Жас сарбаз ант ?абылдау сценарий

«Жас Сарбаз» мамандандырылған сынып  тәрбиеленушілерінің ант қабылдау рәсімі»  мерекесінің бағдарламасы

С этим файлом связано 1 файл(ов). Среди них: 6 сынып қмж 12.09.22.docx.
Показать все связанные файлы


Подборка по базе: кайта куру 9 сынып 300123.pptx, 5 сынып ҚМЖ Кеме шығару.docx, Мидың құрылысы 7 сынып.pptx, ИНФОРМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША СЫНЫПТАН ТЫС ІС – ШАРАЛАР ЖИНАҒЫ.doc, 10 сынып Шыңғысханның империясы және оның ұрпақтары.pptx, Тіл білгірі 4 сыныптарға арналған факультативтік курс бағдарлам, ДҮНИЕТАНУ ҚМЖ 1 СЫНЫП.docx, 1 сынып цифрлы_ сауаттылы_ _МЖ.docx, 9- сынып ІІ нұсқа инф.doc, Биология 8 сынып КТП.docx


«Жас сарбаз» мамандандырылған   сынып тәрбиленушілерінің «Ант қабылдау» рәсімі

«Жас Сарбаз» мамандандырылған сынып  тәрбиеленушілерінің ант қабылдау рәсімі»  мерекесінің бағдарламасы 

Мерекелік шараның мақсаты мен міндеті: Отанға деген махаббатын ояту,

еліміздің патриоты болуға үндеу. 

Мерекелік шараның ашылу салтанаты.

Тәрбиеленушілер взводын сапқа тұрғызу.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және басқа да әскери құрылымдарының саптық Жарғысына сай тәрбиеленушілер бөлімше бойынша бір қатарлы сапқа тұрғызылады.

«Жас сарбаз» мамандандырылған сынып тәрбиеленушілерінің

«Ант қабылдау рәсімінің» ашылуы.
Жургізушілер амандасып мерекені бастайды

Байандама жасау. Мамандандырылған сынып тәрбиешісі (взвод командирі) Взвод- «ТҮЗЕЛ», «ТІК ТҰР», «НАЗАР ОРТАҒА» бұйрығын беріп, артқа бұрылып, қолын бас киімге қойып, саптық адымен жүріп келіп, мектеп директорына баяндама жасайды. 

Әскери амандасу.

Мектеп директоры оқушыларға:

— «СӘЛЕМЕТСІЗДЕРМЕ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕР» деп амандасады.

Оқушылар жауабы: «СӘЛЕМЕТСІЗБЕ» деп барлығы бір дауыспен жауап береді. 

Мектеп директоры:

«ЖАС САРБАЗ» мамандандырылған сынып тәрбиеленушілерінің ант қабылдау рәсімін АШЫҚ ДЕП ЖАРИЯЛАЙМЫН!

Мамандандырылған сынып тәрбиешісі: Қазақстан Республикасының туын кіргізу немесе Қазақстан Республикасының «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық бірлестігің туы кіргізілсін.

Мамандандырылған сынып тәрбиешісі:

«Взвод-«ТІК ТҰР» Қазақстан Республикасының туына «ТҮЗЕЛ» — бұйрығын береді.

Осы уақытта саптық шерумен жүруге арналған үнтаспа ойналып Қазақстан Республикасының туы, немесе «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық бірлестігің туы кіргізіледі. 

Ту орнына тұрып болған кезде Қазақстан Республикасының гимні орындалады. 

Қазақстан Республикасының гимнін орындау.

Гимн орындалып болғаннан кейін офицер тәрбиеші «ЕРКІН ТҰР» деп бұйрық береді.

Әскери ант қабылдау

Мектеп директоры:

«Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық бірлестігің ШҚО филиалының «№48 орта мектебі» Жас Сарбаз мамандандырылған сынып тәрбиленушілерінің ант беру рәсіміне кірісіңіздер! 

«Жас Сарбаз» мамандандырылған сыныбының әскери тәрбиешісі мен басқа да шараға қатысушы офицерлер: — «Құп болады»!  деп жауап береді.

Мамандандырылған сыныбының әскери тәрбиешісі мен басқа да шараға қатысушы офицерлер

Мектеп АӘжТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы:

Взвод «Түзел», «Тік тұр».

Тәрбиеленуші ……….  

Тәрбиеленуші «Мен»!  деп жауап береді.

АӘжТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы: Ант қабылдауға маған кел! 
Тәрбиеленуші: «Құп болады»! Саптан шығып, тәрбиешінің алдына келіп оң қолын бас киініне қойып (Летенант, капитан, майор) мырза амандандырылған «Жас Сарбаз» сыныбының тәрбиеленушісі ______________ ант қабылдауға келіп тұр! 

АӘжТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Ант мәтіні жазылған кітапты ұсынады. 
Тәрбиеленуші: Антты мәтінін мәнерлеп оқып ант қабылдайды.

Кітапты әскери жетекшіге қайтарады. 

АӘжТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы «Құттықтаймын» деп тәрбиеленушіге «Жас сарбаз» куәлігін табыс етеді.

Тәрбиеленуші: Қолын бас киімге қойып, «Қазақстан Республикасына қызмет етемін» деп айтады.

 АӘжТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы «Сапқа тұр» деп команда береді. 

Тәрбиеленуші: «Құп болады» деп қолын бас киімге қойған күйінде сапқа бұрылып сапқа қайтып барып тұрады. 

Осылай соңғы тәрбиеленуші ант қабылдағанша қайталанады. 

Әскери жетекшілер ант қабылдау нәтижесін баяндаңыздар.

АӘжТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы:

Оң қолын бас киімге қойып- Взвод «Түзел»! «Тік тұр», «Назар ортаға!» командасын беріп саптық адыммен «Айбын әскери патриоттық бірлестік жетекшісіне келіп баяндама жасайды.

«Подполковник мырза «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық бірлестігің ШҚО филиалының «№48 орта мектебі» Жас Сарбаз мамандандырылған сынып тәрбиленушілерінің ант қабылдау рәсімін аяқтады. АӘжТД оқытушы-ұйымдастырушысы ___________.

«Жас Сарбаз мырзалар» сіздерді «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық бірлестігің тәрбеленушілері қатарына өтулеріңізбен құттықтаймын.

Тәрбиеленушілер қосылып бір дауыспен созыңқы «УРА, УРА, УРА» деп үш рет айтады.

«Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық бірлестігің гимнін орындау.

Сөз кезегі мектеп директоры Мажинова Чинара Тлегеновнаға беріледі

«Жас сарбаз» мамандандырылған сынып жетекшілері, Құрметті оқушылар, сіздерді салтанатты ант қабылдап «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық бірлестігің тәрбиеленушілері қатарына өтулеріңізбен құттықтаймын! Бүгінгі қабылдаған анттарыңа адал болып, болашақта елдің қорғаны болыңдар! Сіздерге еліміздің патриоты болуға, оқуда озат болып өсулеріңді тілеймін. Дендерің сау болсын. 

Құттықтаулар  ата аналарға беріледі

Мерекелік шараның жабылуы

«Қазақстан Республикасының туын шығару: 

Әскери жетекші: «ТҮЗЕЛ», «ТІК ТҰР», «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТУЫ ШЫҒАРЫЛСЫН».

Осы командадан кейін ту ұстаушы топ — Қазақстан Республикасының туын «Жас сарбаз» туын шығарады. 

Жүргізушілер қоштасады


22.10.2019

СЦЕНАРИЙ

принятия присяги членов

детско-юношеского движения «Жас Сарбаз»,

воспитанниками  военно-патриотического клуба «Юный патриот»

2019-20 гг
 

1 Вед:

Нам не сдержать волнения и радости

Слушай нас, Родина!

Слушай, Земля!

Наше приветствие! Здравствуйте!

Здравствуйте, дорогие друзья!

2 Вед:

Сегодня в нашей школе знаменательная дата – принятие присяги воспитанниками  военно-патриотического клуба «Юный патриот».  Воспитанников клуба прошу пройти в зал.

Воспитанники ВПК «Юный патриот» входят строем

во главе с руководителем клуба под музыку

1 Вед: Во все времена все народы защищали свою страну, поэтому и мы должны быть патриотами нашей Родины. Воин живет в каждом из нас. Есть в нашем народе могучая сила, которая пробуждается каждый раз, когда опасность угрожает его существованию. Эту силу называют Героизмом.

2 Вед: Сегодня патриоты России нужны не меньше, чем в годы войны. Сегодня тоже идет бой – бой за будущее страны, за будущее живущих в ней людей.

1 Вед:  Каким оно будет, зависит от тех, кто юн, кому предстоит во многом разобраться, всё понять и взвесить, чтобы стать достойным сыном Отечества.
 

2 Вед: Внимание! К торжественному вносу флага Республики Казахстан приготовиться.

(песня «Прощание славянки»)

Белокозов А.А.: Внимание! Под флаг Республики Казахстан стоять смирно!  Равнение на флаг! Флаг внести!

Внос флага (11 класс)

Установление флага.

1 Вед: Праздник принятия присяги военно-патриотического клуба «Юный патриот» объявляется открытым!

Звучит Гимн РК

2 Вед:

 Когда солдат дает присягу,

 Целуя знамя боевое,

 Так это значит, что ни шагу

 Он не отступит от нее.

 Он будет бережно и свято

 Беречь родные рубежи,

 Чтобы в надежде на солдата

 Цвели колосья мирной ржи.

1 Вед:

Замер зал в торжественном молчании,

Ждут друзья твоих заветных слов

Ты дашь сегодня обещание,

Что кадетом стать готов!

2 Вед: Равняйся, смирно! К церемонии принятия присяги приступить.

Церемония присяги

Белокозов А.А.: Школа, равняйся! Смирно! Флаг Республики Казахстан  вынести!

Вынос флага

2. вед. На этом торжественная линейка, посвященная принятию присяги воспитанниками клуба «Юный патриот», считать закрытой.

«Үздік сарбаз» сайысы

Тәрбие сағатының мақсаты: оқушылардың туған жеріне сүйіспеншілігін арттыру, оқушыларды Отаншылдық, патриоттық рухта тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ҚР Қарулы Күштері тарихынан слайдтар, фотосуреттер, кітаптар көрмесі, нақыл сөздер.

Тәрбие сағатының түрі: сайыс

Барысы

I. Ұйымдастыру

-тәрбие сағатының мақсатын түсіндіру;

-оқушыларды топқа бөлу.

II. Сергіту сәті:

— оқушылардың көңіл-күйлерін сұрап, әңгімелесу.

III Кіріспе сөз

Отан оттан да ыстық!

IV. «Үздік сарбаз» (оқушылар дене дамуы мен әскерге жарамдылығы, әскери ант беру, жаға тігу, картоп ашу жұмыстары бойынша сайысқа түседі…).

Сайыс кезеңдері:

1. Әскерге шақыру (отжимание, тартылу бойынша сайысқа түсу).

2. Антыңа адал бол!

3. Армысың, айбынды сарбазым! (жаға тігу, картоп ашу)

4. Қорытындылау


Кіріспе сөз

Жүргізуші: Қазақстан халқы тәуелсіздік алды. 1991жыл тарихымыздың беттеріне алтын әріппен жазылды.Тәуелсіз еліміздің төл әскері – Қарулы Күштері 1992 жылы құрылып міне 25 жыл толды. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны көздің қарашығындай сақтау, қорғап ұрпақтарға қалдыру парыз.

Ел қауіпсіздігі сенімді қорғалуда (ҚР Қарулы Күштері тарихынан слайдтар, фотосуреттер).

Елордамыздың Бас алаңында, алтын самұрығы тұғырына қонған «Қазақ елі» монументі мен Тәуелсіздік сарайының алдында 2009 жылы тұңғыш рет әскери парад өткізілген еді. Қазақстан халқы 2015 жылы 30 тамызда ҚР Конституциясының 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Айтулы мерекенің күрметіне ұйымдастырылған әскери парад айбынды армиямыздың қуаты мен мүмкіндігін айшықтап бергендей болды. Қазақстанның Қарулы Күштері 1992ж. 7 мамырда Президенттің «ҚР Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлығымен кешегі КСРО Қорғаныс Министрлігінің орталық бағынышында болған бөлімдері негізінде құрылды. Мемлекет басшылығы әскерді дамытудан басқа, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін халықаралық жағдайларды жасау бойынша батыл шараларды қабылдады. Семей полигонын жауып ядролық қарудан бас тартқан әлемдегі бірінші мемлекетке айналды, Ұжымдық қауіпсіздік шартының Ұйымына кіру, ТМД елдерімен, АҚШ, Қытай, Үндістан, Ұлыбритания т.б. шетел мемлекеттерімен халықаралық шарттар жасау бойынша жұмыстар атқарды. «Қарулы Күштер қатарында қызмет ету әрбір қазақстандықтың құрметті міндеті, аға буынның батырлық және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген патриотизмнің жоғары адамгершілік мектебі ретінде қалыптасып отыр», дей келіп, Елбасы: « ҚР Үкіметі 7 мамыр – Отан қорғаушы күнін Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі деп белгілеп «ҚР –дағы мерекелер туралы » ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» Жарлығына қол қойды.

Отан оттан да ыстық! Жаңа заман дарынды азаматтарды шығарды. Әскер шерулерде туындамайды, әскер күнделікті тынымсыз еңбекте туындайды. Қазақстан әскерінің қалыптасуына алғашқы Қорғаныс министрі , Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов зор үлес қосты. Сондай-ақ Әскеріміздің құрылуына қатысқан генерал А.Қасымов, А.Есенғұлов, Ф.Щербаков, А.Жарболов, А.Тасболатов, Ж.Сандыбаев…Жыл сайын 7 мамыр мерекесі қарсаңында кәсіби даярлықтағы жетістіктері үшін ҚР Президентінің қабылдауында болып, жоғарғы әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер, ордендер табыс етіледі.Отан үшін отқа түссең, күймейсің деген. Еліміздің Қарулы Күштері қатарындағы жастарды Отанын сүюге, шымыр да, шыныққан азамат болып қалыптасуына күш-жігер, кәсіби біліктілік танытуда аға ұрпақтың үлесі зор. Қас қақпай ел тыныштығын қорғау, елге, жерге қызмет етудің үлгісін жастарға үйрету аға буынының міндеті.

Жер көлемі бойынша 9 орын алатын Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігіне жауап беру бүгінгі сап қатарындағы әскери қызметшілер мен сарбаздарға жүктеліп отыр. Отан қорғаушылардың күнделікті қызметі мен тыныс-тіршілігін насихаттау мақсатында 2004 ж «Айбын» әскери- патриоттық бағдарламасы теледидардан көрермендерге жол ашты. «Айбын» әскери- патриоттық бағдарламасы арқылы армияның имиджін көтеру, әскердегі оң өзгерістер, сарбаздармен бетпе-бет сұхбат және әскери өмірлерінен хабарлар береді.

Болашақ сарбаздардың әскер қатарына дайындығын анықтауда топ оқушылары арасынан сайыс ұйымдастырайық:

  1. «Әскерге шақыру» (Еліміздің Қарулы Күштері көктемде, күзде жас сарбаздармен толықтырылады. Сол кезде армия қатарына шақырушылардың сапалық сипаттамалары: денсаулығы, білім деңгейі, дене дамуы, дайындығы, отбасылық жағдайы олардың адамгершілік және іскерлік қасиеттері туралы мәліметтер жиналады, ата-аналарымен әңгімелеседі. Бойы: жаяу әскер шекара қызметіне әскери борышын өтеу үшін 155 см-ден, ал аэроұтқыр бөлімдерінде қызмет ету үшін 175-см –ден кем болмауы керек, т.б.). Оқушыларға тапсырма: отжимание, тартылу бойынша сайысқа түсу.

  2. Антыңа адал бол! ( Әскери ант деген не? Оқушы түсінік беріп, антты жатқа айтып беру тиіс).

«Әскери ант» — сарбаздың ел Президентіне, Қазақстанның көп ұлтты халқына адал болуға беретін серті, Отан қорғаушының ар мен намыс кодексі. ҚР ер азаматы Қарулы Қүштер қатарына қабылдану барысында әскери ант қабылдайды. Бұл әскери қызметтің мемлекеттік мәтіні көрсетілген, ең басты моральдық әрі саяси акт. ҚР ҚК әскери антының мәтіні 1992ж. 25 тамызда ҚР Президентінің 870-інші үкімімен бекітілген. Анттың мағынасы – Қазақстан халқына, оның заңды сайланған Президентіне адал болудағы қасиетті серт, Отанымыздың тәуелсіздігі мен еркіндігін, намысын жан қиярлықпен қорғау, құқықтық және моральдық міндет. Әскери қызметкер антты қабылдай отырып, әскери істі адал ниетпен үйренуге, қызмет бойынша оған жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруға серт береді. Әскери ант — қызметтегі міндеттерді заң жүзінде мінсіз атқаруды талап ететін мемлекеттік құжат.

3. Армысың, айбынды сарбазым! (жаға тігу, картоп ашу)

4. «Ән шашу» (сарбаздарға сәлем жолдау, тұған күн иелеріне, ата-аналар құрметіне патриоттық ән шырқалады).

Жоғары көрсеткіштерге ие болған оқушыларды марапаттау және алдағы уақытта әскери дайындықтарын жетілдіруге ақыл-кеңес беру.

Қорытынды

Жыл сайын 7 мамырда Отан қорғаушылар күніне орай ҚР Қарулы Күштерінің әскери парады өтетіні белгілі.Әскери парадтың ерекшелігі Қазақстан армиясының жаңа да заманауи қару-жарағы мен әскери техникасының үлгілерін көрсетуге басымдық беріледі( 200-ден астам әскери техника бірлігі, 70-тен астам Әскери-әуе күштерінің авиациялық техникасы ұшып, 2 мыңға жуық жаяу әскери қызметші жүріп өтсе, соның 1500-і Қарулы Күштерінің жеке құрамы).

Бүгінде Қазақстан армиясы мемлекеттің сенімді тірегі болуда және бола береді де. Армия мен флоттың әскери қызметшілері әскери міндеттерін орындап келеді, олар полигондарда, теңізде және әуе кеңістігінде жауынгерлік шеберліктерін жетілдіріп келеді. Біздің жедел, кәсіпқой армиямыз мемлекетіміздің ұлттық мүддесі мен әскери қауіпсіздігін, бейбітшілік пен тыныштықты сенімді түрде қамтамасыз ете бермек.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. ҚР Конституциясы. 36 –бап. 1995ж. 30 тамыз.

2.Айбын. Республикалық әскери-патриоттық журнал.2010ж., 2012ж.

3.Егемен Қазақстан. Жалпыұлттық республикалық газет.2012ж, 2014ж.

Топ жетекшісі:М.Д.Ашекенова

Жәнібек колледжі

Бекітемін_________________

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары Г.Аткешова

«____»________________20____ж

7 мамыр – Отан қорғаушы күні !

Үздік сарбаз

сайыс

Өткізген: М.Ашекенова, топ жетекшісі

2016-2017

Тәрбие сағатының тақырыбы: Достықта шек жоқ

Мақсаты: оқушылардың достық сезімі туралы білімін арттыру, дос дегеніміз не, қалай дос болу керек екенін ұғындыру, оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, әдемілікке, қарапайым болуға әсіресе қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінетінін ұғындыру.

Көрнекілігі: мақал-мәтел, суреттер

Барысы

1. Ұйымдастыру

2. Кіріспе сөз

«Достық – өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім да барлық басқа игілікке түгел ие болса да, дос-жарансыз өмірді қаламақ емес» Аристотель.

(слайд )

1)»Дос деген кім?» сауалына сызба арқылы жауап беру.

2) Досың бар ма? Ол қандай?

3) Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?

4) Досыңыздың басына қиындық түсті, не істейсіз?

5) Достық жасқа байланысты ма?

6) Жақсы дос, жаман дос қандай болады?

7) Досыңды неге теңер едің?

8) Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?

9) Сіз үшін ең маңызды мәселе?

10) Менің достарым көп болу үшін не істеуім керек?

Оқушылардың ойлары, пікірлері тыңдалады

Достық – адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.

 Достық – адамның, өмірдің өзіндей сан бояқты, көп қырлы, қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін емес.

Достық нешеу болады?

-Достықтың екі түрі болады. Бірі-адал достық, ал екіншісі амал достық.

Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады.

«Қалта жолдас көп, жан жолдас жоқ» мұны айтқан қазақ сатирикасының классигі Осп анхан Әубәкіров.

2. «Егемен Қазақстан» газеті 2017ж. «Туманбай ақынның досы» мақалада Едіге Сап Сапаев пен Туманбай Молдагалиевтің шексіз және өмір бойы достықты ту етіп көте көтерген, жазған мақаланы оқу, таныстыру.

3. Адам – ардақты ат. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер оның рухани байлығында екен. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді атау .

Дос қандай болу керек? (слайд )

                                жомарт

                                адамгершілігі мол

                                қарапайым

                                мейірімді

                                кешірімді

                                адал

көпшіл

бауырмал

қанағат

еңбекқор

                      төзімді

                                ақылды

                                сабырлы

                                салмақты

                                кек сақтамайтын

4. Мақал-мәтелдер (слайд )

           1) Білімдімен дос болсаң,

            Сасқанда ақылын айтар.

            Білімсізбен дос болсаң,

            Топ ішінде бетін қайтар.

            2) Дұшпан біреу болса да аздық етер,

            Досың мың болса да аздық етер.

            3) Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең.

           4) Заттың жаңасы жақсы,

            Достың ескісі жақсы.

1-оқушы: Дос адам артық сұрамайды.

                                           Махмұт Қашқари.

2-оқушы: Дос достың кемшілігін кешіре береді.

                                          Жүсіп Баласағұн.

3-оқушы: Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.     Абай.

4-оқушы: Екі ердің достығы асулардан асырар,

                Екі елдің достығы ғасырлардан асырар.

                                         Мұзафар Әлімбаев.

5-оқушы: Қоссыз қазақ болса да,

                Доссыз қазақ болмаған.

6-оқушы: Дос табу оңай – сақтауы қиын,

                Жау табу оңай – тоқтауы қиын.

                                         Жүсіп Баласағұн.

5. Жағдаяттан шығу: (слайд)

а) екі дос арасындағы түсініспеушілікті бейнелейтін көріністі көрсету.

( қалғандары сол оқушының ұнамды немесе келеңсіз жақтарын айтады).

ә) «Менің досым» тақырыбы бойынша әр оқушы өзінің досы жайлы айтады.

6. Сауалға жауап іздеу. (слайд )

1.Біздің топ қандай?

2. Топ оқушылары арасында сыйластық, достық қатынас орнаған ба?

3.Хаттарға жауап:

А)Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың саған тез келіп кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын деді. Сенің әрекетің.

Ә)Досың қатты ауырып ауруханада жатыр. Өте қымбат дәрілер керек. Оның жағдайы жоқ. Сен не істер едің?

Б)Сенің ең жақын досың жағымсыз қылық істеді. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?

В)Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?

Г)Анаң сабақтан қайтқанда нан ала кел деп ақша берді. Сені үйдегілер күтіп отыр.  Түскі тамаққа нан келеді деп. Досың да анасы нан ала кел деген ақшасын жоғалтып алып не істерін білмей тұр. Не істейсің?

7. ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

Топ жетекшісі: М.Д.Ашекенова

Тақырыбы: Бала құқығы.
Мақсаты:

-оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу;

-оқушылардың ойлау,тыңдау,өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту;

-оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету, оқушылар бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру, құқықтық нормативтік актілерді орындай білуге,құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта,Қазақстан Конституциясы кітапшасы, Бала құқықтары туралы Конвенция, Бала құқығын қорғау туралы тұжырымдама.

Кіріспе. Оқушылар! «Бала құқығы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізілгелі отырмыз.
Ата заңның 1 бабының1-тармағында «Қазақстан өзінің ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орныктырады деген.
Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш.Монтескье,И.Кант,Т.Джефферсон сияқты ойшылдар адам құқықтарының негізгі ережелерін алғаш рет анықтап белгілеген. Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би,Әйтеке би,Қазыбек би және Абай адам құқықтары мен Бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды. Ал Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын Заң бар ма?
1989 жылдың 20-қарашасында Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданып,1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойды. Енді осы мәселе төңірегінде өздерің құқықтық білімдеріңді кеңейтуге уақыт келді.

І бөлім «Бала құқығы- асыл қазына».

ІІ бөлім «Құқық -әділет пен парасат жолы».

ІІІбөлім«Құқықтықсауаттылық–заманталабы».
ІҮ бөлім «Сандар сөйлейді.

І. Баланың негізгі құқықтыры мен міндеттері.
8-бап.Әрбір баланың денсаулығын сақтауға құқығы бар.
9-бап.Әрбір бала туған сәтінен бастап аты, әкесінің аты, тегі, ұлты және азаматтығы болуына құқылы.
10-бап.Әрбір баланың өмір сүруге,жеке басының бостандығына,қадір-қасиетіне және өміріне қол сұғылмауға құқығы бар.
11-бап Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмірге араласуға құқығы бар.
15-бап.Әрбір баланың білім алуға құқығы бар.

ІІ. «Құқық -әділет пен парасат жолы».
1- оқушы.Конституция-ерікті елдің құқы
Конституция ерікті елдің құқы,
Адам құқы,алдымен ердің құқы.
Мемлекетім жан-жақты дәйектелген,
Конституция-алтын заң,елдің құты.
Ол бойынша бекіген бостандығым,
Ол бойынша сақталған сөз сандығым.
Ол бойынша тілім де мемлекеттік,
Қуаттайды мұны бар достар бүгін.
Ол бойынша сайлаймын,сайланам да,
Ол бойынша біртұтас бай далам да.
Сансыз ұлттың өкілі бірордада,
Тең құқылы барлығы айналамда.
Қалауымша оқимын,білім алам,
Еңбек етем,қартайсам тыным алам.
Емделемін ауырсам заңды түрде,
Өз елімде қастерлі, құрметтімін,
Қорламайды ешкім де тілдеп қырын.
Тәртіп бұзсам немесе қылмыс қылсам,
Заң алдында жауапқа міндеттімін.
Баға жетпес құным бары,
Еркін шыққан ерекше үнім бары,
Елтаңбалы жығылмас туым бары-
Алтын заңда айтылған мұның бәрі.
2-оқушы.Ғұрпымыз бар ел сенген,
Дәстүрлері ең ізгі.
Әділдікпен өлшенген,
Заңымыз бар негізгі
Бас иетін бар адам
Әрбір сөзі салмақты
Қорғар бәле-жаладан
Ата заң бұл ардақты!
2.Құқық әлемінен көрініс.
3.Ұлылардан қалған асыл сөз.
1-оқушы: Жер бетіндегі адамдар арасындағы тәртіп орнату үшін заңды қолдану шөлге жауған жаңбырдай қайырымды.
385-Хадис(Мұхаммед Пайғамбар)
2-оқушы:Заң-жер бетіндегі құдай жасаған нәрселердің ішіндегі ең қасиеттісі. И.Кант.
3-оқушы:Қазақ халқы-ең бейбіт халықтардың бірі. Шоқан Уәлиханов.
4-оқушы:Әр заманның өз рәсімі,өз салты бар. Біздің замандағы салт әркім құқына таласу болады. Жылау салты артта қалды.
Әлихан Бөкейхан.
5-оқушы:Ата Заң әркімнің бойтұмары болып оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз. Нұрсұлтан Назарбаев.
6-оқушы:Заң-мемлекеттің тоғыз қабат тор көзді сауыты.
Шерхан Мұртаза.
7-оқушы:Әділ заң-аспан тірегі.
Жүсіп Баласағұн.
Жағдаяттарға байланысты сұрақтар.
14 жасарБолат үйінде сыныптастарымен туған күнін атап отырғанда масаң күйінде әкесі келіп жолдастарының көзінше балағаттап,ұрып-соға бастайды.Осы кезде Болат не істерін білмей әкесін итеріп жібереді. Әкесі тәлтіректеп барып басынпешке ұрып құлап түсіп қайтыс болады.( Жағдай сарапқа салынады.)

