Е?бек туралы сценарий

?зін-?зі тану 3-сыныпТа?ырыбы: Е?бекті? наны т?ттіМа?саты:О?ушылар?а е?бекті? керектілігі туралы т?сінік беріп, адамны? ?мірі ?з ?олында екендігін т?сіндіру;Мін

?зін-?зі тану    3-сынып

Та?ырыбы:  «Е?бекті? наны т?тті»

 Ма?саты:
О?ушылар?а е?бекті? керектілігі туралы т?сінік беріп, адамны? ?мірі ?з ?олында екендігін т?сіндіру;
Міндеттері:
— о?ушылар?а е?бекті? ма?ыздылы?ы туралы т?сінік беру;
— о?ушыларды? адамгершілік ?асиеттерін дамыту?а ы?пал ету;
— еліне, хал?ына абыройлы ?ызмет етуге т?рбиелеу;
К?рнекілігі:, слайд шоу, бейне ?зінді, т?рлі — т?сті кеспе ?а?аздар.плакаттар,

Психологиялы? дайынды?:   Бір-біріне жылы с?здер айту.

Топ?а б?лу;  3 т?с ар?ылы.  1-топ,2-топ 3-топ.

?й тапсырмасын с?рау;   1. ?йге ?андай тапсырма берілді.

«Ба?ыт, байлы? А?ыл «               (ертегі)

Байлы? деген не?

Байлы? адам?а не ?шін керек?

Егер сен бай болса?, ал?аш кімге к?мектесер еді?дер?

Ба?ыт туралы не айтар еді?дер?

А?ыл деген не?

Балалар  адам баласы байлы??а ба?ыт?а жету ?шін не істеуі керек?

Сендер е?бек деп нені т?сінесі?дер?

?андай е?бек т?рлерін білесі?дер?

Сені? жасы?да?ы е?бек деген не?

Ба?алау    Барма? ар?ылы

Ми?а шабуыл.  Бірнеше суреттерді жасыру.

Жа?а саба?.  Кітаппен ж?мыс.»Ма?дай тер»

Хамит атасымен ??гімелескенді ?натады.Балабек ?ария  к?п жыл бойы сушы бол?ан. ?азір ??рметті демалыста.Сонда да ?йде отыр?анын к?рмейсі?. Хамитті ертіп, ?й жанында?ы ба? ішінде жеміс егіп ж?ргені. Еш?ашан шаршамайды.

-Ата, ма?дай тер» деген не?-с?рады бірде Хамит.

Атасы ой?а шомды. К?зін бір н?ктеге ?адады. Сонан со? Хамитті ертіп, ?зі к?шет алып ж?рген то?ай?а келді.?олына к?рек ?статты;

-?ане, балам екі-?ш рет ?азып алІ

?зі шетке барып а?аш к?ле?кесіне жай?асты. Хамит пора-пора тер болды Атасы жа? ашпады

Арада бірнеше жылдар ?ткеннен кейін сол к?шеттер ?лкен а?аш?а айналды. Бірде атасы Хамитті ертіп ба? ішіне келді. ?ып-?ызыл алманы? біреуін ?зіп ?олына ?статты. Сондай д?мдіІ.

-Ма?дай тер деген осы. «Е?бекті? наны т?тті «дегенді  дегенді есте са?та?айсы?.

Балаларды? ?здеріне о?ыту.  Бір-біріне с?ра?тар ?ою ар?ылы талдау

Бейнеролик к?рсету;    «Е?бексіз ?мір с?ре?сіз»

Топпен ж?мыс  1-топ  С?рет салу.

                           2- топ Е?бек  с?зіне талдау жасау.

                          3-топ К?рініс к?рсету

  Ба?алау.  Т?стер ар?ылы

Ж?пты? ж?мыс;
Даналы? с?здерді о?ып. Е?бекті? ма?ыздылы?ы ж?нінде ой т?йінде?дер.
1) Е?бек – ?уаныш, жал?аулы? — айырылмас азап.   (А. ??нанбаев)
2) Е?бегі жо??а — ба?ыт жо?.      (А. П Чехов)
3) Жаны? жай тапсын десе? — е?бектен.    (Ж. Ж. Руссо)

.

Сергіту С?ті;  Топпен ?н айту,  Е?бекшіл осындай.   ?нін орындау.

Жа?сы бала е?бекшіл,

Ер азамат болады.

?иынды?ты же?іп кіл,

??ша?ы г?л толады.

Е?бекшіл осындай,

Болайы?шы досым-ай.

Кім тап?ыр ;   Ма?ал –м?телдерді жал?астыр,  

          Е?бек б?рін ..

         Е?бекті? наны т?тті,

         Жал?ауды?..т?тті.

Е?бек етсе? ерінбей,

  ..?арны? тіленбей.

Ер .. е?бекте сыналады.

Е?бек етсе?..

К?з.., ?ол батыр.

Жеке ж?мыс; ?р о?ушы?а бір кеспе ?а?аз беріледі;   Эссе жау.

 Екіге б?леміз Мен е?бекшіл баламын..

Ары ?арай ?здері жал?астырады.

      Ба?алау  екі ж?лдыз, бір ?сыныс ар?ылы.

?орыту; Адал е?бек адамды ?уанышты сезінуге ?йретеді. ?р?ашанда ?з ісімізге адал болып,е?бекті? д?мін сезіне білейік. Адал е?бекті ба?алап, ?адірлейік.

?йге тапсырма  беру;

                «Е?бекті? наны т?тті» та?ырыбына шы?арма жазып келу.

Рефлекция; Саба? туралы ?з пікірлерін жазып жапыстыру.

?ыр?а шы?са? терлеп,

М?ны? аты- Е?бек.

Кесте тіксе? зерлеп,

М?ны? аты –е?бек

Саба?ы?а ж?ндеп,

?зірленс?-Е?бек.

?иынды?ты? б?рін,

Е?бек ?ана же?бек. Зейін ?ойып ты?да?андары?ыз?а рахмет. Сау болы?ыздар.

Просмотр содержимого документа

«Е?бекті? наны т?тті ашы? саба? »

Тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

Мақсаты:

1-желтоқсан
Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу. Қазақ халқының тұңғыш президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы мен шығармашылыққа толы атқарылған
істері туралы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы
мағлұмат беру;

ҚР
Президенті Н.Ә.Назарбаев ел үшін жасаған істерін үлгі – өнеге ету.

Шәкірт
жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, оқушыларды өз Отанын,
халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, ержүректілікке, азаматтыққа,
патриоттық сезімге

тәрбиелеу.

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар,
оқушылар

2-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар!

1-жүргізуші:1-Желтоқсан Қазақстан Республикасы
Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты
мерекелік іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз.

ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

2-жүргізуші: алғашқы мерекелік
құттықтау сөзін ауылымыздың әкімі Гүлнар Мәслихатқызына және ауылымыздың
ақсақалдар алқасының төрағасы Әлі ақсалқалға

1-жүргізуші: мектеп
директорының м.а. Ақмарал Берікбайқызына және мектебіміздің әлеуметтік педагогы
Қойшыман Шажағайұлына береміз.

2-жүргізуші:

Келбетіңнен
ізгілік нұр көрінген

Лебізіңнен
ол арманы өрілген

Сенің
арқаң — Қазақстан көркейіп

Достық
әні шарықтады төрімнен

1-жүргізуші:

Серпігенде
бодандықтың тұманын,

Жетті
әлемге ұраным мен жыр — әнім

Өзің
болдың көшбасшысы елімнің

Өзің
болдың биік ұшқан қыраным

Мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі Нысанбай
Абзалдың орындауында «Қазақтай ел қайда?» әні.

Сахнаға 4 оқушы шығып өлең шумақтарын оқиды

1-оқушы Ұлжан:

Атыңнан
айналайын, Егемен ел!

Тәуелсіз
күнің туды кенеле бер

Мерейің
құтты болсын Нұр ата,

Ғасырдың
тойы болшы келе берер

2-оқушы Ислам:

Болашағы
Қазақстанның алдағы,

Орындалсын
қазағымның арманы

Елбасымыз
Назарбаев Нұрсұлтан

Халқымыздың
таңдап алған таңдауы

3-оқушы Айгүл:

Асқақ
болып еліміздің жалауы

Мәңгі
жансын тәуелсіздік алауы

Еңбек,
достық, бейбітшілік береке

Қазақстан
Республикасының қалауы

4-оқушы Бекжан:

Еліміздің
тыныштығын ойлайтын

Халқым
менің елбасыны қолдайтын

Бәрімізге
тыныш өмір сыйлаған

Жасай
берсін Назарбаев Нұрсұлтан

2-жүргізуші:

Ауыр
күнді артымызға тастауы –

Қиын
сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім,
дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз
Нұрағаңның бастауы

Туды
ұстап тура жолға түсіріп,

Жас
Отанның өмірін де түсініп,

«Елім,
жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір
керемет жасады — ау кісілік

Мектебіміздің 6-сынып оқушысы Пернебек Ақмаржанның
орындауында «Туған жер» әні

6-оқушы Мадина:

Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған
ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.
Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

7-оқушы Әсел:

Ол
ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды
металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек
еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаға барып металлург – жұмысшы
мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын
атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

8-оқушы Арайлым:

Сол
жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және
республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.
Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды
облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап
беретін хатшы болды.

9-оқушы Сымбат:

Бірде
шырқап, бірде төмен құлаған,

Өмір
жолы болған қиын бұралаң.

Қазағымды
жарқын жолға бастады

Елбасы
боп сайланды да Нұр ағам

Хор «Нұр аға»

1-жүргізуші:

Ол
Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны
басталады.

2-жүргізуші:

1991
жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

1-жүргізуші:

1991
жылдың 16-желтоқсанында Қазақстан Республикасы «Тәуелсіз демократиялық және
құқылық мемлекет» деп жариялады.

2-жүргізуші:

1992
жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.

Елтаңба
авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.

Мемлекеттік
тудың ұзындығы — 2 метр, ені – 1 метр. Тудың жобасын жасаған суретші Шәкен
Ниязбеков

9-сынып оқушысы Берік Айдынның орындауында «Көк тудың
желбірегені» әні

1-жүргізуші:

1993
жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға
енді.

10-оқушы Шырын:

Ақшам
шықты өзімнің тұңғыш рет,

Білдім
дербес елімнің үлгісі деп.

Бейнеленген
хан, ақын, ғалымдарым,

Беттерінен
көз тартып тұрды сурет.

Теңдікті
айтып тұр аты теңге деген,

Құт
— береке болшы бір елге келген.

Өз
туы, елтаңба, әнұраны бар

Айтыңдаршы,
енді елім кем де неден?

1-жүргізуші:

1995
жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР – ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.

11-оқушы Гүлмарал:

Азат
елдің басталған айқын жолы тәрізді,

Ата
Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.

Ата
Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,

Ата
— баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.

Халық
сенген заңымыз әділдікті қолдайды,

Жақсарсын
деп хәліміз адам құқын қорғайды.

1-жүргізуші:

1998
жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң
жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.

12-оқушы Тоғжан:

Көтереді
шаңырақ Астанам асқақ,

Жаңарып
қалам, жасарып далам!

Басыңнан
серпі бодандық жүгін,

Кетпейді
ойдан Отандық ұғым.

Арыстан
жүрек, айбынды елім,

Таниды
сені бар әлем бүгін.

Мектебіміздің 5-сынып оқушылары Алтыбай Ақтоты мен
Алиева Арайлымның орындауында «Туған жердей жер болмас» әні

2-жүргізуші:

Халқым
айтқан ел көтерер жер даңқын

Елім
айтқан жер көтерер ел даңқын

Президентім
аман болғай ел басы

Мәңгі
жаса, жас қазағым, өр халқым

1-жүргізуші:

Аман
бол ел ардағы, ел арманы,

Сезімің
— қызғалдақ гүл қоғамдағы.

Батырсың
баяғыдан күткен еліңнің,

Шақырсын
тек бақытқа жол алдағы.

2-жүргізуші:

Аман
бол, алтын жүрек, дана басым,

Ел
үшін өлімге де бара аласың

Буының
бүгілмесін, ел алдында,

Ертең
де еңбегіңді бағаласын.

5-сынып оқушыларының орындауында «Жаса мәңгі,
Қазақстан» әні

1-жүргізуші:

Кезінде
Н.Ә.Назарбаев «Егер келешекте қолымнан іс келетін азамат бола қалсам қазақ
деген халықты дүниежүзіне танытып терезесін тең етер едім»деп армандаған
болатын. Жасыратыны жоқ бүгінде асқақ арманы орындалды. Қазақты дүние жүзі
таныды. Оның кең байтақ даласының қазынасы мол жерін, дархан жатқан бейбіт елін
дүниенің төрт бұрышы біледі. Ал ел өміріндегі осындай маңызды тарихи кезеңдерде
мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесінің зор екендігіне ешкімнің
күмән келтірмейтіні тарихи шындық.

Тәрбие сағатының тақырыбы: «
Мен- егеменді елдің болашағымын »

Мақсаты:

ҚР — ның картасымен, әсіресе
Жамбыл облысы, туған жерімізбен таныстыру. Отанын, елін, табиғатын, жерін
құрметтеп аялауға және ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге
тәрбиелеу. Музыка ырғағы арқылы патриоттық сезімін ояту.
Көрнекілігі:

суреттер, карта, әуен.
Тәрбие сағатының өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.
«Атамекен» әнін балалар хормен орындайды.
Кіріспе бөлім.
— Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады. Біздің еліміз — тәуелсіз
мемлекет. Яғни, біздің еліміз егеменді болғандықтан, өз мемлекеттік әнұраны,
елтаңбасы және өзінің мемлкеттік туы бар.
Біздің ұлттық ана тіліміз – қазақ тілі.
— Балалар, республикамыздың президенті кім?(Н. Ә. Назарбаев)
— Біздің астанамыз қалай аталады?
— Біздің елордамыз – Астана.
Негізгі бөлім.
— Бұл тақтаға ілінген бұл не?
— Бұл – карта.
— Жарайсыңдар! Иә, мынау – Қазақстан картасы, мында Қазақстанның қалалары,
облыстары, өзен — көлдері көрсетілген, біздің жеріміз пайдалы қазбаларға толы.
Мәселен, мұнай — газ, уран, т. б. Жеріміз әлем бойынша үлкендігі жағынан 9 — шы
орында тұр. Біз осындай елде туып — өскенімізді мақтан ете аламыз.
— Ал, мынау біздің – Жамбыл облысы.
— Ал, мына, сол жақта не көріп тұрсыңдар?
— Жақсы, олай болса, елімізге, туған жер мен Отанымызға арналған тақпақтар мен
мақал — мәтелдерге кезек берейік!
Ақмаржан:

 Қазақстан — туған өлкем,
Жер көп пе, сендей көркем?
Көрсін деп күллі әлемге
Жалауыңды желге желпем
Аружан:

Туған жерде толамыз,
Ертең жігіт боламыз.
Отан ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.
Азат:

Туған жер беу, туған жер!
Сен ыстықсың біздерге.
Мың — мың дастан жатыр
Халқым басқан іздерде.
Дина:

 Отан от басынан басталады.
Отан оттан да ыстық.
Отан — сенің ата — анаң,
Отан — досың, бауырың.
Отан — өлкең, астанаң
Отан — аудан, ауылың.
Аяулымның орындауындағы «Жұмыр қылыш» биі.
— Бәрекелді, жарайсың!
Азат:

Күнді құшқан қос қыран,
Аясында қалқыған.
Аспан түсті туым бар,
Көк теңіздей шалқыған.
Дина:

Арыстандай айбаттым.
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтың
Қанша жұлдыз жайнаттың.
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан ардақтым.
Ақмаржан:

 Өзіңдікі туыңда,
От пен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Азат:

Аялап ару ананы,
Өсірген еркін баланы,
Бесік боп тербеткен
Отаным – Қазақстан.
Отан — қуат, отбасы шуақ.
Жері байдың, елі бай.
Шапағат:

Отанды біз атамекен,
Деп аялап атаймыз.
Өйткені, оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.
Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Дина:

Бұлт баспасын күнімді
Тартылмасын өрісің
Биік ұстау туымды
Қасиетті борышым.
«Әрқашан күн сөнбесін» әнін Сая мен Мәдина орындайды.
Дина:

Көк туым көтерілді бағым
жанып,
Елтаңбам әлемге танылды анық.
Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,
Арманым ата заңым қабылданып.
Шапағат:

 Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.
Дина:

Жаса жаңа Астанам
Өркен жая бастаған
Болашақтың есеігін
өз қолыңмен аш маған.
Карина:

Қазақпын, мен қазақтың
бөлшегімін,
Қажетіне өзгенің өлшемінің.
Айбарлы елдің ұлымын, айтаңбалы.
Кейіпкері емеспін ертегінің.
Ұлбосын:

 Отан деген атамекен
Отан деген туған жер.
Отан ана, Отан үлкен
Қазақстан туған ел.
Азат:

Рухынан жақсылардың нұр
саулаған,
Жанымды мейірімі құрсаулаған.
Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан
Шуақ шашқан сәулелі.
Көрініс. (Музыка ойнап, аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып
отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).
Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағыңды ойлаймын.
Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.
Немересі: Ата, «өткен өмір» деген не?
Атасы: Ә, балам, «өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен
өмір жолы, бұл тарих емес пе?
Немересі: Ол қандай болған?
Атасы: Ендеше тыңда, балам! Сен тарихыңды, жеті атаңды білуге тиіссің. Отаны
жоқ адам нағыз бақытсыз жан, ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған тәуелсіз
халықпыз. Отанды көркейту үшін сендер сабақты жақсы оқуларың керек.
Немересі: Ата, ендеше мен Қазақстнады одан әрі дамыту үшін сабағымды жақсы
оқитын боламын.
Атасы: Балалар, туған жерді гүлдендірер ұл — қызы, міне, сендерсіңдер.
(Атасы мен немересі шығып кетеді).
Қорытынды: «Ата – қоныс жер қымбат,
Туып — өскен ел қымбат», — демекші, балалар, бүгінгі тәрбие сабағында
айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.
Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңда. Туған елдеріңді
өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендерсіңдер. Ол
үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің.
Орағың өткір болса,
Қарың талмайды.
Отаның берік болса,
Жауың алмайды.
— Сау болыңыздар!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Нан туралы ?ле?

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: К?рім Сау?абаевты? «Нан туралы ?ле?» атты шы?армасымен танысады. ?ле?ні? ?зекті т?йінді ойын ашу?а ?йренеді, ?з бетінше шы?армашылы?пен ж?мыс істеуге т?селеді.

Дамытушылы?: Танымды? ?ызы?ушылы?ын арттыра отырып, шы?армашылы? ?абілеттерін дамиды. Та?ырыпты ?мірмен байланыстыра отырып с?йлеу м?дениеттері артады.

Т?рбиелілік: Топпен ж?мыс жасай біледі, бір-бірін сыйлайды, к?мектеседі.

Саба?ты? ?дісі: С?здік, к?рнекілік ?діс Топтау ?дісі,

Саба?ты? т?рі: Жа?а саба?
Саба?ты? к?рнекілігі: Суреттер, кітап, д?птер, слайд.

Саба?ты? ж?рісі: 1. ?ызы?ушылы?ты ояту сатысы:
1. «?зін — ?зі тану» п?ні элементін ?олдану, с?лемдесу:
Мейірімді ж?рекпен
А? пейілді тілекпен,
Амандасып алайы?
Бір жадырап ?алайы?

Топтастыру.

?й тапсырмасын тексеру. «Т?лік туралы саба?» ?ле?іні? мазм?нын с?рау.

— ?ле?ні? авторы кім?

1. Болат пен Марат неге таласты?
2. Олар?а та?ы кім ?осылды?
3. Болатты? с?ра?ына сендер ?алай жауап берер еді?дер?
?ой атаулары: ?озы, ?ой, то?ты, т?са?, саулы? (ешкі, ла?, серке, теке)
Сиыр атаулары: б?зау, тайынша, торпа?, баспа?, д?нежін, ??нажын
Жыл?ы атаулары: жаба?ы, тай, ??нан, д?нен, бесті.
Т?рт т?лік туралы ?андай ма?ал-м?телдер білесі?дер?

Жа?а саба?. Та?ырыпты ашу.

1 маса?тан – 75 д?н алынады екен, Осындай 10 маса?тан неше д?н алынды?
75•10=750 д?н алынды.

— Есеп не жайлы? (д?н)

— Д?н нені? т??ымы? (бидай)

— Бидайдан не аламыз? (?н, нан)

-Нан туралы ?андай шы?армалармен танысты?? (?ат?ан нан, Егінші мен ?ас?ыр, ?а?ба? пен бидай т. б)

О?улы?пен ж?мыс.О?улы?та?ы К?рім Сау?абаевты? «Нан туралы ?ле?і»?ле?ін м?нерлеп о?у

О?ып, мазм?нын айту?а дайындалады.
1. ?ле?ді м?нерлеп о?ып беремін.

2. О?ушылар топпен о?ып шы?ады.

Автор туралы м?лімет:

Сау?абаев К?рім (1941–2002) 20 ?азанда ?ара?анды облысы, Егіндіб?ла? (б?рын?ы ?у)ауданыны? Едірей ауылды? ке?есінде ту?ан.1964 жылы ?ара?анды педагогикалы? институтын, 1972 жылы ?аза? мемлекеттік университетіні? журналистика факультетін сырттай о?ып бітіреді.Балалар?а арнал?ан ал?аш?ы ?ле?дері 1972 жылы кітап болып шы?ады. 1973 жылдан Егіндіб?ла? ауданды? «Ленин туы» газетіні? редакторы болып ?ызмет ат?арды.
Шы?армалары: Мойындау. ?ле?дер. А., «Жазушы», 1972; К?ктем келді, ала?ай. ?ле?дер. А., «Жалын», 1977; А?ша ?ар. ?ле?дер. А., «Жазушы», 1980; Бал?ан тауды? басында. ?ле?дер. А., «Жазушы», 1982; ?лкендерден ?лгі аламыз. ?ле?дер. А., «Жазушы», 1983; ?ш?ара оттары. ?ле?дер. А., «Жазушы», 1985.

Топпен ж?мыс.

1 топ:

1. ?ле?де ?андай с?з жиі ?олданылды?
2. Нан дастархан?а ?алай келеді?

3.Нан — ?мір, нан — ?н, нан — н?р, себебі.

2 топ:

1. Жиі ?олдануды? ма?саты неде?

2. Е?бек туралы ма?ал айт.

3. Нансыз тынышты? болмайды, себебі.

3 топ:

1. Нан?а ?атысты тыйым с?здер айт

2. Бір д?н жатса, е?кейі?дер, к?тері?дер, себебі.

Сергіту с?ті.

Д?птермен ж?мыс.Нан туралы эссе жазу.

Пысы?тау. Ой тол?аныс.

1. О?ушылар бізді? дастарханымызда?ы нан та?амдарын атайы?шы;
То?аш, б?ліш, торт, т?тті кекс, печенье, бауырса? т. б.
2. Ал осы бауырса?ты ?алай жасаймыз? Аналары?нан к?ргендері? бар ма?
(бауырса?ты? жасалу жолдарын о?ушылар баяндайды).

?орытынды.

— Саба? ?нады ма?

— Б?гін біз нені ?йрендік?

Нан жайлы ?з пікірі?ді айт.

?йге тапсырма. ?ле?ді м?нерлеп о?у. 256-257 беттер.

Ба?алау. Саба? барысында к?рсеткен білімдері ар?ылы ба?алау.

«Еңбек ерлікке бастайды» еңбек ардагерімен сыр сұхбат
сыр сұхбатты жүргізген 6 сынып жетекшісі Гүлназ Айтжанқызы Әжібаева

Мақсаты:
а) Ардагерлер жолын оқушыларға үлгі ету. Олардың әңгімесінің мәнін ұғына білуді, үлкендерді сыйлауды, құрметтеуді, атаның батасын, ананың алғысын ала білуді үйрету.
ә) Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту. Белгілі бір мамандыққа баулу. Өзін – өзі ұстау әдебіне қалыптастыру.
б) ерен еңбегімен ел есінде қалған жерлестер есімін келешек ұрпаққа ұмыттырмау. Олардың ел жадындағы ерен еңбектерін көпшілікке ұсыну болғандықтан алғашқы кейіпкері етіп денсаулық саласының үздігі болып отыр.

Армысыздар көрермендер, қымбатты оқушылар! Көңіл – күйлеріңіз қалай, жақсы ма? Бугін лицейде «Еңбек ерлікке бастайды» тақырыбында сыр сұхбат! Балалар білесіздер ме ардагер сөзін кім қалай түсінеді? Ардагер — құрметті, ардақты, қадірлі адам деген мәнді білдіретін этикалық ұғым. Ел қамын ойлап, намысын қорғаған, елеулі еңбек сіңірген абыройлы адамды халық ардагері деп жоғары бағалайды. Жеке адам қоғамда ерекше істерімен, ақыл — парасатымен, адамгершілік асыл қасиетімен, беделімен жұртышылыққа танылғанда ғана ардагер болады. Қазіргі кезде еңбек ардагері, соғыс ардагері деп атаймыз. Олай болса, бүгін 28 қыркүйек – Еңбек күніне орай өткізіліп жатқан шарамызға сіздермен сыр сұхбаттың қонағы еңбек ардагері ақ халатты абзал жан Барахат ағаны қошеметпен ортаға шақырамын!

Қош келдіңіз, Барахат аға! Сіздің көңіл – күйіңіз жақсы ма? Балалармен кездесуге дайынсыз ба? Ендеше бастамас бұрын өзіңіз туралы жазылған экрандағы анықтамаға назар аударалық! ( слайд — презентация)

Барахат Тоғжанұлы Абаев 1942 жылы Түпқараған ауданы Таушық ауылында дүниеге келді.
1965 — 1971ж Ақтөбе медицина институтын (қазіргі Батыс Қазақстан медицина академиясы) бітірді.
1965 – 84 ж. Маңғыстау аудандық ауруханасында хирург — дәрігер, бас дәрігер, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.
1985 – 99 ж. Бейнеу аудандық ауруханасының бас дәрігері,
1999 – 2006 ж. Бейнеу аудандық ауруханасы Мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері, аудандық Денсаулық сақтау саласының үйлестірушісі болды.
2006 жылдан бастап Бейнеу аудандық емханасы мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері.
Марапаттары: «Астана» медалі (1998), ҚР — ның «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісі (2000), «Шапағат» медалімен (2001) марапатталған.

Құрметті аға сізге балалар тапсырмалар мен сұрақтар қояды, соны орындаймын деген уәдеңіз керек? Уәде бересіз бе? Ал, ендеше басталық! Сұрақ балалардан, алғашқы оқушының сұрағы қойылады.

Оқушылар кеш қонағына мынандай сұрақтар қойды.
Сұрақтар:
1. Балалық шақтан есіңізде не бар?
2. Туған жер сізге несімен ыстық?
3. Жас кезіңізде қандай болдыңыз?
4. Еңбек еткен жылдары есіңізде қалған қызық оқиға?
5. Балаларыңыздың ішінде ерекшелейтініңіз бар ма?
6. Бала кезіңізде қандай ойын түрлерін ойнадыңыз?
7. Дәрігер мамандығын не себепті таңдадыңыз?
8. Осы уақытқа дейін қанша операция жасадыңыз?
9. Мектепте қандай пәнді ұнаттыңыз?
10. Алғашқы ұстазыңыз кім еді?
11. Сіздің мінезіңіз қандай болды?
12. Балдармен төбелестіңіз бе?
13. Қазіргі жастар қандай?
14. Ән салып беріңізші?
15. Мамандықтың басқа түрін таңдар ме едіңіз?
16. «Жақсы дәрігер ауруды жазады, жаман дәрігер ауруға ауру қосады» деген мақалды қалай түсінесіз?

Тапсырма:
1. Аға сіз мына қағаздан бала кездегідей ұшақтың моделін жасап берсеңіз? (ақ қағаз беріледі)
2. Сізге фонендоскоп беріледі, осы құрал арқылы баланың жүрек соғысын, өкпесінде денсаулығында ақау бар ма анықтап берсеңіз? ( ортаға бір оқушыны алдырамыз)

Ал, оқушылар ағайдың орындаған тапсырмаларын қалай бағалаймыз? ( оқушылар «5» деген баға береді)
Құрметті ардагер аға, біздің сізге берілген сыр сұхбат аяқталып қалды. Бағанадан бері әр түрлі сұрақтар қойылды. Сол сұрақтардың ішінен өзіңізге ой салған немесе ұнаған сұрақтар болса сұрақ иесіне мына рамкаға қолтаңбаны жазып, беруіңізді сұраймын.
Қазірге жастар арасында смайлик деген сөзді коп қолданады. Әсіресе әлеуметтік желілерде бір — біріне көңіл күйлерін білдіру арқылы смайликтерді жіберіп жатады. Ағылшын тілінде «смайл» — күлкі дегенді білдіреді. Олай болса, сіз осы сұхбаттан алған көңіл күйіңізді, оқушылардан алған әсеріңізді осы смайликтер ішінен біреуін таңдап алып көрсетсеңіз! ( ардагер жымиған смайликті таңдады)

Ел тыныш, жүріп жатсыз ортамызда
Құрметпен қол жаямыз батаңызға
«Шүкір»дейді ақ шашты ардагерлер
Айналар өмірі үлгі, аты аңызға.
2. «Батаменен ер көгерер» (ардагер ағадан бата сұрау)

Міне балалар, бүгінгі сіздермен өткен сыр сұхбат аяқталып қалды. Бүгінгі кездесуден үлкен әсер алдыңдар деп ойлаймын. Кездесуге қонақ болып келген Барахат атамызбен естелікке суретке түсуге шақырамын. Ал, аға сізге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілейміз! Алтын уақытыңызды аялап келгеніңіз үшін мың алғыс айтамыз!

Еңбек ардагері дәрігер — хирург денсаулық сақтау ісінің үздігі Барахат Тоғжанұлымен сырласудан естелік


Сценарий (ертеңгілік): Балабақша | 1 желтоқсан - Президент күні (Елін сүйген Президент)

Тақырыбы: «Елін сүйген Президент»

Ұйымдастырылған оқу іс — әрекеті: Тіл дамыту, Жапсыру.
Білім беру саласы: «Қатынас» «Шығармашылық»
Мақсаты: Балаларға еліміздің Президентін, рәміздерімізді таныстыру. Өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Мәнерлеп тақпақ айтуға үйрету.
Көрнекіліктер: Слайд, үлестірмелі материал, теледидар, суреттер.
Методикалық әдісі: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ — жауап, мадақтау

Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиешінің іс — әрекеті
Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, шаттық шеңберіне шақырады.

— Сәлеметсіңдер ме, балалар!
— Балалар бізге көптеген қонақ апайлар келіпті, орнымыздан тұрып, келген қонақ апайлармен сәлемдесіп алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
— Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
— Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келетінін білесіңдер ме?
— Қыс мезгілі келеді екен.
Қыс мезгілінің ең алғашқы күні бізде үлкен мереке болады. Ол мереке біздің Елбасымыздың құрметіне арналады.
— 1 желтоқсан күнін Президент күні деп атайды. Сендер елбасымызды білесіңдер ме?
— Ал, балалар, көгілдір экранға назар аударайық.
— Балалар, бұл кім?
— Балалар, сендер қандай елде тұрасыңдар?
— Әр елдің өз басшысы болады. Біздің де Елбасымыз бар. Оның есімі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз. Елбасымыз Астана қаласында тұрады. Мынау – Астана қаласы. Ал мынау балалар, елбасымыздың жұмыс жасайтын орны – Ақорда.
— Балалар елбасымызға арнап тақпағымызды айтайықшы.
Ағайша:
— Елбасымыз Нұр аға
— Салғызып Алтын орда
— Көркейтіп елін қазақтың
— Көрсетпей өмір азабын.
Бекнұр:
— Қазақ елі – Қазақстан
— Болашаққа үн қосқан
— Жақсы күнге жетелеп
— Елбасым менің – Нұрсұлтан
Бек:
— Жасай бер Қазағым!
— Жасай бер Елбасым!
Меруерт:
— Елімнің елбасшысы
— Нұрсұлтан атамыз аман болсын!

— Отан туралы тақпақ, мақал — мәтелдер білеміз бе?
Нұрдос:
— Қуат алған өзінен
— Туған елдің ұлымын
— Бақытты етіп өсірген
— Отанымның гүлімін.
Фариза:
— Отан – оттан да ыстық
Бағым:
— Отан — елдің анасы
Нұрдәулет:
— Отан – қуат
— Отбасы – шуақ
— Бағдәулет:
— Отансыз адам,
— Ормансыз бұлбұл.
— Балалар, әр елдің өз рәміздері, өз ана тілдері болады.
— Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?
— Еліміздің рәміздерін мына көгілдір экран арқылы қарап білейік.
— Балалар бұл біздің мемлекеттік – Әнұранымыз. Ал, мынау – Елтаңба. Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын бейнелейді. Екі жағында қанатты тұлпар мәңгілік өмір, самғау биігі. Шекесінде 5 жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағы.
— «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіреді. Балалар туымыздың түсі – көк. Көк түс – адалдық пен тазалықтың, бейбітшіліктің белгісі. Тудың ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз, оң жағында оюдың суреті бар. Күннің болуы – күндей жарқын болсын, дала бүркіті – дархандық пен қырағылықты бейнелеген.
Оюдың бейнеленуі – қазақ екенімізді білдіреді.
Түстерінің сары болуы – молшылықтың белгісі екен.
— Балалар, рәміздер туралы кім тақпақтар біледі?
Айару:
— Көк аспандай көкпеңбек
— Қазақстан жалауы
— Көк емес ол тектен — тек
— Елдің ашық қабағы.
Аян:
— Елтаңбасы елімнің
— Неткен әйбат әдемі
— Тұнығындай көңілдің
— Ортада аспан әлемі.
Зере:
— Құт береке – шаңырақ
— Орын алған – ол төрден
— Қанатты қос арғымақ
— Екі жақтан көмкерген.
Кәмила:
— Тәуелсіздік жолында
— Талай — талай тер тамған
— Билігім өз қолымда
— Еркіндігім – елтаңбам.
Аяна:
— Көк аспанда Нұрлы Күлімдейді далама
— Бақыт тілеп тұр бүгін
— Ол барлық пәк балаға.

Балалар, дидактикалық ойын ойнайық. Ойын:«не жетіспейді?»
Ойын шарты: Балалар мынау не?
Тудың ортасында не жетіспей тұрғанын тауып көріп жабыстырайық.
Мақсаты: Балаларды шығармашылыққа, жылдамдыққа үйрету.
— Балалар, біз нені жабыстырдық?
— Күннің түсі қандай?
— Күннің пішіні қандай?
— Тудың түсі қандай?
— Күнді
— Сары
— Домалақ
— Көк

Сергіту сәті
— Елбасымыз кім?
— Елбасымыздың жұмыс жасайтын орны қалай аталады?
— Біз қай елде тұрамыз?
— Біз бүгін не жабыстырдық?
— Балалар, қазір біз көгілдір экран арқылы елбасшымызға арнап «Нұр — аға» атты әнімізді шырқайық.
— Жарайсыңдар, балалар!
Әрқашан еліміз тыныш, елбасшымыз аман, көк туымыз мәңгі желбірей берсін!
Келген қонақтарға сау болыңыздар дейік.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Елбасын және елбасы күнін
Үйренуі керек: Рәміздерді құрметтеуді.

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,
№11 «Балапан» балабақшасының
ІІ санатты тәрбиеші
Көшербаева Ақтоты

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз!
Тіркелу

Толық нұсқасын секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇

Жаңалықтар:

» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023


Басқа да бөлімдер:

Келесі мақала, жүктелуде…

Разделы презентаций


  • Разное
  • Английский язык
  • Астрономия
  • Алгебра
  • Биология
  • География
  • Геометрия
  • Детские презентации
  • Информатика
  • История
  • Литература
  • Математика
  • Медицина
  • Менеджмент
  • Музыка
  • МХК
  • Немецкий язык
  • ОБЖ
  • Обществознание
  • Окружающий мир
  • Педагогика
  • Русский язык
  • Технология
  • Физика
  • Философия
  • Химия
  • Шаблоны, картинки для презентаций
  • Экология
  • Экономика
  • Юриспруденция

Презентация на тему «Е?бек — б?рін же?бек» ерте?гілік

Содержание

  • 1.

    «Е?бек — б?рін же?бек» ерте?гілік

  • 2.

    МақсатыБалалардың еңбек туралы түсініктерін кеңейту

  • 3.

    Аспан түрді түндігін,Жерге сәуле жайылды.Неткен ашық бүгін күн,Қайырлы таң, қайырлы күн!Шаттық шеңбері

  • 4.

    1.“Еңбек”, “Еңбексүйгіштік”деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?2.Қандай адамды еңбекқор дейміз?3.Жалқау деген кім?

  • 5.

    Тапсырма.Суреттерге қарап, әңгіме құра

  • 6.

    Слайд 6

  • 7.

    Слайд 7

  • 8.

    Слайд 8

  • 9.

    Слайд 9

  • 10.

    СахналауҚайдан келдің бауырсақ?

  • 11.

    Автор:Дастарханда шашылыпЖатты аппақ бауырсақБауырсаққа қызығыпҚарап тұрып

  • 12.

    Нан дастарханға қайдан келеді?Ой қозғау

  • 13.

    ОйланайықДұрыс па, бұрыс па?»Қойшы балаларды оқытып жүр.Жүргізуші

  • 14.

    Гүл өсірсең терлеп,Мұның аты – еңбек.Кесте тіксең

  • 15.
    Скачать презентанцию

МақсатыБалалардың еңбек туралы түсініктерін кеңейту

Слайды и текст этой презентации

Слайд 2Мақсаты
Балалардың еңбек туралы
түсініктерін кеңейту

МақсатыБалалардың еңбек туралы түсініктерін кеңейту


Слайд 3Аспан түрді түндігін,
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық бүгін күн,
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Шаттық

шеңбері

Аспан түрді түндігін,Жерге сәуле жайылды.Неткен ашық бүгін күн,Қайырлы таң, қайырлы күн!Шаттық шеңбері


Слайд 41.“Еңбек”, “Еңбексүйгіштік”деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

2.Қандай адамды еңбекқор дейміз?

3.Жалқау деген кім?

1.“Еңбек”, “Еңбексүйгіштік”деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?2.Қандай адамды еңбекқор дейміз?3.Жалқау деген кім?


Слайд 5

Тапсырма.
Суреттерге қарап, әңгіме құра

Тапсырма.Суреттерге қарап, әңгіме құра


Слайд 10

Сахналау
Қайдан келдің бауырсақ?

СахналауҚайдан келдің бауырсақ?


Слайд 11
Автор:
Дастарханда шашылып
Жатты аппақ бауырсақ
Бауырсаққа қызығып
Қарап тұрып көзін сап.
Қуыршақ:
-Қайдан келдін бауырсақ?
Бауырсақ:
-Дүкеннен

келдім нан сатқан.
Қуыршақ:
Дүкенге келдің қай жақтан?
Бауырсақ:
-Наубайдан келдім нан жапқан
Қуыршақ:
-Наубайға келдің қай жақтан?
Бауырсақ:
Диірменнен келдім ұн тартқан.
Қуыршақ:
-Диірменге келдің қай жақтан?
Бауырсақ:
Даладан келдім жан-жақтан.
Жер-анам менің көсілген
Дихандар мені өсірген

Автор:Дастарханда шашылыпЖатты аппақ бауырсақБауырсаққа қызығыпҚарап тұрып көзін сап.Қуыршақ:-Қайдан келдін бауырсақ?Бауырсақ:-Дүкеннен келдім нан сатқан.Қуыршақ:Дүкенге келдің қай жақтан?Бауырсақ:-Наубайдан


Слайд 12Нан дастарханға қайдан келеді?
Ой қозғау

Нан дастарханға қайдан келеді?Ой қозғау


Слайд 13Ойланайық
Дұрыс па, бұрыс па?»

Қойшы балаларды оқытып жүр.
Жүргізуші машина жүргізеді
Аспазшы үй салып

жүр.
Дәрігер адамдарды емдейді.
Жазушы хат, газеттер тасып жүр.
Дәрігер етік тігіп отыр.
Мұғалім балаларды емдеп жүр.
Ұшқыш әдемі киім тігеді.
Өрт сөндіруші өртті сөндіреді.
Суретші сахнада ән айтып тұр.

ОйланайықДұрыс па, бұрыс па?»Қойшы балаларды оқытып жүр.Жүргізуші машина жүргізедіАспазшы үй салып жүр.Дәрігер адамдарды емдейді.Жазушы хат, газеттер тасып


Слайд 14Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты – еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты – еңбек.
Сабағыңды

жөндеп,
Әзірлесең еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек!

Қорытындылау

Гүл өсірсең терлеп,Мұның аты – еңбек.Кесте тіксең зерлеп,Мұның аты – еңбек.Сабағыңды жөндеп,Әзірлесең еңбек.Қиындықтың бәрін,Еңбек қана жеңбек!Қорытындылау


Ақын – елдің ардағы (ақындармен кездесу)


  • Сценарилер
  • admin
  • 14.05.2019
  • 0
  • 1
  • 17986

Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі

Мақсаты: Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Өткізілетін орны: мектептің акті залы.

Шақырылған қонақтар: жергілікті ақындар Темір Мыңжас пен Рахат Қосбармақ, облыстық әмбебап кітапханасының кітапханашылары, оқушылар, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер.

Мектебіміздің кіреберіс дәлізінде күй ойнатылып, ұлттық киім киген қыздар ақындарымызды салтанатты түрде қарсы алады.

І Бөлім

Жүрзуші: Қайырлы күн, қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Халықтың рухани мұратына қызмет еткен ұлы тұлғалар аз емес. Данышпан  қазақ халқы ақынға кенде болған жоқ. Поэзия әлеміне көз салсақ қазақ халқының арман — мұраты, шаттығы мен қайғысы ең алдымен ақын  жүрегіне жиналған, ақын өлеңдеріне арқау болған.

Жүргізуші: Маңғыстау өлкесі – жырға бай. Қазақ өлеңіне үлкен үлес қосқан талай тарлан таланттар шыққан жер бұл. Арынды Абыл, адуын Ақтам, қайсар Қашаған, нар тұлғалы Нұрым, саңлақ сөзді Сәттіғұл, сырлы сазды Сүгірдей жыр жүйріктері қазақ жырының мерейін аспандатқан дала осы. Атақты ақын бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырып келе жатқан танымал талантты жерлес-ақындарымыз, Қазақстан Республикасының Журналистер одағының, Жазушылар одағының мүшелері Темір Мыңжас пен Рахат Қосбармақ  «Ақын — елдің ардағы» атты кездесу кешімізде қонақта.

Би «Қазақ»

Қонақтарды қабылдау сөз кезегін мектебіміздің директоры Имангалиева Г.Б береміз.
Шымылдық ашылады /көрініс/ теңіз бен шағалар дыбысы қосылады.
Бүгін түнде
Жаным маған ұйқы жоқ…

Жүргізуші: Бұл өлең жолдарының авторы 30-дан астам ән жазған, лирик-ақын, Халықаралық Дарабоз сыйлығының лауреаты, бар өмірін проза, поэзия, балалар әдебиеті әлеміне арнаған, ҚР тәуелсіздігінің 20 ж арналған этножурналистика саласында Республикалық Шаңырақ конкурсының бас жүлдесін жеңіп алған Темір Мыңжас ағамыз.

Жүргізуші: Ән, сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезімдердің, ойлардың өзін түбі жоқ тереңнен алып шығып, әуен арқылы бүкіл сана – сезіміңді баурап алып жеткізе алатын құдіретті қасиетке ие. Ақындарымыздың ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып, көкке қалықтайды.

«Іңкәрім» – сөзі: Р.Қосбармақ, әні: орындайтын Есболаева А.С. РҚ-республикалық дәрежедегі бірнеше айтыскер мен мүшәйралардың жеңімпазы,1992 жылы Республикалық Студент көктемі фестивалінің лауреаты, V және VI халықаралық Шабыт фестивалінің дипломанты.400-ден астам телехабар дайындап, жеке меншік Ар телестудиясын құрған.

Ақындарымыздың жыр-жинақтарымен облыстық әмбебап кітапханасының жасөспірімдер бөлімінен келген кітапханашы таныстырады.

ІІ бөлім

Жүргізуші: Поэзия мәңгі өлмес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, інжу-маржаны, махаббат, сүйіспеншілік, адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген жұп-жұмыр жауһар дүние».Табиғат алақаны аялап өсірген ақындардың жүрегінде поэзия сазы ерте дүрсіл қаққаны сөзсіз. Туған жердің көркейуі мен келісті келбеті ақын ағаларымыздың көрікті жырларына арқау болды.

Жүргізуші: Енді туған жерге, ұлы адамдарға, тіл, ана арнау өлеңдеріне кезек берейік.

Сіздердің туындыларыңызды  жаттап, үлгі алып жүрген оқушылардың өнерлерін тамашалайық. Өздеріңіз білетіндей, біздің ел — көпұлтты мемлекет. Мектебіміз де көпұлтты орта.

Поэзия минуты. Күй ойнатылады

«Маңғыстау» – Амина, «Туған елім» – Данияр, «Үстірт» – Илья, «Арнадым саған» — Рахат
«Сүйемін Қазақстанды» Қазақ даласы- Аяна, Ақтаудағы аққулар — Камила өлеңдері оқылады.
Әйгерім 9А Ақын рухына-Абайға, Кемеңгерге – Қайсар 9Б,  Қаһарман-Б.Момышұлына, Күй атасы-Құрманғазыға, Дархан дарын — М.Әуезовке арнау өлеңдер оқылады./портреттерімен

«Тон» Алина С, «Анама» – Богдашина А, «Қадірлеңдер,аялаңдар ананы» -Эльнура Т,Дильназ- Сағындың ба, анашым
Жүргізуші: Иә, өлеңнің өнегесі сол ол сезімді ғана оятып қоймайды, оны адамзаттық асқақ сезімнің дәрежесіне дейін көтереді.оның шыңы ұлттық сезім де өлең арылы оянып рухани күш алады.

Ән «Апа, сен қартаймайсың» әннің авторы Т.Мыңжас, музыкасын жазған К.Жалғас орындайтын 11А сынып оқушысы Теңелханова А.
Көрініс «Жаңылған жауаптар» авторы Р.Қосбармақ /4- сынып/

Жүргізуші: Ән «Апа, сен қартаймайсың» әннің авторы Т.Мыңжас, музыкасын жазған К.Жалғас орындайтын 11А сынып оқушысы Теңелханова А.
Жүргізуші: Келесі сөз кезегін мектебіміздің болашақ Фризадай ақыны Әйгерімнің жүрегінен шыққан тырнақалды арнау өлеңін қабыл алыңыздар.
Көрініс: Жаңылған жауаптар

Бүгінгі ақын ағаларымызбен кездесудің сәті 22-ақпан Халықаралық Ана тілі мерекесіне орай өтіп жатыр. Келесі кезекті әсем әнге берейік.
Ән «Ананың тілі» орындайтын 10 сынып оқушылары.
Ортамызға қош келіпсіздер, ақын ағалар. Бір сағатқа ақындарымыздың шығармашылығын сыйғызу мүмкін емес. Сөз кезегі Сіздерде, оқушыларға жылы лебіздеріңізді білдірсеңіз. Бір өлеңіңізді оқып берсеңіз.
Оқушыларымыздың сұрақтары бар Сіздерге қояр сұрақтары.
Ақын жауабы.
Сіздер елімізге белгілі танымал тұлғалармен көп кездестіңіздер, есіңізде қалған қызықты сұхбатыңыз туралы айтып беріңізші?
Өзіңіз жақсы көретін бір өлеңіңізді оқып беріңізші

Сұрақтар: Өміріңізде таңғажайып сәттер болды ма?
Сұрақ: Мектепте қай пәннен екілік көп алатын едіңіз?
Сұрақ: Жақсы көретін ұстазыңыз туралы айтып беріңізші.
Сұрақ Мектептегі қызықты оқиғаңыз туралы айтып беріңізші
Сұрақ: Қазақ ақындары ішінде кімге еліктейсіздер, көп оқисыздар?
Сұрақ: Өзіңіздің бойыңыздағы қай қасиетті жақсы көресіз?
Сұрақ: Біз-болашақ футболшылар, сіздің футболға, жалпы спортқа көзқарасыңызды білгім келеді.

Біз үшін уақыт тауып, әңгімелесіп, сұрақтарымызға жауап бергеніңізге мың алғыс! Жүз жасаңыз аға! Бүгін сізбен болған мектептің өнер тарландарына батаңызды беріп кетсеңіз, нұр үстіне нұр болар еді.

Арамызда ақын жанды абзал ұстаздарымыз көп. Соның бірі- мектебіміздін қазақ тілі мұғалімі Майша ханымға сөз берсек, өз ықыласын білдірсе.

Ақынын құрметтеген ел озады, ақынын сыйламаған ел тозады деген екен, ақындарымызға қалай құрмет көрсетсек те артықшылық етпейді. Бізді сусындатар сарқылмас мәңгі жырларыңыздың алдында басымызды иеміз. Жыр әлеміндегі туындыларыңыз ешқашан сарқылмасын.Сүйіп тыңдар оқырмандарыңыз көп болсын.

Мен жастарға сенемін, — деп  М.Жұмабаев айтқандай, аға буынның сенімін ақтайтындай парасат-пайымы биік азамат боп өсейік!
Жүргізуші: Сіздерге жылы  жүрек, ыстық қайрат, нұрлы ақыл тілей отырып, бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!

Оқылатын өлеңдер тізімі:

Данияр – Туған елге
Сайлаугүл – Өмір деген
Амина – Маңғыстау
Илья – Үстірт
Аружан – Қазақстан
Маулен – Сүйемін Қазақстанды
Камила – Ақтаудағы аққулар
Олақ – Ерсұлтан

Арнау өлеңдер:
Айгерім – Абайға
Қайсар – Кемеңгер
Никита – Қаһарман
Жанарыс – Күй атасы Құрманғазы
Гауһар – Дархан дарын Әуезовке
Амина – Тон
Ангелина – Анама
Эльнура – Қадірлеңдер аялаңдар ананы
Дильназ – Анашым
Элина – Өлең
Мадияр – Қайран тілім
Мадина – Үміт

Рахат Құсайынұлы Қосбармақ  1972 жылы 19 маусымда Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы «Қызыләскер» (бұрынғы «Тұрман») деген жерде, Сам құмында дүниеге келген. 8 жасынан бастап жыр жаза бастаған ол 1988 жылы Алматы қаласындағы республика бойынша  тұңғыш рет өткізілген қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасына қатысып, бас жүлдені иемденді. 1989-1994 жылдары Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқыған Рахат Қосбармақ оқи жүріп, студенттердің республикалық «Өркен», тәуелсіз қоғамдық-саяси басылым «Жас қазақ» газетінде тілші, қазақ-түрік бірлескен «Таң-plus» телекомпаниясында редактор болып еңбек етті.

1994-2002 жылдары Маңғыстау облыстық телерадиокомпаниясында редактор, аға редактор, бас редактор, төрағаның орынбасары болып жұмыс істеді. Облыстық телеарнаның эфирі арқылы 400-ден астам телехабар дайындап, 8 жылдан астам уақыт бойы жемісті еңбек етті. 2003 жылы жеке меншік «АР» телестудиясын құрды. 2004-2005 жылдары Маңғыстау облыстық кедендік бақылау департаментінің жұмысты ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы, баспасөз қызметінің жетекшісі қызметін атқарды. 2006-2009 жылдар аралығында республикалық тәуелсіз қоямдық-саяси басылым – «Ар.kz» газетінің бас редакторы болды. 2009-2011 жылдары «Catkaz» ЖШС Бас директорының кеңесшісі қызметін атқарды.

1993 жылы Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығына, 1997 жылы Маңғыстау облысы әкімінің «Құрмет грамотасына», 2000 жылы облыс әкімінің «Алғыс хатына», 2006 жылы Жұмекен Нәжімеденов атындағы республикалық жыр мүшәйрасында «Қазақ әдебиетін қолдау қорының» арнайы жүлдесіне ие болды. 2002 жылы «Қазақстанның Тәуелсіздігіне-10 жыл!» мерей тойлық медалімен наградталды. 2008 жылы есімі «Маңғыстау» энциклопедиясына енгізілді.

Рахат Қосбармақ-республикалық дәрежедегі бірнеше айтыскер мен мүшәйралардың жеңімпазы. 1992 жылы республикалық «Студент көктемі» фестивалінің лауреаты. V және VI халықаралық «Шабат» фестивалінің дипломанты.Қазақстан Журналистер Одағының және Жазушылар Одағының мүшесі.

«Кемпірқосақ» (1996 жыл, «Рауан»), «Бекет Ата» (2000 жыл, «Информ-Арна»), «Сұрасаң руымды – Дәулеталы» (2010 жыл, «Информ-П») атты кітаптардың, «Жаздың ең соңғы күні» (1999 жыл, «Зерде»), «Атажұрт» (2001 жыл, «Информ-А») жыр жинақтарының авторы.

Темір Мыңжасұлы (1952 жылы туған) – Орта мектептен кейін Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы кәсіптік-техникалық училищені , ҚазМУ-дің журналистика бөлімін бітіріп, журналистік еңбек жолын осыдан дәл 40 жыл бұрын Красноводск аудандық «Жұмысшы» газетінде бастайды. Содан бері баспасөз саласында қызмет етуден жалыққан емес. Бейнеу аудандық «Рауан», Жаңаөзен қалалық «Жаңаөзен» газеттерінде жауапты хатшы қызметін атқарған қаламы қарымды журналист, бүгінде облыстық «Маңғыстау» газетінің бөлім меңгерушісі.
•    Қазақстан Журналистер одағының мүшесі (1972).
•    ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1980).
•    1972 жылдан ауданы «Жұмысшы» газетінде тілші, облыстық «Маңғыстау», Бейнеу ауданы «Рауан», Жаңаөзен қалалық «Жаңаөзен» газеттерінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болды.
•    1991 жылдан Жаңаөзен қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, қала әкімінің орынбасары, қалылық мәдениет бөлімінің бастығы, облыс ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы тілдерді дамыту бөлімінің бастығы болды. Қазір облыстағы «Маңғыстау» газетінің бас редакторының орынбасары. Өлеңдері ауданы облысы және респ. басылымдарында жарияланып келеді. Қазақстан жас ақындарының «Қарлығаш», «Бекет ата», «Қос ішек – Струны души», «Жыр моншақ» сияқты жыр жинақтарына бір топ өлеңдері енді.
•    «Бойтұмар» (1994),
•    «Атамекен» (1998),
•    «Жүрек сөзі» (2002),
•    «Сені іздедім» (2006) жыр жинақтарының авторы.[1]


Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Дяды беларусь праздник
  • Дюрер праздник четок 1506
  • Дюрер праздник всех святых
  • Дюрер альбрехт картина праздник гирлянд роз
  • Дюна сценарий читать

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии