Ерлік саба?ы сценарий

Cкачать: Ашық сабақ "Ерлік сабағы"



Скачать материал

Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті

Ерлік сабағы



Скачать материал

  • Сейчас обучается 246 человек из 63 регионов

  • Сейчас обучается 420 человек из 64 регионов

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті

Ерлік сабағы

    1 слайд

    Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті

    Ерлік сабағы

  • Гитлер-шілер50 мыңда қару-жарақ пулемет пен минометтіБасып жіберген жау саны...

    6 слайд

    Гитлер-шілер
    50 мыңда қару-жарақ пулемет пен минометті
    Басып жіберген жау саны 5,5 миллион адам болды
    190 дивизияны
    5000 –дай
    ұшақты
    3700 –дей танкті

  • 1418 күнге созылған Ұлы Отан соғысында27 миллион адам қаза таптыАтырау облысы...

    7 слайд

    1418 күнге созылған Ұлы Отан соғысында
    27 миллион адам қаза тапты
    Атырау облысында 9 Кеңес Одағының батыры , 1“Халық қаһарманы”бар
    Атырау облысында 4 қазақ Кеңес Одағының Батыры,1 қазақ қызы“Халық қаһарманы” атағын иеленді
    Даңқты Қарулы Күштердің және еңбек армиясының құрамында
    1 миллион 873 мың қазақстандықтар болды
    Ұлы Отан соғысында 11600 адамға Кеңес Одағының атыры атағы берілді
    110 Қазақстандық үш дәрежелі “Даңқ”орденімен марапатталды
    Атырау облысында 2 қазақ “Даңқ”орденінің үш дәрежесін иеленген
    Оның 97 – сі қазақ
    Атырау облысында4 адам “Даңқ”орденімен марапатталды
    Атырау облысынан 40 мыңнан аса азамат соғысқа аттанып,оның 15 мыңға жуығы оралмайды
    497Қазақстандыққа Кеңес Одағының батыры атағы берілді

  • 110 айға созылған Ауған соғысынаҰлттық Қауіпсіздік комитетінен 572 адамҚазақс...

    8 слайд

    110 айға созылған Ауған соғысына
    Ұлттық Қауіпсіздік комитетінен 572 адам
    Қазақстаннан 22269 жауынгер қатысты
    898 жауынгер құрбан болды
    22 жауынгер іэ-түзсіз жоғалды
    10000 аса жауынгер мүгедек болып қалды.
    417 жауынгер тұтқынға түсті
    119 жауынгер тұтқыннан босатылды
    Мемлекеттік кино,мемлекет-
    тік радио,құрылыс
    Министрлігінен 20 адам
    Ішкі әскерлерден 28 адам
    Кеңес Одағынан 14553 жауынгер қаза тапты
    1000 аса жауынгер соғыстан кейін қаза тапты

  • 2238 күнге созылдыКеңес Одағынан 150051 адам оққа ұшты118 ұшақ қирады800 танк...

    9 слайд

    2238 күнге созылды
    Кеңес Одағынан 150051 адам оққа ұшты
    118 ұшақ қирады
    800 танк қирады
    11369 әскери техника қирады
    Ауған соғысы
    Қазақстанның 11 қаласында және аудандардың 40 елді мекеніне ескерткіштер орнатылды. 2005 жылы 29 шілдеде Ауғаныстан соғысы ардагерлері ұйымдарын біріктіру құрылтайы болып өтті

  • Қамысқала селолық округінде Қабиев ҒатауАққыстау селолық округінде Хисметолл...

    24 слайд

    Қамысқала селолық округінде Қабиев Ғатау
    Аққыстау селолық округінде Хисметолла Исақұлов,Есқали Шолимов,Мақаш Мұханбетов
    Тұщықұдық селолық округінде Үмбет Өтеғалиев, Нәби Маңғыбаев ,Қалыбай Жантілеуов,Мұхат Беркәлиев
    Забурын селолық округінде Ережеп Ғұбашев
    Нарын селолық округінде
    Әліп Ғалиев
    Исатай селолық округінде Көшер Бөлекбаев
    Исатай ауданындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлері

  • Аққыстаулық Мұратов ЕсімМусин    БолатжанҚазыбаев   ТеміржанРысқалиев Нұрқуат...

    25 слайд

    Аққыстаулық Мұратов Есім
    Мусин Болатжан
    Қазыбаев Теміржан
    Рысқалиев Нұрқуат
    Әбуов Жомарт
    Тұщықұдық Садихов Дабысқали
    Мұқанов Әлімғали
    Абдолов Айболат
    Қамсықалалық Мұхтаров Әлмұрат
    Хасанов Арсылан
    Гумаров Қадыржан
    Жанбайлық Тастанов Жантемір
    Исатай ауданында 12 ауған соғысы ардагері бар

  • Гумаров  Қадыржан
1980-81 жылдар аралығында таулы Бадагшан провинциясында,Фай...

    26 слайд

    Гумаров Қадыржан
    1980-81 жылдар аралығында таулы Бадагшан провинциясында,Файзабад қаласында мотоатқыш бөлімшеде сауытты машина командирі болған
    Хасанов Арслан
    1980 жылы Пулихумри провинциясында,Нахрин қыстағында мотоатқыш бөлімшесінде БРДМ -2 сауытты машинасын жүргізушісі болған
    Мұхтаров Әлмұрат
    1980-81 жылдар аралығында Кундуз,Мазаришариф қалаларында жаяу әскерде автоматшы болған

  • Батыр боп іштей тумайды,сірә, әр адам,
Батырлық, мүмкін, туады биік санадан....

    28 слайд

    Батыр боп іштей тумайды,сірә, әр адам,
    Батырлық, мүмкін, туады биік санадан.
    Батырды көрдім, Советтік елдің солдаты ол
    Омырауға орден, медаль қадалған.

    Өткен күн маған сыр айтты ойлы жанардан,
    Қарады жылдар шашынан анау ағарған.
    Батырды көрдім, қан кешіп, қару асынып
    Соғыстан аман оралған.

    Қызықтап жастар сан алуан сауал береді
    Сөзге жоқ батыр.Баяндап қанша керегін.
    Өйткені , Ердің елін еткен еңбегі
    Сатулы емес дер еді.

    Әжім боп мына маңдайда талай жыл жатыр,
    Майдандастарға мәңгілік белгі қырда тұр.
    Басынан кешкен жайларды жырша баяндап,
    Сөйлемейді екен бұл адам.

    Қан кешіп бес жыл еліне туған қайтты аман,
    Ұмытпақ емес басынан кешкен жайтты адам.
    Батырды көрдім өмір бойы ешкімге
    Батырмын деп те айтпаған.

  • 1945-201368 жыл

Краткое описание документа:

Қарумен саптық тұрыста қаруды аузын жоғары қаратып, оң қолдың білегімен белдіктің жоғарғы жағына тигізіп, ал жиналмалы дүмді автоматты аузын төмен қаратып «белдікке» күйінде ұстау керек.

Қол пулеметті аяққа еркін түсірілген оң қолмен дүмін оң аяқтың өкшесіне жанай тигізіп, жерге ту сыртымен қойып ұстау керек.

Автоматты «белдікке» күйінен «кеудеге» күйіне «Автоматты кеудеге!» пәрмені бойынша үш тәсілмен атқарылады:

бірінші тәсіл – белдік бойынша біршама жоғары ұстап, автоматты иықтан алу керек және оның сағағынан және ұңғы кертігінен сол қолмен іліп, өзінің алдына оқжатарын солға қаратып, аузын иектің биіктігінде тік ұстау керек;

екінші тәсіл – белдікті оң қолмен оңға қарай жіберіп тастау керек және оны алақанмен саусақтар жартылай бүгілген және өзіне қарап тұратындай етіп ұстау керек; сонымен бір мезгілде оң қолдың шынтағын баудың астына кигізу керек;

үшінші тәсіл – белдікті бастан асыра лақтырып тастау керек; автоматты дүмінің мойнынан ұстап, ал сол қолды жылдам түсіріп жіберу керек.

Жиналмалы дүмді автомат «белдікке» күйінен «кеудеге» күйіне дәл сол пәрмен бойынша екі тәсілмен алынады:

бірінші тәсіл – оң қолдың шынтағын белдіктің астынан шығармай, автоматты иықтан оң қолмен алу керек және автоматты сол қолымен сағағынан және ұңғы кесігін төменгі жағынан іліп алып, оны өзінің алдына оқжатарын төмен, ауыз жағын солға қаратып ұстау керек.

екінші тәсіл — белдікті бастан асыра оң қолмен сол иыққа лақтырып, онымен автоматты баудағы ұңғы қорабынан ұстап алу керек сол қолды жылдам түсіріп жіберу керек.

Қажет болған жағдайда белдікті босату (тарту) үшін: «Белдікті– босат (тарт)!» пәрмені беріледі.

«Белдікке!» пәрмені бойынша автоматтарды және және қол гранататқыштарды қолға, карабиндерді және пулеметтерді аяққа ұстау керек, ол үшін автоматты оң қолмен бау бойымен біршама жоғары ұстап, оны сол қолмен құндағынан және ұңғы бастырмасынан алып иықтан түсіру керек, өзінің алдына оқжатарын төмен қаратып, иектің деңгейінде ұстап тұру керек. Автоматты сол қолмен ұстай тұрып, оң қолмен ілмегін босатып, дүмін ашып тастау керек. Автоматты оң қолмен құндағынан және ұңғы бастырмасынан алу керек. «Босат (тарт)!» пәрмені бойынша оңға қарай жарты айналым жасап, бір мезгілде сол аяқты алға еңкейтіп, солға қарай бір адым қою керек, қаруды дүмімен сол аяқтың өкшесіне тіреп, ал ұңғысын оң шынтақтың бүгілмесіне қою керек; аяқтың тізелері бүгілмеу керек; оң қолмен белдіктің айлбасынан ұстай тұрып, сол қолмен бауды тарту (босату) керек және өздігінен саптық тұрысты қабылдау керек.

«Қаруды арқаға!», «Белдікке!», «Қаруды түзет!» пәрмендерін орындау.

«Арқаға!», «Белдікке!», «Кеудеге!» пәрмендерін бермес бұрын: «Тежегішке – қой!» пәрмені бойынша қару тежегішке қойылады.

Егер сүңгі – пышақты алып тастау немесе оны салу қажет болса, онда «Сүңгі-пышақты – ал!» («Сүңгіні – қайырып таста)!» «Сүңгі-пышақты (Сүңгіні) – сал!» пәрмендері беріледі.

Қару «белдікке» күйінен «арқаға» күйіне: «Қаруды – арқа-ға!» пәрмені бойынша екі тәсілмен алынады:

бірінші тәсіл – бауды сол қолмен оң иықтан біршама төмен алу керек, ал оң қолмен бір мезгілде дүмнен алу керек (дүмі жиналатын автоматты және гранататқышты ұңғысынан төменгі антабкасынан);

екінші тәсіл – оң қолмен қаруды көтеру керек, ал сол қолмен бауды бастан асыра сол иыққа лақтырып тастау керек; қаруды және қолды жылдам түсіру керек.

Автомат «арқаға» күйінен сүңгі-пышақсыз, ал карабин қайырылып тасталған сүңгісіз алынады.

Қару «арқаға» күйінен «бауға» күйіне «Қаруды белдікке!» пәрмені бойынша екі тәсілмен алынады:

бірінші тәсіл — сол қолмен белдікті сол иықтан біршама төмен алу керек, ал оң қолмен бір мезгілде дүмнен ұстау керек.

екінші тәсіл — оң қолмен қаруды көтеріңкіреу керек, ал сол қолмен бауды бастан асыра оң иыққа лақтырып тастау керек; белдікті оң қолмен алып, сол қолды жылдам түсіру керек.

Автоматты «кеудеге» күйінен «арқаға» күйіне және «арқаға» күйінен «кеудеге» күйіне, сондай-ақ карабинді «арқаға» күйінен «аяққа» күйіне ауыстыру үшін қару алдын ала пәрмен бойынша «белдікке» күйіне алынады.

Жиналмалы дүмді автоматты «кеудеге» күйінен «арқаға» күйіне ауыстыру үшін автоматты ұңғысының ауыз жағынан оң қолмен алу керек және оны «арқаға» күйіне ауыстыру керек.

Автоматты «арқаға» күйінен «кеудеге» күйіне ауыстыру үшін автоматты оң қолмен ұңғысының ауыз жағынан сол иыққа тарта «кеудеге» күйіне ауыстыру керек.

Қарудың дұрыс емес жағдайын жөндеу үшін: «Қаруды түзет!» деген пәрмен беріледі.

Қол пулеметі «арқаға» күйіне ыңғайына қарай алынады.

«Аяққа» күйіне өз орнында тұрып қарумен бұрылыс жасау кезінде алдын ала пәрмен бойынша қаруды біршама көтеріңкіреу керек және бір мезгілде сүңгіні (ауыз жағын) өзіне қарату керек, ал оң қолды оң жамбасқа жеңіл қысу керек. Бұрылыс жасап, бір мезгілде аяқты қоя отырып, қаруды жерге жайлап қою керек.

«Аяққа» күйінде: «Адым – бас!» пәрмені бойынша қарумен қозғалыс жасау үшін қаруды біршама көтеріңкіреу керек, ал «Жүгір!» алдын ала пәрмені бойынша одан басқа сол қолдың шынтағын жартылай бүгу керек.

Жүгіру қозғалысы кезінде қаруды жеңіл бүгілген оң қолмен қарудың ауыз жағы біршама алға қарай болатындай етіп ұстау керек. Сығылысқан саптағы жүгіріс кезінде сүңгіні өзіне қарай алу керек.

«Аяққа», «белдікке» және «кеудеге» күйлеріндегі қарумен қозғалыс жасау кезінде қаруды ұстамаған бос қолмен, ал «арқаға» күйіндегі қарумен қозғалыс жасау кезінде екі қолмен дененің айналасында адымның ырғағымен еркін қозғалыс жасау керек.

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 098 312 материалов в базе

  • Выберите категорию:

  • Выберите учебник и тему

  • Выберите класс:

  • Тип материала:

    • Все материалы

    • Статьи

    • Научные работы

    • Видеоуроки

    • Презентации

    • Конспекты

    • Тесты

    • Рабочие программы

    • Другие методич. материалы

Найти материалы

Другие материалы

  • 09.03.2018
  • 5748
  • 119
  • 09.03.2018
  • 272
  • 0
  • 09.03.2018
  • 266
  • 0
  • 09.03.2018
  • 508
  • 10
  • 09.03.2018
  • 263
  • 0
  • 09.03.2018
  • 401
  • 0
  • 09.03.2018
  • 414
  • 1
  • 09.03.2018
  • 426
  • 4

Вам будут интересны эти курсы:

  • Курс повышения квалификации «Подростковый возраст — важнейшая фаза становления личности»

  • Курс профессиональной переподготовки «Маркетинг: теория и методика обучения в образовательной организации»

  • Курс повышения квалификации «Правовое обеспечение деятельности коммерческой организации и индивидуальных предпринимателей»

  • Курс профессиональной переподготовки «Управление персоналом и оформление трудовых отношений»

  • Курс повышения квалификации «Организация научно-исследовательской работы студентов в соответствии с требованиями ФГОС»

  • Курс профессиональной переподготовки «Клиническая психология: организация реабилитационной работы в социальной сфере»

  • Курс повышения квалификации «Экономика и право: налоги и налогообложение»

  • Курс профессиональной переподготовки «Организация менеджмента в туризме»

  • Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности специалиста оценщика-эксперта по оценке имущества»

  • Курс профессиональной переподготовки «Метрология, стандартизация и сертификация»

  • Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности по водоотведению и очистке сточных вод»

  • Курс профессиональной переподготовки «Организация процесса страхования (перестрахования)»

Патриотизм-адамны? ?з Отанына деген с?йіспеншілік пен адалды?ын к?рсететін сезім. Ол адамны? ?з Отанын к?шті де айбынды етіп, г?лдендіруге ?мтылумен сипатталады, ?андай да бір ?астанды? ?рекеттерден Отанын ?ор?ау?а  дайын болуды білдіреді. Патриотизм сондай-а?  ту?ан жерге, ата-бабасы жат?ан жерге ??штарлы? сия?ты тере? перзенттік  махаббатты да білдіреді. Б?гінгі жас жеткіншектер  келешекте ?з Отанын ?ор?айтын азаматтар боларына  к?міл сенімдеміз. Осындай патриотты?  т?рбие мен ?лтты? рухты, туып-?скен жерге, елге деген перзенттік сезімді арттыру ж?не Отан ?ор?аушылар ретінде азаматты? ж?не адамгершілік ?абілеттерді жо?ары ?стау?а, ?асиетті тілімді ?олдайтын ?лтжанды ?рпа?  ?сіру ма?сатында мектебімізде  ?араша  айыны?  28 ж?лдызында Кусаинов Мереке Ерденбай?лыны? ?йымдастыруымен  «Ерлік саба?ы» ?ткен болатын. Б?л ерлік саба?ыны? та?ырыбы «?шпес ерлікке м??гі та?зым» деп атанды. Ерлік саба?ына ер жетіп, б??аналары бекіп, сана сезімдері оянып келе жат?ан  жас жеткіншектер ?атысып, ?з ойларын білдірді. Патриотизм, елін-жерін с?ю туралы тере?нен ой ?оз?а?ан о?ушылар, атамекенге деген с?йіспеншілікке толы ?ле?дер о?ып, ж?рекке к?п жігер сыйлады.

Просмотр содержимого документа

«Ерлік саба?ы «?шпес ерлікке м??гі та?зым»»

25.02.2020

Ерлік сабағы «Ерлікке тағзым ету-ұрпақ парызы»

Курманов Болат Анарбекович

Мақсаты:
Оқушы бойындағы патриоттық сезімін жоғарылату, Отанына деген намысшылдығын, сүйіспеншілігін арттыру. Отан қорғаушы ретінде азаматтық және адамгершілік қабілетін жоғары ұстауға тәрбиелеу. Қазақстан Республика Қарулы Күштері қатарына әскери борышын өтеуге міндетті екендігін сезіндіру.

Оценить




1259

Содержимое разработки

Ерлік сабағы «Ерлікке тағзым ету-ұрпақ парызы»

Іске асырушылар:

Мектеп әкімшілігі, АӘД пәні оқытушы- ұйымдастырушы, 10-11 сынып оқушылары және сынып жетекшілері.

Маңыздылығы:

Оқушылардың рухани – адамгершілігін дамыту.

Отанына адал қызмет тұтуды мақсат тұтқан сарбаздардың ерліктерін кейінгі ұрпаққа үлгі ету.

Идеясы:

«Қоғамның топтасуының бағыттарының бірі – қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу идеясы болуы тиіс.»

Мақсаты:

Оқушы бойындағы патриоттық сезімін жоғарылату, Отанына деген намысшылдығын, сүйіспеншілігін арттыру. Отан қорғаушы ретінде азаматтық және адамгершілік қабілетін жоғары ұстауға тәрбиелеу. Қазақстан Республика Қарулы Күштері қатарына әскери борышын өтеуге міндетті екендігін сезіндіру.

Міндеттері:

Елбасының «Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын жүзеге асыру, әскер жасына дейінгі жасөспірімдер арасында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында бұл шарада ел өміріндегі әскери қызметтің маңыздылығы атап көрсетіледі. Болашағымызды жалғайтын жас толқынға Отан қорғаудың қасиетті борыш екендігін түсіндіруді көздеген Ерлік сабағы барысында жауынгерлердің Отан қорғаудағы, бейбіт елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы қалтқысыз қызметі жөнінде әдемі әңгіме өрбіту.

Күтілетін нәтижесі:

Мұндай кездесулер жас толқынның жүрегінде Отан алдындағы азаматтық парызын өтеуге қызығушылығын оятуға игі ықпалын тигізетіні сөзсіз. Еңселі ерлердің ерлігін ту еткен бұл жылы жүздесу егемен еліміздің қасиетті қорғаны болу – қазақ халқының барша ер-азаматтарының ұлы борышы екендігін жас буынға жан-жақты түсіндіру

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ ЕТУ – ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ

   Мақсаты: Оқушыларды Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа баулу, көркем шығармалар арқылы ой -өрістерін қеңейту,  пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты:

1. Семейлік кеудесін оққа тосқан батыр-Жанғазы Молдагалиевтің ерлігін үлгі тұту

2. Ауған соғысына қатысушылардың Отан алдындағы антына адал болғандығы оқушылар үшін мәңгілік патриоттық рухтың үлгі –өнегесі болып қала бермек.

3. «Қазбаттың» қайтпас ерлігі ешқашан ұмытылмайды

4.Тарихи тұлғаларды құрметтеуге шақыру. Қазахстан Республикасы Қарулы Күштер қатарына жан жақты жетілген жастарды тәрбиелеу.

    Көрнекіліктер: Мультимедиа проекторы ,кітап көрмесі, фотосуреттер, нақыл сөздер.

    Тәрбие сағатының әдісі: Шығармашылық ізденіс,көрініс, әңгіме, лекция.

    Тәрбие сағатының түрі: Кіріктірілген, семинар сабақ.

    Тәрбие сағатының құрылымы:

 1.Ұйымдастыру

2.Еске алу минуты «Мәңгі ізің өшпейді»

Сахналық қойылым

Батыр есімі ұмытылмайды

Ерлікке ерте бастан тәрбиеле!

3.Қорытынды: Еркін микрафон жұмыс жасайды. 

І-Жүргізуші

Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, алға  қадам басады. Болашаққа рухани мәдинетімізбен қатар ұрпағының ұлттық қасиеттерін сақтауда тарихын үлгі етеді. Ендеше, бүгінгі «Ерлікке тағзым ету – ұрпақтың парызы» атты Ерлік сабағын ашық деп жариялаймыз.

ІІ-Жүргізуші

Әкелінсін туын көтеріп асқақ айбыным,

Қуантып елді, жасартып мәңгі ай,күнін,

Паш етіп жатқа қазақтың дархан байлығын

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы әкелінсін.

Әнұран.

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті бүгінгі шараға қатысушылар!

Ұлы Жеңістің __жылдығына орай облыс көлемінде «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» тақырыбындағы ерлік айлығы өтіп жатқаны жөнінде бәрімізде хабардармыз. Осындай айтулы шара біздің мектебімізде де өз жалғасын табуда.

Әскери-париоттық тәрбие мен жастарды әскери қызметке даярлау қазіргі кездегі ең көкейкесті мәселе. Осыған орай Қазақстан Қарулы Күштерінің беделін арттыру, әскери қызметті ардагерлер ерлігін, игі істерін насихаттау, және сол арқылы жас ұрпақты ізгілікке, адамгершілікке, отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ерлік айлығы аясында «Ерлікке тағызым ету-ұрпақ парызы» атты ерлік сабағына

Хош келдіңіздер, аяулы ардагер ағалар, құрметті ұстаздар және оқушылар!

I Сахналық қойылым:

Бейбіт тірліктегі ел халқы – жастары мен жасамшы көшеде қыдырыстап жүреді.

1941 жыл 21 маусым күні оқушылардың мектеп бітіру кешінен қайтып келе жатқан сәті. Кенет көшедегі радио торабынан елдің тынышын алған қара хабар беріледі.

Кенет радиодан:Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1941 жылы 22 — маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын — қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап,елімізге опасыздықпен басып кірді. Мұны естіген жұрттың дегбірі кетіп, әбден абдырайды.
1 әйел: «Соғыс, соғыс дейді, естідіңдер ме? Сұмдық-ай енді қайттық? Күніміз не болар екен?»
2 әйел: «Қойыңдар жамандық шақырмай. Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?»
1 азамат:
Ат басына күн туса, 
Ауыздықпен су ішер
Ер басына күн туса, етігімен су кешер – деген бар емес пе, жыламаңдар, жастарыңды тиыңдар?

Бәрі: Отан үшін аттанайық!

Бұдан әрі сахнаға әскери киім киген қыздар көтеріліп,

Топпен ән айту «Темная ночь»

Соғыс жалмап аға — іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.

Жүргізуші: Иә,бұл сұм соғыстың отты шарпымаған отбасы кемде-кем шығар.

Үлкен қантөгіспен, ерік-жігермен келген жеңістің біз үшін орны бөлек.Қаншама жас жігіт пен қыз, әке мен ана туған халқының амандығы мен бостандығы, бақыты мен болашағы жолында аямай күресті. Олар тым жас еді. Сонда да өздерінен кейінгілердің өмірінің салтанат құруын армандады, сол үшін жанын қиды.

Видео:Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында!

Сол кезде жауынгерлерге рух берген Майдан әндерін тыңдайық

II.Батыр есімі ұмытылмайды

Ұлы Отан соғысы миллиондаған аданың өмірін алып кеткен, қанды шайқастарға толы күн мен түн ешқашанда ұмытылмақ емес. Еліне, туған жеріне оралмай, жат жердің топырағы бұйырған ерлерді біз әрқашан құрметпен еске аламыз.

Ендеше, барлығымыз Ұлы Отан соғысында құрбан болған жандарды 1 минут тыныштықпен еске алайық.

Рахмет,отырыңыздар!

I.Жүргізуші.

«Ұлы Отан соғысы» мен «Жарияланбаған соғыста» және «Қазбаттың» тәжік-ауған шекарасын қорғау кезінде қаза тапқан , Отан алдындағы қасиетті борышын орындауда құрбан болған боздақтарды 1 минут  үнсіздікпен еске алуларыңызды сұраймын.Рахмет!

Жүргізуші:

Бүгінгі Ерлік сабағына арнаулы шақырылған қонақтарымызды таныстырып өтейін:

1.____________________________________________.

2.Чернобыль ардагері _______________________________________

3.ҚР ҚК ардагері,______________________________________________

____________________________________________________________

Жүргізуші:

Ұлы Отан соғысы кезінде мыңдаған қазақтың балауса жасы елін, туған жерін жаудан қорғауға аттанды.Олардың көпшілігі өмірдің қызығын да көрместен майдан даласында опат болды. Ерен ерлігі үшін 502 қазақстандық азамат Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Біздің облыста он Кеңес Одағының батыры, бір Халық Қаhарманы, төрт «Даңқ» орденінің толық иегерінің болуы-баға жетпес мақтанышымыз.

Үлы Отан соғысы кезінде тыл еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегі, майдандағы жауынгерлерге киім-кешек, тамақ, оқ-дәрі, атты әскер полктарына жылқы және тағы басқа қажетті бұйымдарды жеткізудегі еңбектері ерекше болды.Тылда еңкейген кәрі ата мен әже, әйелдер, кәмелетке толмаған жас балалар уақытпен санаспай, таң атқанннан күн батқанға дейін жартылай аш,жеткіліксіз киім,нашар баспана жағдайында еңбек етті.Соған қарамастан, майданға қажетті нәрселердің барлығын уақытылы жеткізіп отырды.Тамаша еңбектің үлгісін көрсетті.

Ұлы Жеңістің __ жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысы батырларының өмірі мен жанқиярлық ерліктерін насихаттау мақсатында іс-шаралар өткізілуде.Осы мақсатта қыркүйек айынан бастап Атыраулық Кеңес Одағының Батырларының өмірі мен ерлігін жастарға тереңірек таныстыру үшін іс-шаралар өткізілуде.

Өткен ғасырдың ең елеулі оқиғасына айналған Екінші дүниежүзілік соғысты қазақ халқы есінен еш шығармасы анық.Сол миллиондаған боздақ қаны төгіліп, осыншама шаңырақтар қайғы жұтты. Ұмытылмас ерліктер жасалып, қару құрсанған жаумен арыстанша алысқан азаматтардың есімі тарихқа алтын әріппен жазылып қалды. Осындай өшпес ерлік жасағандардың қатарында халқымыздың мақтанышы, жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Молдағалиев Жанғазы Акімұлы
Молдағалиев Жанғазы 1917 жылы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданындағы Бестамақ ауылында туған. Жанғазы жастай жетім қалса да, орта мектептің 8 – сыныбын тәмамдап, аудандық кеңес атқару комитетінде хатшылық қызметін атқарады. Әскери қызметке 1938 жылы шақырылды.
Ұлы Отан соғысы басталған күннен-ақ Жанғазы Молдағалиев гитлершіл басқыншылармен батыл айқасқа түсті. Гвардияшы лейтенант Молдағалиев ротасының жауынгерлері Елизарово селосын азат етіп, жаудың жүзден аса солдаты мен офицерін жойып, 25 гитлершіні тұтқынға алды.
Фашистер оқты үсті-үстіне жаудыртып жатыр. Гвардияшыларға қатер төнді. Молдағалиевтің ротасы тағы да жауынгерлік тапсырма алды. Бұл жолы жау қорғанысының деревняға таяу орналасқан тірек-пункті – 167,2 – биіктікті басып алу қажет.
1943 жылдың қазан айында рота командирі, гвардия лейтенанты Молдағалиевқа Днепрден өтіп, арғы жағалауды басып алу және басқа әскери бөлімшелері келгенше ұстап тұруға бұйрық берілді. Молдағалиевтің басшылығындағы рота түн ішінде қиындықтарға қарамастан өзеннен өтіп, қатты қақтығыстан соң Днепрдің оң жақ жағалауында бекініп алды. Соның нәтижесінде біздің әскерлер Днепрден өтіп фашистерге тұтқиылдан шабуыл жасады. Жау қатты қарсылық көрсетті. Черноправка деревнясы маңында немістер күшті қорғаныс бекіністерін жасаған еді. Біздің әскери бөлімшелердің шабуылдары тоқтап қалды. Жау оқтың астына алды. Осы бір қиын қыстау сәтте гвардияшыл лейтенант Молдағалиев Александар Мотросовтың өшпес ерлігін қайталап, жау дзотының аузын өз денесімен жапты. Сол-ақ екен, жауынгерлер жауға лап қойып, тас-талқанын шығарды. Жаужүрек командирдің ерлігі жауынгерлерге жігер берді. Гвардияшылар қаза болған батырдың кегін қайтарып, жауды талқандады да, тірек пунктін басып алды.
Жанғазы Днепропетровск облысындағы Черноправка деревнясының жанына жерленді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 19 наурыздағы Указымен Жанғазыға Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. Жанғазы Молдағалиев Сталинград, Дон майдандарындағы ерліктері үшін 2 рет «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен, Жоғарғы бас қолбасшының бірнеше мақтау грамоталарымен марапатталды. Жанғазы Калинин, Сталинград, Дон, Воронеж, үшінші Украина майдандарында әуелі взвод, одан кейін ротаны басқарды. Елизарово селосындағы №1 украин орта мектебі мен Семей аймағындағы Абай ауданы, өзінің кіндік қаны тамған жерінде, Тоқтамыс ауылындағы орта мектеп Жанғазы Молдағалиев атымен аталады.

Қазақ халқының мұндай батыр ұл туғанына мақтанамын оның ерлігіне бас иемін» деп жазды.

Аттанған алғы шепке жауды көріп,

Намысы туған елдің қайрат беріп.

Ерлігін бүгінгі ұрпақ етеді аңыз,

Кетсе де, ол бұл өмірден ерте сөніп.

Атойдан ұран салды қалың топқа,

Қарамай түтіндеген өрт пен оққа.

Уралап, биікке өрлеп,дзотты жарды,

Қайран ер Отан үшін ұшты оққа.

Ұлы Отан соғысындағы Одақтағы басқа да ұлттармен бірге, қазақ халқы да батырлық пен шыдамдылықтың, тапқырлық пен еңбекқорлықтың, Отанға деген сүйіспеншіліктің шынайы көрінісін көрсетті, бұл ерлік қазіргі жас ұрпаққа үлгі, өнеге болып қалады.

Жүргізуші:

1986 жылы 26 сәуірде Украинадағы Чернобыль атом электр станциясының 4 блогы жарылып, реактор істен шықты.Апат салдарынан радиоактивті заттар, соның ішінде уран изатопы, плутанин, цезий қоршаған ортаға таралды. Радиоактивті түтін аймақтан асып 10-нан аса мемлекеттің жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз.

Чернобыль апатына қатысқан ардагер ағаларымыз бүгін біздің ортамызда. ___________________________________________________________

Адамзатқа орны толмас қасірет әкелген Чернобыль оқиғасына биыл ____жыл толады. Астанада Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан ардагерлерге ескерткіш ашылды. 1986 жылы сәуір айындағы Чернобыльдегі апат әлемді дүр сілкіндірді. Бұл оқиға қаншама адамның тәнін ғана емес, жүрегінде де жара қалдырды.

Чернобыль-Украинадағы шағын қалаалардың бірі.Мұндағы атом электр станциясы 1971 жылы салына бастаған. Жоспар бойынша 6 энергия блогының барлығы іске қосылған жағдайда ол Еуропадағы ең алып атом электр станциясына айналуы тиіс еді.Апатты жағдай бәрін бұзды.

1986 жылы 26 сәуір Мәскеу уақыты бойынша түнгі сағат 23 минут 58 секундта әсем де ежелгі Киев қаласынан небәрі 157 шақырым қашықтықтағы Чернобыль атом электр станциясында адам айтқысыз алапат апат болды.

Талайдың тағдырын шайқаған Чернобыль апатын залалсыздандыруға Кеңес Одағы бойынша 276 әскери бөлім қатысқан.Солардың ішінде әскерде жүргендері бар,азаматтық борышын бұрын өтегендерден қайта шақырылғандары бар, жалпы алғанда 30 мыңнан астам Қазақстандықтар бір кісідей жан аямай ат салысты7

Жүргізуші:

1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып,оның арты аяқталмас соғысқа айналды.Бұл қайрат елдің өз ішінде ғана емес,оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды.Ауғандағы және оның айналасындағы шиеленісті жағдайлардың өршуіне байланысты ауғандық жетекшілер тарапынан Кеңес Одағына өтініштер түсе бастады.

1979 жылы 25 желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 15.00-дк КСРО қорғаныс Министрі берген бұйрығымен Ауғанстанға Кеңес әскерін енгізу басталды.Командирлер бұл қысқа мерзімдік акция,тапсырманы орындаймыз да кетеміз деді.Ал бірақ акция тағы үш жылдан астам уақытқа созылатының олар білмеді.Кеңес әскерлерінің Ауғанстанға енгізілгені Кеңес басшыларының өрескел қателігі болды.

Соғысты кинодан қарағанда қызық, ал өмірде бұл мүлде керісінше. Соғыс жан алып , жан беру. Соғыс халықтын басына келген қасірет жұт. Ауған елінде 1979-1989 жылдары 10 жыл бойы, 110 айға созылған ұрыс қимылдары жүрді. Осы Ауған соғысында Кеңес Одағынан 14553 жауынгер қаза тапты,Қазақстаннан 22269 жауынгер қатысты, 898 жауынгер құрбан болды, 22 жауынгер із-түзсіз жоғалды. Соғыста 417 жауынгер тұтқынға түсті, 119 жауынгер тұтқыннан босатылды. Мемлекеттік кино мен радиодан, Құрылыс Министрлігінен 20 адам, ішкі әскерден 28 адам, Ұлттық қауіпсіздік комитетінен 572 адам қаза тапты. 2238 күнге созылған Ауған соғысында Кеңес Одағынан 150051 адам оққа ұшты, 118 ұшақ , 800 танк , 11369 әскери техника қирады.

— Өтер жылдар, артып тағы алыстап

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың

Ауғандағы азап шеккен арыстар — деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамады, ерлік өлмеді, замандарға жалғаса берді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері.

«Ерлік — жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау – біз үшін бір ғанибет. Құрметті ағалар, сол бір сұрапыл соғыстың естеліктерін ортаға салып үзінді айтып берсеңіздер

Жүргізуші:

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында 7 сәуірдің алатын орны ерекше. Бұл күн – осыдан ___жыл бұрын Ішкі әскерлер тарихына өшпес із қалдырған өлшеусіз ерліктің күні болып саналады. Дәл осы күні тұтқиылдан тап берген жаумен болған қанды ұрыста ішкі әскердің 17 жауынгері қапыда қаза болды. Олар қыршын кетсе де, ақтық демі қалғанша арпалысып, ел намысын бермеді. Биылғы жылдың 7 сәуірі күні сол сұм шайқастың болғанына он сегіз жыл толды. ІІМ Ішкі әскерлер комитеті елордадағы «Отан-Ана» монументі алдында ерлік үлгісін көрсетіп, мерт болған жауынгерлерді еске алды. 

90-шы жылдары Тәжікстан шекарасын қару-жарақ пен есірткі дәлізіне айналдырмақ болған қарулы топтарға батыл тосқауыл қойған қазақстандық батальон жауынгерлерінің ерлігі ел есінде. ТМД елдерінің 1992 жылдың 15 мамырында қабылданған «Ұжымдық қауіпсіздік туралы» халықаралық келісімшартына сәйкес Қазақ елінің бітімгерлік батальоны 1993-1999 жылдар аралығында тәжік-ауған шекарасын күзетуге жұмылдырылған болатын. Осы уақытта кезекті ауысым бойынша 20 құрама рота құрылып, 2 мыңнан астам жауынгер жат жердің шебін қорғап, тәжік халқының тыныштығын сақтауға ат салысты. Бірақ 1995 жылдың 7 сәуірінде орын алған қайғылы оқиға қарасы қалың қазақ елінің қабырғасын қайыстырды. Таулы Памирдің Пшихавр шатқалынан жүк алып өтіп бара жатқан ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің бітімгерлік колонасы тұтқиылдан ауғанстандық моджахедтердің нысаналы шабуылына ұшырайды. Төрт сағатқа созылған қанды қақтығыста Ішкі әскердің 17 жауынгері оққа ұшып, отыз үш әскери қызметші түрлі дәрежедегі жарақат алады. Бірақ өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарды. Шайқаста қаза болған Ішкі әскер жауынгерлерінің есімдері олар қызмет еткен әскери бөлімнің жеке құрамының тізіміне алтын әріппен жазылды. Оларға арналып Ішкі Әскерлердің барлық әскери бөлімдерінде ескерткіштер мен тақталар орнатылды.

Астаналық Отан қорғаушылар саябағындағы «Отан-Ана» монументінің жанында Ішкі Әскерлердің 17 батыр жауынгерін еске алу аллеясы бар. Бұл оқиға туралы естелік кітап жарық көріп, «Казбат» деректі фильмі түсірілді..Содан бері ___ жыл өтсе де, Ішкі әскер жауынгерлері жат жерде ерлікпен оққа ұшқан алаш ұлдарын еске алып, аруақтарына тағзым етіп келеді. Отанына адал қызмет тұтуды мақсат тұтатын сарбаздардың мұндай ерліктері кейінгі ұрпаққа үлгі екені сөзсіз. Олар Қазақстанның Ішкі әскерлерінің қатарынан шыққан даңқты ұлдар, аяулы ерлер ретінде мәңгі есте қалмақ.

Тәуелсіз Қазақстан үшін, ел үшін ерлік жасаған батырлар туралы жастарға жеткізу – біздің міндетіміз. 1993 жылдан 2001 жылға дейін қазақ жауынгерлері көршілес Тәжікстандағы лапылдаған соғыс оты біздің елге көшпесін деп қан төгіліп жатқан ауған шекарасын күзеткенін бүгін еске бәрі де ала қоймас. 1995 жылы 7 сәуірде қоршауға түсіп, ұзаққа созылған шайқаста қаза болған қазақстандық 17 жауынгер өз әскери борышын абыройлы атқарды. Бұл да еліміздің тарихы. Бүгінгі жастар, болашақ ұрпақ осы және тағы да басқа Қазақстанның батыр жауынгерлерін ұмытпауы қажет.

Видео:Қан майдан қаһармандарына мың тағзым!

Топпен ән айту

Тыныштық баршамыздың ұранымыз,

Мәңгілік таусылмайтын жыр-әніміз.

Арманның асқарына қанат қаққан,

Бақытты бейбіт елдің ұланымыз.

Ән:«Бейбіт күн тілегі»,

Жүргізуші: Біздің әр күніміз-тарих,Әр күніміз-ерлік шежіресі. Сол тарихты жасаған батырларды ерлік жолын қағаз бетіне түсіру арқылы бүгінгі ұрпаққа үлгі етеді.Олай болса «ұлы таулар аласармайды, ұлы есімдер ұмытылмайды»дегендей Боран ата өмірі бізге үлгі, ұрпаққа мұра, алдында бас иіп, кешімізді жалғастырайық!

III.Ерлікке ерте бастан тәрбиеле!

Жырым барда жаралған жаныңды емдер,

Өлгендердің жәнатта болсын жаны,

Тірілерің мың жаса, дәрулеңдер-дей келіп, құрметті қауым, бүгінгі күннің арнаулы шақырылған қонақтарының қатысуымен ерлік сабағын әрі қарай жалғастырамыз.

Құрметті қонақтар тағы да қош келдіңіздер!Өз өмірлеріңіздегі естеліктеріңізден сыр шертіп, көрген қиындықтарыңызды,Қарулы Күштердің қазіргі таңдағы жетістігі туралы әңгімелеп берсеңіздер.

Ардагерлер еске алар өткендерді,

Өмір үшін өртеніп кеткендерді.

Ал, бүгін мақтан етер ұрпақтары,

Жеңіс алып, еліне жеткендерді,-

Қымбатты ардагерлерімізге, қонақтарымызға сөз беріледі./Ашық микрофон/

Сіздер айтқан естеліктер бүгінгі ұрпаққа, өсіп- өркендеп отырған қоғамға көбірек қажет деп ойлаймын. Өйткені «Жақсының жақсылығын айт,нұры тасысын» дегендей, асыл азаматтардың жүріп өткен жолдары, ел қамын жеген мақсат-мұраты мен тындырған игі істері әр қазақ баласы ғибрат аларлықтай үлгі – өнеге болмақ.

— Қорғаныс бөлімі қызметкерлері өз еңбек жолдарыңыз жайында әңгімелеп берсеңіз.Оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие берудің маңызы туралы сөз қозғасаңыз.

-Ауған соғыс ардагеріҚадыржан аға! Рахмет әңгімеңізге ауған соғысының отты жылдары бүгінгі өмір сүріп отырған ұрпаққа өшпес өнеге болуға тиіс дейсіз ғой.

Сұрақтар қандай әскери оқу орындары бар?

Майдан әзілдері:

Көркемсөз. Оқитын

-Бүгінгі таңда елім деп, жерім деп, күн-түні көз ілмей Отан қорғап жүрген сарбаздарымызға арналады.

Ән: Сарбаздар

Біз Отанның ұланымыз,

Біз Отанның қыранымыз!

Біз бақыттың түлегіміз!

Біз Отанның жүрегіміз!

Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар бүгінгі шарамызды аяқтай келе батырлыққа, батылдыққа баулаған өнегелі ерлік сабағы болды деп түйіндейміз.

Кейінгі жастарға үлгі аларлық оқиғаларды әсерлі әңгімелеп бердіңіз үшін, мектеп ұжымы атынан және шәкірттер атынан көп-көп алғыс айтамыз. «Ерлік ешқашан ескірмейді» деген бүгінгі жас сіздерді әрқашанда мақтан тұтады.Ал оқушыларымызға айтарымыз Отанның және халқыңа берілген патриот ұл –қыздары болыңдар.Ешкім де, ешқашан да соғыстың не екенін білмесін деп тілеймін.Алайда, бүгінгі ұрпақ-өздерінің бейбіт өмірінде, алаңсыз күлкісінде, тыныш ұйқысында, үміттері мен армандарында, тербелген талбесіктердің қуанышында, аққу махаббаттарының бал татыған қызықтарында Отанды қорғаған аталарының, апаларының ерлігінің үлесі тұрғанын ұмытпаулары керек. Ұмытпайды да.

Оқушылар бірге:Ерлікті ешқашан ұмытпаймыз!

Ән:«Ана туралы балада»

Жас ұрпақ тілегі:

Бейбіт күн асқары.

Ашық боп тұрсын де

Әлемнің аспаны!

Топпен ән айту:

«Әрқашан күн сөнбесін!»

2-жүргізуші:

Оқушылар ертеңнің иесі, мәңгілік елдің ұпақтары сендерсіңдер. Өз мірлеріңіз өз қолдарыңда «Ерен еңбек пен ерлік бағаланбай қалмайды» дегендей Отан үшін адал еңбек етіңдер, ел үшін ерлік іс тыңдырыңдар!

Құрметті ардагер ағалар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі«Ерлікке тағызым ету-ұрпақ парызы» атты ерлік сабағын аяқтаймыз, Бүгінгі шарамызға алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет!

Қош сау болыңыздар!

Адрес публикации: https://www.prodlenka.org/metodicheskie-razrabotki/398441-erlik-sabay-erlikke-tazym-etu-rpa-paryzy

Также вас может заинтересовать

  • Сценарий литературно-музыкальной композиции ко Дню Победы.
  • Литературно – музыкальная композиция, посвященная Великой Победе русского народа в Великой Отечественной войне.
  • Методическая разработка сценария к 70-летию Сталинградской битвы.
  • Сценарий концерта посвященный ко Дню Победы
  • Сценарий литературно-музыкальной композиции «Дети Великой Отечественной»

Свидетельство участника экспертной комиссии

«Свидетельство участника экспертной комиссии»

Оставляйте комментарии к работам коллег и получите документ
БЕСПЛАТНО!

Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебі

Тәрбие сағаты:

Дайындаған: А.Б. Таубаева

5 «а» сынып

2013 2014 оқу жылы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран.

Тәрбие сағатының мақсаты:

а) Тәрбиелік: Отанды сүюге, елжандылыққа, табандылыққа, адалдыққа, шыншыл болуға,

батырларын тани білуге, Отанды қорғай білуге, белсенділікке, әскери іске

сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

ә) Білімділікке: Өз ойын жеткізе білуге, мәнерлеп оқуға жетелеу.

б) Дамытушылық: Оқушының ізденісін арттыру, түйінді ой айта білуге дағдыландыру.

Көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер, буклет.

Тәрбие сағатының жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Ұрпағы батыр елдің арманы жоқ

(саяси – патриоттық тәрбие)

2. Еңбегімен жеңісті жақындатқан

(еңбек тәрбиесі)

3. Ұлыққа тағзым – ұрпаққа парыз.

(адамгершілік тәрбие)

Әнұран орындалады.

Мұғалімнің сөзі:

Бүгінгі жеңіс күні қарсаңында қан майданда ерлігімен, еңбегімен елімізге бейбіт өмір сыйлаған

аталарымыздың рухына бас иіп, еске аламыз.

Халқымыз үшін зор шығынмен келген Жеңістің қадірқасиеті майдангерлердің де, соғыс

тақсыретін бала болып тартып есейген біздің әкелеріміздің де, кейінгі ұрпақтың да жадында. Ерен ерлік

пен өлшеусіз еңбектің арқасында қолымыз жеткен бейбітшілік 45жылдың көктемінде сақталып қалды.

Жау келгенде қолға қару алып дұшпанға қарсы шыққан, бейбіт өмірмен қауышқанда қираған

шаруашылықты қалпына келтіруге ғұмырларын арнаған ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне біз мәңгі

қарыздармыз.

Ажал оғын шашқан аждаһардай айбарлы жаумен айқасу үшін Маңғыстау түбегінен алты мыңнан

астам азамат аттанған. Сол боздақтардың төрт мыңдайы от ортасынан оралмай қалды. Соғыс салған

сойқан ішінде ізтүзсіз кеткендері қаншама!

Маңғыстау топырағынан майданға аттанғандар арасында есімдері беймәлім қалған ерлер

болғанына күмән жоқ. Соғыстың аласапыран дүрмегі наградаға ұсынған талай қағазды қалтарыста

қалдырған да аян. Маңғыстаудай маңғаз түбектен аттанған боздақтар соғысқа награда үшін

келмегендерін, ел шебін қатыгез жау тырнағаннан тезірек босатып, елжұртына аманесен оралуды ғана

ойлағандарын айту керек. Ұлы Отан соғысының тарихынан лайқты орын алған Маңғыстаулық

батырларымызды атасақ, олар Мәди Бегенов, Жұмағали Қалдықараев, Исатай Сүйеубаев, Біләл Қалиев.

1 оқушы: Мәди Бегенов 1916 жылы Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы Ақжігіт деген

жерде дүниеге келген. Мәди орталау мектепті ғана бітірген. Әкеден 12 жасында айырылып еңбекке

араласа бастайды. 1938 жылы күзде әскерге алынып, 1939 жылы Балтық жағалауында әскери борышын

өтеп жүріп, Ұлы Отан соғысына қатысады. Ол Сталинград, Курск маңындағы ұрыстарға қатысып, кейін

203 атқыштар дивизиясына ауысады да, барлаушылар бөлімшесінің командирі болады. 1943 жылы 22

қыркүйекте Днепр жағалауында өткен шайқаста Мәди бір өзі жаудың жеті солдатын, бір унтерофицерін

жер жастандырады. 1944 жылы 19 наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша

аға сержант Бегеновке Днепрден өтерде көрсеткен асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін Кеңес

Одағының Батыры атағы беріледі. Бейнеу ауданында батырдың атында мектеп бар.

2 оқушы: Жұмағали Қалдықараев 1922 жылы Кетік (Форт Шевченко) қаласында дүниеге

келген. Ол еңбек жолын колхозда тракторшы болудан бастаған. Соғыстың алғашқы жылдарында

майдандағы 7гвардиялық атты әскер корпусына жаумен шайқасқан. Жұмағали Орел, Курск, Белгорд,

Харьков үшін шайқастарды артқа тастап, ерлік істер тындырған. 1943 жылы кыркүйек айында Днепрден

өтер тұста жаудың пулементтен тынымсыз оқ жаудырғанына қарамастан Қалдықараев бастаған жігіттер

өзеннен өтуге кірісті. Өзеннің үштен екісінен өткен тұста жау снарядтары қардай борайды. Осындай

ерен ерлігімен қаза тапқан. Днепрден өтердегі ерлігі үшін оған Кеңестер Одағының Батыры атағы

беріледі. Бірақ бұл награданы алу оған бұйырмайды.

3 оқушы: Исатай Сүйеубаев 1913 жылы Маңғыстау ауданы Тиген жерінде дүниеге келген.

Ұлы Отан соғысында ерлік жасаған даңқты жауынгер. 1942 жылдың тамыз айында Армия қатарына

шақырылған. Ақпан айында Салинград майданындағы 21армияның 292атқыштар дивизиясының 1036

полкының автоматшылар ротасында болды. 1942 жылдың 22 қарашада басталған Сталинград түбіндегі

қарсы шабулда танк десантшылары құрамында жау шебін бұзу ұрысына қатысады. Осы ұрыста жаудың

182 солдатын 7 бекінісін жояды. Жараланғанына қарамастан ұрыс даласын тастамайды. Исатай осы

ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған екен. Бірақ белгісіз себептермен Батыр атағы

берілмей, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылы 14 ақпандағы жарлығымен Ленин ордені

берілді. Халық ақыны Сәттіғұл Жанғабылов інісіне отты өлең жолдарын арнаған. Исатай 1947 жылы 16

қыркүйекте Астарханға бара жатып қайғылы қазаға ұшырайды. 1993 жылы жазда жерлестері ағайын

туғандары батырдың сүйегін ата қауымы Тигенге, анасының қасына әкеліп құрметпен жерлеген.

1994 жылы Маңғыстаудың ер ұлы Исатайдың зираты басына күмбезді кесене тұрғызылады.

4 оқушы: Маңғыстаудың бір перзенті Біләл Қалиев. Кеңес Одағының Батыры атағын

иеленген. Ол 1941 жылы 7 тамызда құрамында 16 ұшағы бар эскодрилья полкіндегі Преображенскийдің

бастауымен Берлинді бұрғылай ұшып, 1760 шақырым шалғай жол кешіп, әскери тапсырманы

бұлжытпай орындап, өз базасына аманесен оралған. Сөйтіп, Біләл Қалиевке әуе шабуылында көрсеткен

теңдесі жоқ ерлігі үшін 1941 жылы Батыр атағы берілді. Бұл ерлігі туралы мағұлымат елге кезінде

жетпеген. 1942 жылы14 шілдеде Липецкі аспанында күші басым жаумен шайқаста ерлікпен қаза болған

туралы қарақағаз келген.

Өлгендерді ұмытпаңдар

Сөзі: Сырбай Мәуленов

Әні: Шәмшәдин Сабытаев

1. От ішінде шыныққандар,

Қасиеттен атқан таңдар.

Ұмытпаңдар, ұмытпаңдар

Құрбан болып жатқан жанды

Қ сы

Солар құрбан болған үшін

Атады енді күліп таңдар

Солар сенің ар – намысың

Ей, тірілер ұмытпаңдар

2. Қанды майдан түлектері

Жауды жеңген алыптары

Өлмес үшін жүректері,

Жалын болып танып жатыр

Қ сы

Солар құрбан болған үшін

Атады енді күліп таңдар

Солар сенің ар – намысың

Ей, тірілер ұмытпаңдар

Ерлігімен жеңісті жақындатқан

(Маңғыстау соғыс жылдарында)

Қасиетті Маңғыстау топырағы қай заманда да ат тұяғының дүбірінен, атой салған аласапыран

кезеңдерінен кенде қалып көрген жоқ. Кезінде жеті жұт келіп жайқалған бұл өңірдің ұландары аттың

жалы, атанның қомында белі қатайып, ел мен жер намысынқорғап есейген.

Ұлы Отан соғысы басталған кезде Маңғыстау өлкесінде Маңғыстау және ФортШевченка

аудандары болған. Маңғыстау ауданының экономикасы негізінен мал шаруашылығы болуына

байланысты еңбекшілер «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранды басшылыққа ала

отырып, мал басын аман сақтап, соғыс уақытының талабына сай шаруашылық жұмысты қайта құрып,

майданға көптеп көмек жіберуге жұмылады.

Ауыл азаматтары соғыстың алғашқы айларынан бастап, Қызыл Армия қатарына майданға алына

бастаған. Көптеген жанұялардың баскөтерер ер азаматы қолына қару алып, майданға аттанады, олардың

орнында қалған әйелдер еңбек майданына араласады. Әйелдер басқару орындарында, егін және мал

шаруашылықтарында тіпті көмір тресінде де жұмыс істеген. Олар күнделікті жұмыс көлемін асыра

орындап отырады. Олар партия мүшесіне кандидат, комсомол мүшелері қызметін атқарады.

Майданға көмектесудің ең бір маңызды саласы Қызыл Армияға жылы киім жинау жұмысы

болатын. Соғыс жылдарында еңбекшілері тон, тоқыма шалбар, күпі, байпақ, қолғап, шұлғау, бас киім,

көрпе жинап майданға жібереді. Сонымен қатар олар ақша, облигация, күміс, тері және жүн тапсырады.

Аудан еңбекшілері өздерінің жанқиярлық еңбектерінің арқасында соғыс уақытының қиындығына

қарамастан жылмажыл мал басының өсуін қамтамасыз етіп, тапсыратын ет, сүт, жүн өнімдерін

жоспарынан асыра орындап отырады. Еңбекшілердің қажымас қайраты, Отанға деген сүйіспеншілігі

арасында соғыс жылдарында мал басы өсіп, аудан экономикасы айтарлықтай нығайған.

Маңғыстау түбегі малшыларының соғыс жылдарындағы жанқиярлық еңбегі жоғары бағаланып,

1948 жылы 13 адам Ленин орденімен, 10 адам Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталады. Өлкеміздің 9

колхозшысына Социалистік Еңбек ері атағы беріледі. Олар: Ұзақбай Есқожаев, Балажан Қажашева,

Кенған Қошақанов, Нұрсейт Бейнеуов, Тұржан Құлбеков, Дүйіш Сәтбаев, Сатыбалды Сисенбаев, Дүйсе

Бердібеков, Жанбөпе Мергенбаева.

5 оқушы: Дүйсе Бердібеков Киров атындағы колхозды алғаш ұйымдастырушылардың бірі болған.

Соғыс басталар қарсаңында Қызыл Армия үшін жылқы жинау науқаны басталып, шаруашылық

басшылары мұндай жауапты жұмысқа ауыл, ел арасындағы беделді азамат Дүйсе Бердібековті

тағайындайды. Ол басқаратын ферма соғыс жылдарында мемлекеттік тапсырмаларды үнемі асыра

орындап, жеңісті жақындатуға еселеп үлес қосқан.

6 оқушы: Маңғыстау өңіріндегі әйелдердің соғыс жылдарындағы жиынтық бейнесін Қожашева

Балажан өмірінен табуға болады. 1941 жылдан 1958 жылға дейін колхоздың товарлы жылқы фермасын

табан ауыстырмастан басқарып келеді. Бұл жылдар ішінде оның фермасы табыс биігінен сан мәрте

көрініп, аудандық, облыстық жастардың жеңімпазы атанады. Қазақстан Компартиясының кезекті

съезіне делегат болды. Орталық Комитет мүшелігіне сайланады.

7 оқушы: Қошақанов Кенхан 1930 жылы жаңа ұйымдастырылып жатқан балықшылар колхозында

еңбек етеді. Өндірістік тапсырманы асыры орындап, соғыс жылдарындағы ерлігіне парапар еңбегі

жоғары бағаланып, «19411945 жылдардағы еңбектегі ерлігі үшін» медалімен наградталады. Соғыс

аяқталар қарсаңында жаңа ұйымдастырылып жатқан «Қарақұм» колхозына төраға етіп тағайындайды.

Соғыс жылдарында туралап қалған артелдердің басын құрайды. Тынымсыз еңбегінің нәтижесінде жаңа

шаруашылық мемлекеттік жоспарларын асыра орындайды.

8 оқушы: Маңғыстау жерінде шаруашылықтарды ұйымдастыруға белсене қатысқандардың бірі

Есқожаев Ұзақбай, «Жыңғылды» колхозында жаңа ұйымдастырылып жатқан жылқы фермасын өз

жауапкершілігіне алады. Соғыс жылдарында майданға Адай жылқыларын мүлтіксіз орындап, «Құрмет

Белгісі», «Еңбек Қызыл ту ордендерімен», 1945 жылы «19411945 жылдардағы ерлік еңбегі үшін»

медалімен наградталады.

9 оқушы: Құлыбеков Тұржан соғыс басталған Калинин атындағы колхоздың төрағасы болып

сайланды. Ел басына күн түскен ауыр жылдарда қоғам малын бағып күтудің барлық қиындықтарын

басынан кешкен. Ұйымдастырушы, белсенді ауыл азаматы екенін көрсетіп, Қамысты ауылдың кеңесіне

төраға болып сайланады. Ауылдастарының сауатын ашуға, білім мен мәдениетке ұмтылыс жасауына өз

ісімен үлгі бола білген.

10 оқушы: Мергенбаева Жанбөпе жылқышы. Еңбек жолын 1938 жылы Ембі ауданында диханшы

болудан басталған. 1942 жылы колхозда жылқышы, 1944 жылы ферма меңгерушісі болып істеген. Ұлы

Отан соғысы кезіндегі аянбай істеген еңбегі ескеріліп, Қазақстан Компартиясының 5,8 съездерін, ал

1952 жылы Дүниежүзілік әйелдер форумына делегат болып қатысқан.

11 оқушы: Соғыстың сұрапыл жылдарында Сәтбаев Дүйіш басқаратын ферма әскерге көмек ретінде

жүздеген жылқы өсіріліп, майданға жөнелткен. Бірнеше жыл қатарынан мал басын өсіру жөніндегі

мемлекет тапсырмасын орындап өзаттар сапынан табылған. Ол басқаратын ферма бүкіл Маңғыстау

өңірінің мақтанышы.

12 оқушы: Қай жұмысқа да тындырымды. Сисенбаев Сатыбалдыға 1942 жылы колхоз басқармасы

жылқы өсірумен айналысатын ферманы басқару міндетін жүктейді. Соғыс жылдарының ауыр

тауқыметін тартып жүрсе де, жылқы шаруашылығын өркендетуге күш жігерін салып,

ұйымдастырушылық қабілетін аямайды. Үш жыл ішінде фермадағы жылқы санын үш жарым еседей

өсіреді. Осындай жеңіс жолындағы ерен еңбектері жоғары бағаланады.

13 оқушы: Нұрсейіт Бейнеуов Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылында алғашқылардың бірі болып

54 жасында 1930 жылы «Орпа» ауылшаруашылық артелін құрады. Оны басқару өзіне тапсырылады.

Соғыс басталар қарсаңында жылқы өсіретін жаңа шаруашылықты басқару тапсырылады. Маңғыстау

өңірінде өсірілетін Адай тұқымы жылқылардың өрісі соғыстың небір сұрапыл кезеңдерінде жалпақ

жұртқа әйгілі болғаны мәлім. Нұрсейіт Бейнеуов басқарған жылқы шаруашылығы соғыс жылдарында

айтарлықтай табысқа ие болады.

Көркем сөз

Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ

Сөзі: жерлес ақын Есенғали Бөкенбаевтікі.

Білеміз сұм соғыстың кезеңдерін,

Сел болып аққан қанның өздерін.

Елімді, Отанымды олжалауға,

Жау оғы жан ұшырып кезенгенін.

Көтердік сол соғыстың зардаптарын,

Қайғылы, қатерлі кез салмақтарын.

Елімнің бақыты үшін шарит болған,

Аяулы ардагерлер, саңылақтарым.

Болса да жер шарының кеңестігі

Оңай бізге келген жоқ Жеңіс күні

Жеңіс үшін аянбай қызмет етіп,

Тылда да еңбегімен тер төккені.

Ұлылыққа тағзым – ұрпаққа парыз.

Соғыс жылдарындағы балалар әкелерін майданға аттандырып салып, елдегі шаруашылық

тұтқасын аналарымен бірге өз қолдарына алаған. Сол соғыс жылдарындағы балалар тылда тыным

алмаған. Олар байтақ елімібен, білек сыбанған қалың жұртпен Жеңісті сағат сайын жақындата түскен.

Слайд 1Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті

Ерлік сабағы

Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиетіЕрлік сабағы


Слайд 71418 күнге созылған Ұлы Отан соғысында
27 миллион адам қаза тапты
Атырау облысында

9 Кеңес Одағының батыры , 1“Халық қаһарманы”бар

Атырау облысында 4 қазақ Кеңес Одағының Батыры,1 қазақ қызы“Халық қаһарманы” атағын иеленді

Даңқты Қарулы Күштердің және еңбек армиясының құрамында
1 миллион 873 мың қазақстандықтар болды

Ұлы Отан соғысында 11600 адамға Кеңес Одағының атыры атағы берілді

110 Қазақстандық үш дәрежелі “Даңқ”орденімен марапатталды

Атырау облысында 2 қазақ “Даңқ”орденінің үш дәрежесін иеленген

Оның 97 – сі қазақ

Атырау облысында4 адам “Даңқ”орденімен марапатталды

Атырау облысынан 40 мыңнан аса азамат соғысқа аттанып,оның 15 мыңға жуығы оралмайды

497Қазақстандыққа Кеңес Одағының батыры атағы берілді

1418 күнге созылған Ұлы Отан соғысында27 миллион адам қаза таптыАтырау облысында 9 Кеңес Одағының батыры , 1“Халық


Слайд 8110 айға созылған Ауған соғысына
Ұлттық Қауіпсіздік комитетінен 572 адам
Қазақстаннан 22269 жауынгер

қатысты

898 жауынгер құрбан болды

22 жауынгер іэ-түзсіз жоғалды

10000 аса жауынгер мүгедек болып қалды.

417 жауынгер тұтқынға түсті

119 жауынгер тұтқыннан босатылды

Мемлекеттік кино,мемлекет-
тік радио,құрылыс
Министрлігінен 20 адам

Ішкі әскерлерден 28 адам

Кеңес Одағынан 14553 жауынгер қаза тапты

1000 аса жауынгер соғыстан кейін қаза тапты

110 айға созылған Ауған соғысынаҰлттық Қауіпсіздік комитетінен 572 адамҚазақстаннан 22269 жауынгер қатысты898 жауынгер құрбан болды22 жауынгер іэ-түзсіз


Слайд 9
АУҒАН СОҒЫСЫ
Қазақстанның 11 қаласында және аудандардың 40 елді мекеніне ескерткіштер орнатылды.

2005 жылы 29 шілдеде Ауғаныстан соғысы ардагерлері ұйымдарын біріктіру құрылтайы болып өтті

АУҒАН СОҒЫСЫҚазақстанның 11 қаласында және аудандардың 40 елді мекеніне ескерткіштер орнатылды. 2005 жылы 29 шілдеде Ауғаныстан соғысы


Слайд 24Исатай ауданындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлері

Исатай ауданындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлері


Слайд 25Исатай ауданында 12 ауған соғысы ардагері бар

Исатай ауданында 12 ауған соғысы ардагері бар


Слайд 26Гумаров Қадыржан
1980-81 жылдар аралығында таулы Бадагшан провинциясында,Файзабад қаласында мотоатқыш бөлімшеде сауытты

машина командирі болған

Хасанов Арслан
1980 жылы Пулихумри провинциясында,Нахрин қыстағында мотоатқыш бөлімшесінде БРДМ -2 сауытты машинасын жүргізушісі болған

Мұхтаров Әлмұрат
1980-81 жылдар аралығында Кундуз,Мазаришариф қалаларында жаяу әскерде автоматшы болған

Гумаров Қадыржан1980-81 жылдар аралығында таулы Бадагшан провинциясында,Файзабад қаласында мотоатқыш бөлімшеде сауытты машина командирі болғанХасанов Арслан1980 жылы Пулихумри


Слайд 28Батыр боп іштей тумайды,сірә, әр адам,
Батырлық, мүмкін, туады биік санадан.
Батырды көрдім,

Советтік елдің солдаты ол
Омырауға орден, медаль қадалған.

Өткен күн маған сыр айтты ойлы жанардан,
Қарады жылдар шашынан анау ағарған.
Батырды көрдім, қан кешіп, қару асынып
Соғыстан аман оралған.

Қызықтап жастар сан алуан сауал береді
Сөзге жоқ батыр.Баяндап қанша керегін.
Өйткені , Ердің елін еткен еңбегі
Сатулы емес дер еді.

Әжім боп мына маңдайда талай жыл жатыр,
Майдандастарға мәңгілік белгі қырда тұр.
Басынан кешкен жайларды жырша баяндап,
Сөйлемейді екен бұл адам.

Қан кешіп бес жыл еліне туған қайтты аман,
Ұмытпақ емес басынан кешкен жайтты адам.
Батырды көрдім өмір бойы ешкімге
Батырмын деп те айтпаған.

Батыр боп іштей тумайды,сірә, әр адам,Батырлық, мүмкін, туады биік санадан.Батырды көрдім, Советтік елдің солдаты олОмырауға орден, медаль


Сценарий тақырыбы: Ауған оқиғасы
Сценарий мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету
Сценарий көрнекілігі: Проектор, экран, компьютер, слайдтар
Сценарий түрі: кіріктірілген – интеллектуалды тәрбие іс – шарасы (сыр — сұхбат, түсіндіру, сайыс )

Жоспары:
І. Ерлік сабағының ашылуы
ІІ. Қонақтарды таныстыру
ІІІ. «Ауған ақиқаты». Ауғанстан соғысы тарихына
қысқаша мәлімет
ІҮ. «Ардагермен сұхбат»
Ү. «Жауынгер және жасұлан» сайысы
ҮІ. Қорытынды.

Барысы:
1 – жүргізуші
Құрметті қонақтар, Ұстаздар мен студенттер! Интернациолист жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ауғанстан ақиқаты» ерлік сабағымызға қош келдіңіздер!

2 – жүргізуші:
Жаулардан қарсы келген жасқанбаған
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық.
___________________________________________________________________________
ІІІ. «Ауған ақиқаты». Ауғанстан соғысы тарихына қысқаша мәлімет
1 – жүргізуші
Ауғанстан жеріндегі соғыс тарих беттерінде өзіндік із қалдырды. Тарих бетінен сызып алып тасталмайтын бұл соғыстың қысқаша тарихын сөз етейік.
1 — оқушы:
Алдымыздағы ақпанның 14 — інде КСРО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққанына 24 жыл болады. Ауғанстанға армияны енгізу туралы шешім 1979 жылдың 12 желтоқсанында Кеңестер Одағының Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Саяси бюросының отырысында қабылданып, аса құпия қаулымен бекітілді. Қызыл Армияның шектеулі континенті он жыл бойы ауған халқымен бірге соғыс әрекеттерін жүргізді. Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын атқарған Қызыл Армия жауынгерлерінен басқа да, көптеген қауіпсіздік қызметінің және ішкі істер органдарының қызметкерлері де болды.
1986 жылдың ақпанында болған КОКП ХХҮІІ съезінде М. Горбачев әскерді кезең — кезеңге бөліп, ауған жерінен шығару керектігін мәлімдеді. 1989 жылы ақпанның 14 күні КСРО – ның соңғы әскери бөлімі Кабулдан шықты.
«Ауған соғысының табиғаты да тарихы да өзгеше. Ол уақытта 18 бен 20 – ның арасындағы өрімдей жастар, бас — аяғы 22 мың қазақстандық өзге азаматтар мамыражай тіршілік етіп жатқан кезде бөтен елде өздерінің ел алдындағы борышын өтеді. Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз»,- Ауған соғысына КСРО құрамына 22 000 қазақстандық қатысты. 2 238 күнге созылған соғыста 924 қазақстандық мерт болып, 1015 жауынгер мүгедек болып қайтты. 21 адам хабар – ошарсыз кетті.

2 – оқушы:
КСРО әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шыққанына 24 жыл толуын атап өту қарсаңында «Қазақстан — 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына қатысты қаз. ақпарат тілшілерімен ой бөліскен Мәжіліс депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл жастарды ел үшін еңбек етуге шақырады.
«Ең алдымен айтарым, адам баласын жақсылыққа үміттендіріп, жақсылыққа жетелеген лазым. Жамандықтың бір кілті ашылса, адамның да, қоғамның да қалған өмірі күреспен өтеді. Елбасының биылғы Жолдауы Қазақстанның әлемдік деңгейдегі беталысы мен бағытын айқындап берді. Президентіміз Жолдауын жастарға арнады. Шын мәнінде, бүгінгі жастар өзгеше. Тәуелсіз елдің төл перзенттері, санасы тәуелсіз, ойы озық, білімі асқақ азаматтар. Жастар жауапкершілікпен қатар, ауыртпашылықты да сезінуі керек,»- дей келе Ауған соғысының ардагері бүгінгі еңбек майданын кешегі ауған соғысына теңеді.

1 – жүргізуші:
— Осыған байланысты қазіргі жастарға қойылатын талап өте жоғары деңгейде екенін біле отыра жастардың білім алуға, еңбекке деген, Отан қорғауға деген жауапкершілігі қаншалықты деңгейде екені жайлы ой бөлісе отырсаңыздар

2 – жүргізуші
Құрметті қонақтар ендігі кезекте келешегіміз бен жарқын болашағымыздың жасаушысы, жалындаған жас ұрпаққа жауынгер ағалардың аманаты ретінде 3 курс студенті Шарапов Олжастың «Ұрпаққа аманат» арнауын назарларыңызға ұсынамыз.
Ұрпаққа аманат

Баласы батыр туғаннан
Денесін сумен жуғаннан
Батыр да халық қазақпыз
Кіндігін түйіп буғаннан

Даламен бірге қайнасып
Көкпенен бірге жайнасып
Көршімен тату, жауына қату
Қарасаң егер байқасып

Тамыры терең кететін
Жайнаған дархан мекенім
Бар ма екен шіркін жалғанда
Қазахияма жететін
Осындай елді құраған
Бабадан қалған мұрадан
Жастарға сарқыт ерлігі
Сел болар ақса жырадан

Ел үшін өткен батырлар
Шайырлар менен ақындар
Күш пенен түйсік, ақылды
Бағындыра алған дарындар

Олардың ерлік тәлімі
Халқына айқын мәлімді
Ұғына алса керекті
Қазіргі ұл — қыз хәліңді

Атойлап шапқан батырлар
Рухын қайрап ақындар
Ұрпағым аман болсын деп
Қыршынбасын деп жатырдан

Ел үші қиып құр жанды
Ұстанған елміз бір заңды
Биікке қойған қазақпыз
Ар — ұятпенен ұжданды

Жауына күшін көрсетіп
Ізіне ерген ел сеніп
Жастарға бүгін аманат
Жасалған істер белсеніп

Бабалар салған сара жол
Өшпейтін мәңгі дара жол
Ұрпаққа бүгін аманат
Қорғай біл халқым пана бол

1 – жүргізуші:
«Ерлік — жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет.

ІҮ. «Ардагермен сұхбат»
— Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп жүрсіз?
— Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз?
— «Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз?
1 – жүргізуші:
Он жылға тарта созылған бұл соғыстың аяқталуы да ауыр болды. Біздің білетініміз 15 ақпан 1989 жылы 40- армияның Ауған жерінен генерал Боир Громовтың шығуы еді. Шын мәнінде оқиға басқаша болған. Соғыс бітсе де шекаралар мен негізгі құрамалар қалдырылған. Соңғы шығушы қазақстандық офицер Виктор Харичев басқарған шекарашылар. Олар ешқандай сән – салтанатсыз. Құшаққа алған гүлдерсіз Ауған жеріндегі соғыстың ақырғы нүктесін қойды. Өкінішке орай бұны әркім біле бермейді.
Ауғанстан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 24 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге сыр елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз.

ІІІ. «Жауынгер және жасұлан» сайысы
Оқушы:
Мен қазақпын, Ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер.

2 — жүргізуші: Құрметті қонақтар келесі кезекте «Жауынгер және жасұлан» сайысын назарларыңызға ұсынамыз. Ортаға жауынгер – интернациалсит пен жасұландарды шақырамыз.
1. Блиц сұрақтар
2 топқа 9 сұрақтан сұрақтар қойылады.
1. Қазақстан Республикасында неше облыс бар?
14
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?
1995 жылы 30 тамыз
3. Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік, қоғамдық істегі қызметі, еңбектегі жетістіктері мен жауынгерлік ерліктері үшін ордендермен марапатталады. ҚР — да қандай ордендер беріледі.
«Отан» ордені, «Даңқ» ордені (2 дәрежелі), «Айбын» ордені (3 дәрежелі),«Парасат» ордені «Достық» ордені (2 дәрежелі),«Құрмет» ордені,«Барыс» ордені (3 дәрежелі)
4. Қазақстанның Қарулы күштері қай жылы құрылды?
1992 жылы
5. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні
4 маусым
6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі кім?
Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы

2 Мозайка
2 топқа 2 түрлі сурет қиындылары беріледі. Тез уақыт аралығында жинау қажет.

3. Әуенді тап
1. Елім менің /Б. Тлеуханов/
2. Көк тудың желбірегені / Ақсұңқар Әбілтай/
3. Айналдым елім / Жігіттер кв./
4. Қазақ елі осындай /М. Арапбаева/
5. Мен Қазақпын /Е. Құдайбергенов/
6. «Атамекен» /Е. Қасанғалиев/ әндері 2 топқа жасырылады.
ІҮ. Қорытынды сөз / Ой түйін/
Жүргізуші: Құрметті көрермендер, Бүгінгі Ерлік сабағынан түйген ойларыңыз. Қысқа — нұсқа
1 — Жүргізуші:
— Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар — деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес.

2 — Жүргізуші:
Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін — бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір — түкпірінде еңбек етуде. Аяулы ағалар уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін.
Ән «Майдангерлер» /Шарапов Олжас/

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Есть какой нибудь праздник 23 июня
  • Ереван праздник обливание
  • Ереван праздник вина
  • Ергаки новогодние праздники 2022
  • Есть какой нибудь праздник 12 декабря

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии