М.Әуезов
«Еңлік-Кебек»
(Сахналық
қойылым)
Қатынасушы адамдар:
1.Абыз –
2.Кебек-
3. Еңлік-
4.Есен-
5.Жапал-
6.Еспембет-
7. Бір топ Еспембеттің қасындағы жігіттері-
(Сахна қараңғылау,күңгірт. Абыз мұңға
батып ойланып отыр. Сарынды күй ойналып тұрады.)
Абыз:- Күй, не дейді? Не қыл дейді?
Құйрығы жоқ,жалы жоқ,
Құлан қайтып күн көрер!
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жылан қайтып күн көрер!
Елім қайтып күн көрер!
(Абызға сәлем беріп Матайдың Есен есімді батыр жігіті кіреді.)
Есен: Ассалаумағалейкум,баба!
Абыз: Әлейксәлем, Уа,қай ұлсың?
Есен: (қасына отырып) Баба,арғы атам Найман, бергі атам Сыбан,өз
атым Есен.Ел қрсқан Есенге батыр деген атым бар.
Абыз: Бәрекелді, ел-жұртың аман ба? Не шаруамен жүрсің?
Есен: Келген шаруам алдымда екі тосқауыл кезең түр. Бірінен өту
үшін үстем қылып жаратқан талай ақыл-айла керек.Осы екеуінен өту үшін өзіңнен
ьата алу үшін келдім.
Абыз: (ойланып) Екеуіне де кеудесі қуыс пенде беретін көмек
жоқ.Өз өнеріңе сенерсің.Айт жөніңді.
Есен:Ендеше, алғашқы кезеңім қайраты тең батырмен күш сынасқалы
жүрмін. Ол өзіңнің іні батырың –Кебек!
Екіншісі, жастығымның кезегі матай қызы,жесірім,інімді менсінбей
кетем дейді.Ерден кетсе де,елден кетіргім келмейді.
Абыз. Жігітім, қайратың адам дұшпаны арыстанға біткен қайратпен
тең Кер заманға кез болған, кер кеткен елдің кер тартқан батыры екенсің.Басқа
айтарым жоқ.
Есен. Жеңілдім,баба.Болды,тоқта,баба. Тек осы кебің Кебекке тиіп
кетпесін. (атқып шығып кетеді.)
(Абыз ойланып отырады.Тағы да сарынды күй ойналады.)
Кебек келеді.
Кебек: Армысыз,әз аға!Асыл аға!
Абыз:Бар бол,бұл қай бала?
Кебек: Баба,Тоқтамыстың інісі Кебек боламын.
Абыз: (басын шайқап) Былай шық,балам.Ел-ер аман ба?
Кебек:Ел тыныш,ер аман,Баба!
Абыз: Сенің атыңа қанып жүрмін,Шынжыр балақ,шұбар төсім екенсің,
абыройың артсын!
Кебек. Айтқаның келсін.
Абыз.Не жаймен жүрсің,балам.
Кебек: Көптен сәлем бермеп ем,сәлем бергелі келдім,өзіңізден
бата алғалы келдімКелер күнімде не қауіп бар,ажал күнім қашан,. алдыңғымды
болжатқалы келіп ем.
Абыз: -Бекін,жабықпайтын бол. (Қолына қобыз алып,күй ойнайды.)
«Қыз,қыз ба?-Сұрлау. Не дейді жартас?» (Абыз Кебекке қарайды.)
Бауырым, ол қыз жартас түбінде кез болады,тез болады. Сақтықта қорлық жоқ,осы
сөзді есіңе алып жүр.
Кебек: (теріс қарап! Жастығымда сұлу жар алып,
бақытты болам десем, сәуегей не дейді?) Мақұл,Баба!
Абыз: Ұлым… Атаның ұлы азбайды. Екі сөз айтам.
Бірі, жауды жақыннан іздеме, жақыннан жау шығарсаң азғаның.
Екіншісі,әйел бірде досың,бірде қас болатын кезде болады.Оған бой алдырсаң
азғаның.Аңғал батыр атанып қалма. Сақ болғайсың.
Кебек: Ұқтым өсиетіңді,Баба! Қош,бол!
(шығып кетеді.)
…………………………………
(Тау ішінде қой бағып,ән айтып Жапал шығады.)
Шек-шек,шек-шек,шегенек,
Мал ішінде көбелек.
Тасты көрген телмеңдеп,
Жүгіресің жебелеп.
(Айналаға қарап тың тыңдайды.)
Еңлік: Ұрып таста,ұрып таста!
Жапал: (дауыстан қорқып)Оайбай ,аға!
Еңлік:((Күліп,мәз болып) Ойбу,бетім.Батыр шөгелім-ай,барың сол
ма?(Күледі)
Жапал: Е,Е,қорқыттың ғой.
Еңілік: Мына тасты құшақтап жатқаның не, тасбақа құсап?!
Жапал: (Алысқа қарап Мынау кім тағы?Тастан Еңілік әні естілсе
болды жетіп келеді екен.
(Есен келеді)
Еңлік: Батыр, бұның не?Неге бұнша бүлініп тұрсың?
Есен. Осы маған жөніңді айтшы. Найманның неше ұлын алдасаң да
мені алдай алмайсың..Мен батырмын.
Енлік: Батырлығыңды қайтейін,аңғалсың.
Есен: Не қыл дейсің маған
Еңлік: Менің затым әйел,қайратыңмен жұмсартам деме,ебіңмен
кел,жөніңді айт,батырым.
Есен:(жұмсарып) Еңлікжан, сенің ісің құрулы садақ.құрсаулы
жаудан қиын болды.Ерден кетсең де,елден кетпе.Аталы рудың келінісің.Інімді
менсінбесең, өзіме ти.
Еңлік:Ата намысн қуған ұл болсаң өз құлқыныңды ойлама. Одан да
ініңнің намысы қайда? Мен ініңе әлі бармаймын деген жоқпын.(күліп( Алдырып
алғанбысың қалай?
Есен:Амалым жоқ.Артын тосам.
(Есен асығыс басып кетіп қалады.)
(Осы кезде сахна сыртында сарын естіледі.Дабылдатып аң қуған,
аң-құстың үні.Еңлік пен Жапал елең етеді.)
Еңлік: Тоқта ,бұл не?
Жапал: Жау ма?
Еңлік ( Тас басына жүгіріп барып, садағын кезеп,атып жібереді.
«Атпа» деген дауыс шығады.)
Жапал: Жығылды.Ай…. Апатай, өзіңнен асқан кім бар?
(Жігіт жүгіріп шығады.)
Кебек. Кім атты? (Еңліктің қасына барып) Сенбісің ,бала атқан?
Еңлік: Екі ататын сен емеспін,мырза, қодығың болса көрсет.
(күледі).
Кебек: Атып бер депқашан айттым? Қуып атып келе жатқан өзім едім.Қызығын
өзім көрмек ем.
Еңілік:Жапал,алып келіп қодығын байлап бер мына мырзаның
жанына.Жүгірген аң жер иесінікі емес,жеткендікі болады.Және біз атқа мініп
найза ұстаған ер азамат емеспіз.Жалғыз түп көде мен ұрттам суға
таласыпматай,тобықты болып шабысатын солар ғой.
Кебек :(қасына жақындап келіп) Сонда сен кімсің өзі?Сөзің неткен
ұрымтал еді?
Жапал: Өзі кім екен өзін сұрашы!
Еңлік:Жөн-жосық әуелі жүргіншіден болмайтын ба еді?
Кебек: Ендеше, мен тобықты жуан таяқ ем… Атым Кебек.
Жапал: Кебек.. Батыр Кебек қой,Еңлік?
Кебек:Еңлік,атыңа қанық ем құрбым!
Еңлік: Мен сізді көрмесем де білуші ем!
Кебек: Еркек десем ептісің,бала десем бидейсің, Еңлікке
жолықтырған қодыға неткен құтты еді!
Еңлік: Көргеніме мен де ырзамын,батырым!Тағыларша тауда тартысып
тараспайық,қонағым бол…Үйге жүр.
Кебек:Сен бастасаң ермес жерім болмас ,Еңлікжан! Ұмытпаспын бұл
сәтті.
(Еңлік пен Кебек сахнадан кетіп,қайта шығады)
Еңлік: Батыр бері таман кел. Бүгінсіз де ұйқың қанар. Арызымды
тыңда. Өз басым.,мына көріп отырған әке-шешемнің жалғыз баласымын. Әкем жас
кезінде өзіңдей батыр болған,шешем Байжігіттен ер Қабанбайдың қызы, о да тексіз
кісі емес. Өткен күнді қайтейін,бүгінгі халі ,қартайған күйі мынау.Осы
әке-шешем бір байдың баласына атастырған болатын,күйеу былтыр ұрын
келді.Бұрыннан атағын еститінмін,көзбен көріп көңілім қайтты.Теңім емес,
көңілім қаламайды.қасына да жоламадым.
Өзіне жолдас болмайтынымды да айттым.Соны естіген бозбалалар
жағалап жүр.Көңіліидегі ізднйтінім-теңім.Мен тең болмасам да сен тең бола
аласың.Осы тілегімді қабыл аласың ба?
Кебек: Еңлікжан,сөзіңді ұқтым.Бүгінгі күннен сөз байлап
алды-артымызды тұйықтамасақ қайтеді?
Еңлік: Батыр,маған аз күнгі арам жүріс керек емес.Есеппен
жүретін батыр болсаң өзің біл.Сосын Есен деген батыр менің күйеуімнің
ағайыны.Ол да. «Інімді менсінбесең,өзіме ти» деп жүр.Мұны да ойла.
Кебек: Тоқта! Еңлікжан,олай емес.Есенмен күш сынасып бір
кездесіп ем.Енді бақ сынасып тағы кездеседі екем. Ол менімен таласқанда ,мен
онымен таласпаймын ба?
Еңлік: Мен айтып болдым.Ендігісін өзің біл!
Кебек:Олай болса мен сен өлген жерге өлем. Әлдеқашан көңілім
саған ауған. Қашатын күнімізді белгілейік.
(Сахнаға Кебек шығады).
Кебек: Ала көңіл арамдығым жоқ.Ешбір қасым жоқ.Жазығым жар
сүйгенім болса, бердімбарды Еңлігімнің жолына.(Еңлік шығады). Келші,жаным,күпті
қылмай, сертіңмен келдің бе?
Еңлік: Келдім,батыр,бар тілегім жолыңда!Оң сапар бер.Ақ тілекпен
аттанам деп келіп тұрмын.
Кебек: Алдым қабыл!Ақ тілеуің басшы болсын алдымда. Жүр,жаным!
(Жапал жүгіріп шығады да Еңлікті құшақтап)
Жапал: Еңлік апатай,қайда кеттің? Не деп барасың?
Еңлік:Менің жолым осы болды,Жапал!
Жалғыз күңіренген екі кәрім қап барады қолыңда.Баласы
бол.Қасында бол!
Жапал: Қайтып қиям,апатай? Іздеп барам,бауырым жоқ деме.Жолыма жанын
қияр бауырым Жапал бар деп кет…!
Еңлік; Қайда жүрсемде хабарымды біле жүр.Жақсы күнде
көрістірсін,жасаған.Қош,бауырым! (Еңлік жылап кетеді,Жапал жылап қалады.)
Есен кіреді де Кебек тап береді.
Есен. Кебек,бір-екі ауыз сөзімді айтқыз.
Кебек сен мені іздеп тауып тұрған жоқсың, мен сені таптым.Найман
тобымен бірге келсем сенімен алыстырмас. Енді келсең кел!
Кебек: Олай болса ер екенсің,кел!
(Екеуі қатты алысады.Кебек жеңіп құлатады.)
Еңлік: Жасаған,жаның аман қалды ма?
Кебек:Дайындалыңдар, мен атты әкелем.Біз қашқынбыз.Өмір бойы
қашқын боламыз.
(Кебек атын алып келуге шығып кетеді.Еңлік буынып-түйініп
дайындалып жатады.)
Дауыс:Жау мұнда! Қапта-қапта!
Еспембет: Тоқта мынау Есен ғой.Өлтіріп кеткен екен.
(Еңлікті көріп қалады.)
Дауыс: Айт жаныңның барында.
Еңлік: Мені ұстағаннан кейін оны да ұстадыңдар ғой.
Дауыс: Ә,батыр келдің бе?
Кебек: Келдім.Еңлігім өлген жерде мен де өлем деген уәдем
бар.Сол үшін келдім. (Садағын кезенеді.)
Еспембет: Ат мен бар,мына…
Еңлік: Сәулем,атпа! Тілеймін!Өлсекте жазықсыз өлейік!
Еспембет: Байла!
Еңлік: Ей,азаматтар, өлтірерде үш-ақ тілек бар емес пе?Үш түрлі
тілек айтам.
Еспембет: Тоқта! Айт тілегіңді.
Еңлік: Кебекпен арыздасайын.Екінші,өлтірген соң бір жерге
көміңдер.Үшінші,соңғы тілегім,бізде жазық болса да ,мыена бейшара сорлыда жазық
жоқ қой.Ата-анамда ұрпақ жоқ,зарлап өтіп еді,енді мен екеш мен де
жоқпын,соларға табыс етіңдер.Жетім қозы солардың бауырында зарласын. Бар
айтарым осы.
Еспембет: Жарайды босатыңдар.Қоштаса ғой жарыңмен.
Кебек: Еңлікжан,кеш маған…
Еңлік: Сен де мені кеш…
Құшақтары айқасады. Еспембет садақпен атады.Екі жас құшақтары
айқаса құлап түседі. Осы кезде Жапал шығады. Екі иығынан демалып Еңлік пен
Кебекке қарап қалған. Бір жақтан Абыз шығады. Жапал Абызды көрмейді.
Жапал: (Абызды көрмейді. Құндақтағы баланы қолына алып,бауырына
басып)
Сорлы ,қозым!Қошақаным! Жетпей қалған,жетім қалған,
бауырым!Елсіз,ессіз далаға тастап кеткен тас бауырлар!Бөрілер)
Абыз:Бір қабат ақ шапанын өлгендердің бетіне
жабады.АҺ,заман,құшақтарың айқасып кеткен шерменделер!
Жапал: (Абызды көріп,баланы көрсетіп)
Көргі,көрші міне, қамкөңіл ата! Мынаны өлсін деп аш бөріге
тастаған.Осы ма еді ел деген? Көріп пе едің алмастығататай?!
Абыз:Ата… Атамын мен
аңыраған.Мен ата,сен немере.Бауырыңдағы шырылдап қалған шөбере.Бауырым һрт,үнім
зар! Ата,немере,шөбереміз-үш зарлық!Ел олар емес, ел бізбіз,жан
балам!жазықсыздар аттарын ақтап өтсін, сақтап өтсін…Жадыңжа тұт,жасыма. Ертең
(сәбиді нұсқап) мен өсиет еткенді сен өсиет ет жасың жеткенде.Жасыма десін,арғыларға
ұрпаққа. Жадыңда тұт)
№21 Дмитрий Пахомов атындағы орта мектебі
Тақырыбы: «Еңлік — Кебек» дастаны
Сынып: 10
Пән: қазақ әдебиеті
Мұғалім: Сейтбекова Г. Д.
Қоңыртөбе ауылы
2013-2014 оқу жылы
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға ақынның «Еңлік — Кебек» дастаны жайлы түсінік беру;
- Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын, өлеңді сатылай кешенді, композициялық талдауын, зейінінжәне шапшаңдығын дамыту;
- Шынайы сезімге, адал махаббатқа,ынтымақтастыққа, сыйластыққа және ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:жинақтау
Сабақтың әдісі:түсіндіру,«Күрес» ойыны, сатылай кешенді талдау, композициялық СКТ, кубизм , сұрақ-жауап, шығармашылық диктант, жұмбақ шешу
Сабақтың көрнекілігі:мультимедиялық кабинет, суреттер, бүктеме, жұмбақтар, кубик
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
а/ сәлемдесу; ә/ түгелдеу; б/ ақынның өзі шығарған жұмбағын шешу.
Тамам сөзді сөйлейді, сөйле десе,
Етінен ет кесемін, сөйлемесе.
Айт десем, айтпайтұғын жауабы жоқ,
Сүйгенімді сөйлеттім әлденеше.
(Қарындаш)
Бір нәрсе, жұртқа мәлім, көзден ғайып,
Ұстауға еш болмайды, қолдан тайып.
Не сынап, не түстеуге ұқсамайды,
Кейде көп, кейде кетер тіпті азайып.
(Жел)
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
- Шәкәрім туралы ізденген материалы бойынша түсінік айту
2.«Күрес» ойыны
ІІІ Жаңа сабақ
Шәкәрім қаламынан туған үш дастаны да ескі қазақ тұрмыс-тіршілігін суреттейді. Бұл дастандар жанрлық тұрғыдан алғанда «Қалқаман-Мамыр» ─ лиро-эпикалық жыр, «Еңлік-Кебек» ─ әлеуметтік дастан, «Нартайлақ-Айсұлу» ─ махаббат драмасы. Сонымен қоса «Ләйлі-Мәжнүн» (Физулиден) дастанын 1907 жылы жазған, «Дубробский әңгімесі» (Пушкиннен) 1908 жылы жазылған және «Қодардың өлімі» дастанын жазады. 1888 жылы «Қалқаман-Мамыр» дастанын, 1891 жылы «Еңлік-Кебек» дастанын жазып, 1912 жылы жеке кітап күйінде Семейде «Жәрдем» баспасында басылып шыққан.
«Еңлік- Кебек» дастаны — адам тағдыры, адал махаббат жолындағы күрес, рушылдық құрбаны болған екі жастың қайғылы тағдыры туралы баяндайды.
Дастанының кейіпкерлері бірін-бірі ұнатқан, ғашық болған жастар Еңлік пен Кебек, бірақ дауласқан екі ру тобықты мен найман билері екеуін ат құйрығына сүйреп өлтіреді. Екі жастың төрт айлық баласы тау бөктерінде жылап жетім қалады.
Махаббат жолында құрбан болған,ерлікті аңсау мен зұлымдық қарсылысының бейнесі болған Еңлік пен Кебек есімдері ел есінде сақталды.
Семей-Қарауыл тас жолына жақын жерде Еңлік-Кебек ескерткіші бар.
ІҮ Сабақты бекіту
І Шығармашылық диктант
Шәкәрім … (1858) жылы ШҚО, Абай ауданы, Шыңғыстауының етегінде дүниеге келген. … (5) жасында оқуға барып, … (7) жасында жетім қалады. Әкесі Құдайберді … (1866) жылы … (37) жасында дүниеден озады. 10 жасында … (домбыра) , … (гармонь) музыкалық аспаптарында ойнауды үйренеді. … (25) жасында болыс болып сайланады. Халық Шәкәрімді «екінші … (Абай)» деп таныған. Ақын … (1905) жылы Меккеге қажылыққа барған. Шәкәрім ақын 1931 жылы 2-ші … күні … (73) жасында жазықсыз оққа ұшқан.
ІІ Дастанды сатылай кешенді талдау
«Еңлік-Кебек» дастаны
1.Авторы.Ш.Құдайдердіұлы ШҚО, Абай ауданы,
Шыңғыстауының етегінде 1858 жылы 11 шілдеде дүниеге
келген. Оның «Жастарға», «Насихат», «Қулар», «Ғылымсыз
адам хайуан», «Шын сырым» атты шығармалары бар.Ақын
1931жылы 2 қазанда 73 жасында қастандық құрбаны болды.
2.Тақырыбы─ екі жас арасындағы махаббат, әйел теңсіздігі.
3.Жанр түрі поэзия (дастан). Дастан ─ (парсы сөзі тарихи
әңгіме, ертегі, батырлар жыры) Таяу және орта Шығыстың,
Азияның әдебиеті мен фольклорындағы эпикалық жанр, өлең
түріндегі оқиғалы шығарма.
- Идеясы. Бұл дастанның идеясы ─ ескіліктің бұлжымас
заңын, көрінісін және ру арасындағы кикілжіңін суреттеп
көрсете білуі.
5.Шумақ.3 шумақты. ( Жалпы 131 шумақты)
6.Тармақ ─ өлеңнің әр жолы. 4 тармақты, барлығы
12тармақты. (Жалпы 524 тармақты)
7.Бунақ ─ белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі.3 бунақты.
8.Буын саны ─ сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың
санына байланысты. 11-12 буынды.
9.Ұйқас түрі. (-а- а- ә- а) қара өлең ұйқасы.
10.Әдеби теориялық ұғымдар.
Эпитет ─ қос басшысы, жас басы, жасы бала, жаны отты,
сабаз жолдас.
Теңеу─ атты жаяу бәріне бірдей мықты.
Портрет ─Көзі өткір, қараторы жігіт екен,
Орта бойлы; тапалдау, кең иықты.
Ауыспалы мағына — жаны отты (жігерлі, қайратты).
11.Түсіндірме сөздік.
Жамағайын ─ аздаған жақындық, алыс туыстық.
Жасы ─ көңілі босау, мұңаю, қамығу, беті қайту.
Сабаз ─ біреудің іс-қылығына, мінез-құлқына,
кеңпейілділігіне риза болғанда айтылатын көтерме сөз.
Тапалдау ─ аласалау, кішілеу, тәпелтектеу.
- Тәрбиелік мәні.Адал махаббатқа, сүйіспеншілікке тәрбиелейді.
ІІІ Сатылай кешенді композициялық талдау
«Еңлік-Кебек» дастаны
1.Авторы – Ш.Құдайбердіұлы 1958 -1931 жылдар аралығында
өмір сүрген . Қазақтың ақыны 7 жасында ақындыққа
талпына бастайды. Алғашқы өлеңін әкесінің өліміне
байланысты шығарады. «Жуандар», «Қайтқан шал», «Қорқақ
шал», «Бай мен қонақ» атты өлеңдері бар.
2.Тақырыбы ─ екі жас арасындағы махаббат, әйел теңсіздігі.
3.(Дастан)Поэзия
4.Эпикалық жанр түрі.
4.1.Орта көлемді эпикалық жанр түрі.
4.2. Дастан ─ (парсы сөзі тарихи әңгіме, ертегі, батырлар
жыры) Таяу және орта Шығыстың, Азияның әдебиеті мен
фольклорындағы эпикалық жанр, өлең түріндегі оқиғалы
шығарма.
5.Шығарманың негізгі идеясы. Ескіліктің бұлжымас заңын,
көрінісін және ру арасындағы кикілжіңін суреттеп көрсете
білуі.
6.Шығарманың композициялық құрылысы -шығарманың
композициясы сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке
салып реттеп қиыннан қиыстырады.
6.1.Сюжеттің басталуы ─Тобықты руынан шыққан Кебектің бейнесі.
Сюжеттің басталуы – оның кіріспесі іспетті. Мұнда әдеби
қаһармандар өзара қарым қатынасқа көшпес бұрынғы қал-
жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар
алаңы, оқиғалар орны суреттеледі.
6.2.Сюжеттік байланыс ─ Кебектің Нысан абызға бал
аштыруға келуі.
Сюжеттік байланыс ─ адамдар арасындағы әрекеттің басы,
тартыстың басталуы іспетті. Шығарма арқауындағы негізгі
оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді.
6.3.Сюжеттік даму ─ аттастырылып қойған Еңліктің
Кебекпен бірге қашуы.
Сюжеттік даму ─ адамдардың өзара қарым-қатынасынан,
қимыл-әрекетінен туған түрліше жағдайларға,
шиеленістерге байланысты.
6.4.Шиеленісуі ─ екі рудың бірін-бірі шабуы, малға бітім
қылмауы.
Шиеленісуі ─ оқиғаның адамдар арасындағы әрекеттің
шиеленісіп ширығуы.
6.5.Шарықтау шегі ─ Еңліктің соңғы сөзі (үш тілегі).
Шарықтау шегі ─ сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы.
Адамдар арасындағы қимыл-әрекеттің мейлінше күшейіп,
өрбіп жеткен жері, шығармадағы драмалық тартыстың
өрістеп шыққан биігі.
6.6.Шығарманың шешемі ─ екі рудың келісімімен екі
жасты ат құйрығына байлап өлтіруі.
Шығарманың шешемі ─ суреткердің өзі суреттеп отырған
өмір шындығына шығарған үкімі, адамдар арасындағы
тайталастардың, күрестердің бітуі, түрліше тағдырлар,
тартысынан туған нақты нәтиже; оқиғаға
қатысушылардың ең ақырғы күйі; күллі құбылыс
көріністердің соңғы сахнасы.
7.Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі.
7.1.Жағымды- Еңлік, Кебек, Нысан абыз.
7.2.Жағымсыз-екі ру адамдары.
8.Әдеби теориялық ұғымдар.
8.1.Троп немесе құбылту ─ сөздерді тура мағынасында
емес, ауыспалы мағынасында қолдану, шындықты
бейнелеп, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып
айту.
9.Түсіндірме сөздік.
Барымта ─ жауласқан екі рудың бірінің-бірі мал-мүлкін
іштен тартып алып, кек қайтаруы.
Ұрын ─ күйеу жігіт жеңгелеріне сый-сияпат беріп,
айттырған қыздың ауылына жасырын келуі.
Абыз ─ ас білгір, білімдар адам.
Бақсы ─ пірге, аруаққа сиынып, ауруды ұшықтап
емдейтін тәуіп.
- Тәрбиелік мәні. Адал махаббатқа, сүйіспеншілікке тәрбиелейді..
ІҮ Кубизм
1.Суретте.Оқиға болған жерді суреттеп бер.
2.Зертте. Ру адамдары неліктен екі жасты өлімге бұйыратынын дәлелде.
3.Салыстыр.Сол ескі заман мен қазіргі заманды салыстыр.
4.Қолдан.Шығармадағы сөз кестелерінен ой айшықтарын тап.
5.Ізден. Шығармадағы салт-дәстүрді тап.
Мені де кедей емес, байға берген,
Күйеуім өткен жазда ұрын келген.
6.Анықта. Еңлік пен Кебек бейнесі қандай образға жатады?
Ү Үйге тапсырма
«Еңлік ─ Кебек» ─ ғашықтық трагедия» атты шағын шығарма жазу.
ҮІ Сабақты қорыту
Өлең жолдарынан әдеби-теориялық ұғымдарды табу
Қасына жатпақ түгіл жуымадым,
Білген соң шіріктігін келген жерден.
Нышаны жоқ бет аузында сақал, мұрттан,
Бұрын да естуші едім жайын сырттан.
Қамшылап күрең атты жамбасына
Түлкіден бұрын шықты Хан басына.
Жел шығып, боран болып кеткен екен,
Аң қуған аңғал батыр аңдасын ба.
Күйеуімнің жүрген жоқ жасы жетпей,
Ынжықтық қайтушы еді тентіретпей.
Ақыл салып бармағын сау қылуға
Пендеде күш бола ма құдіреттей.
─ Жігіттер! Бұл өлеңді жазған мәнім,
Емес қой жастықпенен салған әнім.
Қас қайсы, қаза қайсы, таза қайсы?
Аларсың, көп ғибрат, байқағаның.
Қыз, қызық, батыр жазар кезім емес,
Жастарды қызықтырған сөзім емес.
Ертегі емес, ертеде болған бір іс,
Ойдан жалған шығарған сөзім емес.
Әншейін әңгіме деп құлақ салма,
Құр ғана қызығымен қызын алма.
Ғаділ, залым, шафқатлі ─ мейірімсіз,
Соларды айыра алмай қапы қалма! ─ деп, Шәкәрім ақын өз дастанында өз ойын осылай түйіндеген екен. Осымен мен де өз ашық сабағымды қорытындылаймын.
ҮІІ Бағалау
Ш?к?рім ??дайберді?лы “Е?ілік –Кебек” дастаны
09.03.2015 21:05
- Поэмада?ы е? негізгі м?селелер мен е? негізгі тартыстарды ?арастыра отырып, феодалды? ?дет-салт, за?ны? ??рбаны бол?ан Е?лік пен Кебекті? бейнесін ашу, поэманы? композициялы? ??рылымы мен к?ркемдік ерекшелігін таныту;
- ?з бетінше ж?не топпен білім алу да?дысын ?алыптастыру, талдау жасау ар?ылы сын т?р?ысынан ойлауын дамыту, білімдерін ?з бетінше ?олдану?а, іздену, зерттеу ж?мыстарына, ?з пікірін жеткізіп айту?а ?йрету;
Адам бойында?ы жа?сы ?асиеттерге баулу, махаббат сезімін ?адірлей білуге ?йрету, ту?ан жерге, ана тілге деген с?йіспеншілікті ?астерлеуге баулу;
Қазақ әдебиеті 10 сынып
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік — Кебек» поэмасы
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік — Кебек» поэмасы
Мақсаты: білімділік. Поэма мазмұны мен идеясын таныту. Ақпаратты саралауға, жүйелі жұмыс жүргізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік. Ақынның шығармаларынан үлгі ала отырып, соны болашақтарына жарата білу, жан — жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Дамытушылық. Оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тақырыпқа деген жан — жақты түсінігін аңғарта отырып, одан әрі дамуына мүмкіндік жасау.
Түрі: Аралас
Тақырыпты толық меңгерту үшін пайдаланылатын оқыту стратегиялары
I Ой шақыру
II Топтастыр
III Кубизм
IV Венн диаграммасы
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, тарих
Көрнекілік: Ақынның портреті, хронологиялық кесте, плакат, маркер, сабақтың эпиграфы, интерактивті тақтамен жүргізу
Өткен істен адамзат бір үлгі алмақ…
Естілер көп жазады әңгімені
Жазбайды ермек үшін әлденені,
Жирентіп жаманынан, жақсыны ұғып,
Алсын деп жазады ғой өнегені.
Ш. Құдайбердиев
Жаңа сабақ
1. Ұйымдастыру кезеңі, шаттық шеңбері арқылы оқушылар бір — бірімен амандасып алады.
2. Топқа бөлу сандар арқылы оқушылар екі топқа бөлініп отырады
Ой шақыру.
Оқушыларға тақырып туралы бірнеше сұрақтар қойылады, сұрақтарға жауап бере отырып тақырыпты оқушылар өздері айтады
1) Қазақ әдебиетінде қандай ғашықтық жырларды білесіңдер?
2) Шәкәрім Құдайбердіұлы қандай поэмалар жазды?
Олай болса балалар біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік — Кебек» дастаны
Елшілікке бару
Екі топ тақырыпты бөліп алып, өздері ізденіп, оқыған тақырыптарын топтан бір адам шығып келесі топқа әңгімелейді. (10 мин.)
Екі жұлдыз бір тілек: екі топ өзара сабақтан алған әсерлерін айта отырып екі тілек бір ұсыныс айтады
Мұғалім сөзі
Ш. Құдайбердіұлы (1858 – 1931 ж.)
XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихындағы Абайдан кейінгі ірі ақындардың бірі — Шәкәрім Құдайбердіұлы.
“Еңлік – Кебек ” поэмасы 1912 жылы жазылған, Семейдегі “Жәрдем” баспасында жарық көрген. Оқиғаның болған жері – Шыңғыстау өңірінде болған.
Тақырыбы
Ескілік, рушылдық, әділетсіздік жайлаған заманның құрбаны болған екі жастың махаббат драмасы
Идеясы: Қоғамның әділетсіздігіне, озбырлығына қарсылық
Жанры: Эпикалық ғашықтық дастан
Негізгі кейіпкер: Еңлік пен Кебек
Әдеби бағыт: Поэзия (поэма)
Өлең құрылысы: 11 буынды, қара өлең үлгісінде жазылған
Поэтикалық тілі: Суреттеу, монолог, диалог, мінездеу, портрет, теңеу, эпитет, метафора
Менің пікірім (оқушылар поэма туралы сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын айтады)
( Зерделейік, ойлайық, айтайық)
І. Поэманың көтерген мәселесі не деп ойлайсыз?
1. Махаббат
2. Тарих
3. Әлеуметтік өмір шындығы
4. Өз ойым
ІІ. Еңлік пен Кебек не үшін қашуға мәжбүр болды?
1. Екі ел арасындағы дау-дамай
2. Әлеуметтік теңсіздік
3. Жер дауы
4. Өз ойым
ІІІ. Екеуінің өліміне кім ( не) кінәлі?
1. Кеңгірбай
2. Заман
3. Салт — дәстүр
4. Өз ойым
Оқушылар пікірі
Ақихат Ерен: Екі жастың өліміне, менің ойымша, ру басылары кінәлі. Себебі, ру басылары екі жастың жалындаған махаббатына қарсы болып, оларға келісім бермейді. Ру басылардың пікірінше, екі жастың бұл ісі қылмыс, қателік болды және оларға өз ризашылықтарын бермеді. Егер ру басылары келісім бергенде бақытты да баянды өмір сүрер еді және жас сәбидің өліміне де себепкер болмас еді.
Қызайбеков Нұржан: Менің пікірімше, бұған екі жас кінәлі деп ойлаймын. Өйткені екі жас ата — анасының келісімінсіз алты айдай кездесіп жүріп, тауға қашып кетіп, балалы да болады. Ата — анасының келісімін алмай, нәтижесінде олардың зардабын сәбилер тартты. Әрбір адам дүниеге келген соң ата — анасының үмітін ақтап, ризалығын алу керек. Сонда ғана барлығы жақсы болады деп ойлаймын.
Дидар: Менің пікірімше, екі жастың өліміне ру басылары кінәлі. Себебі олар әрбір сүйген жандарды қоспай, қарсылық танытты. Бұл меніңше дұрыс емес. Шын сүйген жандарға ақ батасын беріп келісімін беру керек еді. Еңлік пен Кебекті ру ақсақалдары өлтіргенше, олар нағыз махаббаттың қандай екенін біліп, бақытты ғұмыр кешті.
Сабақты қорытындылау үшін берілетін сұрақтар:
Автор шешімімен келісесің бе? Егер сен автор орнында болсаң шығарманы қалай аяқтаған болар едің?
Кубизм стратегиясы
Тақырыпты жан — жақты қамтуға мүмкіндік туғызу
Суреттеңіз.
1. Еңлік пен Кебек бейнесін поэмадан табыңыз, автордың суреттеуі.
2. Бейнелі сөздер мен мақал – мәтелдерді табыңыз.
Салыстыру.
Венн диаграммасы арқылы “Еңлік – Кебек ” пен “Қалқаман – Мамыр ” поэмасын салыстырыңыз. Ұқсастығы мен даралығын зерттеңіз.
1. Поэманың шығу тарихы, оқиға қашан және қай өңірде болған? Кімнің ақыл – кеңесімен жазылған?
2. Поэмада қандай жер атаулары мен тарихи тұлғалар есімі берілген?
Венн диаграммасы
Қызжібек Ортақ Еңлік
Сабақты қорыту
Смайлик арқылы оқушылар өздерін өздері бағалайды, (қызыл – 3, сары – 4, жасыл – 5)
Кері байланыс парағы
Үйге тапсырма.
Эссе “Жырдан алған әсерім”
Авторға немесе ұнаған кейіпкерге деген ой – пікірлерін жазу.
Бағалау.
«Еңлік-Кебек» драмасында кейіпкерлер бойындағы сөз бен мінез шеберлігі айқын берілген. Айшықты мінез бен орамды сөздер арқылы кейіпкерлерді әсерлендіре түседі.
Мұнда кейіпкерлердің адалдығын, сертке беріктігін, сөз қолданысы мен мінез үйлесімділігін ашып көрсетеді.
Осы драмада өз бақытын табудың жолын іздеген екі кейіпкер де бірін-бірі сырттай естіген, әрқайсысы өзіне лайық тек сол болар деген ойға пайымдаумен көрерменді қызықтырады. Автор неге Еңлікті тек батырға лайық жар етіп суреттейді? Еңлікті сөзі ұтымды, ақылды, басынан сөз асырмайтын ер мінезді қызға тек өзіндей батыр ғана тең екенін көрсеткісі келеді.
Драма кейіпкерлерінің махаббат үшін күресін ішкі жан әлемінің тілдесуінен көреміз.Оны Кебектің Абызға айтқан мына сөздері: «…Жарқыраған күн де дос. Тұнжыраған түн де дос. Бәріне де жаным шат! Сауық құрам – ән сүйем, саят құрам – аң сүйем, жалын ұрам – жар сүйем…», — деген сөздері жалынды махаббатқа бөленген, ыстық сезімін көрсетеді.
Екеуі жартас басында Кебектің аңшылық құрып жүргендегі кездесуінде іштей ұғынысады. Автор осы жерде неге Еңлікке сөз бастатып, үйіне қонаққа шақыртады? Ондағысы екі жастың көңілін жарастыру. «…Анық Кебек сен болсаң, өзім де айтар жайым бар. Жүр Батыр! …Аз сөзіме көңіл бөл. Көрінгенге көз сүзген әлдеқандай деме, Кебек…», — деген сөздерді арқылы қыздың бас қайғысын бөлісетін, үлкен сеніммен нағыз арқа сүйер адал жанды тапқандықтан айтқанын білеміз.
Кездесе жүріп, екі елдің рұқсат бермейтінін біліп, қашуға бел буады. Сондағы Кебектің монологі: «…Жазығым жар сүйгенім болса, бердім барды Еңлігімнің жолында…», — деуі арқылы белді бекем буғаны белгілі. Еңлік сахнада көрінгенде Кебектің «Келші жаным, күпті қылмай, сертіңменен келдің бе?»,- дегеніне Еңліктің «Келдім, батыр, бар тілегім жолыңда…», — деген сөздермен жауап қатуынан махаббаттың жолында үлкен құрбандықпен табысқан екі жасты көз алдымызға әкеледі.
Драма кейіпкерлерінің өн бойы, сөйлеу тілі – әдеби көркем тілге, бейнелеу әдісіне, қиял қанатын қияға сермер шеберліктің ерекше бітімін танытқан. Артында қалып бара жатқан ата-анасын қимастықпен қоштасуы өлең жолдарымен айтылады.
Қорыта келгенде, «Еңлік-Кебек» драмасы бірін-бірі сүйген екі жастың сертке берік, қайсар мінездері мен өмір үшін арпалысын көрсетеді. Көрерменге үміт пен ізгілік таратады. Екеуінің адалдығы мен шынайылығы кейінгі ұрпаққа үлгі деп ойлаймын.
Ұқсас материал:
- І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жақтауындағы ақын мен тұлпар өмірі ажырамас тұтастық па?
- С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз
- «Абай жолы» роман-эпопеясы туралы түсінік (І том)
- Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы»,«Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз
- Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз
- Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз
- А. Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңіндегі қазақ халқының психологиясын талдап жазыңыз
- М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, әлде даттаушы ма?
- М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дəлелдеңіз
- Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз
- Сал-серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын жазыңыз
- Жаяу Мұсаның қиянатқа жазылған “Ақ сиса” өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңдар
- Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз
- Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз
- Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
- «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі
Шолпан Айтыбаева мен Дәурен Тойбазаров Еңлік пен Кебек рольдерінде
«Еңлік — Кебек» — Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың трагедия жанрында жазған шығармасы[1]. Шығарма 1922 жылы жазылды және 1943 жылы жаңа нұсқасымен жарық көрді. Бұл пьесаны жазған кезде Әуезовтың жасы 21-де еді.
Тарихы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Еңлік пен Кебек оқиғасы туралы мәлімет баспасөз бетінде 1892 жылы «Дала уалаяты газетінде» «Қазақтың естерінен кетпей жүрген бір сөз» деген атпен жарияланды.
Кейіннен 1900 жылы тағы да осы газетте «Қазақ турасынан хикая» деген атпен шықты.
Мағауия Абайұлы да «Еңлік — Кебек» дастанын жазған.
Еңлік пен Кебек оқиғасының сюжетіне Шәкәрім ақын поэма арнаған. «Еңлік — Кебек» поэмасы Абайдың көзі тірісінде, оның ақылымен жазылған. Оқиғаны Абай шәкірттеріне айтып беріп, поэма етіп жазуды ұсынады. Шығарманың негізгі арқауы махаббат трагедиясы болғанмен, Шәкәрім замана кейпін нақтылау, оқиғаның ескі күндерде өткенін, ендігі жерде ел арасында мұндай келеңсіз істер болмауға тиісін дәлелдей түсу үшін хикаяның өмірлік фонына айрықша мән беріп, шағын көлемді тарихи ақпар жасайды. Дастанның кіріспесі ел-жұрттың бұл жерге келу тарихына барлау іспетті. Ақын осы тарихи процесс үстіндегі нақты жағдайларды тәптіштеп баяндайды.
М. Әуезов: «Шыңғыстың бұрынғы иесі матай болады. Сол матайды Кеңгірбай тұсында тобықты ру басылары алғаш ірге тепкен жерінен тайдырмақ болады. Бұның арты шабуылға ұласады. «Еңлік — Кебек» оқиғасы дәл осы алғашқы талас-тартыстың кезін көрсетуші еді», — деп түсініктеме береді.
Қысқаша мазмұны[өңдеу | қайнарын өңдеу]
«Еңлік — Кебек» — екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма. Еңлік пен Кебек туралы хикаялар оқиға болған 18 ғасырдан бастап ел арасына кең тараған. Алғашқы жазба дерек 1892 жылы «Дала уалаяты» газетінің отыз бірінші және отыз тоғызыншы сандарында жарияланған «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» деген мақалада келтіріледі. Бүгінгі күнде жыр түрінде жеткен «Еңлік — Кебек» дастанының екі нұсқасы белгілі. Оның біріншісі — 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан жеке кітап болып жарық көрген, Абай ұсынған тақырып бойынша Шәкәрім жазған «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген шығарма да, екіншісі — Мағауия Абайұлы жазған «Еңлік — Кебек» дастаны. Шәкәрім нұсқасы 1988 жылы қайта жарық көрді. Бұл поэма 652 жолдан тұрады. Мұхтар Әуезовтің жеке кітапханасында сақталған Мағауия Абайұлы дастанын 1941 жылы Қайым Мұқаметханов баспаға әзірлеген. Бұл қолжазба тек 1960 жылы баспадан шығарылған «Дастандар» деген жинақта алғаш рет жарияланды. Жазушы Әуезов осы дастанның арқауымен осы аттас трагедия жазды. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дастан кейіпкерлері Еңлік пен Кебекке ескерткіш орнатылған. Құрылысқа жергілікті халық шеберлері өңдеген қызыл, күрең және ақшыл сұр түсті гранит, цемент, құм, алебастр, әк, жоса пайдаланылған. Ескерткіш қойылған тау басындағы ескі зираттың үсті тегістеліп, алаң айналасы жалпақ тақтатастармен көмкеріліп, ал оның үстіне әр жерден орнатылған аласа сынтастар арасына жуан шынжыр арқанды бостау кермелеп қоршау жасалған. Төрткіл алаңның ортасынан 4 қабырғалы күмбез-тұғыр соғылып, оның үстіне орнатқан биікт. 6 метрлік мұнара мен күмбез түйісетін дөдегені керегекөз өрнекпен әшекейлеген. Күмбездің 4 жағында шығыстық мәнермен ойып шығарылған 4 арка бар. Олардың маңдайшасында “Еңлік — Кебек” деген егіз есім әсемдеп жазылған. Ескерткіштен батысқа қарай 8—9 км жерде 1917 жылы 7 маусымда М.Әуезовтің «Еңлік — Кебек» пьесасы осы арада алғаш рет киіз үй сахнасында қойылды” деп жазылған тағы бір ескерткіш бар.[1]
Кейіпкерлері[өңдеу | қайнарын өңдеу]
- Абыз – Cәуегей қария. Құрметті шал. 80 жаста.
- Таңшолпан – Абыздың әйелі, білімді, ел анасы болғандай ақкөңіл кемпір. 65 жаста.
- Ақан, Қалампыр – Меймандос кәриялар, момын.
- Еңлік – Ақанның қызы. Ашық, өжет, адуын, еркек мінезді, 20 жаста.
- Кебек – Тобықтының атақты батырының бірі. 28 жаста.
- Кеңгірбай – (Қабекең) Тобықтының қабырғалы, айдынды биі. Ел ішінде өте қадірлі, сөзі қабыл болатын дуалы ауыз. 60 жаста.
- Көбей – Қабекең мен елдің арасындағы сөзді алып жүретін, пысық, жүйрік би. Қабекеңнің жұмбақтап айтатын сөздерін тез шешетіндіктен Көмей би деп атанған. 45 жаста.
- Матақ, Кембай – Көбейден соңғы елдің басты адамдары.
- Есен – Найманның батыры.
- Жомарт, Еспембет – Найманның елшілері. Айтқан сөзінен қайтпайтын, қатты адамдар, жалғыз жуастауы Жомарт.
- Қосдәулет – Дадан Тобықтының басты кісісі.
- Қараменде – Дадан Тобықтының биі, ақ жүрек, ел қамқоры болған әділ, таза би. 75 жаста
- Жапал – Ақанның малшы баласы.
- Жәуетей – Кебектің жолдасы.
Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]
- ↑ Еңлік—Кебек. трагедия (1922 жылғы нұсқа)
Сыртқы сілтемелер[өңдеу | қайнарын өңдеу]
- М.Әуезов. Еңлік — Кебек. 1943 жылғы нұсқа
- М.Әуезов. Еңлік — Кебек. 1922 жылғы нұсқа
- М.Әуезов. Энлик — Кебек. Пьеса Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
- Еңлік — Кебек(қолжетпейтін сілтеме)
Мұхтар Әуезов шығармалары |
|
---|---|
Романдары |
Абай жолы (роман-эпопея) • Өскен өркен • Тұман айығарда (роман эскиздері) |
Повестер мен әңгімелері |
Қараш-қараш оқиғасы • Қилы заман • Көксерек • Дауыл • Қорғансыздың күні • Оқыған азамат • Сыбан Ақтайлақ би • Үйлену • Сөніп-жану • Қаралы сұлу • Кім кінәлі? • Жетім • Барымта • Кінәшіл бойжеткен • Бүркіт аңшылығының суреттері • Қыр суреттері • Қыр әңгімелері • Ескілік көлеңкесінде • Қасеннің құбылыстары • Жуандық • Үш күн • Білекке-білек • Іздер • Құм мен Асқар • Шатқалаң • Бүркітші • Асыл нәсілдер • Шыңғыстау |
Либретто мен пьесалары |
Еңлік — Кебек • Бәйбіше, тоқал • Қарагөз • Айман — Шолпан • Ақ қайың • Абай трагедиясы • Абай (либретто) • Тас түлек • Октябрь үшін • Тартыс • Алма бағында • Бекет • Шекарада • Сын сағатта • Намыс гвардиясы • Түнгі сарын • Хан Кене • Қара Қыпшақ Қобыланды • Ақан — Зайра • Калкаман и Мамыр (орысша либретто) • Алуа • Бес дос |
Оқу құралдары |
Әдебиет тарихы • Жеткіншек • Новый аул • Абайды білмек керек ойлы жасқа |
Басқасы |
Аудармалары • Мақалалары • Индия очерктері • Америка әсерлері • Ақын елінде • Абай (кинодрама) • Абай (әдеби сценарий) • Абайтанудан жарияланбаған материалдар • Уақыт және әдебиет • Әр жылдар ойлары • Белгісіз Әуезов • Әуезовтану |
Газиза Ахметовна Жубанова
«ЕНЛИК-КЕБЕК»
опера в 2-х действиях
либретто Саги Жиенбаева
по одноимённой драме Мухтара Ауэзова
Действующие лица:
Енлик, девушка из рода найман
Кебек, батыр из рода тобыкты
Абыз, мудрец из рода тобыкты
Жапал, пастух, друг Енлик
Есен, батыр из рода найман
Жауетай, батыр из рода тобыкты, друг Кебека
Кенгирбай, главный би рода тобыкты
Кобей, би рода тобыкты
Еспембет, би рода найман
Караменде, старейшина рода тобыкты
Симфонический оркестр, хор и балет Казахского государственного академического театра оперы и балета имени Абая
Опера исполняется на казахском языке, в сопровождении синхронных титров нарусском и английском языках
Постановочная команда:
Дирижер-постановщик
— Нурлан Жарасов, Заслуженный деятель РК
Режиссер-постановщик
— Ляйлим Имангазина, Заслуженный деятель РК
Художник-постановщик
— Сергей Новиков (Россия)
Хормейстер
— Алия Темирбекова
премьера спектакля в КГАТОБ им.Абая состоялась 10, 11 декабря 2016 года
Опера «Енлик-Кебек» Газизы Жубановой была написана в 1975 году и в этом же году осуществлена её постановка на сцене Казахского государственного академического театра оперы и балета имени Абая.
В основе либретто оперы – драма Мухтара Ауэзова «Енлик-Кебек». Авторлибретто – поэт и переводчик Саги Жиенбаев.Первыми постановщиками спектакля были: дирижер — народный артистКазахской ССР Тургут Османов, режиссёр — народный артист СССР, Халық Қаһарманы, лауреат Государственной премии СССР Азербайжан Мамбетов, художник – лауреат Государственной премии СССР Александр Кривошеин, хормейстер – народный артист Казахской ССР, профессор Базаргали Жаман-баев.
Главные партии в первой постановке исполнили: Б. Тулегенова, С. Курман-галиева, Х. Калиламбекова, Н. Каражигитов, Е. Серкебаев, М. Мусабаев, Е.Байтугаев, Б.Кошмухамбетов, К. Бактаев, К. Мурзабеков, А. Оншаев, К.Бейсалиев, К. Кулумжанов, Ш. Умбеталиев, Г. Есимов.
Произведение впервые увидело свет 24 января 1975 года в постановке режиссёра Азербайжана Мамбетова и дирижёра Тургута Османова. Тогда оперу услышали не только алматинские зрители. Её давали и на родине героев одного из самых проникновенных эпосов казахского народа в Семипалатинске, и на ведущих оперных сценах Советского Союза – в Москве, Ленинграде, и даже в Италии. Музыка Газизы Ахметовны, в сочетании с либретто Саги Жиенбаева, полюбилась многим слушателям.
История казахских Ромео и Джульетты долго не сходила со сцены. В каждом народе есть история, похожая сюжетом на «Ромео и Джульетту». В опере «Енлик-Кебек» действие происходит в середине 18 века. Два враждебных рода обосновались на склонах Чингистау, в Семипалатинской области, где когда-то было нашествие Чингисхана. Много лет они враждовали, крали девушек, скот. И вот девушка из рода найман Енлик и парень из рода тобыкты Кебек полюбили друг друга. Енлик уже давно была просватана за другого, но отказалась выходить замуж. А по законам, раз она отказалась, то должна была достаться брату жениха Есену.Есен просит ее согласия, она обещает дать его через три дня, а сама убегает в горы вместе с любимым. Там они живут вдали от всех невзгод. Но род, откуда сбежала Енлик, посчитал себя оскорбленным и потребовал выдать им Кебека на растерзание, пригрозив войной. Судья Кенгирбай решает, что меньше кровопролития будет, если они выдадут Кебека. Вождь враждебного племени идет в те места, где прячутся влюбленные, и решает их казнить. Перед смертью Енлик просит исполнить три ее желания: дать им с Кебеком возможность проститься, отдать ребенка ее родителям и похоронить их с Кебеком вместе.Несмотря на всю трагичность истории, в музыке Газизы Жубановой много света. Это, можно сказать, оптимистичная трагедия. Заканчивается она тоже оптимистично. Мудрец Абыз, защищавший влюбленных на суде, благословляет найденного ребенка Енлик и Кебек в горах, и говорит, что его ждет светлое будущее. Он вырастет и будет жить в те времена, когда все родовые распри закончатся.Музыка оперы очень романтична, когда встречаются влюбленные, героична, когда встречаются соперники в драке, драматична, когда происходит суд и трагична во время казни, но все же в ней много света и солнца.