Мақал-мәтел:

«Тәрбиелі-тәртіптің құлы,
Тәртіп елдің-құлы»(Бауыржан Момышұлы)

ІІІ бөлім «Құқықтық сауаттылық – заман талабы».
1. Құқық деген не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)
2. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады?
(БҰҰ).
3.БҰҰ-ның мақсаты не?(Әлемде бейбітшілікті сақтау,адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау).
4.Бала құқығы туралы Конвенцияға Қазақстан Президенті қай жылы қол қойды?
(1995 ж.Нью-Иорк қаласында156-мемлекет болып қол қойды).
5.Қазақстан Республикациясының азаматтары қандай білім алуға міндетті?(орта).
6.Қазақстанның әрбір азаматының ең басты құқығын ата.(әркімнің өмір сүруге құқығы бар).
7.Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды?
(2002 жылы 8-тамызда).
8.Заң бойынша бала деп кімді атайды?(18 жасқа толмаған адам).
9.Бала құқығы туралы Конвенция қашан қабылданды?(1989 жылы 20- қарашада).
10.Әлемде ең алғаш конституция қай елде жазылған? (АҚШ-та).
11.Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы не?(Бостандық).
12.Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жас шамасы(16 жас,ерекше ауыр қылмысқа 14 жастан тартылады).
13.Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды?(1948 жылы 10-желтоқсанда).
14.Қай жастан бастап жасөспірімдердің еңбекке араласуға құқығы бар?(14 жастан).
15.Қазақстандағы ең қымбат қазына (адам).
16. «Жеті жарғы» заң жинағының авторы (Тәуке хан).
17.Қазақстан БҰҰ-ға қашан мүше болды?(1992 жылы).
18.Өз тағдырыңды өзің шешудің тарихи мүмкіндігі(тәуелсіздік).
19.Отанға деген сүйіспеншілік (патриотизм).
20.Баланың құқығы туралы заң неше тарау, неше баптан тұрады?(10 тарау,53 баптан).
ІҮ бөлім «Сандар сөйлейді.
1 маусым-Балаларды қорғаудың халықаралық күні.
20 қараша-Дүниежүзілік балалар күні.
10 желтоқсан-Адам құқығы күні.
10 желтоқсан 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ қабылдады.
1959 жыл Әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу декларациясын жариялаудан бастады.
1979 жылы — Балалардың халықаралық жылы өтті.
20 қараша 1989 жылы БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды.
28 қаңтар 1995жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.
30 тамыз 1995 жылы Қазақстанның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда екінші рет қабылданды.

Қорытынды: Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымызда өзіміздің құқығымыз бен міндетіміз және құқық туралы білетін білімімізді ортаға салдық. Біздер өз ойымызды еркін айтуға, өзгелерден білгіміз келгенін сұрау құқығын жүзеге асырдық. Қазақ ұлты қайырымдылықты, жаупкершілікті қолдайды. Еліміздің бірлігі мен білімділігі келешек ұрпақ үшін үлкен міндет жүктейді.

Топ жетекшісі: М.Д.Ашекенова

Салауатты болашақ

Тақырыбы: Шылымның адам өміріне зияны.

Мақсаты:

білімділік: шылым шегудің зиянды әсерін ашу, оның салдарынан туатын аурулар туралы оқушылар білімін арттыру;
дамытушылық: темекінің әсері, зиянды жақтары туралы түсініктерін кеңейту;
тәрбиелік: шылым шегудің зиянды жақтарын аша отырып, одан жиіркенуге, айналасындағылардың денсаулығын сақтауға жауапкершілігін ояту.
Әдісі: баяндау, сұрақ – жауап.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық (музыка ойнайды)
Кірпігімізді төмен түсіреміз.
Көзімізді жұмамыз.
Енді еркін демалайық.
Ғажап қана ұйықтасақ,
Жеңіл дұрыс тыныстасақ,
Шаршағанымыз ұмытылып, Денеміз босаңсиды
Шөпте жатқандай сезінейік
Жасыл, жұмсақ шөпте жатырмыз…
Күн нұрын бізге төгіп тұр…
Қолымыз біздің жып – жылы…
Күн ыстық…
Түн жылы…
Таза ауа да тамаша, тыныстаймыз
(Ұзақ кідіріс)
Біз еркін тыныстадық
Ғажап қана ұйықтадық!
Оянатын сәт келді!
Көздерімізді ашамыз.
Қолымызды жоғары көтеріп,
Керілеміз! Күлеміз!
2. Денсаулық – әркімнің жеке байлығы болса, дені сау адам қоғам байлығы. Осыған орай, бүгінгі ұйымдастырылып жатқан топ сағатының мақсаты Елбасының жарлығымен Қазақстан халқының денсаулығын жақсарту, салауатты өмірді насихаттау.

Тәрбие сағатына медбике, дене тәрбиесі оқытушысы шақырылады.

Шылымның зиянды әсерін түсіндіруге және оларды алдын ала сақтандыру туралы арналған слайдтар бойынша әңгімелесуге оқушыларды шақыру.

Экранға адам денесінде тек қана бір тал темекі тартқаннан бастап пайда болатын басты өзгерістер суреті шығарылады:

-миға баратын қан азаяды, ми аз жұмыс істейді;

-қандағы холестерол артады;

-тамырлар жиырылады;

-қан қысымы жоғарлайды;

-жүректің соғу ритмі артады;

-жүрек қағады, науқастарда жүрек ұстамасы болады;

-тыныс алу жиелейді…..

Оқушылардың айтылған ойларын жинақтау. Нашақорлық, маскүнемдік сияқты темекіні қолдану да қоғамымызды жайлап бара жатқан індет, қайғы-қасірет.

Медбике: Адам шылым шеккенде зиянды заттар ауа арқылы ауызға, жоғары тыныс жолдарына өтіп, кілегейлі қабықшамен өкпе көпіршіктеріне барып қонады. Сілекеймен қоса жұтылып, асқазанға барады. Шылым шегетіндермен шекпейтіндерді оңай ажыратуға болады: шылым шегетін адамның бетіне әжім ерте түседі, шашы сирейді, саусағы сарғыш тартады, өз жасына қарағанда үлкен болып көрінеді, тісі ерте бұзылады, сарғаяды, жүрегі тез шаршайды. Қан тамырлары тартылады, нәтижесінде аяғын сылтып басады. Жүйке жүйесіне әсерін тигізеді, естуі, көру нашарлайды.

Жасөспірім ашуланшақ, жалқау болып, ұғу қабілеті төмендейді.
Темекі зардабынан болатын аурулар:
Стенокардия, созылмалы гастрит, жүрек инфарктысы, асқазан жарасы бүйрек, бауыр, жыныс, тыныс, жүйке аурулары. Темекі өсімідіктің жапырағынан жасалынады. Темекінің құрамында 200-дей зат анықталған. Олардың барлығы адам ағзаны әсер етеді, зиян. Ең ауыры – никотин. Никотиннің улылық деңгейін жануарларға әсер ету арқылы байқатуға болады. Бір тамшысын салмағы 16-20 кг итті, ал 10 тамшысы жылқыны өлтіреді, егеуқұйрықтың қасын жеңіл түрде никотинмен шылау, лезде өлімге әкеледі екен. Көгершінді шыны қақпақ ыдыстың астына орналастырып, оның ішіне темекі түтінін жіберсе, көгершін өледі. Адам үшін 1-2 тамшысы ажал әкеледі екен.Никотин атауы қалай шыққан? ХVІІ ғасырдың 30 жылдарынын Карл Линней темекіні Европада алғаш рет өсірген Жан Никоның құрметіне темекіге «Никотиана» деген туыстық атауы берген. Әрбір тартылған темекі адам өмірін 8 минутқа қысқартады. Күніне бір қорап темекі тартатын адамның бір жылда өкпесіне бір литр смола (шайыр) жиналады. Темекі тартатын адам зиянды заттардың 25 % — н жұтады екен, 5 % темекінің тұқылында қалады, 20% жанып кетеді, ал 50 % ауаға түседі. Бөлмеде отырсаңыз, ол адам ағзасына үлкен әсерін тигізеді. Өздері тартпағанымен, шылымқордың темекісінің түтінімен тыныс алатындарды пассивті темекі шегушілер деп атайды. Темекінің зардаптарынан мысал келтірсек Дүниежүзінде шылым шегуден жыл сайын 3,5 млн адам қайтыс болады. Шылым шегетін адам жылына отбасы қаржысына мыңдаған теңге шығын келтіреді. Баскетболшының шылым шеккенен кейінгі торға доп тастауы 12 % кемиді. Әрбір шылым адам өміріне 8 минутқа қысқартады. Шылым шегетіндердің жүрегі тәулігіне 20-25 мың рет артық соғады. Шылым шекпейтін оқушыларда 100 м жүгіргеннен кейін тамырдың 120 – 130 болса, шегетіндерде 180 болады. Мектеп жасында көбінесе ештеңемен шұғылдаңбайтын, сабақ оқымайтын, спортпен айналыспайтын оқушылар шылым шегеді. Ерте бастан денсаулықты сақтап шылым шегуге әуестенбеу керек.

1. Шылымшы – өзін көрге тығушы
2. Темекі тартқан бір кісі,
Уланған бүкіл үй іші
3. Шылымқор өзін ғана емес,
Өзгелерді де улайды

ІІІ. Бекіту Тренинг «Қолшатыр» (дене тәрбиесі оқытушысы ақыл-қеңесі)

Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек? Қол шатыр астына өз ойларымызды жазайық.
1. Бос уақытымызды дұрыс пайдалану.
2. Демалыс түрлерін қолдану.
3. Театрға бару.
4. Спортқа қатысу.
5. Денсаулығымызды шынықтыру.
Сонымен қатар темекіні 12 жаттығу түрлерімен алмастыруға болады екен. Слайдтар:
1.    Секіру.
2.    Жүзу
3.    Хош иісіті гүлдер иіскеу
4.    Ойнау
5.    Билеу
6.    Велосипедпен серуендеу
7.    Құстар әнін тыңдау
8.    Сұхбаттасу
9.    Ән айту
10. Жүгіру
11. Сурет салу
12. Демалу
Үйге тапсырма
1.    Жағымсыз әдеттер. Темекінің зияны туралы кітапшалар оқу.
2.    Темекіге қарсы жарнама жасау

Топ жетекшісі: М.Ашекенова

Жуырда полковник М.О.Хамзин басқаратын 03825 әскери бөлімі кіші байланыс мамандарын дайындайтын оқу орталығының көктемгі әскерге шақырылған сарбаздары Әскери ант қабылдады.

Әскери қызметке, әскерге шақыруға іріктеп алу мұқият және жауапкершілікті талап етеді. Жыл өткен сайын әскер қатарына шақырылушыларға қойылатын талаптар күшейтілуде. 24 маусымда ҚР ҚК Байланыс әскерлеріне қарасты Алматы облысы Іле ауданы КазЦИК ауылында орналасқан 03825 әскери бөлімінде Алматы облысы мен Қарағанды облысынан шақырылған жас сарбаздар Отан алдында Әскери ант қабылдады. Салтанатты рәсім Қазақстан Республикасының туын алып шығып, Қазақстан Республикасының әнұранын орындаумен басталды. Келгендеріне небәрі бір айдың жүзі болса да жауынгерлеріміздің айбыны асқақ, қимылдары ширақ. Әскери тәртібі қатаң өмірге кеше ғана қадам басса да, жауынгерлер Әскери ант қабылдау салтанатында өздерін сенімді ұстады. Рухы бекем сарбаздар Отан алдында өзіне артылған жауапкершілікті жан-тәнімен сезінгендей. Әрине, бұл сарбаздар әскерге «Отан қорғаймын, Тәуелсіздік туын биікке көтеремін, ел сенімін ақтаймын» деп мақсат қойып келгені анық. Аталған іс-шарада алғашқы болып сөз алған 03825 әскери бөлімінің командирі полковник М.Хамзин жас сарбаздарға өз елінің патриоты болуды, Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті борышы мен парызы екенін, сарбаз болып сапқа тұрып, Отан алдында ант берудің маңыздылығын түсіндіре отырып жас сарбаздар жеке құрамын әскери ант қабылдауымен, ал барлық бөлімді толық құқылы жаңа буынмен құттықтап өтті. Салтанатты шараға байланыс әскерінің тұңғыш бастығы, қазіргі уақытта құрметті демалыстағы ардагер генерал майор Мүбарак Орынбеков және Алматы облысы Іле ауданы КазЦИК ауылының әкімі Есет Өмірзақов, Ауған соғысының ардагерлері запастағы подполковник Серікбай Баймолдинов пен аға сержант Сансызбай Умаров құрметті қонақ болып шақырылған болатын. Өз кезегінде сөз алған қонақтарымыз және жас сарбаздардың ата-аналары Наталья Федулова, Айжан Тоқманова, Мариям Себастьянова жас сарбаздарға жылы лебіздерін білдіріп, Отанды сүю от басынан басталатындығын, Отан алдында берген антқа адал болу керектігін айтып өтті. «Жастарға әскери патриоттық тәрбие беруге бәріміз мүдделіміз. Өйткені еліміздің ертеңі де, болашағы да солардың қолында. Тәуелсіз Қазақстанның дәуірінде дүниеге келген олардың санасы – азат, болашағы жарқын, бағдары анық болуы тиіс. Ия, Әскери ант қабылдау – әрбір сарбаздың есінде мәңгі қалар қуанышты сәт. Өз ұлдарының сарбаз болып сапқа тұрып, егеменді еліміздің ертеңін қорғауға ант қабылдағанын көріп ата-аналардың көзіне еріксіз жас келді. Жас сарбаздарға өздерінің тілектерін жолдап, ұлдарын қашан да мақтан тұтатындықтарын айтып өтті. Іс шараның соңында 03825 әскери бөлімінің жеке құрамы қонақтар назарына қысқа мерзімде өздері дайындаған қоян-қолтық ұрыс жаттығуларынан көріністер көрсетті. Жас сарбаздардың ата-аналары ұлдарының күнделікті күн тәртібімен танысып, жатын орындары мен оқу орындарын және байланыс техникаларын аралап, әскери өмірдің тыныс-тіршілігіне қаныққандай болды. Жас сарбаздар келген күннен бастап оқу ортылығының бастығы майор С.Т.Төлегеновтың басшылығымен бөлімшелер бойынша сарбаздардың ата- аналарымен «чат» (топтар) құрды. Бірінші күннен бастап, оқу рота командирлері капитан В.Федин мен аға лейтенант А.Д.Арысбаев жас сарбаздарға қызметті қайда өткеретіндерін, немен айналасатындарын және бөлімге қандай көлікпен жететіндерін жеткізді. «Чат»-тың арқасанда, аз уақыт мерзімінде командирлер ата-аналармен бірлесіп сарбаз «суретін» құрды. Онда ата-аналар олардың немен шұғылданатын, не істейтіндерін, тіпті олардың теріс қылықтарына дейін біліп отырады. Ежелден «Ел тілегі-ер тілегі, адал ұл ер боп туса — ел тілегі» деп даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы айтқандай, бүгінгі әңгімемізге арқау болған бұл сарбаздар Отан алдындағы анттарына адал болады деген сенімдеміз. Ал біздің мақсат – жас сарбаздардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру арқылы әскери қызметті өтеу кезінде жастарды ептілік пен төзімділікке тәрбиелеу. Әскердегі қызмет — үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан бозбаладан батыл шешімдер қабылдар тұлға қалыптастыру мектебі. Ендеше сол мектептен ел сенімін ақтайтын батыр тұлғалар мен байланыс әскерлерінің мәртебесін көтеретін мықты мамандар шығарына сенейік. Антыңа адал бол, жас сарбаз!

                                                                                Майор Е.Хамитов,

03825 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық

жұмыстары жөніндегі орынбасары – бөлім бастығы

Тәуелсіздік — баға жетпес байлығым

Хронометраж: 45 минут
Флешмоб
1 — жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және де қадірменді кешіміздің сыйлы қонақтары! Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев күнімен ұштастыра бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым» атты мерекелік кешіміз ашық деп жарияланады.
ҚР Әнұраны
1 — жүргізуші:
Бүгін біздің мектебімізде, тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында Жас Ұлан ұйымының құрамына оқушыларымыз қабылданады. Ендеше, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатын бастаймыз.

2 — жүргізуші:
«Жас Ұлан» ұйымына қабылданатын оқушыларды ортаға шақырамыз:
Нұрғали Арайлым
1 — жүргізуші: Ермекова Аруна
2 — жүргізуші:

(Өздері тақпақтарын айтады)

2 — жүргізуші:
Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.
(«Жас Ұланның» 1 мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз» деп 3 рет қайталайды)
Анттың мәтіні:
Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата — анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!
1 — жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук тарын табыстау рәсіміне шақырамыз.

2 — жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Ерекше құрметпен алғашқы құттықтау сөз кезегін аяулы мектебіміздің директоры Ахметов Берік Тұрғынұлына беріледі.

1 — жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік — ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!- деп, дүбірлі кешіміздің ақ домбыраның үнімен бастасақ. Ендеше алдарыңызда өнер көрсететін Нурикамал Бекшенованы ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!!!

2 — жүргізуші:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе — тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы — құт, жері — дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Ортада Нұрғали Арайлым

1 — жүргізуші:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ — дәулетім,
Болашағым, өнер — білім, өркенім.

Ортада Рахметалина Томирис

2 — жүргізуші: Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты

Орындайтын: 9сынып қыздары

1 — жүргізуші:
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Ортада Ақниет Төремұрат

2 — жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, — деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Ортада 2 сынып қыздары

1 — жүргізуші:
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз — өзінен жүрегім ән салады.

Ортада Бекшенова Нурикамал
Келесі Ашымханова Ұлбану

2 — жүргізуші:
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Ортада Нәби Асыл
Дариға би
2 — жүргізуші:
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
Ортада Ақниет

(соңғы әнде концертке қатысқан оқушылар сахна төріне қолдарына шар мен жалаушаларды ұстап шығады)

1 — жүргізуші:
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

2 — жүргізуші:
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік. Келесі кездескенше туымыз көкте қалықтап, күніміз нұрлана түссін, ағайын!!!

Как военно-патриотическое движение "Жас сарбаз" воспитывает поколение достойных казахстанцев
Фото — из открытых источников

Сотни тысяч казахстанских детей охвачены деятельностью движения «Жас сарбаз» и позитивное влияние заметно уже сейчас.

Мы живем в эпоху глобализации и интернета, когда нам поступает столько информации, что её крайне сложно отфильтровать и понять, что истинно, а что нет. Сложнее всего в этом плане приходится молодым людям, ведь разобраться в этом море идей и мнений в юном возрасте довольно нелегко и нередко дети и подростки выбирают неверные пути. 

Чтобы этого не происходило важно давать ребенку правильное воспитание и всячески занимать его свободное время, но у родителей не всегда находится на это время. Поэтому в настоящее время в Казахстане наблюдается рост молодежных организаций, патриотических клубов, движений и кружков. Они являются альтернативным способом привить детям правильные ценности и указать путь в светлое будущее.

Одним из таких движений является «Жас сарбаз», направленное на военно-патриотическое воспитание казахстанских детей. Оно активно занимается проведением мероприятий, таких как эстафеты, акции, интеллектуальные викторины, спортивные состязания, военно-полевые игры, конкурсы по робототехнике и музыке. И несмотря на то, что движение было создано не так давно на данный момент количество военно-патриотических клубов и классов «Жас сарбаз» достигло 6 тысяч с охватом более 174 тысяч детей.

В этом есть и немалая заслуга Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы Нурсултана НАЗАРБАЕВА, ведь он лично призывал молодёжь вступать в эту организацию. По его мнению, формирование национального духа и глубокого изучения истории страны нашей молодёжью является одной из главных задач.

Одним из значимых вопросов является патриотическое воспитание. Если мы не сможем защитить нашу Родину, то все, что мы сделали за 27 лет независимости, потеряет свое значение, — заявлял Елбасы.

Первый Президент отмечал, что все осуществляемые сегодня меры государства направлены на создание благоприятных условий для будущего поколения.

Все это для молодежи — нашего будущего. Вся проводимая работа нацелена на то, чтобы ваша жизнь была лучше нашей, чтобы наш Казахстан стал еще более процветающим, — обратился глава государства к молодым участникам движения «Жас сарбаз».

Чем занимается «Жас сарбаз»?

Учитывая, что движение «Жас сарбаз» есть в каждом регионе страны, то и список проводимых ими мероприятий выглядит довольно внушительным. Например, совсем недавно в Алматы был открыт специальный военно-патриотический походный лагерь.

Он нацелен на отдых детей от 8 до 17 лет. Занятия детей расписаны с 9 утра и до 22 часов вечера. В программе горной подготовки обязательны покорение трёх вершин в предгорьях Алматы, а также прохождение 25-45 километров в течение 6 дней в зависимости от возрастной категории участников лагеря. Основная цель лагеря – подготовка воспитанников к самостоятельной работе в самых различных географических и психологических обстоятельствах и в военно-полевых условиях.

За время пребывания в лагере дети учатся разводить костер, заготавливать дрова, ставить палатку, ориентироваться на местности и работать в команде.

До конца этого лета в походном лагере запланировано обучение около 150 детей.

Также «Жас сарбаз» организует мероприятия и в областях. Например, в середине мая этого года в селе Красный Яр Акмолинской области прошли военно-спортивные игры, приуроченные к 30-й годовщине вывода Советских войск из Афганистана. В соревнованиях принимали участие команды из восьми колледжей.

Хорошо себя показала команда студентов Высшего многопрофильного колледжа гражданской защиты показала хорошие результаты по всем видам соревнований в общем зачете занявшие ІІ общекомандное место.

Юноармейцы Высшего многопрофильного колледжа гражданской защиты ВПК «Ұлан» были награждены грамотами и кубком.

Помимо этого, мероприятия проводятся для детей военнослужащих, проживающих в отдаленных областных гарнизонах. Например, в Алматы с 1 по 22 июля текущего года на базе Алматинской республиканской школы «Жас улан» имени Бауыржана Момышулы под руководством инструкторов ЦСКА проходят военно-спортивные игры именно для детей из регионов.

В программе сбора для ребят был предусмотрен широкий спектр культурных и спортивных мероприятий, в числе которых экскурсия по достопримечательностям Алматы, проведение концертных программ, различных развлекательных конкурсов, встреч с именитыми спортсменами – олимпийцами ЦСКА. Также был запланирован однодневный выход на учебно-тренировочный центр ЦСКА в поселке Панфилово, где квалифицированные инструкторы провели занятия по выполнению преодоления полосы препятствий, упражнений на различных спортивных снарядах, а также провели мастер-классы по занятиям в веревочном парке и скалодроме.

Но есть и отдельные мероприятия, нацеленные только на развитие культуры и искусства среди подрастающего поколения, как, например, проходящие в столице игры «Жайдарман» под названием «Жайдарлы жас сарбаз».

Данная игра направлена на развитие патриотизма, интеллектуальных способностей и умение работать в команде. Участники выходили на сцену и могли свободно высказать свое мнение, с юмором раскрыть актуальные проблемы, с которыми сталкиваются современные дети и подростки.

Заявки на участие в конкурсе подало более 30 команд, десять из них отобраны в финал. А вообще участвовало около 300 человек. В конце мероприятия командам-победителям были вручены ценные призы, кубки и медали.

И подобные мероприятия проводятся сотнями по всей стране и все это для того, чтобы развить высочайший потенциал казахстанской молодёжи и помочь нашим детям найти себя.

Позитивные результаты

Высокую роль движения «Жас сарбаз» в воспитании патриотизма и развитии талантов среди молодежи отметил и Президент Казахстана – Верховный главнокомандующий Вооруженными Силами Касым-Жомарт ТОКАЕВ, выступая на открытии V республиканского военно-патриотического сбора молодежи «Айбын».

— Огромное значение у нас придается формированию и воспитанию патриотизма среди молодых казахстанцев. В этих целях было создано республиканское детско-юношеское военно-патриотическое движение «Жас сарбаз». Его филиалы сформированы и работают во всех регионах. Количество военно-патриотических клубов и классов «Жас сарбаз» достигло 6 тысяч с охватом более 174 тысяч детей.

У вас большой потенциал сил, энергии, творчества. Направляйте все это на осуществление главной цели вашей жизни. Помните, что страна заинтересована в успехе каждого из вас, потому что из достижений каждого будут складываться достижения всей страны. Я искренне хочу, чтобы у вас все получилось — все, что вы задумали, и все, о чем вы мечтаете, — заявил Президент Казахстана выступая перед молодёжью.

И несмотря на то, что движение «Жас сарбаз» существует не так уж и долго – оно уже приносит позитивное влияние на казахстанскую молодёжь. В последние годы уровень преступности среди несовершеннолетних в Казахстане находился на одном уровне и, хотя бы, не повышался. Но в этом году уже сейчас наблюдаются позитивные сдвиги.

9 июля 2019 года в Восточно-Казахстанской области прошла церемония подписания Меморандума о взаимном сотрудничестве между 7 структурами по профилактике правонарушений и преступлений среди молодежи. Одной из этих структур было «Детско-юношеское военно-патриотическое движение «Жас Сарбаз».

Стоит отметить, что с начала года в 21 школе Восточного Казахстана функционируют 56 классов «Жас Сарбаз». Там бучаются 1190 ребят. А с сентября будут функционировать уже 127 классов в 83 школах для 3 тысяч учащихся.

Конкретным показателем комплексной работы, проводимой в области, стало снижение количества правонарушений, совершенных молодыми людьми (в возрасте от 14 до 29 лет), за 5 месяцев 2019 года на 12,5% по сравнению с аналогичным периодом прошлого года.

Учитывая, что подобные позитивные изменения уже начали происходить, то стоит ждать улучшения показателей и в других областях. А это значит, что военно-патриотическое воспитание казахстанской молодёжи имеет свои плоды.

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Жас сарбаз ?скери патриотты? сценарий
  • Жас мамандармен кездесу сценарий
  • Жас мамандар семинары сценарий
  • Жас мамандар сайысына сценарий
  • Жас мамандар сайысы сценарий

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии