекет» пен «демалыс» ұғымдары, бір- біріне сәйкес келмейтін секілді көрінуі мүмкін.
Бос уақыттың негізгі екі функциясы бар: 1) адамның күшін қалпына келтіру; 2) физикалық және рухани даму функциясы. Қалпына келтіру функциясына тамақтану, ұйқы, қозғалыс жатады. Даму функциясына жататындар: сауықтыру, танымдық, қатынасу.
Пайдалану сипатына қарай бос уақыт күнделікті, апталық және жыл сайынғы болып бөлінеді. Күнделікті бос уақытты пайдалану күнделікті үй жұмысы және қала тұрмысымен байланысты. Апталық рекреация демалыс күндерінде, қала сыртындағы жүзеге асады. Жыл сайынғы рекреация демалыс немесе каникул кездерінде болады.
Демалыс адамның жұмыс істеу қабілетін толықтырады, жүйке жүйесіне және психологиясына тиетін қысымды бәсеңдетеді, ал ауыр жұмыспен айналысатындар үшін физикалық қысым азаяды. Н.С. Миронеко мен И.Т. Твердохлебовтың айтуынша (1981), демалыс – бұл күнделікті қажеттіліктердің қанағаттандыруға бағытталмаған қандай да бір болмасын адамның іс — әрекеті. Демалыс кезіндегі адамның іс — әрекетін мынандай классификацияға бөлуге болады:
1. Белгілі бір физикалық ауырлықпен байланысты іс -әрекет (серуендеу, спортпен шұғылдану);
2. Әуесқой шұғылдану – аңшылық, балық аулау, саңырауқұлақ пен жеміс – жидек жинау жіне т.б.;
3. Өнер әлеміне бейімделу (театрға, концертке, мұражайға сапар шегу), өнер саласындеғы шығармашылық (көркем өнер, ағашты зерттеу, және т.б.);
4. Интеллектуалдық іс -әрекеттер (көркем әдебиет, газет, журналдарды оқу, теледидарды көру);
5. Еркін тақырыпқа әңгімелесу
6. Белсенді немесе пассивті түрде көңіл көтеріп, сергу;
7. Көңіл көтеру үшін саяхат жасау.
Рекреация ұғымын бірнеше тілден аударсақ: латынша — қалпына келтіру, французша – демалыс, көңіл көтеру, іс- әрекеттің өзгеруі.
Ұзақтылығы жағынан рекреация қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Қысқа мерзімді рекреацияда демалушы өзінің тұрақты жерінде түнеуге келеді, ал ұзақ мерзімдісі кезінде адамдар өзінің тұрақты жерінен тыс жерде түнейді. Ұзақ мерзімді рекреация өзінің мәні жағынан туризм сияқты терең ұғыммен сәйкес келеді.
3.5 5 тур. « туристік агентті жарнамалау»
Жүргізуші: бұл турда екі топ туристік агентке жарнама жасайды. «оқжетпес» тобы танымдық мақсатында саяхат жасайтын туристерге, «самұрық» тобы ойын сауық құру мақсатында саяхат жасайтын туристерге жарнама жасайды. Оған 3минут уақыт беріледі.
Жүргізуші: осымен халықаралық туризм күніне арналған «Туризм әлемінде» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Соңында айтарым Халықаралық туризм әлем бойынша жақсы дамып келе жатқан саланың бір түрі. Туризм Қазақстанда өте қарқынды дамуда, өткені еліміздің табиғаты, керемет жерлері, тарихи ескертіштері, әсем қалалары туризмнің жақсы дамуына ықпал жасауда. Еліміз туризм саласында жаңа кадрларды даярлау үстінде. Ішкі туризмнің дамуы үшін еліміздің инфрақұрылы мен индустриясы жаңартылуда, құрылуда.
4.Қолданылған әдебиеттер:
1. Б.В. Емельянов « Экскурсия тану» Мәскеу 2002 ж.,
2. Г.Ф. Ягофаров З.В. Тынчерова «Экскурсия тану» Алматы, 2001 ж.
3. В.В.Храбовченко «Экологиялық туризм» М., 2003 ж.
4. А.Ю. Александрова «Международный туризм» М., 2002ж.
ӘДЕПТІЛІК – ТӘРБИЕ БАСТАУЫ
Өткізген: Ахметова Айгүл Жанатқызы
Мақсаты: әдептілік туралы ұғым қалыптастыру, әдептілік, инабаттылық жайында оқушылардың ойын дамыту, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстай білуге, ізгілікке, мәдениеттілікке, үлкенді сыйлауға, кішіге үлгі бола білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сыныпты безендіру, әдептілік туралы жазылған қанатты сөздер
1. Ата-баба дәстүрі – әдептілік негізі.
2. Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді.
3. Әдепсіз өскен адамнан,
Тәртіппен өскен тал жақсы.
4. Тәрбиесіз бала білім ұғар ма,
Олай болса уысыңнан шығарма.
Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Барысы
1. Әдептілік – тәрбие бастауы (ойталқы)
2. Құпия хаттармен жұмыс (хаттармен жұмыс)
3. Өлең шумақтарынан үзінді оқу (әдептілік, сыпайылық туралы өлеңдер мен мақал-мәтелдер)
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің «Әдептілік – тәрбие бастауы» атты тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер! Балар, бүгінгі тәрбие сағатымыз тақырыбынан көріп отырғанымыздай әдептілік, мәдениеттілік, ізгілік жайында болмақ. Әдепті болу деген сөздің мағынасы өте кең. Олай дейтініміз: адамның жасаған әрбір іс-қимылы, жүріс-тұрысы, сөйлеу мәнері, өзін-өзі ұстай білуі оның әдептілігі, мәдениеттілігі жайлы сыр шертіп тұрады. Қазір мен осы әдептілік жайлы сендердің ойларыңды мына менің қолымдағы «Әдептілік иірімдері» деген журнал бетіндегі сұрақтарға жауап берулерің арқылы тыңдағым келіп тұр. Журнал үш бөлімнен құралған. Өзінің аты айтып тұрғандай-ақ іші толған әдептілік, мәдениеттілік жайлы сұрақтар мен құпия хаттар және әдептілік туралы өлең шумақтарынан үзінділер оқудан тұрады екен. Ол үшін әр топ мына журнал бетіндегі тақырыптардың біреуін таңдайсыңдар да, сол туралы қойылған сұрақтарға жауап бересіңдер. (Тақырыптар алдын ала тақтаға жазылып қойылған).
Ендеше журналдың бірінші бөліміне кезек берсек.
1. «Әдептілік – тәрбие бастауы» атты бөліміндегі тақырыптарды таңдауға кезек.
1. «Сәлем – әдептіліктің белгісі»
2. «Қоғамдық көліктегі әдептілік»
3. «Дастархан басындағы мәдениет»
4. «Мәдени-көпшілік орындардағы әдептілік ережелері»
I топ тақырып таңдайды. Тақырыбы. «Сәлем – әдептіліктің белгісі».
Бірінші топқа тапсырма (ойталқы)
1. Адамгершілік қасиетінің қайнары сәлем берудің мәнін түсіндіріп өтіңдер.
2. «Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді» деген аталы сөзге түсінік беріп өтіңдер.
3. «Ассалаумағалейкүм» сөзінің мағынасын ашып беріңдер.
4. Балалар, сендер сәлемдесу түрлерін білесіңдер ме? (көрсету)
1-оқушы: Қазақ тәрбиені амандасудан, есен-сау сұрасудан бастаған. Кейбір егде адамдар «Ассалаумағалейкүм дегеннен-ақ кім екенін білдім » деп жатады. Бұл кездейсоқ айтыла салған сөз емес, олай болса мәнісіне үңіліп көрейік.
2-оқушы: Біріншіден, сәлем берген кісінің дауысының шығуын, сәлем беру ырғағын байқайды. Екіншіден, сәлем бергенде өзіңді қалай ұстайсың, қалай тұрасың? Үлкендер осының бәріне де назар аударады, сынайды.
3-оқушы: Үлкеннің алдындағы сәлемің, басшымен амандасу, қол қысысың да бірталай нәрсені аңғартады: егде кісінің не жас баланың қолын қаттырақ қысып жіберсең, дөрекілігіңіз бірден көрінеді.
4-оқушы: Сіз амандасып болғанша, сәлем беруші үсті-басыңызға қарап та үлгереді, киіміңіздің өзіңіздің жас мөлшеріңізге жарасымды, жарамсыз екенін де байқайды. Осылардың бәрін ой елегінен өткізе келіп сен туралы пікір түйеді.
5-оқушы: Жалпы сәлемдесу мәдениеттің сырт көрінісі болып көрінгенімен, адамның ішкі мәдениетін де біраз көрсетіп тастайды. «Сәлеміңнен жаңлма», «Сәлемің дұрыс болсын» деген талаптың өзі-ақ сәлемдесу мәдениетінің адамгершіліктің белгісі екендігін анықтап тұрғандай.
6-оқушы: Қазақта «Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді» деген аталы сөз бар, өйткені сәлемдесу – кісіліктің белгісі. Сәлемдесу, амандасу адамның бір-біріне ізет, сый-құрметін көрсетеді. Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі – сәлемдесу.
7-оқушы: Сәлемдесу о заманнан құдайшылық, имандылық, кісілік нышаны ретінде түсініліп қабылданған. Сәлемдесудің мәні, ең алдымен, бір-бірінің аман-саулығын сұрасу, өздерінің аман-есен дидарласып тұрғандарына қуанып, шүкіршілік жасау, ниеттерінің ақ, адал, таза екендігін білдіру.
8-оқушы: Орта Азиядағы түркі халықтары, барлық мұсылман елдердегідей «Ассалаумағалейкүм» деген араб сөзімен амандасады, оның мағынасы «Сізге тыныштық тілеймін» дегенді білдіреді. Оған жауап, яғни сәлемді алу ретінде айтылатын «Уағалайкүмассалам» — «Сізге де тыныштық тілеймін» деген сөз. Одан кейін барып «Үй ішіңіз, ал-жаныңыз аман ба? Денсаулығыңыз жақсы ма?» деген сияқты хал-жағдайды білісу, жөн сұрасу рәсімі жалғасады.
9-оқушы: Сәлем берудің түрлерін көрсету
1. Қос қолдап амандасу
2. Төс қағысып амандасу
3. Құшақ жая амандасу
4. Қуанышты сәлемдесу
Мұғалім: Әдеп, адамшылық амандасудан басталады. Ақ сақалды атаны, ақ жаулақты әжені құрметтеу, жалпы өзінен үлкенге сәлем беру, алдынан кесіп өтпеу жас ұрпақтың қастерлі парызы екенін есте сақтауымыз керек.
Көрініс «Әдептілік«
II топ тақарып таңдайды. Тақырыбы: «Қоғамдық көліктегі әдептілік»
Екінші топқа тапсырма (ойталқы)
1. Сен өз көлігіңді аялдамада көп тосып тұрдың, шаршадың. Көлігің келіп тоқтады да, сен ішке еніп бос орынға келіп жайғастың. Келесі аялдамада үлкен қария кісі мінді, бос орын жоқ. Сен не істер едің? (Оқушылар өз ойларын ортаға салады)
10-оқушы: Қоғамдық көлікке басқаларды итермелемей, мәдениетті түрде кіру керек.
Жол ақысын төлеуді ұмытпа.
Көлік ішіндегі адамдарды қағып-соғып, итермелеме, дауыс көтеріп ұрыспа. Абайсызда қағып кетсең кешірім сұра.
Үлкен кісілерге, мүгедектерге, балалы аналарға орын бер.
Билетіңді аяқ астына тастай салмай, көліктен шыққаннан кейін арнайы жәшікке сал.
Мұғалім: Әдепті адамдар – қоғамның баға жетпес байлығы әрі мәртебесі.
Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысу керек.
Көрініс «Автобустағы оқиға»
I топ тақырып таңдайды. Тақырыбы: «Дастархан басындағы мәдениет»
Бірінші топқа тапсырма (ойталқы)
1. Тамақтану мәдениеті дегенді қалай түсінесің?
2. Дастархан басында өзіңді қалай ұстау керек?
3. Дастархан жабдықтау мәдениеті дегенді қалай түсінесің?
11-оқушы: Тамақтану мәдениеті дегеніміз – бір қалыпты тамақтану, тағамдардың түрліше болуы, қай кезде және қандай мөлшерде ішіп-жей білу, дастархан басында өзіңді дұрыс ұстай білу.
Столға қолыңды тазалап жуып, сырт киіміңді шешіп келіп отыру керек.
Дастархан басында жан-жағыңа алақтамай, тыныш отырып тамақтану керек, әйтпесе тамағың дұрыс сіңбейді.
Аузыңа тамақты толтырып алып қасыңдағы адамдармен сөйлеспе, аузыңнан тамағың шашырайды әрі сөзің түсініксіз болып шығады.
Дастархан басында отырып қатты сөйлеудің, қатты күлудің, балағат сөздер айтудың қажеті жоқ.
Амандасу үшін тағам тұрған столдың үстінен қол созу дұрыс емес.
Тамақ ішіп болғаннан кейін қолыңды, аузыңды салфеткамен сүртуді ұмытпа.
Рахмет айтуды да естен шығарма.
Мұғалім: Балалар, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып әдеп әліппесін бойымыздан шығармауымыз керек.
II топ тақырып таңдайды. Тақырыбы: «Мәдени – көпшілік орындардағы әдептілік ережелері»
12-оқушы: Екінші топқа тапсырма (ойталқы)
1. Концерт басталып кетті, сен сәл кешігіп келдің. Өзіңнің билетте көрсетілген орның алдыңғы жақта. Сен не істер едің? (Оқушылар өз ойларын ортаға салады).
«Адам көркі – шүберек» демекші, мәдени-көпшілік орындарға барғанда әдемі, таза, үйлесімді киіне білу керек.
Театрға немесе концертке кешікпей баруға тырыс.
Егер кешігіп кірсеңіз жаймен, көрермендерден кешірім сұрай отырып өз орныңызды тауып алыңыз.
Қатты қол шапалақтау немесе ысқыру — әдепсіздіктің белгісі.
Қасыңдағы жолдасыңмен қатты сөйлесіп, пікірталастырып, жұрттың көңілін бөлме.
Отырған жеріңде сусын ішіп, тамақтанып, қалдығын тастап кетпе.
Концерт немесе спектакль аяқталмай жатып орныңнан тұрып кетіп қалма. Ол сахнадағы адамдарды, өнерді сыйламағандық болып сесептеледі.
Мұғалім: Әдеп – діннің жаршысы. «Әдепті кісіде ұят бар, ұяты бар кісіде иман бар» делінуі бекер емес екен.
I топ тақырып таңдайды. Тақырыбы: «Кітіпханадағы әдеп»
Бірінші топқа тапсырма (ойталқы)
1. Сен кітапханада ертеңгі сабағыңа беріле дайындалып отырсың. Көрші столға екі оқушы келіп отырды да, қолдарындағы кітабын ретсіз парақтап, күбірлеп сөйлесе бастады, сенің көңілің бөлініп кетті. Сен не істер едің? (Оқушылар өз ойларын ортаға салады.)
12-оқушы: Кітапханамен дос бол, оған жиі баруды әдетке айналдыр.
Кітапхана – қоғамдық орын, сондықтан ол да үлкен мәдениеттілікті талап етеді.
Кітапханада тыныштық сақтауға қатаң талап қойылады, ешкіммен дауыстап сөйлесуге, қағаздарыңды ретсіз сытырлатып жаныңдағылардың көңілін бөлуге болмайды.
Алған кітаптарыңды ұқыпты пайдалана біл, бетін жыртуға, шимайлауға болмайды.
Дайындалып болғаннан кейін кітапханашыға өткізіп рахметіңді білдір.
Мұғалім: Жауаптарыңа рахмет, балалар. Енді көңілдерімізді сергітіп бір ән тыңдап алсақ, кезекті әнге берсек.
Ән: «Ағаларым» Ж.Жақсылық.
Мұғалім: Балалар, журналымыздың екінші бөлімі – » Құпия хаттармен» жұмыс. Мен мұндағы «Құпия хаттарды» оқып сендердің пікірлеріңді тыңдағым келіп тұр.
1-хат: Құрметті достар!
Менің көршімнің бір баласы бар. Ол өтірікші, көзбе-көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып ойнаймын ба?
2-хат: Құрметті достар!
Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап-ойнап, тапсырманы орындамай, жазбай келеді. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.
Мен бермесем «Сен сараңсың» дейді. Мен не істеуім керек?
3-хат: Құрметті достар!
Менің бір досым мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішіндегі нәрселерін, қылығын айтып мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
Мұғалім: Әдептілік – барлық адамға жарасатын қасиет. Ол – адамның жасынан алған тәрбиесіне, өскен ортасына, төңіректегі адамдардың қарым-қатынасына байланысты қалыптасатын қасиет.
Енді көңілдене отырып күй тыңдасақ, кезек күйде.
Күй: «Тепеңкөк» Б.Диана.
Мұғалім: Ал енді, балалар, журналымыздың үшінші бөліміне кезек берек.
Әдептілік, сыпайылық туралы өлең, мақал-мәтелдеріңді тыңдағым келіп тұр.
1-оқушы: Әдептілік ар, ұят –
Адамдықтың белгісі.
2-оқушы: Жасында әдеп үйренбеген кісіден өскен соң қайран жоқ.
3-оқушы: Әдепсіз өскен адамнан
Тәртіппен өскен өскен тал артық.
4-оқушы: Аға әдепті болса, іні әдепті.
Ана әдепті болса, сіңлі әдепті.
5-оқушы: Мейрімділікті анадан үйрен,
Әдептілікті данадан үйрен.
6-оқушы: Әдептіліктің не екенін әдепсіз адамды көргенде білесің.
7-оқушы: Әдепті елдің баласы иіліп сәлем береді.
8-оқушы: Адам әдебімен әдемі.
9-оқушы: Тәрбиелі адам тағалы атпен тең.
10-оқушы: Әдепті бала – арлы бала.
11-оқушы: Әдепті дегенше, әдемі десейші.
12-оқушы: Әдеп басы – тіл.
13-оқушы: Әдептіліктің белгісі – иіліп сәлем бергені.
14-оқушы: Өзіңді өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.
15-оқушы: Сыпайылық – даналықтың белгісі.
16-оқушы: Кішіпейілділік кішілік емес, кісілік қасиет.
Мұғалім: Мақал-мәтелдеріңе рахмет, бүгінгі тақырыбымызға байланысты өлеңдеріңді тыңдасақ.
1-оқушы: «Ақыл жастан, асыл тастан
Шығады» деп дарынды
Халық айтса, халық сөзі
Әрқашан да нанымды.
Сол өнердің жолын қуған
Осы сынып атынан,
Қабылдаңыз шын жүректен,
Сәлем сізге жалынды.
2-оқушы: Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз:
-Сәлеметсіз бе, ағай! – деп,
-Сәлеметсіз бе, апай! – деп,
-Есенсіз бе, әжей! – деп,
-Амансыз ба, атай! –деп.
3-оқушы: Мен жолымды берейін, өт, қарағым,
Несін күттің, несіне көп қарадың?!
Анасының бергенін саған берген
Аруағынан айналдым текті ананың!
Жалаған-ай, жарасымды-ау ізет деген,
Иілген «сіз өт» пенен «біз өт» пенен.
4-оқушы: Десек те, жаңа өмір, жаңа заман,
Жақсы ғой бірін-бірі бағалаған.
Түйсіксіз тайлақтардан сақта құдай,
Тайраңдап алды-артына қарамаған.
Қарағым, ата-бабаң момын халық,
Өтіпті бір-бірінің жолын бағып.
Өсиетін бабаңның орындай сал,
Одан ешкім кетпейді тоныңды алып.
Мұқағали Мақатаев.
5-оқушы: Атам менің әманда
«Әдепті жан бол» деген.
Ата сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпей көлденең,
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.
6-оқушы: Анам маған «Үлкенді сыйла» деген,ъ
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті
Үлкендердің өзіне сыйға берем.
7-оқушы: Дастарханның басында
Әдептен біз озбаймыз.
Үлкендердің қасында
Қолды бұрын созбаймыз.
Тамақ ішер кезде біз
Сөйлемейміз, күлмейміз.
Астан басқа өзгені
Елемейміз, білмейміз.
8-оқушы: Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса,
Сыйлы болар өзі де
Үлкен болған кезінде.
9-оқушы: Сыйлап сәлем береміз
Көршілерді көргенде.
Ізетті де білеміз
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін.
Мұғалім: Міне, балалар, бүгін өздерің бұрыннан білетін әдептілік жайлы білімдеріңді осы журнал беттері арқылы толықтыра түстіңдер деп ойлаймын. Енді осы үйренгендіріңді күнделікті өмірде қолдана біліңдер және өздеріңнен кіші іні-қарындастарыңа үнемі үйрете жүріңдер. Менің сендерге айтарым: адам әрқашан да бет сұлулығымен емес, ішкі жан дүниесімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен әдемі.
Та?ырыбы
«?лы Же?іс к?ркем бейнелеуде»
Жалпы ма?саты
* Бейнелеу ?неріндегі батальды? жанр туралы т?сінікті ке?ейте отырып, т?рлі ?діс-
т?сілдерді орындау ар?ылы о?ушыларды? шы?армашылы?ын дамыту, с?здік ?орын молайту.
* Жас ?рпа??а патриотты? т?рбие бере отырып, оларды? бойында отанс?йгіштік, елжандылы? ?асиеттерін ?алыптастыру, дамыту.
* О?ушыларды к?ркем сурет ?неріне баули отырып, ?демілікті ??а білуге,шеберлікке ба?ыттай отырып, ел ерте?і жас ?рпа?ты? ?олында екенін сезіндіру, Отан, ата-ана алдында?ы борышын т?сінуге т?рбиелеу,болаша??а ма?сат ??ра білуге баулу
К?тілетін н?тижелер
* О?ушыларды? бейнелеу ?неріндегі батальды? жанр туралы т?сініктері ке?ейтіле отырып, т?рлі ?діс- т?сілдерді орындау да?дылары ?алыптасады, сол ар?ылы о?ушыларды? шы?армашылы?ы дамып, с?здік ?оры мен с?йлеу м?дениеті артады.
* О?ушылар ?р т?рлі ?нер т?рлері ар?ылы ?ОС туралы м?ліметтер алады,патриотты? т?рбие беру ба?ытында?ы ??гімелерді ты?дай отырып, оларды? бойында?ы отанс?йгіштік, елжандылы? ?асиеттері артады.
* О?ушылар к?ркем сурет ?неріні? ?ыр-сырын т?сіне отырып, ?демілікті ??а білуге да?дыланады, шеберлікке ба?ыттала отырып, ел ерте?і жас ?рпа?ты? ?олында екенін сезінеді, Отан,ата- ана алдында?ы борышын сезініп, ел ерте?і жас ?рпа?ты? ?олында екенін т?сінеді,болаша??а ма?сат ??ра білуге да?дыланады.
Саба?та ?олданылатын модульдер мен ?діс-т?сілдер
АКТ,СТО. Топты? ж?мыс, с?ра?-жауап,ой ?оз?ау, т?сіндірмелі, диалогтік о?ыту, шы?армашылы? тапсырмалар
Саба?та ?олданылатын рессурстар
Слайд ( ?лы Отан со?ыс кезіндегі техникалар, бейнелеу ?нері туралы ма?л?мат, со?ыс жылдары, майдангер-суретшілер суреттері) шарлар, со?ыс эмблемасы, бейнебаяндар, плакат, флипчарт,стикерлер, фломастер, интерактивті та?та
Кезе?дері,тапсырмалар
Кіріспе б?лім
1.Кіріспе с?з . «?лы Же?іске – 70 жыл»
2.Шараны? ?ту барысымен таныстыру.
3.О?ушыларды топ?а б?лу. Топты? аты мен ?ранын ай?ындау.
Негізгі б?лім
1.Бейнелеу ?нері, оны? т?рлері мен жанрлары туралы ?айталай отырып, Батальды? жанр туралы ж?не майдангер суретшілер туралы ма?л?мат беру.
2. Топтар арасында?ы сайыс:
1) Шебер – класс — коллаж жасау:
«Рейхстаг?а ту тіккен Рахымжан»
?н «?аза? сарбаздары» орындайтын ?нен Заманбек
2) Жобалы?- сызба -сызба дайындау:
«Мені? ?иялымда?ы Же?іс ба?ы»
К?ріністі ?н «Землянка» орындайтын Жан?біл Райымбек ж?не 10-сынып о?ушылары.
3) Монотипия – бір басылымды сурет: «?лы Отан со?ысыны? техникалары. Ардагерлерді? наградалары мен ордендері».
?н «Синий платочек» орындайтын Аманды??ызы М?лдір
?орытынды б?лім
- Сайысты? ?орытындылау. ?діл?азылар шешімі
- ?орытынды с?з.
- Кері байланыс«Енді со?ыс болмасын!» — жас ?рпа?ты? тілегі. Тілек а?ашы, «От шашу»
Студенттер күні мерекесіне арналған «Қызықты көңіл, студенттік өмір!» атты іс-шараның бағдарламасы.
Мақсаты : Студенттерді мереке тарихымен таныстыру. Студенттерді ізденгіштікке, ұтымды жауап айта білуге, тапқырлыққа баулу. Белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Студенттік кезде терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу.
Колледж студенттерінің девизі: «Әрқашан алға ұмтылған, белсенді, елінің патриоты болу!»
Көрнекілігі : «Студенттік өмірдің қызықты кезеңдері» атты фото-презентация.
1 жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен студенттер! Бүгінгі 17-қараша «Студенттер күні» мерекесі құтты болсын! 17- қараша студенттер күніне арналған «Қызықты көңіл, студенттік өмір!» атты әдеби музыкалық кешке қош келдіңіздер!
2 жүргізуші: Міне болашақтың иесі – жас ұрпақ. Ұрпақ тәрбиесі ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілікті жүктейді. Қазақтың дара да дана тұлғасы Абай: «Адамның адамшылығы… жақсы ұрпақтан болады» деген. Олай болса болашақ әр саланың маманы болатын студенттерімізге тек қана жоғары сапалы білім мен тал бесіктен алған тәрбиесін тыңғылықты ету колледж ұстаздарының абыройлы да басты мақсаты болып табылмақ.
1 жүргізуші: Мұғалім болашақты тәрбиелеуші. Ал болашақ дегеніміздің өзі өткен тарихты қорыту емес пе? Ең бірінші ұстаз – біздің өткен тарихымыз. Жаңа ұрпақты тәрбиелеу үшін бұрынғының бар жақсысын жиып, бүгінгімен қабыстырған жөн секілді. 2 жүргізуші: Білім – біздің басты қазынамыз. Халық ақыны Нұрпейіс Байғанин «Білімнен қымбат нәрсе жоқ, көңілде жатса баспай тот» деген екен. Білімді адам ғана болашаққа батыл қадам баспақ. Біздің жастарымыз алған білімін ақылмен, өнегемен, тән мен жанның сұлулығымен, парасаттылықпен ұштастырса, нұр үстіне нұр жауар.
1 жүргізуші: Оқу-білім үздіксіз еңбектің арқасында ғана жақсы нәтижеге, жоғары жетістіктерге жеткізеді. Студент жастарымыздың жан-жақты, саналы, терең білімді, бәсекеге қабілетті болуы – қоғам сұранысы. Осы орайда білім берумен қатар көп қырлы тәрбие жұмыстарыныңда маңызы зор.
2 жүргізуші: Бүгінгі кешімізідің мақсаты: студенттерді мереке тарихымен таныстыру. Ізденгіштікке, ұтымды жауап айта білуге, тапқырлыққа баулу. Белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Студенттік кезде терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу.
1 жүргізуші: Сіздердің жақсы көңіл күйде болып, демалып қайтуларыңызға біздер зор сенімдеміз.
2-жүргізуші:
Армысыздар, қадірменді халайық!
Сәлем сөздің сыр айнасын ашайық.
Қуанышты шаттықпенен жүздесіп,
Баршаңызға мол қуаныш сыйлайық.
1 жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, кешіміздің қонақтары!
2-жүргізуші: І- ші курста аузын ашып,қоңырауда сабақтан қашып,лекцияда секіріп,сынақтарда жүгіріп,емтиханда жылап, каникулда қыдырып,апайларға өтірік күліп,колледждің ауасын жұтып,степендиядан лоторея ұтып,жүрген студенттерге жалынды сәлем!
1 жүргізуші: Бүгінгі біздің кешіміз қызықты да, көңілді студенттер күніне арналады!
2-жүргізуші: — Иә, шынымен де студентік өмір қызықты да көңілді өтетіні анық! Қиын да сәттері болады. Алайда осының бәріне тойтарыс беретін жас студенттер аз емес.Студенттің басты мақсаты білім алу, болашақ маман иесі болу!
1 жүргізуші: Әрине, әр студент өз мамандығына мұқият, тыңғылықты болуы қажет! Студенттер, аяулы ақ мамандар,
Жыл сайын жасарғандар, жаңарғандар.
Қыз қуып терезеге қарағандар
Білім қуып бөлмеге қамалғандар.
Студенттер, аптыққан пәк көңілдер,
Өкініштер, шаттықтар, тәтті өмірлер,
Ауылға жиі айтатын сәлемдері:
“Ақша сал”, “Жетпей жатыр”, “Ап жетіңдер!”
2-жүргізуші – Студенттер, сарылып ой қуғандар,
Қарынды қанағатқа тойдырғандар.
Қара нанды достарымен қақ бөліп жеп,
Күн сайын, апта сайын той қылғандар.
Студенттер, болашақ жас мамандар,
Үй жоқ деп үйленуден қорықпағандар.
Бастарына тек кітап жастағандар,
Студенттер, ұстазға ұнағандар.
1 жүргізуші:
Сүрінгендер, кей жерде құлағандар,
Қайтадан тапсырам деп жылағандар.
Тәттіні, ащыны да татып тұрар
Студенттің жан сырына құлақ саңдар,
Сонда да жандарында жанып тұрар.
Студенттік шақ қайтып бізге оралмайды,
Студенттер,
Студенттер,
Бақыттылар!!!
Алғашқы құттықтау сөзді директордың оқу-өндірістік орынбасары Бақытжан Мәлікмағзарұлына береміз.
2-жүргізуші – Ендеше біз бүгінгі кешіміздің көңілді шымылдығын ашуға Облыстық деңгейдегі сайыстар- ға қатысып, колледж намысын қорғап жүрген, бірнеше мәрте Жайдарман сайыстарының жүлдегері «Колледж құрамасының» мүшесі ІІІ курс студенті, Амангелдиев Мерейді «Бол жанымда» әнімен ортаға шақырамыз!
1-жүргізуші:
— Біздің өткізіліп отырған қызықты кешіміз ол әрине студенттер жайлы. Яғни «Қызықты көңіл,студенттік өмір!» Шынымен де студенттік өмір қызықсыз болмайды,қызығымен шыжығы мол болады!
2-жүргізуші : Ендеше колледждің «Жайдарман құрамасын» көңілді әзілдерімен ортаға шақырамыз!
1-жүргізуші: Біздер студент атанып,жаңа ортаға келгелі жаңа достар таптық. «Солдат әскерде өмірді көреді, студент жастықты көреді» демекші, олардың арасында жастық шақтың қызығын бөлісіп жүрген құпия достар да баршылық.
2-жүргізуші:
Басталмаған қаланың дастаны әлі,
Бірінші жыл,
Дала деп жас тамады.
Бірінші жыл ауылы естен кетпей,
Үшінші жыл қимайды бұл орданы.
1-жүргізуші:
Үш жыл бойы қызартып, имендіріп,
Біреуі үшін қуанып, күйген болып.
Бірін-бірі ұзатып өз қолынан,
Бірін-бірі қолынан үйлендіріп.
О, жастық-ай, алмайтын өлмей тыным,
Ойын-тойсыз өмірге көнбейтұғын.
Бірге барса баратын бір топ болып,
Жалғыз жүру дегенді білмейтұғын.
2-жүргізуші:
О, жастық-ай, мойымас тау-тасыңа,
Омыртқаңды үзеді ол,
Дау тасыма.
Ортақ оның қайғысы, қуанышы,
Ортақ оның малтасы, қалтасы да…
1-жүргізуші: Керемет қой,
Қызық қой сезім деген,
Көктемде кім үйден безінбеген!
Екі жыл, он ай масайрап ойнағандар.
Емтиханда отыз күн көз ілмеген.
2-жүргізуші:
Лайланып кетсе де дағы тұнық ойы,
Қыдыруға болмайды мұны қойып.
Баррикада жасап ап
Қалың томнан,
Бас алмайды енді олар күні бойы.
1-жүргізуші:Біздің колледждегі түрлі мамандықты игеріп, белгілі бір маман иесі атанып, болашақта өз ойын, арманын іске асыру мұндағы әрбір студенттің алдына қойған мақсаты.
2-жүргізуші: Сол мақсаттарға жету үшін әрқайсымыз жақсы білім мен тәрбие алып, болашақта еліміздің игілігіне жарап, ата-анамыздың үмітін ақтасақ, міне, сол басты мақсаттар болмақ.
1-жүргізуші:Олай болса, ауданымыздағы колледж студенті атанып жүрген әрбір оқушының өзіндік «стимулы» ретінде студенттік билет табыстау рәсімін бастайық.
2-жүргізуші: Студенттік билет табыстау рәсімін жасау үшін тәрбие ісінің орынбасары Есендосова Гүлжан Мағзомқызына сөз береміз.
1-жүргізуші:
Сазды сәлем. Алдарыңызда «Жүрегіме бағынбаймын» әнімен ІІ курс студенті Исатаева Жанаргүлді шақырамыз. Айтулы студенттер мерекесінің тарихын біреу білсе, біреу білмес. Мереке тарихын біліп жүргеніміз артық болмас. Олай болса, Гүлназ студенттер мерекесінің тарихымен достарымызды таныстыра кеткеніміз жөн болар.
2-жүргізуші:
Иә. 1946 жылы 17 –қарашада Дүниежүзілік студенттер конгресі өтті. Прага қаласында ұйымдастырылған шара патриот студенттерге арналған еді. Чехтардан бастау алған айтулы күн ойын-тойсыз, көңілді кешсіз өтпейтін. Бірақ кейін тарихы қанды оқиғамен байланысты болып кетті. 1939 жылы 28-қазанда Чехословакияны фашисттер басып алған болатын. Сол кезде Чехословакия мемлекетіндегі білім күнінің бір мерекесін атап өтпекке прагалық студенттер мен олардың оқытушылары шеруге шығады. Басқыншылар шеруді таратады, сөйтіп атыс басталып кетеді. 1-жүргізуші: Медицина факультетінің студенті патриот Ян Оплетал сол көтерілісте қаза тапқан болатын. Ян Оплеталдың қазасынан кейін 15-қарашада студенттер қайта көтеріледі. Сол кезде ондаған шерушілер тұтқынға түседі. 17-қарашада гестапошылар мен эсэсшылар таңертең жатахананы қоршап алады. 1200-ден астам студентті тұтқындап, Заксенхаузен концлагеріне қамайды. Студенттер қозғалысының белсенділері мен тоғыз студентті Рузина ауданындағы түрмеде дарға асады. Гитлердің бұйрығымен чехиялық жоғары оқу орындары соғыс біткенше жабылады.Осылайша Чехия мемлекетінде сол кезде қайғалы жағдай орын алды.
2-жүргізуші: Міне, достар,студенттік мерекенің осындай өзіндік себептермен арты қайғылы оқиғаға ұласып, ұмытылмай, Чехия елінің патриот студенттерінің арқасында кейіннен «Студенттер күні» атаулы мереке болып тойлануы тарихта үлкен із қалдырған екен.
1-жүргізуші: Сазды салем. «Мерекем» әнімен Жұмағалиев Нұржанды қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші:
Уақыт шіркін зымырайды шақтары.
Алдымызда ақ үмітпен атқалы.
Жастық жігер, білімі бар, сөзге бай,
Бозбала мен Бойжеткен ол күн мен ай,
1-2 ай сауық құрып күнде жай,
сессияда ұйықтамаған күндер-ай.
Ауыл, ақша, сабақ, сосын вечер-той,
Өмір мәні махаббатқа жетер ме ой…
Үлгеретін ал осының бәріне, СТУДЕНТТЕР мықты халық екен ғой.
1-жүргізуші:
Кешіміздің ендігі кезегін ортамыздың шырайын келтіріп отырған аяулы да құрметті ұстаздарымызға және бүгінгі кешке келген қонақтарымызға арнағымыз келіп тұр.
2-жүргізуші:
— Ұстаздар, сіздерде біздей болдыңыздар, ендеше сіздерді сол студенттік кездерге саяхаттауға шақырамыз! ( Ұстаздар ортаға шақырылады)
Алдын ала дайындалған конверттерді алады. (Ойын шарты түсіндіріліп кетеді)
Ситуациялық жағдайлар.
№1 тапсырма.
Сіз группаластарыңызбен автобуста келесіз.Қалталарыңызда билетке ақша жоқ.Бірақ қалайда сабақтан қалмау керек.Түсетін аялдамаға жеткенде достарыңыз шапшаң түсіп кетті,ал сіз кондукторға ұсталып қалдыңыз.Сіз осы жағдайдан қалай шығасыз? ( )
№2 тапсырма.
Жатақхана. Ақшаның,тамақтың таусылып барлығыңыздың тарығып жүрген кездеріңіз.Үзілістің кезінде досыңызбен жүрек жалғау үшін бөлмеге келдіңіз. 3 тілім нан мен 2 жұмыртқа ғана бар.Осы кезде аш жүрген көрші 2 жігіт есікті қағады.Сіздердің бөлмеде екендерізді біледі,бірақ сіздер де аз тамақты бөліскілеріңіз келмейді.Не істейсіз? ( )
№3 тапсырма.
Ауылдан жалғыз келдіңіз.Қалада ешқандай туыс,танысыңыз жоқ.Ешқандай орысша білмейсіз. Куратор ағайың орыс. Қалайда жатақханаға орналасуыңыз керек.Ағайың қазақша,сіз орысша білмейсіз.Жағдайды ешкімді араластырмай өзіңіз қалай шешесіз? ( )
1-жүргізуші:
— Ойынға қатысқан барлық ойыншыларға рахмет.
2-жүргізуші: Сазды салем.
1-жүргізуші: «Студент болу – жас адамға бақытты болу деген сөзбен тең» — деп Тұманбай Молдаға-лиев айтқандай , бүгінгі мерекелерініз құтты болсын , жас даурен жас достар !
2-жүргізуші:
Ащыны да, тәттіні де көріп тұрар,
Сонда да жанарыңда бақыт тұрар.
Бірде аш, бірде тоқ боп жүретұғын,
Біз сияқты «студенттер» бақыттылар!
2-жүргізуші: Бүгінгі өткен 17-қараша студенттер күніне арналған «Қызықты көңіл, студенттік өмір!» атты кешіміз өз мәресіне жетті деп ойлаймын. 1-жүргізуші: Қоғамның жүрек дүрсілі, өзегі бүгінгі жастар екені белгілі. Ендеше сол жастар, мына сіздер, Қазақстанның болашағын бұлыңғырлатпай, сенімдерін селдіретпей, көк байрақты тік ұстап, еліміздің абыройын асқақтата беріңіздер! 2-жүргізуші: Осы кеште ат салысқан студенттерге үлкен алғыс білдіреміз. Алтын уақыттарыңызды бөліп, бүгінгі кешімізге келген қонақтарға көп-көп рахмет!
1-жүргізуші:
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Сау саламат болыңыздар!
2-жүргізуші: Бүгінгі кеш студенттерге арналған би кешімен жалғасын табады.
Сценарий Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл — әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.
Сценарий Тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сценарий Дамытушылығы:
Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.
Сценарий Көрнекіліктері: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова,
Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері.
«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты
плакат. Желтоқсан тақырыбындағы топтардың қабырға
газеттері және буклеттер. Қанатты сөздер.
Алғы сөз.
Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.
1-жүргізуші:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі — Әнұраны!
Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,
Алма бақтар ак қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жақтан,
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.
2-жүргізуші:
Желтоқсанда шындық жырын
шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.
1-оқушы:
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған
Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
1-жүргізуші:
Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі
бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ
халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің
бірі.
2-жүргізуші:
Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан
ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт
бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.
2-оқушы:
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.
Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да — Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.
1-жүргізуші:
Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі
1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00
да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып
келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің
пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.
2-жүргізуші:
Осыдан 25 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының алдындағы оқиға. Көрініс.
Көрініс
— Қыздар, мен газет әкелдім.
— Не жаңалық шығыпты?
— КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты алып, орнына
В.Колбинді тағайындапты.
— Колбин деген кім екен?
— Қайдан келіпті?
— Колбин Ульяновтан келіпті.
— Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын!
— Біз демократияны талап етеміз.
— Қане жүріңдер, қыздар, жігіттер алаңға кетейік!
3-оқушы:
Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр
Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім екен, қайдан келген?
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?
Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,
Бізге оны ешкім аяп бермейді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың,
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.
1-жүргізуші:
Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.
2-жүргізуші:
Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді.
Соның бірі «Менің тағдырым».
4-оқушы:
Өмір бойы жолым болып көрмеді,
Жылап келем бұл дүниеге келгелі.
Қайғы шаңы басты менің денемді,
Түспейді шаң сілкінсем де мен енді.
Жолдаған сәлемімді дос алмады,
Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны.
Айта берем, айта берем қайбірін,
Ауыр менің, ауыр менің тағдырым.
Тағдыр мені аямады, қорлады,
Жалынсам да, жыласамда болмады.
Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің,
Армандаған ақ сәулеге жетпедім.
1-жүргізуші:
Осы өлең жолдары Қайраттың қатты қиналып Қазақстан
үшін жанын құрбан еткенін еске түсіруге болады.
(Осы кезде Қайрат, Ляззат, Сабира, Ерболдардың суреттері әкелінеді)
2-жүргізуші:
1 минут үнсіздік
1-жүргізуші:
Орыны ағалардың бізбен толсын,
Сәбилер ағалардың жолын қусын.
1минут үнсіздікпен еске алайық,
Аруақ ағалардың ырза болсын.
5-оқушы:
Тұрса да биік өр басын,
Қазаққа бақыт орнасын.
Сексен алтыншы жылғыдай,
Желтоқсан желі болмасын!
Күн кешіп лапылдаған жастарым,
Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.
Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін
Қорғау үшін көтерді олар бастарын.
1-жүргізуші:
«Шеру ұйымдастыруға қатысы бар» деген жалған айыппен қаншама зиялы азаматтар жазаланды, жұмыстан қуылды. Бірақ ол үшін жауапқа тартылған ешкім болған жоқ.
2-жүргізуші:
1986 жылғы 16 желтоқсан күні Д.Қонаевтың орнына Колбин келіп, 17-сі жастар Брежнев атындағы алаңға бейбіт және саяси шеруге шығады. Шеруге шыққан жастарды саперлік күрекпен, дубинкамен, су атқыш машинамен, итпен және т.б. таратады. Ертеңіне 18-желтоқсан Қайраттың үйі.
Көрініс.
Сахнада Қайрат пен жеңгесі дастархан басында отырады. Үйге
милиционер жігіт кіреді.
Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты
тұтқындауға келдік. Прокурордың санкциясы бар. Міне!
Жеңгесі: Қайрат, бері кел.
Милиция: Тез жинал, бізбен бірге кетесің.
Жеңгесі. Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар
еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз.
Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты.
Анық – қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз.
(Осы кезде Қайратты милиционер алып кетеді.)
6-оқушы:
«Ақтың сөзің не? деген,
Бүгін қойды сот сұрақ.
Айтайын оны халқыма,
Жоқ пиғыл менде жасымақ.
Қорлай да беріп қайтадан,
Титыққа орыс жетпесін.
Туған жердің намысы,
Бөтен қолда кетпесін.
Салт – санадан айырылып,
Арақтан ұрпақ азбасын.
Қызғаныштан тозбасын,
Қолдаушысыз болмасын.
Барлық ұлтпен тең болып,
Ешкімнен көңілің қалмасын.
Ендігі жерде басыңнан,
Бірлік пен бақ таймасын.
Осы айтылған ақтық сөз,
Туың болсын әрдайым.
Мойным алып жаланы,
Мен болайын құрбаны!
17 жыл мен жатырмын,
Ақ жазыңтың түбінде.
Мені өлтірген таксист жігіт,
Тірімісің бүгінде?
Тірі жүрсің өткен күнді,
Еске алғанның несі бар?
«Желтоқсанда» құрбан болған,
Ляззат қызды есіңе ал!
Халқым, саған ризамын!
Батыл бас аяқты, жас достар,
Бұл жерде – батыр жоқ қол бастар,
Бұл жерде – жүректе… мұз жатыр,
Бұл жерде — өрімдей… қыз жатыр.
Бұл жерден мәңгілік аттанған,
Халқымның есінде сақталған!
1-жүргізуші:
Маңдайына жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына
дейін мынау алдамшы дүниеден рахым күтіп, күдерін
үзбеген сұңғыла жігіттің көңілі кім үшін, не үшін мерт
болуға тиіс екенін сезе бастаған тәрізді.
Көрініс.
Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып «Түрме жыры» өлеңін оқып шығады. Содан кейін қатты шаршап, былай дейді:
«-Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!!!
Жалалы боп, қатты батты жаныма,
Жазалаушы қағаз алдым қолыма.
Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек,
Жазған екен маңдайыма сорыма.
Біріншіден, мен сағындым анамды,
Екіншіден, бұл құдайға не қылдым?
Бостандықта еркін жүрген жан едім,
Енді, міне, абақтыға жабылдым.
Кезекші: Заключенный Рыскулбеков на допрос.
Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?
Қайрат: Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көремін?
Тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің бе?
Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын?
Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.
Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік жала.
Тергеуші: Ах, ты, декабрист несчастный. Я тебе покажу өтірікті! Жала
дейді еще! Ей, Рыскулбеков, сен, «Савицкийді өлтірдім» деп
мойныңа ала сал, сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер,сен
Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз.
Әйтпесе әкеңді де…
Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп көрген емеспін.
Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков, сен ақымақ болма,
«Савецкийді өлтірдім» деп мойында. Бұл – бір. Сен әкеңнен 4 мың сом алып, мына менің алақаныма сал, бұл – екі. Түсіндің бе, мақұлық?
Қайрат:
Жолдас тергеуші! Айылда әзер күнін көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін ақша төлеуім керек?
Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ.
Тергеуші: Әкетіңдер, құртыңдар, атыңдар!
Қайрат:
Тоқта! Айтар сөзім бар.
Күнәдан таза басм бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты – құрбандық»,
Атам десең атыңдар.
(Қайратты кісендеп алып кетеді.)
Ойын: «Алма ағашы»
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік — ел мұраты. Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей Қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы 17жылда Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз.
2-жүргізуші:
1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады.
1-жүргізуші: 1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды.
2-жүргізуші: 1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз алғаш реет айналымға түсті.
1-жүргізуші: 1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабев көк байрақты желбіретті.
2-жүргізуші: 1995 жылы ұлы Абайға 150 жыл толды.
1-жүргізуші: 1996 жыл Жамбыл жылы. Тәуелсіздік монументі орнатылды.
2-жүргізуші: 1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданды.
1-жүргізуші: 1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.
2-жүргізуші: Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды.
1-жүргізуші: 1999жыл Қорқытқа 1500 жыл тойын Қызылордада тойладық.
2-жүргізуші: 2000жылы – Мәдениетті қолдау жылы.
1-жүргізуші:2001 жылы 18мамырда – Күлтегін ескерткішінің көшірмесін И.Тасмағамбетов Астанаға әкелді.
2-жүргізуші: 2002 жылы – Денсаулық жылы.
1-жүргізуші: 2003-2005 жылдары Ауыл жылдары
2-жүргізуші: 2006жылы — Сыр елі өнер ордасы
1-жүргізуші: 2007жылы төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті.
2-жүргізуші:2008жылы Қазақстанның бас ордасына Астанаға 10 жылдығы тойланды.
1-жүргізуші:
Есті ерлер жүрмейді желік ертіп,
Елеулі іске қосар емірентіп.
Бүгінгі кеш қонағы апайымыз
Сөз сөйлесін баршаны тебірентіп,-дей отырып,Төрешова
Ақкенже Қонысбекқызына сөз береміз.
Өлең: «Желтоқсан желі»
1-жүргізуші:
Тәуелсіздіктің түп тамырына желтоқсан оқиғасының тікелей байланысы бар екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.
2-жүргізуші:
Бүгінде 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына 25 жыл
толуда. Ел іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты болсын!
СТУДЕНТТЕРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР МЕН ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАР
«Мүсін» жаттығу
Мақсаты: отбасы құндылықтарын, кәсіби бағыттылықтарын кеңейту.
Жүргізілу ережелері: Отбасындағы шынайы жағдайлардың ерекшеліктерін бейнелеу:
— мүсін жасауда аз дегенде отбасының 3-4 адамы болуы;
— жеңіл орнынан жылжытуға болатын үй жиһаздары;
— отбасы мүшесінің (келмеген адамды еске түсіретін заттың) бейнеленуі;
— отбасы мүшелерін еркін мүсіндеуге барлық жағдай туғызу.
Мүсінді талдау кезеңі.
Қатысушы идеалды отбасы туралы түсінігін бейнелейтін мүсін жасайды. Қатысушылардың біреуі (өз еркімен) отбасы композициясын жасайды. Ол үшін өзіне қажетті адамдарды таңдайды және оларды отбасыдағы өзара қарым-қатынас, өзара әрекет түрінде бейнелей отырып орналастырады. Нәтижесінде қатып қалған мүсін немесе «жанды сурет» жасалады. Мысалы, отбасының түскі ас кезіндегі үстелдің айналасында отырғандарын немесе серуенде жүргендерін бейнелеуге болады. Әр қатысушыға оның қандай кейіпте тұратыны хабарланады. Көрініс қойылғаннан кейін, «суретші» суретте кім бейнеленгенін немен әуестенетінін әңгімелейді. Содан кейін әр қатысушы кезектесіп өз сезімдерімен бөліседі:
1. Жасаған мүсіні қаншалықты жайлы болды?
2. Бауырлары неге өте жақын немесе алыс қашықтықта орналасқан?
3. Жанұяның барлық мүшелері көз алдында болды ма?
4. Жасаған жұмысы қаншалықты ұнады?
5. Несімен ұнады, ұнамады?
т.с.с. талдаудан кейін олар өз қалаулары бойынша өз орындарын және позаларын өзгертулеріне болады, нәтижесінде жаңа бір сурет пайда болады.
«Кино» жаттығуы
Нұсқау: Қазір жайлы жайғасып отырыңыздар. Көздеріңді жұмыңдар, өзіңді отыз жастағы адамдай сезініңіз, дәл қазір сіз туралы фильм түсірілуде. Сіз сол фильмді ойда жоқта көріп қалдың. Фильмнің басты кейіпкері ретінде өзіңді қалай сезініп тұрсың, немен шұғылданасың, кімдермен тұрасыз тағы басқада ерекшеліктеріңді байқап, әңгімеле. Сол фильмнен қандай да бір үзінділерін суреттеп бер».
Талдау: 1. Осы фильмге көңілің толды ма? 2. Фильмдегі өзіңе көбірек ұнаған жері? 3. Саған ұнамаған жерлер болды ма? 4. Толық қанағаттанбасаң, онда өзіңнің қай жерлеріңді өзгерткің келеді? 5. Ол үшін саған не істеу қажет?
Арттерапия
Баламен көптеген мәселелер бойынша суреттер салып, оны талдау жасауға мүмкіндік беретін тағы бір жан-жақты әдіс болып табылады. Олардың бірнеше сәттеріне тоқталуға болады.
— Ойын кезіндегіндей, бұл жерде де сюжеттің ауысуына және мәселелі тақырыптарды айқындау тәсілдерінің өзгерісіне ерекше көңіл бөлген маңызды. Өзгеріс бірден ауқымды болмайды. Мұндай өзгеріс салынған кейіпкерлердің көлемінен, түстерінен байқалады. Сурет түсінің қара түстерден ашық түстерге өзгеруі, кейіпкер көлемінің ұлғаюы – басым позитивтіліктің қалыптасуын білдіретін маңызды көрсеткіштер болып табылады.
— Баланың салған суреттері бойынша әңгіме құрастыру пайдалы болып табылады.
Бұл жерде не болды? Бұл кім? Ол қандай? Ары қарай не болды? Суретте саған не ұнайды? Егер де жағымсыз кейіпкер туралы әңгіме қозғалатын болса- оны қалай реттеуге болады? Оған қалай көмектесуге болады? Одан жақсы болу үшін не істеуге болады? Оны жақсарту үшін не істеу керек?
— Оқиға түрінде сурет салу әдісін қолдануға болады- мысалы, «әзіл суреттер». Балаға бірнеше шаршыларға бөлінген парақ беріледі, онда баламен бірлесе отрып оны мазалайтын қандай да бір жағдай бейнеленеді. Бейнелеу үшін сызбалы суреттер қолданылады (қалайтын болса, бала суретті толық аяқтайды). Берілген оқиғада жағымды және жағымыз бейнелер баланың ішкі жан дүниесін танып білуге мүмкіндік береді. Әрі қарай қандай психологиялдық көмек ұйымдастырудың жолдарын табуда маңызды болып табылады.
Ертегі терапиясы (терапиялық оқиғалар шығармасы)
Әңгімелер, әсіресе ертегілер балалармен қарым-қатынас жасаудың тиімді құралы. Ертегілер бірнеше ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді. Ертегілерде балалық дүниетаным үшін маңызды мәселелер қалыптасады. Ертегілерде мейірімділік пен зұлымдықтың, олардың арасындағы қарама-қайшылықтардың, қорқыныш пен әділетсіздіктің болатын туралы айтылады, бірақ ең бастысы, онда қиын жағдайлардан шығу жолдары айтылады.
Ертегілер ыңғайлы жағдайда балаға өз қиындықтарын сезінуге және олармен әрекетті тәсіл арқылы күресу мүмкіндіктерін береді. Баламен оны мазалайтын тақырпқа әңгімелесуден гөрі, баланың ертегілерді жақсы қабылдауы өте маңызды, өйткені онда баланы айыптамайды, мазалап жүрген мәселе бойынша сұрақтар қойылмайды.
Коллаж «Менің қазіргі отбасым» және «Менің болашақтағы отбасым»
Отбасының барлық мүшелері қатысады. Оларға осы тақырыптарда екі коллаж жасау ұсынылады немесе қалаулары бойынша бір тақырыпты таңдайды. Коллажбен жұмыс жасау үшін бір көлемдегі қатты қағаз, түрлі-түсті қағаздар, ескі кітаптар, газет, журналдар қажет.
Коллаж жасап болғаннан кейін жанұя мүшелері өз жұмыстары туралы әңгімелейді.
Менің және анамның қолы
Мақсаты: отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сенімін, эмоционалдық қарым-қатынасын анықтау.
Жаттығуды ата-аналарымен балалары қатысқан іс-шарада жүргізуге болады.
Бала мен ата-ана бір-біріне қарама-қарсы тұрып, жүргізушінің айтқандарын орындау қажет. Қатысушылар психологтың айтқандарын толық қайталап, жасап отырады:
1. Бір-бірімен сұқ саусақтарымен «Сәлемдесу»
2. Шынтақтарымен бір-бірлерінің шынтақтарын сипалау.
3. Ортаңғы саусақтар көмегімен күш сынасу.
4. Серіктестің біреуі алақанымен екіншісінің бармағын қысып ұстау
5. Маңдайларын тигізу арқылы сырласу.
6. Бір-бірлерімен тізе тіресіп тұру.
7. Бір-бірлерімен шапалақ соғысып қоштасу.
Сабақта жаттығу тек сол қолмен орындалады. Үй тапсырмасы ретінде қатысушыларға тура осыны қарама-қарсы саусақтармен жасау ұсынылады.
Бала денесі суретін бірлесіп салу
Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы демократиялық қарым-қатынасты нығайту, баланың өзін-өзі қабылдауын және жағымды эмоционалды жағдайда өзіндік бағасын көтеру.
Жаттығу кезінде бала-ата-анасымен бірге сурет салады. Столға А4 қағазы қойылады. Оған бала қолын қояды, ал анасы оның сыртынан жүргізе отырып, көшірмесін жасайды. Ендігі кезек анасынікі. Енді осы екі қолдың алақанына түрлі түсті фломастерлермен сурет салынады. Анасы мен баласы бір-бірінің суретіне қарамайды. Сурет салынып болған соң, анасы баласына, баласы анасына суреттерімен алмасады. Баласы «Менің анамның алақаны …» ондағы суретті қолдана отырып әңгіме құрайды. Одан кейін анасы суреттегі баласының алақандағы суреттер бойынша әңгіме құрайды.
Соңында баладан, сен анаңның алақанынан не сезіндің?
Анасына, сіз балаңыздың алақанынан не сезіндіңіз деген сұрақтар бойынша ішкі сезімдерін анықтауға болады.
«Көліктер» жаттығуы
Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы физикалық байланысты, тактильді түйсіктерді дамыту.
Жаттығу жұппен жүргізіледі: ата-ана және бала. Бала «көлік» рөлінде болады, ата-ана «көлікті жуушы». «Жуушының» көздері жабық немесе байланған. Бес минут ішінде «көлікті» ретке келтіреді: барлық әрекеттерін айта отырып жуады, сүртеді, мүмкіндігінше мейірімді сөздер көбірек қолданылады. Содан кейін ата-аналар мен балалар орындарымен алмасады.
«Ия-жоқ» өзін қабылдауға арналған жаттығу
Мақсаты: Ата-аналар мен балалар арасында жақындық сезімдерін, бір-бірлерін қабылдау, түсіну, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Ата-аналар мен балалар бір-бірлеріне иықтарымен сүйеніп кілемнің үстінде отырады. Сенімді түрд берілген сұрақтарға жылдам жауап береді:
1. Маманың туған күні.
2. Бүгін аптаның қай күні.
3. 28-ші саны бар ай.
4. 1 сағатта қанша минут бар.
5. Балаңыздың сүйікті тағамы.
6. Үйдегі машинаның түрі.
7. Сізді үйге апаратын автобус.
8. Сіз тұратын қаланың аты.
9. Маманың сүйікті әуені.
10. Сынып жетекшісінің есімі.
Жаттығудан кейін талдау жасалады: кім жылдамжауап берді, жауапсыз болған сұрақтың саны. Бұл арқылы отбасындағы рефлексивті қарым-қатынасты анықтауға болады.
Бала мен ананың бірлесіп сурет салу жаттығуы
Мақсаты: Ата-аналар мен балалар арасында жақындық сезімдерін, бір-бірлерін қабылдауларын қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Ата-анамен бала жұптасып сурет салады. Екеулері бір қаламмен, оң қолмен сурет салу ұсынылады, бірақ өзара сөйлесіп, келісім жүргізуге болмайды.
Аяқтап болғаннан кейін әр жұп өз шығармасы туралы әңгімелейді: сурет қалай салынды. Қатысушылар сурет салу кезінде қандай сезімде болды, өзінің тәжірибесі бойынша (ата-анасымен) сезімдері, қаншалықтысол тәжірибеніболашақта дұрыстағысы келді, пікірін ортаға салғысы,нұсқау бергісі келді, осылай жұмыс жасау ұнамады ма, серіктестік ұнады ма, несімен ұнады т.б.
«Менің отбасым –қазір және ертең»
Тренинг мақсаты: өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну және қабылдау; жыныстық –рольдік иденфикация, қарама –қарсы жыныс өкілімен қатынас орнату іскерлігі, отбасындағы қарым –қатынас, отбасының болашағы жайлы түсінік қалыптастыру.
Қойылған мақсатына сәйкес тренинг 3 кезеңнен тұрады.
1. Өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну және қабылдау. Өзінің отбасылық тәжірибесін түсіну мен қабылдау өмірін одан әрі дұрыс құруға қажет. Өзінің барлық уайымдауларын анықтай біліп, ата –аналарға деген қарама –қарсы сезімдерін айыра білу өте маңызды.
Тренинг барысында қатысушылар келесілерді орындауы қажет:
— отбасындағы өз бағытын анықтай отырып, өзіндік бақылау дағдыларын жетілдру;
— өзіндік сананы арттыру;
— отбасының жүйелік табиғатын түсіну;
— дисфункционалды отбасындағы қатынастар динамикасы туралы түсінік алу;
— өз отбасыларындағы қатынас динамикасы жайлы түсініктерін жетілдіру;
— өз отбасындағы бұрын ескермеген қарым –қатынас ерекшеліктерін түсіну;
— өзіндегі және отбасындағы мүмкіндіктерін өзгерту.
«Отбасы мүсіні»жаттығуы
Жаттығуды орындау үшін әртүрлі өмірлік жағдайларды ойнау үшін қажет болатын жиһаздар жиналған бөлме қажет.
Әр қатысушы кезекпен мүсіншіге айналады. Ол өз отбасының бейнесін «жанды мүсін» үлгісінде жасайды. Бұл үшін ол қатысушылар арасынан отбасы мүшелерін өзі таңдап, бөлмеге орналастырады. Идеал ретінде мүсінші өзінің роліндегі басқа адамды да таңдады. Егер отбасы мүшелері қатысушылар санынан көп болса, мүсінші өз ролін өзі ойнайды. Мүсінді аяқтағаннан кейін мүсінші өзінің жұмысын талдайды. Неліктен отбасы мүшелері осылай орналасты. Бұдан кейін жетекші мүсіншіге отбасын өзі көргісі келетіндей етіп қайта орналастыру ұсынылады.
«Отбасы оқиғалары» жаттығуы
Жаттығуды орындау үшін үлкен қағаз парақтары және түрлі –түсті қарындаштар немесе фломастерлер қажет болады.
Әрбір қатысушы қағазды екіге бөледі де, екі отбасылық естеліктің суретін салады –бақытты және жағымсыз құбылыстардың бір ғана отбасы ішінде болатынын бейнелейді. Сурет салып болғаннан кейін, әр қатысушы топқа өз суретін көрсетеді де, салынған оқиғаны түсіндіріп береді.
«Отбасын ойнайық»жаттығуы
Топ «отбасыларға» бөлінеді.Ішкі топтар бөлменің әртүрлі бөліктерінде орналасады. Қатысушылар міндеті – «отбасы» құрамын, отбасы мүшелерінің жас ерекшелігін, отбасылық рөлдерді анықтайды. Әр қатысушы немен айналысатынын, қайда қызмет атқаратынын, қандай киім киеді, таңертеңгілік асқа не жегенді жақсы көреді деген сияқты мәселелердің барлығын ойластырады. «Отбасы» мүшелері жай күн мен демалыс күндерді қалай өткізіетіні жайлы, отбасы міндеттерін қалай бөлетіні жайлы, қарым-қатынастары қандай, отбасы сұрақтарын коллегиалық түрде шешеді ма, әлде отбасының басты адамы бар ма деген сияқты мәселелерді шешеді. Отбасы өз тегін ойлап табады. «Отбасы» өз елтаңбасын жасап, девиз құрастырады, сонымен қатар қоршаған адамдарға айтпайтын отбасылық құпиясын ойластырады. Барлық ойластырулар қағаз бетіне жазбалар және суреттер түрінде тіркеледі. Суреттердің саны мен мазмұны әр отбасында жеке немесе жалпы орындалады –ішкі топ өзі шешеді.
Егер топта кеңес берушіден басқа тағы да бір ересек болса, онда олар әртүрлі «отбасына» тарайды. Олар кіші балалардың рольдерін алуы қажет.Бұл жағдайда қатысушылар өз бетінше әрекет етуді және шығармашылық белсенділікті неғұрлым көп көрсетеді.
Тапсырманы орындағаннан кейін әрбір ішкі топ кезекпен өз «отбасын» таныстырады, содан соң «отбасына» нақтылаушы сұрақтар қойылады.
Бір маңыздысы – қатысушылар қандай отбасы құрамын таңдайтынын анықтау қажет: толық отбасы ма? әлде толық емес пе? отбасында балалар бар ма? Жеткіншектер әдетте отбасының басты адамы ретінде әкесін таңдайды. Ол көбінесе фирмасы бар және жеткілікті түрде бай. Отбасында әдетте әжесі мен атасы бар, қатынастары жақсы, бір- бірімен ұрыспайды. Жеткіншектерге отбасылық проблемалар туралы түсініктері аз болғандықтан, жетекші көмектеседі. Көптеген ұсыныстардан қатысушылар бас тартады, тек бұл мәселелер уақытша болса ғана оңай шешілетін болса ғана келіседі. Мысалы, ұлы жоғары оқу орнына түсе алмады, келесі жылы көреді. Ал науқастану, алкоголизм, кедейлік деген сияқты мәселелерден бас тартады.
Жаттығуды орындап болғаннан кейін, бірден келесіні жүргізу қажет.Өйткені отбасы қандай да бір уақыт құрылып, «өмір сүрді».
«Бір тізбекпен байланысқан» жаттығуы
Әрбір отбасында оның мүшелері бір-бірімен тығыз байланысады, қарым-қатынасқа түседі, бір-біріне әсер етеді. Берілген жаттығу отбасындағы қатынасты түсінуге мүмкіндік береді. Орындау үшін әр қатысушыға 1 метр ұзындықтағы жіп үзіндісі мен әрбір «отбасы» үшін жіп орамасы және қайшы даярлап қою қажет.
Қатысушылар беліне жіпті байлайды. Содан соң «отбасылар» қолдарын созғандағы аралықта кейін тұрып, беліндегі жіпті тағы да басқа жіппен байланыстырады.Барлық отбасы мүшелері байланады. Ешкім бос қалмауы қажет.
«Бұл сіздердің әрдайым байланыста болатындарыңызды сезіну үшін». Қандай да бір күнделікті жағдайды елестетіп, әрекет ете бастаңыз. Мысалы, анасы мен әкесі бір-біріне жақындап, құшақтасқысы келеді немесе ұлы өз ойыншықтарымен ойнағысы келеді.
Сіздер өздеріңізді қаншалықты байланғаныңызды сезіндіңіз? «Отбасы не істегісі келеді, сонда барлық мүшелер қайда болды? Қай жерде қысым пайда болды? Оны азайту үшін не істей аламыз?
Бұл жіптерді әртүрлі сезімдер ретінде қарастыруға болады: махаббат, мазасыздық, қобалжу, басқаларға жауапкершілік. Біз әр адам өзінің жеке өміріне құқысы бар деп жіптерді босатамыз.
Өзінің болашақ отбасы жайлы түсініктері» жаттығуы
«Көздеріңізді жұмып, босаңсыңыз және барлықтарыңыз өзіңіздің ішкі кеңістігіңізге еніңіз. Сіз ересек адам екендігіңізді көз алдыңызға елестетіңіз. Міне сіз көшеде келе жатырсыз, өз үйіңізге жақындадыңыз, баспалдақпен көтеріліп келе жатырсыз, есікті өз кілтіңізбен ашасыз. Сіз не көріп тұрсыз, не істеп тұрсыз, қандай иістер сезесіз? Сіздің отбасыңыз сізді қуана қарсы алып жатыр немесе әркім өз ісімен айналысып жатыр? Сіз бөлмеге өттіңіз. Жақсылап қарап алыңыз, не көріп тұрсыз, онад кім бар екен?»
Содан соң әрбір қатысушы не көргені жайлы айтып береді. Бұл жаттығуды топ қатысушыларының күйін анықтау үшін тренинг барысында бірнеше рет жүргізуге болады.
«Менің отбасым қазір және болашақта» жаттығуы
Қатысушыларға осы тақырыпқа екі коллаж жасау ұсынылады. Коллажбен жұмыс істеу картонның үлкен парақтары немесе ватман және әртүрлі қағаз, түрлі- түсті газеттер, журналдар, ашық хаттар, жарнамалық қағаздар, ескі кітаптар. Әдетте жеткіншектерге коллаж жасаған ұнайды, бірақ ұсынылған тақырыптар кейде қиындық тудырады. Жеткіншек өзін жалғыз сезінуі мүмкін. Тек өзі ғана отбасын белгілейтіндей болып көрінеді. Бұл жағдайда жетекші жеткіншекке қолдау көрсетіп, оның назарын басқа жақын адамдарына аударуға ұмтылу қажет.
Коллаж жасап болғаннан кейін қатысушылар өз жұмыстары жайлы әңгімелеп бере алады.
Немесе тағы бір нұсқаны қолдана алады «Біздің отбасы» тақырыбында жаттығу барысында құрылған отбасы мүшелері біріге отырып коллаж жасайды.
«Идеалды отбасы» жаттығуы
Жеткіншек идеалды отбасын қалай елестетеді? Онда ата- аналар қандай қызмнт атқарады? Жеткіншектердің балаларды «дұрыс» тәрбиелеу, «жақсы» балалар жайлы түсініктері қандай? Ата-аналардың олардан не күтетінін қалай түсінеді? Бұл тақырыптарды тек талқылауға ғана емес, сурет түрінде бейнелеуге болады.
Кіші жеткіншектер идеалды отбасын ата-аналарының балаларына деген махаббатымен түсіндіреді. Олардың пікірінше, махаббат дегеніміз баланың қалағанын сатып әперуде, ештеңеге қарсылық көрсетпеуден көрінеді. Ал бала барлық уақытта ата-анасын тыңдайды, айтқан нәрсенің барлығын істейді. Ата-аналары өз балаларын ешқашан жазаламайды.
«Идеалды отбасы өмірі» жаттығуы
Топ қатысушылары отбасының өміріндегі қуанышты немесе қайғылы оқиғаларды таңдап сахнада ойнайды. Қатысушылардың біреуі (өз еркімен) басқалардың арасынан рольге адамдар таңдайды да, идеалды отбасы өмірінен үзінді ойнайды. Қалған қатысушылар –көрермендер. Көрініс біткеннен кейін, көрермендер көргені жайлы өз пікірлерімен бөліседі. Содан соң көріністі басқа адамдар ұйымдастырады да, қалғандары көрермен болады. Бұл отбасына шын мәнінде не қажет, қатынастар, мәселелер, отбасының дамуы жайлы талқылау жүргізуге мүмкіндік береді.
«Өзіңе қолайлы жағдай жаса» жаттығуы
Жаттығу қатысушылардың бір-біріне вербалды емес формада бағытталуын қажет етеді, бұл отбасылық өмірдің аналогиясы болып табылады. Біріншіден, жұптарға бөлініп, бір- біріне арқасымен орналасып, дене босаңситындай етіп өзіне ыңғайлы жағдай тауып алу қажет; екі жаққа да ыңғайлы болу үшін қысымды түсіру қажет. Содан соң жұптарға үшінші қатысушы қосылады (ата-аналардың баласы пайда болады). Жаттығу оңай бола салмайды, біреулерге ыңғайлы болады, ал келесілерге қысымды сезінумен байланысты болуы да мүмкін.
«Нәресте» жаттығуы
Бұл жаттығу қойылым түрінде жүреді. Үш қатысушыны таңдайды. Оның екеуі – әкесі мен анасы, ал үшіншісі – нәресте. Ол әлі сөйлей алмайды, тек төсекте жатыр. Ол тек ым-шара және дыбыстар арқылы ғана жауап береді. Ата-аналар нәрестеге жақындап, онымен ойнайды, тамақтандырады, жаялығын ауыстырады, оның нені қажет ететінін түсінуге тырысады. Бес минуттан соң қатысушылар рольдерімен ауысады. Ойынның барысында жетекші отбасының өмірінде болатын қандай да бір жағдайды ойластыруы мүмкін, мысалы, телефон соғады немесе қонақ келеді. «Нәресте» бірдеңе қажет еткен уақытты алуға болады. Жаттығу аяқталған соң, әр «отбасы мүшелері» өз пікірлерімен бөліседі. Не ойлағаны жайлы, қосалқы жағдай қалай әсер етті. Содан соң қойылымды басқа қатысушылар ойнайды.
«Дүкен» жаттығуы
Қатысушылар «отбасылық жұптарға» бөлінеді. Барлық жұптар бір қатарға отырып, дүкеннен зат сатып алады. Оның сатушысы ролін жетекші ойнайды. Ойын шарты бойынша барлығы дүкенге суға түсетін киімдерімен келеді. Бір нәрсе сатып алу үшін консультант жасырған сөзді табу қажет. Консультант суретті алып (мысалы, балалар лотосының карточкасы), бірінші жұпқа келіп сұрақ қояды: «Бұл қандай жеміс (көкөніс, жануар, жихаз) ? Әр жұп кезекпен атап өтеді. Жауабын тапқан жұптар кез келген затты сатып алуға мүмкіндік алады. Әдетте қатысушылар алдымен киім- кешек, кейіннен пәтер, жиһаз, көлік алады.
«Ерлі-зайыптылар» қаншалықты затты сатып аларда кеңесті? Серіктесінің пікірлерімне санасты ма?Олардың қызығушылықтары қаншалықты сәйкес келеді? Қатысушылар олардың жұптарының қаншалықты байланысты екндігін талқылайды.
Әдетте жаттығу өте қызықты өтеді; сол себепті де бұл жаттығуды топ бірлігін арттыру мақсатында да қолдануға болады.
«Отбасылық оқиға» жаттығуы
«Отбасы» мүшелері топпен құрылған шеңбердің ортасына жайғасады. Олар отбасындағы рольдерін анықтап алады да, жетекші оларға қандай да бір отбасында қуанышты немесе өкінішті жағдайдың болғанын айтады, мысалы: «Сіздің отбасыңыз лотореядан үлкен ақша ұтып алды» немесе «Әкесі аяғын сындырып алды», оларға пікірталас жүргізуді ұсынады. Жетекші көрермендерге алдын- ала «отбасы» қаншалықты мәселені бірлесе отырып шешетінін бақылауға нұсқау береді. Немесе әр көрерменге нақты «отбасы мүшесінің» мінез- құлқын бақылауды ұсынуға болады. Мысалға, ұтыс жағдайында отбасы мүшелері неге ақша кетіруді қалайды:оқуға, саяхатқа, бір нәрсе сатып алуға;басқаларды өз ұсынысымен қызықтыра алды ма; дәлелдерді қаншалықты ұсына алады.
Талқылаудан кейін, бірнеше қатысушылар орын ауыстырып ортаға отырады да, басқа тақырыпты талқылайды.
Осылайша әртүрлі жағдайды келтіруге болады. Мысалы, анасының әкесі ауылда тұрады, оның өз үйі және шаруашылығы бар, ол ауырып қалды, бірақ қалаға келгісі келмейді. Отбасы не істейтінін шешуі қажет. Қойылымды ойнағанға дейін әр отбасы мүшесінің қалауларын анықтап алуға болады. Мысалы, анасы ауылға кеткісі келеді, өз шаруашылығымен айналысқысы келеді, әкесі мұны қаламайды, өйткені оның қалада жақсы жұмысы бар, үлкен ұлының да барғысы келмейді, өйткені оқуға түспек ойы бар, кіші үлы барғысы келеді, жазда шомылуға болады, қыста шаңғы тебуге болады. Осы жерде шешім қабылдауға көп ықпал еткен кімболды, «ата- аналар» қаншалықты «балаларының» пікірін ескере алды, «отбасы» ортақ пікірге келе алды ма, келісімге келе алды ма, сол сияқты мәселелерге көңіл бөлу қажет.
«Отбасы өмірінен жағдай» жаттығуы
Қатысушылар екі топқа бөлінеді де, кез-келген өмірлік жағдайға қойылым ойнайды. Бұл бұрынғыдан немесе болашақтан алынған жағдай болуы мүмкін. Сөзді қолдануға да, қолданбауға да болады. Ең бірінші ым- ишара, қимыл- әрекетке көңіл бөледі, яғни қатынас пен сезімнің берілуі. Сөзбен берілетін бөліктерінде қатысушылар ойланып табатындай етіп жасырын сөздермен бере алады. Қойылым ойналып болған соң тоқталады. Көрермендер мен жетекші жағдайды талқылайды. Көрермендер орын ауысып, басқа жағдайды ойластырады.
Жыныстық рольге идентификация, болашақ серіктесті табу
Тренингтің бұл кезеңінің мақсаты- жеткіншектерге өзінің жыныстық ерекшелігін түсініп, ер адам мен әйел адамға тән сәйкес бейнесін қалыптастыра білуге, өз жыныс ерекшелігін қабылдай білуге көмектесу. Мұнда көбінесе ұл бала мен қыз бала арасындағы қарым- қатынасты басынан өткеру; болашақ серігінің бейнесі, серіктесімен махаббат пен өзара қатынас сияқты тақырыптарға назар аударылады.
«Ұл деген кім және қыз деген кім»? жаттығуы
Егер топта екі жыныс өкілі де болса, екі топқа бөлінуге болады. Қыздар «қыз деген кім»? тақырыбында коллаж жасайды, ал ұл балалар «ұл деген кім»? тақырыбында коллаж жасайды. Коллаж жасау- қиялдың дамуына ықпал етуші қызықты әрекет. Жұмыс орындалғаннан соң, әр топ өз туындылары жайлы әңгімелеп береді. Әңгімелеуде қатысушылардың жас ерекшелігіне сай ұл балалар мен қыз балалардың, ер адамдар мен әйел адамдардың денелік айырмашылықтары туралы кітаптар қолданса болады.
«Біздің сұрақтарымыз» жаттығуы
Жетекші ортаға қорабша қояды да, қатысушыларға өздері дауыстап сұрауға батпай жүрген, ұялып жүрген сұрақтарын қағаз бетіне жазып, қорабшаға салуға болатындығын ұсынады. Есімін жазудың қажеттігі жоқ екнін ескертіп қою қажет. Жеткіншектер өзін қауіпсіздікте сезінуі қажет. Егер сұрақтар көп болса, келесі сабақтарда да қ олданса болады. Егер сұрақтар аз болса, қорабшаны бір жерге қойып, қатысушылардың сұрақтарды басқа кездесулерде де қоя беруіне мүмкіндігін жасау қажет.
Ер адамдар мен әйел адамдар жайлы біздің түсінігіміз көп дәрежеде мәдени стереотиптерге байланысты. Әйел адам жұмсақ, нәзік жан болатыны, қатал әрі ашуланшақ болмауы қажет деген стереотиптер қабылданған. Ал ер адамдар болса, бұл күш және қатаңдық, ол жылап қалып немесе нәзік болмауы керек. Осы стереотиптерге сүйене отырып, ер адамдар әйел адамдарды әлсіз және тәуелді ретінде, ал әйел адамдар ер адамдарда қаталдықты көреді. Бірақ табиғи ерекшеліктеріне, тәрбиесіне, нақты жағдайға сәйкес әйел адамдар да, ер адамдарға нәзік және қатал, күшті және әлсіз бола алады. Ер адамда нәзіктік дамымаса, әйел адамдағы осы қасиетке әсер ете алады ма? Әйел адам ер адамның қаталдығы мен шыдамдылығы жайлы түсінігі болмаса, қалай бағалайды?
Жеткіншектермен олардың идеалды ер адам мен әйел адам туралы түсінігіне әңгіме жүргізуге болады.
«Сұраңыз – жауап береміз» жаттығуы
«Бұл жаттығу сіздерге қарама- қарсы жыныс өкілінен қыз бала мен ұл бала арасындағы қатынас жайлы пікірлері мен көзқарасын сұрауға болады. Ұл балалар бұл сұрақты қыздар қалай талқылайтынын және керісінше естиді.
Әр қатысушы парақ бетіне бір сұрақтан жазады. Сұрақ тақырыптары- ұл балалар мен қыз балалардың қатынасы және кездесу.Мысалы, кездесуде не істеуді ұнатасың? Біреуге ұнайтыныңды қалай анықтай аласың?Ұл балалардың (қыз балалардың) киім киісінің қандай стилі ұнайды?»
Ер балалар мен қыз балалар топтары екі жаққа тарайды да біріге отырып сұрақтар тізімін жасайды. Әр сұрақ жеке параққа жазылып, парақтар екі қорабшаға немесе кәрзеңкеге салынады.
Сұрақтарды талқылауды қыздар бастайды. Біріншіден, қыз балаларда сөйлеу әрекеті жақсы дамыған, сұрақтарды талқылау бірден қызықты пікірталасқа айналады. Екіншіден, жеткіншек қыз балалар ұл балаларға қарағанда «ересектеу» болып саналады. Демек қыз балалар, ұл балаларға үлгі бола алады.
Қыз балалар жерге шеңбер қүрып отырады, ал ұл балалар олардың артына орындықта отырып, пікірталасты бақылап отырады. Қыздар кезекпен сұрақтарды бір- біреуден шығарып, оны дауыстап оқып, талқылайды және оған жауап береді. Сұрақты оқытып, қатысушы оны талқылауды жүзеге асырады. Егер ұл балалардың біреуі бір нәрсені нақтылағысы келсе, қолын көтеріп, сөз берілгенше күтеді. Сұрақтардың барлығы талқыланғаннан кейін, ұл балалар ортаға отырып қыз балалардың сұрақтарын талқылайды, ал қыздар болса жетекшілер рұқсат бергенше сөйлей алмайды.
«Біреудегі екеу» жаттығуы
Бұл жаттығу жеткіншектерге «ер адамның» және «әйел адамның» мәдени ерекшеліктерін түсіну және өзіндік әлем ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Жеткіншектер интуициялық түрде өз жынысының құндылықтары, идеалдары мен қызығушылықтарыәлеміне енеді. Ересек кезеңде санадан өткенді өзгерту қиынға соғады: түсініктер, стереотиптерге айналып, басқа адамдармен қарым- қатынас орнатуға мүмкіндік бермейді.
Бұл үшін ер адам және әйел адам әлемімен дәстүрлі түрде байланыстыратын әртүрлі заттарды даярлап қою қажет. Қыздар үшін бұл киімдері бар қуыршақтар, ыдыс- аяқтар, ойыншық төсектер, боянатын заттар, зергерлік бұйымдар, шарфтар, сөмкелер мен гүлдер т.б.Ұл балалар үшін – ойыншық машиналар, мотоциклдер, қарулар т.б.Сонымен қатар қағаздар, борлар, қарындаштар, матаның үлкен қиықтары қажет болады, олармен бөлмеде жоқ заттарды толықтыруға болады. Қыз балаларға «әйел әлемін», ал ұл балаларға -«ер әлемін» жасау ұсынылады. Бөлме шартты түрде екіге бөлініп, қатысушылар басқа әлемнің қалай құрылып жатқанын көре алады. Ұл балалар да «әйел» затымен қолдана алады, және керісінше.Бұл жеткіштерге өз қиялдарын стереотиптерге сүйенбестен көрсете білуіне мүмкіндік береді. Қыз балалар мысалға: пиваның бос ыдысын, бөтелкелерді, қаруларды жиі қолданады. Ал ұл балалар болса: қалпақтар киіп, еріндерін бояп, қыз балалар сияқты сөйлейді.
Жаттығу жүргізу барыснда топтың біріктірілуі өте маңызды. Кейде жеткіншектер бір ғана «ер (әйел) әлемін» ғана емес, бірнеше ішкі топқа бөлініп, бірнеше әлем жасайды.
«Құрастырылған кеңістікте кім өзін қалай сезінеді ? Өз әлемі туралы не айтқысы келеді ? Сіздің әлеміңіздегі өмір қалай өтеді ?»
Әңгімелесуден кейін бір нәрсе қызықты болып көрінсе, жетекші мен қатысушылар сұрақ қою акрқылы нақтылай алады. Содан соң қыз балалар «ерлер әлемі» жайлы жаңадан білген нәрселері туралы өз ойларын айтады, және керісінше. Әр топқа ватман қағаз және борлар беріп, қарсы жыныс өкілдерінің әлемін құрып, түсіндіріп беруіне ұсыныс жасалына алынады.
Содан соң бір –біріне қонаққа келуге, немесе екі әлемді де біріктіріп көруге болады, егер қатысушылар мұны қаласа.
Тарбие сағатының тақырыбы: Отбасындағы әкенің қадірі
Тәрбие сағатының мақсаты: отбасындағы әкенің орны, оған деген құрмет пен сыйластық сезімін тәрбиелеу.
Міндеттері:
— мәтіннің мазмұнын түсініп, өз ой-пікірін ауызша, жазбашабілдіруге дағдыландыру;
— логикалық ойлауын, коммуникативтік қабілеттерін дамыту;
— әкеге деген сүйіспеншілік, құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: презентациялар, мақалдар, әуен, шығармашылық жұмыс.
I. Қызығушылықты ояту
«Ой қозғау» арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтау керек. Ол үшін тірек сөздер айтылады: отбасы, әке, тірек, бәйтерек, рөл, асқартау, басшысы, қорған, пана т.б.
Иә, отбасының тірегі, қорғаны – әке туралы болмақ бүгінгі әңгімеміз.
1. Әр отбасы шағын мемлекет дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Бұл мемлекеттің басшысы кім?
3. «Әке» сөзінің мағынасын ашыңыздар?
4. «Әке касіреті» мәтінін талдау.
Осы бір орта бойлы, бидай өңді келген ақсақалды анда-санда көшеде, дүкен маңайында көретінмін. Жүріс-тұрысы пысық, киімі өзіне қонымды. Қолында сүйеніші – әсем жасалған таяғы бар. Келесі бір кездескенде сәлем беріп, қол алысып амандастық. Үлкен кісілердің жөн сұрау әдеті ғой. Қай елсің, қырдың қазағымысың деп менен жөн сұрасып, әңгімелесіп кеттік. Қалаға келгеніне он жылдай болып қалыпты.
– Біреулер келімсек деп жатады біздерді.«Ел іші алтын бесік қой»бірақ не істейсің заман осылай болып тұр ғой. Үйден аттап шықпайсың. Бұрынғыдай ағайын-туманың, көрші-көлемнің амандығын білу деген бүгінде жоқ. Балалар көпқабатты үйде тұрады, әлгі көтергіші, лифт дейтін бе еді, сол бірде істейді, бірде істемей қалады. Өмірінің 40 жылынұстаздық кәсіпке арнаған. Кемпірінің дүниеден өткеніне үш жыл болыпты. Ұл-қыздарынер жеткізіп, бәрінежоғары білім берген.
Ойына әлде бірдеңе түсті ме екен, біразүнсіз қалды. Бір кезде «Жетпістің жетеуіне келдім.Ата дәстүріміз бойынша үйленген үлкен балаларымызға енші беріп шығардық. Кейінгілері де ағаларының жолымен еншісін алып, бөлек шықты.Кенжеміз шаңырақтың иесі болар деп ойлайтынбыз. Қаланың қызымен танысып, дәм-тұздары жарасып үйленді. Қазақы салт-дәстүр бойынша құда түсіп, құйрық-бауыр жесіп, құда болдық, үлкен той жасадық. Құдамыз қызмет басында, жөн-жосықты білетін тәуір азамат. Осы күні бар пәле әйелден шығып жатыр ғой. Құдағиымыз менмендеу кісі екен. Бізді өздеріне тең көрмеді ме, әйтеуір, әрқашан менсінбеген кейіп танытады. Бір жылдай қолымызда тұрған кенжеміз бөлек шығатынынайтты. Бұл әринекеліннің қалауы. Екеуінің арасына от жақпайық деп үндемегенді жөн көрдік.Жақын арада заттарын жинап отау үйге көшіп кетті.Араға жыл салып келініміз аман-сау босанып, ұл балалы болды. Қуаныш есімді немеремізге той-томалақ жасап, кемпір екеуміздің есіміз шықты. Анда-санда немеремізді әкеліп, бізді алдастырған болады. Біз соған да ризамыз, иіскеп, бауырымызға басып, мәз болып қаламыз. Қара табан болған соң үйге өзі шауып келетін болды. Кейде қонып, біздің қойнымызға жататын. Бірде салқын тиіп, әлгі немереміз ауырып қалмасы бар ма. Содан кейін келініміз Қуанышты біздің үйге қарай аттатпай қойды. Өзіміз барсақ, бұрынғыдай емес, бізге бәлендей жолай қоймайды. Бір тәтті-дәмді бірдеңе апарсақ, мамам ұрысады деп алмайды. Міне, осылай келін бізге сырт қарай бастады.
Жаз шыға бұлар да қалаға көшіп кетті. Сонымен кемпір екеуміз қала бердік. Ол кезде күш-қуатымыз бар. Біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей, өз тіршілігімізді өзіміз көріп жаттық. Қаладағы балалар ара-тұра келіп амандық біліп, май-қаймақ, жұмыртқа алып кетеді. Күзге қарай қаз, үйректі соларға жөнелтеміз, соғымдары да бізден болатын. Шешелері мықты сияқты еді. Не болғанын білмеймін, әйтеуір бір жыл ішінде дүниеден өтті, деп ауыр күрсінді ақсақал.
Еркек адамғаәйелсіз қиынғой. Күн де батып болмайды, таң да атпайды. Бірде үлкен ұлым келіп: «Бізбен бірге бол, үйді, малды сатайық», деді. «Қарағым, мені жылы орнымнан қозғап қайтесің. Ағайын-тумалардың ортасындамын ғой. Бұлойыңды келінхош көре қояр ма екен. Бір кемпірдің реті болса, отыра бергенім дұрыс болар», деп едім, ол ыршып кетті. «Бізге ол керек емес. Ертең үйіңе, дүниеңе жармасып жүрсе не істейсің. Келініңе жағдайды айтып түсіндірдім. Бізде болуыңа қарсы емес», – деп ыңғайына көндіргендей болды.
Келіні бастапқыда «аталап» асты-үстіне түседі. Тумысынан биязы мінезді қарттың қақ-соқпен жұмысы жоқ-тын. Көбіне газет-журнал оқып, теледидарды ермек етеді. Шахматты да бір кісідей ойнайды. Ел жақтан көшіп келген ағайын, ілік-жекжаттар шақырып жатады. Той-томалақтарынан қалдырып көрген емес.Бірде шай үстінде келін-баласына қазақта «сыйға – сый, сыраға – бал» деген сөз бар. Өздерің көріп отырсыңдар, мені бәрі сыйлап, құрмет тұтып шақырып жатады. Солардың басын қосып, бір шақырып жіберген жөн болар еді, деп ойын айтты. Қабағының астынан келініне көз қиығын тастап еді, оның көзі шатынап кетіпті. «Оларды кім күтеді? Менің қонақ күтуге уақытым да жоқ, құлқым да соқпайды. Жай отырыңыз. Қазір басқа заман. Қонақтап жүру еріккендердің ермегі», деп атасына біраз «насихат» айтып тастайды. Ал енді сөйлесіп көр бұл келінмен. Осыдан кейін атасын мүлде елемейтін болды. Отбасы болып шүйіркелесіп шай ішпейді,үйдебереке-бірлік жоқ, немерелер де өздерімен өздері. Қария берген тамағын ішеді де, қалған уақытын шағын бөлмесінде өткізеді. Басқабалалары аңда-саңда соғып кеткені болмаса бір-бірімен туыс ретінде араласпайды. Неге араласып тұрмайсыңдар деген сұраққа «Қол тимейді, шаруамыз көп» дейді.
Үлкен кісіні ыңқыл-сыңқыл айналдыра беретіні бар ғой. Бірде ақсақал төсек тартып қалады. Ұзақты күн нәр тартпайды. Келін жұмыстан бірінші келеді. Қасына келіп жағдайын сұрамайды. Кештетіп баласы келеді жұмыстан шаршап. Бірде араларында қандай әңгіме болғанын кім білсін, келіннің шаңқылдаған дауысы естіледі:«Мен ауру шалды баға алмаймын. Апар ана бауырыңа, ол да баласы ғой.Әкем, әкем деп өңеші үзіліп жүрген жоқ па»…
Күн жексенбі. Кешірек оянған қария жуынып-таранып, өзін ретке келтірді. Бөлмесіне баласы мен келіні келді. Ақсақал оларға: «Мен үшін ренжіспеңдер.Балалар бар ғой, құдайғақараған біреуі бағар», – деп үйден шығып кетті.
Екінші ұлы Ермекбайына келді. Бұл өзі бала кезінен әке-шешесіне жақын-тын. Әркез келіп-кетіп, шаруаларына қолғабыс жасайтын.Қария келгенде коммерсант келіні Алматыға тауарға кетіпті. Ақсақал үлкен ұлынакөңілі қалғанын, келінінің айтқандарын жасырмай жайып салды. «Әзірге осында бол. Ағамызбен сөйлесеміз», деген болды Ермекбай. Екі-үш күн өткенде коммерсант келіні де келді. «Мына шалды кім шақырды» дегендей, ернінің ұшымен ғана амандасқан болды. Кешкі асты бұлар үн-түнсіз ішті. Екі немересі атасына жалтақ-жалтақ қарайды. Шешесі бірдеңе деген-ау, сірә.
Ертеңгісі бәрі шаруасымен кетеді, екі немересі балабақшаға барады. Баяғы бір сарынды, сүреңсіз тіршілік. Бұлардың пәтері сәл төменірек, ара-тұра сыртқа аулаға шығады, бірақ ешкімді танымайды, үлкен кісілер де көрінбейді. Бірде бесінге таман сыртқа шығып, аздап бой жазып қайтқан-тын. Төсекке қисайғаны сол еді, көзі ілініп кетіпті. Жұмыстан оралған келінінің шаңқылдаған даусынан оянып кетті: «Бір күні бізді біреулер тонап кетер. Мына шалға сеніп жүрген мен ақымақ. Білетіні тамақ, сосын ұйқы. Жанымды жеп жүргенім мынау менің. Бұл шалдан құдай құтқарар ма екен», деп күйеуіне зіркілдесін келіп. Кешкі асқа отырды. Мұның орны үстелдің шет жағы еді. Әңгімені келін бастады. «Біздің үйде атамыздың жағдайы келмей жүр. Біз бәріміз ерте кетеміз, кеш келеміз. Өзі және ұмытшақ. Ана жолы үй ашық қалған, өзі ұйықтап жатыр. Тірнектеп жинағанымыздан бір күні айырылып қалуымыз мүмкін. Бізде біраз болды ғой. Құдайға шүкір балалары бар. Енді ана Алмагүліне барсын», деп кесіп айтты келін. Келін айтты – заң. Ақсақалда үн жоқ. Ермекбай да ләм-мим демеді.
Ертесін қария Алмагүлінің үйіне келді. Қыз бала ата-анаға жақын ғой, жаны ашып тұрады. Әкесін аялап, жылы-жұмсағын ертелі-кеш аузына тосты. Алмагүл кішкентайлы болған соң жұмыстан бос. Жұбайы вахталық әдіспен Атырау жақта жұмыста екен. Қызына барлық мән-жайды айтып, екі баласынан да көңілі қалғанын айтты.
– «Қызым, – деді бірде қария, – жолдасыңның мінезі ауыр, кісіге бәлендей жуық емес. Маған оң қабақ танытпаса, жүз шайысып, отбасыңның берекесін кетірме. Осы есіңде болсын» – деді.
Жолсапардан оралған Лұқпан қайын атасына ақжарқын пейіл танытып, естіген, көргенін әңгімелеп, қартты бір серпілтіп тастады. Екеуі ұзақты күн шахмат ойнайды, арасында нарды ойнап қояды. Міне, осылай қария қызының үйіндеалаңсыз жүріп жатты.
Бірде күйеу баласыныңелде тұратын анасы қонаққа келді. Алпысты алқымдаған кісі екен. Құда-құдағи болып әңгімелері жараса қоймайды. Ұлының тапқанын осы шал құртып жатқандай көрінеді оған. Сөз арасында тілмен шағып, мына тіршілігін кекетіп, мысқылдап отыратынды шығарды. Бұл әңгімеден Алмагүл бейхабар. Бірақ, әкесінің құдағиымен бәлендей емесін аңғарды. Шыдамның да шегі бар емес пе,бірдеақсақал:
– Сіз бір емес, екі емес, мені үнемі кекетіп-мұқатып отырасыз. Мен панасыз емеспін. Күйеу балам көбіне сыртта жұмыста жү¬реді, Алмагүліме серік болайын деп келген едім. Оны несіне қазбалай бересіз. Қыз бала жақсы ғой, Алмагүлімнің мен дегенде жаны жоқ. Алайда, Құдай қызға қаратпасын. Ертең-ақкетемін, – деп құдағиына батыра-батыра айтып тастады.
Ертеңгі шай үстінде қария:«Біраз аунап-қунап, бойымды жаздым. Астанадағы немерелерімді сағынып жүрмін. Соларға барып қайтамын», – деп жинала бастады. Күйеу баласы да да қызы дажарып, бәлен деген жоқ.
Міне, бір кезде ел-жұртына сыйлы, алдынан жүздеген шәкірт тәлім-білім алып, қадірлі ұстаз атанғанақсақалдыңбүгінгі тіршілігі осындай. Балаларын жағалап, бірінен біріне жылжи қонып, ғұмыр кешуде. Алланың жазмышына көнбесіне амалы жоқ.
Жеті баласы бүгінде жетілген. Өкініштісі, ең болмаса бір ұлы: «Папа, сен менің қолымда боласың. Сенің үйің осы», деп айта алмай отыр. Қарттың қарны аш, үсті жалаңаш емес. Зейнетақысы бір өзіне жетіп арты¬лады. Оның жанын жегідей жейтіні өз боса¬ғасы¬ның, тұрағының болмауы.
Жаттығу: Қазір бір ұл, бір қыздан жеті топ бөлініңдер де осы әңгімедегі қарттың балалары мен келіндері болып,осы мәтіннің негізінде пікірлеріңді ортаға салыңдар. Соңынан қатысушылар қандай көңіл күйде болды,ролдерін ойнау оңай болды ма әлдесезімдерді бастарынан өткізгені бойынша өз ойларын ортаға салады.
Жүргізуші:
Әр отбасындағы әкенің рөлі ерекше. Әке — отбасының асыраушысы, отбасы мүшесінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез – құлқы, өзгелермен қарым – қатынасы, өнері мен білімі баласынаүлгі өнеге, оған қарап өсетін нысанасы. «Әке — асқар тау», «Әке — бәйтерек» деген мақалдар әкенің беделін көрсетеді. «Әке балаға сыншы» дейді халқымыз. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен ақылдасады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына тұлға болып қалыптасуында, қоғамдағы өз орнын дұрыс таба білуінде әкенің атқаратын еңбегі ерекше. «Бір бала бар әкеге жете туар, бір бала бар атадан асып туар, бір бала бар атадан кері туар» деген халқымызда дана сөз бар. Қазір осы мақал сөздің мағынасы туралы алдымен ойланып алып пікірлеріңізді ортаға салыңыздар.
Жүргізушінің қорытынды сөзі:
1. Бүгінгі тәрбие сағатында көтерген мәселе сіздергеқандай ой салды?
2. Тәрбиелік мәні неде?
3. Өздеріңізбен қандай тәжірибе, таным-түсінік алып кетесіздер?
Бүгінгі іс-шарамызға белсенді қатысып, ой-пікір білдіргендеріңізге үлкен рахмет!
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Отбасы – тәрбие бастауы»
Тәрбие сағатының мақсаты: Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан халқымыздың отбасы тәрбиесі туралы мұраларын санамызда жаңғырту.
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен студенттер! Сіздердің назарларыңызға «Отбасы-тәрбие бастауы» атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.
Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі тек біздің қоғамда ғана емес бүкіл дүние жүзінде өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Дегенмен, кейінгі жиырмашақты жылдың ішінде осы мәселе біздің Қазақстан мемлекеті үшін үлкен драмаға айналып отыр десек қателеспейміз. Осыншама аз уақыттың ішінде қалай ғана мыңжылдық тамыры бар рухани-адамгершілік құндылықтарға негізделген отбасылық тәрбиемізді таптап басып, батыстың бұтағына ілініп кете бардық.
Осыған байланысты Елбасшымыз Н.Ә.Назарбаев «Жастарға отбасында өнегелі тәрбие беру арқылы «Мәңгілік ел» болып қалу, ата-бабаларымыздың мұра етіп кеткен рухани құндылықтарын сақтап, оны келер ұрпаққа мұра ету» бүгінгі күннің талабы екенін баса айтқан. Өйткені жас ұрпақ –ел болашағы. Ол елінің шырағы, асқақ арманын апаратын күші.
Жүргізуші: Қазақ халқының қалыптасқан салт-санасы, әдет дәстүрлері сан ғасырларды аралап бізге жеткен – тәлім-тәрбиенің қайнар көзі. Солар арқылы әрбір жас ұрпақ өзінің таным-түсініктерін әлемдік санамен ұштастырып, алдыңғы ұрпақ жетпеген арманға, шығатын биікке жетуімізді армандаған бабаларымыз.
Осы қағиданы мықты ұстанған халық баланың тәрбиесін отбасынан бастаған. Оны «Тәрбие – тал бесіктен» деген қанатты сөзі арқылы бізге жеткізген. Тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін, бабалар мұрасын,аналар тілегін орындаған адам бақытты өмір мұхитына сапар шегетінін олар жақсы білген. Егер, бабаларымыздың ұрпағына қалдырған тәрбие үлгілерін тек кешегі, күні өткен десек қатты қателесеміз. Қателесіп отырған жетесіз жастарымызды бүгінгі қоғамда көріп жүрміз. Осыған байланысты Елбасымыздың көтеріп отырған «Мәңгілік ел» идеясының басты мақсаты осы ата-баба мұрасынан сусындаған ҚАЗАҚ елінің тәрбиелі азаматтарын қалыптастыру.
Жүргізуші: Қазақ халқының отбасы тәрбиесі туралы орыс жазушысы, этнограф В.И.Даль 1832 жылы күнделігіне: «Мидай дала, ешбір мектеп, кітап жоқ айнала қараңғылық, бірақ жастары өте ғажайып, мәдениетті тәрбиеленген» -деп жазған. М.О.Әуезов : «Бала ата-ананың тағылымымен – өседі» десе, Ұлы Абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, дүниедегі жақсы мен жаманды тани отырып, білгені,көргені көп білімді адам болып қалыптасады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» – деген 19-шы қара сөзінде.
Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27-бап, 2-тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата – ананың табиғи құқығы, әрi парызы». » Ата-анасын, ата-әжелерін қартайған шақта қамқорлыққа алып, күту – балалары мен немерелерiнің парызы» -делінген.
Жүргізуші: Әрине бұл тақырып өте кең мағыналы үлкен мәселе. Оның бәрін бүгін айтып тауыса алмаймыз. Сондықтан да казір сөзімізге мына аудиторияда отырған студенттерді де тартайық, олардың да көзқарасын білейік. Қазір біз қазақ халқының отбасы тәрбиесі туралы мақал-мәтелдерінің мәнін калай түсінетініміз туралы пікір алмасайық. Сіздерден өз ойларыңызды қысқа нұсқа айтуларыңызды сұраймыз:
1. Шешесін көріп – қызын ал, Ыдысын көріп – асын іш.
2. Әкесіне қарап ұлын, Шешесіне қарап қызын таны.
3. Әкесіне тартып ұл тумас, Шешесіне қарап қыз алмас.
4. Ата-анам бар болсын, Аузы-мұрыны жоқ болсын.
5. Ата-анадан жар жақын. Туысқаннан мал жақын.
7. Атаның құны, ананың сүті.
8. Күтсең ата-анаңды, Кешірер Аллам қатеңді.
9. Ата-ананың қарызы, Ұрпақтың өмірлік парызы.
Қатысушы 1: – Айтып жіберші «Үйде кім, елде кім қадірлі?».
Қатысушы 2: Үйде Ата-ана, елде бастық қадірлі.
Қатысушы 1: «Сөзіңнің жаны бар, дегенмен, «үйде қонақ, қарт, бала қадірлі» деген екен бабаларымыз. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі, ал бала – үйдің патшасы, қарт үйдің –панасы» – екенін жиі ұмытып кетеміз.
Қатысушы 1: Жақсы олай болса айта қойшы: «Елді кім, үйді кім бүлдіреді?».
Қатысушы 2: «елді өсекші бүлдіреді, үйді бала бүлдіреді».
Қатысушы 1:«Иә, сөзіңнің жаны бар, дегенмен, Бухар жырау бабамыз: «Елді ақылсыз басшы, ал үйді ақылсыз әйел бүлдіреді. Ақылсыз баланы тәрбиелейтінақылсыз әйел емеспе» деген екен.
Қатысушы 1: «Үйдегі алтын қазық кім?».
Қатысушы 2: «Үйдегі алтын қазық – бала!»
Қатысушы 1: – «Әрине бала деген тәтті ғой, бірақ үйдегі алтын қазық – АНА. Ана – ақылды болса, бала дана, әке – асқар тау болады.Әйел адам өзінің ақылымен ұл мен қызға үлгі, әкеге – тірек. Ақылды Анадан тәрбие алған ұл мен қыз – ақылмен өмір сүреді, ата-анаға мейрімді болады».
Қатысушы 1: «Өмір сүру үшін не қажет?.
Қатысушы 2: «Өмір сүру үшін ақша, мал, нан қажет», – деп ойлаймын.
Қатысушы 1: «Иә, ақша шіркін үлкен құндылыққа айналып отыр ғой. Дегенмен, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің көзі, от өмірдің сәні, тұз астың дәмі, қыз бен ақыл өмірдің мәні. Қыз болмаса, өмір жалғаспас еді, ақылсыз істеген іс еш мән-мағына бермес еді. Сондықтан да халқымыз қыз баланы қадірлеп, мәпелеген, жақсы тәрбие беру арқылы бүкіл елді тәрбиелеген. Мінеки, көріп отырғанымыздай жер бетіндегі тіршілік мына үш китке тіреліп тұрғандай: отбасындағы ананың ақылды тәрбиесіне, әкенің қамқорлығына, баланың мейрімділігіне».
Жүргізуші: Әрбір отбасында ата-анамен қатар ата-әжелеріміз бар. Біз оларды әрқашанда құрметтеуіміз керек. Егер ол адамдар болмаса біздің әкеміз де, анамызда, біздің өзімізде болмас едік. Үйдегі үлкен қарияларды сыйлау, қадірлеу, қартайған шағын қуанышты ету ол әр адамның парызы. Қарияларға жасаған қамқорлығың, ертең қартайғанда өзіңе жасаған жақсылығың. Қазақта қария үйдің панасы, сәні, ырыс-берекесі дейді. Ата-әженің батасымен бастаған іс әрқашанда сәтті болады.
Атам-кітап, мен – дәптер,
Ақылына құмармын
Қызығам да көшірем.
Еш дүкенде сатылмас,
Тегін кітап атамыз.
Қанша оқысаң сарқымас,
Өмір кітап-атамыз.
Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге.
Ақыл кеңес береді,
Қажет болса бәріне.
Аппақ күміс сақалды,
Жақсы көрем атамды.
«Айналайын жан балам»
Деген сөзі шипалы.
«Отбасы -тәрбие бастауы» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға РАХМЕТ!
Бүгінгі әңгімеміз сіздерге бір ой салды деп үміттенеміз.
Келесі кездескенше аман сау болыңыздар.
Просмотр:
80