Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы
Жаңабұлақ ауылы
Жаңабұлақ орта жалпы білім беретін мектебінің тәлімгері
Аянгалиева Салтанат Нұрланқызы
Тақырыбы «Мың тағзым сіздерге, еңбек және тыл ардагері!»
1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, қадірлі ауыл түрғындары
2-жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты біздің ардагер аталар мен әжелер!
1-жүргізуші: Жыл артына жыл салып, көкті тіліп, қара жердің төсін жыртқан зеңбірек даусының басылғанына биыл – 70 жыл. Қаһарман әр ұлтты кеңес халқы адам айтқысыз зардаптар шегіп, қисапсыз құрбандықтарға төзіп жеңіс тұғырына жетті. Бүгінгі ұрпақтың болашағы бақыты үшін қан төккен әкелер мен апалардың даңқын еш уақытта өшірмейді. Болашақ үшін қан майданда жанын пида еткен жауынгерлердің рухына және бүгінгі ардагерлерге бас иіп тағзым етейік!
2-жүргізуші: Ардақты ардагерлер! Ет жүрегі Отан деп соққан ағайын! Баршаңызды Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтаймыз. Баршаңызға қуаныш пен баянды бақыт, еліміздің ауыз біршілік, құт-берекесін тілейміз.
Сөз Жаңабұлақ ауыл округінің әкімі Сиражев Сәлімгерей Қалимеденұлына беріледі.
1-жүргізуші:
Армысың! От жалыннан оралғандар
Аттарың аңыз болып таралғандар
Тірлікте жаны жарқын алау жандар
Тойымсыз ажалға тосқауыл боп
Топ жарып тайсалмай-ақ бара алғандар
2-жүргізуші:
Армысың ауылымның асылдары
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін бүгінгінің шашулары
№1 Мектебіміздің «Жас Қырандар» сәлемдемесі. Хор «Бейбітшілік сақталады»
1-Жүргізуші: Сан ұлтты бір тілекті кеңес халқы атқа қонды, қару асынды, қан майданға аттанды. Қатерлі соғыс қаһарлы сөзді де майданға шақырды. Қазақтың Гомері атанған Жамбыл – поэзияның ең асыл қасиетін қастерлеп сақтаушы өлең сөздің пірі еді. Соғыс күндері Нева жағалауындағы қалада болған мұндай оқиғалар жеке бір көрініс, кездейсоқ оқиға емес еді. Біз адам жаны түршігерлік тарихи қыл көпірдің үстінде тұрдық «Ленинградтық өрендерім» жазылған плакат кез-келген бұрышында ілулі тұрды. Ұлы қала отты қылышымен Жамбыл жырының сөнбес шұғыласына салют болып тұрғандай!
№2: «Ленинградтық өренім» Оқитын 9-сынып оқушысы Хибатова Наргиза
2-Жүргізуші: 1941-1945 соғыс жылдарында бір миллион 196 мың 164 қазақстандық әскерге алынған екен. Мұның елеулі бөлігі қыздар болғаны белгілі. Өз жүрегінің әмірімен майданға аттанып, буырқанып, бұрсанған фашистермен арыстандай арпалысып өліммен бетпе-бет келіп оларды тізе бүктіре білген бойжеткендеріміз аз ба еді? Солардың көбі елге оралған жоқ. Отанды пәк те сәби жүрегімен сүйген уыздай жас қыздар жар да, перзент те сүйе алмай, жастықтың қызығын да көре алмай қыршынынан қиылып кете барды.
№3 «Ана туралы баллада» әні, орындайтын Айнагүл Мұратқызы
1-Жүргізуші: Ұлы Отан Соғысы халқымыздың қабырғасын қайыстыра алмағанымен, тізесін бүктіре алмағанымен, қайғы-қасіретке де батырды. Ұлы Отан соғысы кезінде шаңырағы шайқалмаған, өмірлері тағдыр тәлкегіне түспеген отбасы жоқ болатын. Жер бетінде сұм соғыстың ызғары мен аштықтың зардабына ұшырап қимасынан айрылмаған адамзат баласы қалмады.
2-Жүргізуші:Бірақ әділет соғысымызды бүкілдүниежүзілік тарихи жеңіске ие еткен айқасымызды кілең бір қарғын деп суреттек әбестік болар еді. Күйзелген көңілдер жүдеген жандар ұлы жеңістен жұбаныш тапты, қуаныш тапты.
№4. «Адай» биі. Орындайтындар 2-сынып оқушылары
1-Жүргізуші:
Сөйлеңдер, ал сөйлеңдер ардагерлер,
Ардагер қатарынан қалған ерлер
Жорық жолын жеңістің тәмәмдаған,
Теңдессіз тарихтағы майдангерлер.
Сөйлегенде ақылды данасыздар
Шежіре бұлағы боп ағасыздар
Асыл тастай санаулы қазынада
Күннен күнге азайып барасыздар
Өтер уақыт мәңгіге тұрмас бәрі
Сендер Отан тарих сырластары
Ескерткішке айналып барасыздар
Қайран біздің аталардың құрдастары
Бүгінгі мерекелік концертке денсаулықтарына байланысты келе алмаған біздің тыл ардагерлері ата-әжелеріміздің естелік әңгімелерінен дайындалған видеороликті тамашалайық
№ 5.«Туған жерім» Орындайтын 9-сынып оқушысы Құбайт Дана
2-Жүргізуші: Әр жыл сайын әлдеқайдан бір құпия жел еседі.
Әр жыл сайын түн қойнында әлдекімдер кеңесер
Жиырма миллион! Нөлдері көп демесең
Қағазды да қайыстырмай жазылар сан емес ол.
Жиырма миллион үміт, тілек, қайғы, арман,-
Сонау жылы қайтпай қалған майданнан
Әкелер мен Ағалар
№6.Ауылымыздың әншісі Дәуренбай Қабдолғалиевтің орындауында «Кестелі орамал» әні
1-Жүргізуші: Жо-жоқ, қате!
Қайтпай қалған жоқ олар:
Тоғызынша май сайын сол Ер халық
Күн батыстан бұлт секілді торланып-
Қалың гуіл түнгі аспанға тарайды:
Ең биікке шығып ап
Қырық миллион көз-жұлдыз боп қарайды
Ұрпақтардың тірлігіне қызыға
Содан кейін окобына-сызына
Қайта құлаған шақта
Солқылдайтын секілді Жер бір түрлі –
Жапырақтың көзіне жас өркілді.
№7. 3-сынып оқушыларының орындауында «Сырмақ» биі
2-Жүргізуші:Жеңістің қолтаңбасы ардагерлер
Ақ шашты ақсай басқан ардагерлер
Тас қамалды қиқусап алған ерлер
Ардагерлер! Деген аты жетіп жатыр
Өтінемін оларды қарт демеңдер
№8. «Соғыстан қайтқан солдаттар» әні, орындайтын 10-сынып оқушысы Нұрым Айзада
1-Жүргізуші: Шексіз алғыс сіздерге ардагерлер
Отан үшін от кешкен ардақ ерлер
Жеңіс туын ерлікпен желбіреткен
Теңдессіз тарихтағы тарлан сіздер
№9. 6,7-сынып оқушыларының орындауында хор: «Катюша», «Тәуелсіз Қазақстан»
2-Жүргізуші: Ұлы Отан соғысында өшпес ерлік жасаған қаһарман кеңес әскерлерінің қатарында болған жас қыздар мен жігіттер – бүгінгі қадірменді ардагерлеріміз, апа-ағаларымыз, өткен тарихтың куәгерлері ғана емес болашақ ұрпаққа өнеге болар ерлік пен батырлықтың шежіресі болып табылады. Ал біз үшін жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ.
1-Жүргізуші: Соғыс оңай келген жоқ. Бүкіл еліміз жұдырықтай жұмылып жауға қарсы тұра білудің арқасында ғана мүмкін болды. Ер азаматтар майдан даласында су кешіп, жаумен бетпе-бет соғысса, тылда қалған қарт адамдар, аналар, жас балалар, ер азаматтардың орнын басып еңбек етті. Біз соғысты көрген жоқпыз, бірақ сол соғыс ауыртпалығын көзімен көріп, басынан кешірген майдангер ата-әжелеріміздің әңгімесін тыңдалық.
Тыл ардагерлеріне сөз
2-Жүргізуші: «Ешкім де, ештеңе де ешқашан ұмытылмайды» — бұл халық даналығы. Алайда ұрпақ жалғастығы алға жылжып ардагерлер қатары сиреуде. Осылардың барлығына қарамай халықтың есіне айбынды батырлық, соғыс жаңғырығы мәңгілік сақталады! Барлық атқарған қызметтеріңіз үшін сіздерге мол да шексіз рахмет айтамыз. Сіздердің алдарыңызда бас иеміз! Сіздердің жеңімпаздардың даңқы арта берсін! Алдағы уақытта да қатардан қалмаңыздар. Сіздерге ұзақ жылдар бойы мықты денсаулық, өмірде жақсылық тілейміз!
«Ел қорғаған – ер баба» атты ардагерлермен кездесу кешінің сценарийі.
Мақсаты: Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге ету. Отанын , туған елін қорғай білуге, патриоттыққа тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысындағы қазақ елінің майданда және тылда көрсеткен ерен еңбегін паш ету, елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлардың портреттері, нақыл сөздер жазылған плакаттар, «Мәңгі от» макеті.
І жүргізуші: Соғыс өтті жалмап талай өмірді,
Қаншама қан еш жазықсыз төгілді
Соғыс аты естілгенде құлаққа
Елестетер қара тажал өлімді
Келді міне, күндей жайнап гүл көктем
Самал желі шашты тарап, бетті өпкен
Ұмытуға хақымыз жоқ оларды,
Олар біздің бақыт үшін қан төккен.
Өткізді олар сызды окопта күндерін
Елестетем қанды кешіп жүргенін
Естігендей болам жаудың шебіне
Атой салған сарбаздардың үндерін
Талай жанды қиды ажал балтасы
Жауды жеңіп қайтты ауылға қаншасы
Ел қорғаған аталрдың арқасы!
«Шашу биі» орындайтын «Алтынай» бишілер тобы.
ІІ жүргізуші: Армысыздар Отан үшін кеудесін оққа тосып, әділет үшін от кешкен майдангер аталар және ұстаздар, оқушылар.
І жүргізуші: Бүгінгі Ұлы жеңіс күні Дүниежүзілік тарихындағы сұрапыл соғысқа, алапат айқасқа нүкте қойылған күн. Бүгінгі ұлы мереке – дүниежүзі халықтарына, адам баласына төнген қаратүнек құлдықтан құтқарып, бүкіл әлемге бостандық пен теңдік, бейбітшілікпен зор қуаныш әкелген ұлы да киелі күн. Ұлы жеңістің ақ таңы, жеңіс туын жақындатқан, отты жылдарда атой салып аласұрған, жаумен арпалысқан майдангерлерге мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлық та ерекше. Қарттарын сыйлаған, қарияларын құрметтеген ел осылай етеді.
ІІ жүргізуші:Ортамызға қонаққа келіп отырған ардагер аталарымызды таныстырып өтейік : Айтмағанбетов М, Отарбаев А, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Бақаев.
ІІ жүргізуші:
Алғашқы сөз кезегі мектеп директоры А.Н.Иманғалиеваға беріледі.
І жүргізуші:
Майданда кешкен окопта сан түнеген,
Батыр туған бабалар салтыменен.
Қаруластар ел үшін ұрандаған.
Намыс болып шайқаста алаулаған.
Төбеден қайта заулап оқ борайды
Айналаны ал қызыл отқа орайды
Жеңіс үшін жастығын берген ерлер,
Бейбіт өмір, еліне төкті орайды.
Ортамызда қонақта отырған ардагер аталарымызғасөз береміз Айтмағанбетов М,Отарбаев А , аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Бақаев.
ІІ жүргізуші:
Республикалық Мұқағали «Жырлайды жүрек» оқулары конкурысының Тоқсын Құлыбеков атындағы атындағы сыйлықтың иегері Тимур Әділбектің орындауында «Бала шақтан болашаққа»
І жүргізуші:
Жеңіс! Қандай құдіретті сөз еді бұл! Осы бір сөзге төрт жылдай теңселген дүниенің қайғы қасіретті, ащы азабы, тәтті арманы, ой – қиялы сыйып жатыр.
Көрініс: «Соғыстан қайтқан солдаттар».
Әнін орындайтын 8а сынып оқушысы Жұрынбай Бақытжан.
ІІ жүргізуші:
Кешегі өткен ерлерді
Ертеңге қалай апарам
Құлағымнан кетпейді
Қатал жылдағы, қатал ән
«Кестелі орамал» орындайтын музыка пән мұғалімі А.Б.Токкожина.
І жүргізуші:
Тарихтың тасқа жазған хаты мәңгі
Бетінде ұлылырдың аты қалды
Солардың қайсарлығы қуат беріп
Солардың өшпейтұғын аты қалды – дей келе біздің бақытымыз, күміс күлкіміз, асқақ әніміз үшін омырауын оққа тосып жас өмірін қиған боздақтарымызға,ардагерлерімізге арнап жолдағалы отырған ШБҰ – ның оқушыларының дайындаған ән – жырларын қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші:
Тверьдің орманы жас, жері кәрі
Санайды ата – қоныс жұрттың бәрі
Сол жерде Әлияның қаны сіңген
Соғып тұрмерген қыздың жүрегі әлі
«Әлия» орындайтын 9ә сынып оқушы Еділбаева Жұлдыз.
І жүргізуші:
Аяулы жер атыңнан айналайын
Жастығыңды жоғалтпа жайна дәйім
Зырылдай бер біздің алып болашаққа
Дөңгелей бер жастығым, дәурен айым.
«Алға қазақ жігіттері» Орындайтын: 8а сынып оқушысы Жұрынбай Бақытжан.
ІІ жүргізуші:
Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл – сәл кең бұра
Нағыз қазақ, қазақ емес
Нағыз қазақ домбыра
С. Тұрысбеков. «Көңіл толқыны» орындайтын Халықаралық «Ақкөгершін» байқауының дипломанты Әбенова Камила.
І жүргізуші:
Жер – Анамыз жасайды тарлық бізге
Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде
Қайталанып, жаңарып айтылады
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде
Ән «Отан» орындайтын аудандық, облыстық сайыстардың жеңімпазы 8а сынып Өтемісова Динара.
ІІ жүргізуші:
Жеңіс деген – жақсылықтың сыңары
Жігер менен құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы
Құтты болсын бүгінгі жеңіс күні
Болмасын еш уақытта соғыс өрті
Тыныштық пен арта берсін әрбір таң
Жайқалып жасай берсін қазақ елі
І жүргізуші:
Біз соғысты көрген жоқпыз. Бірақ бізге бұйырған бақыт сіздердің ерліктеріңіздің арқасында келген еді. Біз сіздердің алдарыңызда бас иеміз, сіздерге бізге бүгінгі бейбіт күнде де жол салып келесіздер.
Жыл өткен сайын сол соғыстың жаңғырығы алыстап бара жатса да біз сіздерге қарыздармыз.
Желбіреген жеңістің 70 жылын көруге бұйырсын. Өмірлеріңізде мейірлі де шуақты күндер көп болсын деген тілекпен бүгінгі кездесу кешімізді аяқтаймыз.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҰЛАН АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ
«Бекітемін»
«Тексерілді»
Мектеп
директоры Тәрбие ісінің меңгерушісі
Маушанов
Д.Б. Арнапасов Е.Т.
Тыл
ардагерімен кездесу
«Еңбек
ерлікке бастайды»
Жауапты мұғалім: Болат Б.
Герасимовка орта мектебі
2015 – 2016 оқу жылы
Тыл
ардагерімен кездесу «Еңбек
ерлікке бастайды»
Мақсаты:
1.Ардагерлер жолын оқушыларға үлгі ету. Олардың әңгімесінің мәнін ұғына
білуді, үлкендерді сыйлауды, құрметтеуді, атаның батасын, ананың алғысын ала
білуді үйрету.
2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту. Белгілі
бір мамандыққа баулу. Өзін – өзі ұстау әдебіне қалыптастыру.
3. Ерен еңбегімен ел есінде қалған жерлестер
есімін келешек ұрпаққа ұмыттырмау.
1 – жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар мен ардагерлер, ұстаздар, оқушылар!
2
– жүргізуші: Бұл кездесу баршамызға бейбіт өмір сыйлаған жеңістің 70 жылдық
мерекесіне арналады.
1
– жүргізуші: Осы жеңіс үшін жанын құрбан еткен Отандастарымызға, барлық соғыс
ардагерлеріне, өздерінің тылдағы еңбегімен жеңісті шыңдағандарға, қан майданда
әкелері мен ұл-қыздарынан, сүйгендерінен айырылған әрбір отбасына, олардың
жалғас ұрпақтарына арналады.
2
– жүргізуші: Балалар білесіздер ме ардагер сөзін кім қалай түсінеді?
Ардагер
— құрметті, ардақты, қадірлі адам деген мәнді білдіретін этикалық ұғым. Ел
қамын ойлап, намысын қорғаған, елеулі еңбек сіңірген абыройлы адамды халық
ардагері деп жоғары бағалайды.
1
– жүргізуші: Қазіргі кезде еңбек ардагері, соғыс ардагері деп атаймыз. Олай
болса, бүгінгі жеңістің 70 жылдығына орай өткізіліп жатқан шарамызға сіздермен
сыр сұхбаттың қонағы болуға еңбек ардагері:
Пшенов
Марлен Нугманович
Мухаметкаримов
Зейнелғабиден
Нугуманов
Даулеткан аталарымыз келіп отыр.
Досжан
Қан майданның
жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі
бар, наласы бар.
Арамызда жүретін
алшаң басып,
Ардагерлер азайып
барасыңдар.
Айсулу
Қара бұлтқа
оранбасын Күн көкте,
Барлық халық
бейбіт өмір сүрмек де!
Отанымның бақыты
үшін мерт болған
Батырларды есіңде
ұста, құрметте!
Нұрай
Елге қауіп
төнбесін,
Егестен адам
өлмесін!
Есен – аман
болайық,
Енді соғыс
болмасын!
Өртенбесін туған
ел!
Шайқалмасын асқар
бел!
Шайқалмасын шалқар
көл!
1
– жүргізуші:
Осындай бейбіт
өмір сіздердің еңбектеріңізде құрметті тыл ардагерлері.
—
Сіздер
де біздің балалар сияқты кішкентай болдыңыздар, сол шақтарыңыз естеріңізде
ме?
—
Жас
кезіңізде қандай болдыңыз?
—
Бала кезіңізде қандай ойын түрлерін ойнадыңыз?
2
– жүргізуші:
Ұмыт болған, ұмыт болған жоқ ешкім
Айтады оны арманы да арыстың
Ұрпақ үшін тозбайтұғын бітпейтін
Ардагерлер- естелігі соғыстың
Жеңіс жеңіс мәңгі өзіңді жырлаймын
Сеніменен қуанышым бар қайғым
Жүзімізді шаттығына бөледі
Мерекесі мамырдағы нұрлы айдың – дей отырып ортаға 2
«а» сынып оқушылары сіздерге дайындаған өнерлерін көрсетпекші. (би)
1 – жүргізуші: Міне 70
жыл өтті, бірақ соғыс уақытындағы болған оқиғалар барша халықтың есінде.
Мыңдаған жауынгерлер майданға кетті, мыңдаған отандастарымыз тылда жұмыс
істеді. Олай болса бүгінгі ардагерлеріміз де сол күндерді ұмытпаған шығар.
—
Осы
жылдарда сіздер қандай еңбек еттіңіздер, есіңізде
қалған қызық оқиғалар да бар шығар, бізге сол туралы айтып берсеңіздер?
2 – жүргізуші: Сондықтан біз
Ұлы жеңіс үшін өткенді ұмытпай аға ұрпаққа алғысымызды білдіруіміз керек. Ол
мыңдаған өмір, жақындар мен ағайындардың көз жасымен төленді.
9- ын жасап 10 оқтың
Ел сенімін ақтаған.
Еңбегі ерен тылдағы
Ардагермен мақтанам!
1 –
жүргізуші:
Біз сіздердің алдарыңызда қарыздармыз, отанды ерлікпен қорғаған және осындай
сұрапыл соғыста жеңіске жеткен әр сарбазды есте сақтайтын боламыз.
2 «а» сынып
оқушысы Нұржанова Ақнұрдың «Менің елім» әнімен.
Енді 4 «а» сынып
оқушыларының ұйғыр биін тамашалаңыздар.
2
– жүргізуші:
«Ешкім де, ештеңе де, ешқашан ұмытылмайды» — бұл халық даналығы. Міне
балалар, бүгінгі кездесуден үлкен әсер алдыңдар деп ойлаймын. Барлық
атқарған қызметтеріңіз үшін сіздерге мол да шексіз рахмет айтамыз. Сіздердің
алдарыңызда бас иеміз!
1
– жүргізуші:
Сіздердің жеңімпаздардың даңқы арта берсін! Алдағы уақытта да қатардан
қалмаңыздар. Сіздерге ұзақ жылдар бойы мықты деңсаулық, өмірде жақсылық
тілейміз! Алтын уақытыңызды қиып келгеніңіз үшін мың
алғыс айтамыз!
1. Қымбатты: Ақылдың кенін арқалаған айбынды Ақжаулықты аналар.Шынайы да ізгі сезімдерді,білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ардагер ұстаздар сіздерге арнап «Ардагерлер – даналық пен даңқтың үлгісі»атты кездесу кешімізге хош келдіңіздер!
Ісім оңсын десеңіз
Сол істің маманы болыңыз
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз,-деп Әл-Фараби атамыз айтқандай,өз істерінің маманы бола білген бүгінгі кеш қонақтары осы мектептің ардагер ұстаздарымен таныстыра өтейін.
2.Қариялар халқымның кемеңгері,
Жапырағын жайқалтқан емендері.
Халықты ынтымаққа біріктіріп,
Бірлік болсын әрқашан дегендері – иә «Ақылды қария – ағып жатқан дария» дегендей,бала тәрбиесінде отбасындағы ата мен әженің өнегелі ақыл-кеңестерінің орны ерекше. Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен әженің өнегесімен,аталар ақылы мен беріліп,өзіндік ұлттық қасиетімізді қалыптастырады. Міне,,сіздер осыған әбден лайықты жансыңдар ардагер ұстаздарым.Сіздерге арнап қазақ биі ———————— 7 сынып қыздары қабыл алыңыздар.
3.Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған даналар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар –деп
Сіздерге арнап өлең жолдарын 3 сынып оқушылары жолдайды. Қабыл алыңыздар.
4.Ұстаз — ол ана,шәкіртін туған анасындай баурап,өмір өрнектерін,қиындықтармен қызықтарын сезіндіріп, баулудан жалықпайды. Айта берсек ұстазға тіл жетпеген?!
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!
Айтыңдаршы,адам барма өмірде,
Ұстаздарға қарыздар болып өтпеген –деп
Сіздерге арнап «Ұстазым »әнін орындайтын ——————————
Қабыл алыңыздар.
5. Ұстаздық –ұлы керемет себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.
Болашақтың басшысында,данасын да, ғылымын да, еңбекқор егіншісін де, кенішін де ұстаз өсіреді –деген екен ұлы Бауыржан Момышұы атамыз.Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ,сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз.-дей келе сіздерге арнап өлең жолдарын оқитын осы мектебіміздің маңдай алды 9 сыныпта оқитын қыздарымыз Жанар мен Дианаға кезек берейін Қабыл алыңыздар.
6. «Мектеп- білім тірегі, ұстар оның жүрегі» -деп ғұламалар айтқандай,кез келген адам ұстаз бола алмайды.Себебі, ұстаздық –өнер,тағылымы терең өнер.Шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. Олай болса,келесі сөз кезегін бүгінгі кеш қонақтарына берейін.Өз өмір жолдарыңызды,ұстаз болуының қыры мен сыры туралы оқушыларға шынайылықпен сыр бөліссеңіздер.
7.Егеменді ел болып қалыптастық,
Өркениетке қадамды анық бастық.
Туған жердің тұғыры биік бол деп,
Шын жүректен осы кешті сыйға тарттық
Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар
Балалардың есімі әулеттерге таралар
Ардагер ұстардар берсе екен деп
Бата сұрайды балалар.
8. Өзгерген не?
Адам ба? Әлде заман ба?
Ата –анаға деген парыз қалмаған ба,адамда
Ей ,адамдар
Құрметтеңдер үлкенді
Содан ешкім кем болған жоқ ғаламда! – деп кеш қонақтарына –кітапханашылар атынан сый-сияпат көрсетеміз.
Сонымен, ардагер ұстаздарға арналған «Ардагерлер- даналық пен даңқтың үлгісі» атты кездесу кешімізді аяқтаймыз.Барлық ардагерлерге алтын уақыттарыңызды бөліп,оқушыларға сыр бөлісіп сұхбаттасып әңгімелескендеріңізге мыңда бір алғыс оқырмандар атынан. Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат ұзақ ғұмыр несіп етсін Алла тағала және отбастарыңыз аман болсын-деп тарасып естелікке суретке түсеміз.
Ауған соғысының аяқталуының 29 жылдығын атап өту мақсатындағы «Ардагерлер-асыл ерлер!« атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесудің сценариі
(Презентация көрсетіліп тұрады)
Фанфар дауысы
Бауыржан 1 – жүргізуші
— Армысыздар, ауғандық жауынгерлер
Жырым бар жараланған, жаныңды емдер.
Өлгендердің жәннәтта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер!
Аяжан — 2 – жүргізуші
Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар !
1 – жүргізуші
Құрметті қонақтар, ұстаздар,оқушылар!15 ақпан Ауған жерінен Интернационалист- жауынгерлердің шығарылғанына 29 жыл толуына байланысты ардагер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ардагерлер -асыл ерлер» атты кездесуге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Еліне қайта оралмай,
Бақыт гүлін сыйға алмай,
Қаншама боздақ оққа ұшты
Алтын ошақ көре алмай.
2-жүргізуші:
Жанын қиған сен үшін
Тоқта, достым, сабыр ет.
Үнсіздікпен бір сәтке,
Басыңды иіп тәжім ет!
( 1 минут үнсіздік)
1-жүргізуші:
Бүгінгі кездесу-жерлестеріміздің Ауған соғысында көрсеткен ерліктерін еске алу мақсатында өткізіліп отыр.
Бүгінгі шараның қонақтары:
1. Көксу ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Кубиева Жанар Әнуарбекқызы
2. Көксу ауданының жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Дәурен Молдағали
3.Аудандық «Нұрлы Көксу» газетінің бас директоры Қаблисанов Маман Қаманұлы
Ауған соғысының ардагерлері
1.
2.
3.
4.
Сөз мектеп-гимназия директоры Төлекенов Мұратбек Баянұлына беріледі
2-жүргізуші:
Ортамызда жүрген ауғандық жауынгер ағалар, бейбіт өмірдегі жарқын істеріңіз, қоғамдық жұмыстарда белсенділіктеріңіз, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектеріңіз қазақ жастары үшін нағыз ерліктің шынайы үлгісі болып қала береді,біз сіздерге қарап бой түзейміз.
Ән «Алға, қазақ жігіттері»
Жүргізуші:1
Ресми деректер бойынша ауған соғысында 15 мыңнан астам кеңес офицерлері мен солдаттары қаза тапты, 35 мыңнан астам адам жараланып, оның қаншасы өмірлік мүгедек болып қалды. Осы соғыс әрекеттері КСРО ға 5 млрд. сом шығын әкелді. Ал осы соғыстың ел басына әкелген қайғы қасіретінде шек жоқ. Қазақстаннан 21979 адам қатысып, оның 780-і қаза тапты, ал 22 – сі хабарсыз кетіп, із түссіз жоғалып кетті. 1990 жылғы мәліметтер бойынша хабарсыз кеткендердің 2-еуі АҚШ та тұтқында, 11-і тұтқындар лагерінде қаза тапқан. Иә, адамзат тарихындағы қанқұйлй оқиғалардың бірі осы АУҒАН соғысы болғаны жасырын емес. Осы соғысқа біздің ауданымыздан да азаматтар аттанып, өздерінің интернационалдық борыштарын өтеген.
Жүргізуші:2
Елбасының биылғы “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауының ЖЕТІНШІ бағыты Адами капитал – жаңғыру негізі. Бұл Тәуелсіз елдің төл перзенттері, санасы тәуелсіз, ойы озық, білімі асқақ азаматтар-жастарға үлкен ой салады. Бүгінгі жастар жауапкершілікті сезіне отырып, білім мен еңбекті қатар алып жүруге дағдыланған, өз елінің тарихи кезеңдерінен хабардар саналы азамат болып қалыптасуы- маңызды. Сондықтан да біз жыл сайын дәстүрлі түрде ауған соғысы тарихына шолу жасап, ардагерлерімізді құрметтеуді парыз деп білміз.
1-жүргізуші:
Ойлы көзде қандай ой бар,ағалар?
Ой сала ма сұрақ қойса балалар?
Арамызда әркез биік шоқтығың
Жара салған жүрегіңе, әз аға,
Аты өшсін мәңгі бақи соғыстың
Бүгінгі кешіміздің құрметті қонақтары, сөз кезегі өздеріңізге беріледі.
(қонақтардың сөзі)
1-жүргізуші:
Құрметті оқушылар,өмірі ерлік пен аңызға толы ағаларыңызға сұрақтар қоюларыңызға болады. (Қонақтарға сұрақтар қойылады.)
2-жүргізуші:
Сақтады олар елін, жерін, қонысын
Ақтады олар азаматтық борышын
Сол үшін де қолтығынан сүйейік,
1-жүргізуші:
Ардагерге-майдангерге
Иейік біз барлық жерде
Басымызды сол үшін.
Ән «Офицерлер»
1-жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің,
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!
2-жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ардагер ағалар, биылғы оқу жылында Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы мектеп-гимназия бойынша «Қазақтың 100 әні» жобасы қолға алынған. Қазақ әндері- жас жеткіншектерді ұлттық құндылықтармен сусындатып қана қоймай, отансүйгіштікке тәрбиелеудің тиімді құралы деп санаймыз. Назарларыңызға жоба аясында жаттаған «Гүлдерайым» әнін ұсынамыз.
Ән «Гүлдерайым»
1-Жүргізуші:
Есте сақта,адамдар!
Олар өмір сақшысы
Қорғап елдің тынышын
Қорғап сәби ұйқысын
Отан қорғау –басты ісі
2-Жүргізуші:
Біздің ерлер соғысқа енді бармасын,
Бар әлемде бейбітшілік орнасын!
Сұм соғыстар қалсын енді тарихта,
Қазақ елі, биіктерге шарықта!
Ән «Ақ көгершін»
1-жүргізуші:Құрметті майдангерлер! Сұрапыл уақыттағы қайғылы шежіре жаңғырығы халықтың зердесінде бағасы артып,уақыт алдыға жылжыған сайын сіздердің жасаған ерліктеріңіздің шоқтығы биіктей бермек.Біз сіздерді мақтан етеміз!
2-жүргізуші:
Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз!Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан!
Өртенбесін туған жер,
Өркендесін туған ел
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
Ән «Өз елім»
1-жүргізуші:қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы бойынша интернационалист-жауынгерлерімізге арналған «Ардагерлер-асыл ерлер» атты атты кездесуіміз өз мәресіне жетті.
2-жүргізуші: Бейбіт күннің мерейлі тойында келесі кездескенше қош сау болыңыздар!
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы
«Ардагерлер-асыл ерлер!»
Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу
Дайындаған ТІЖО Г.Мейірбекова
Тақырыбы: Ерлер есімі – ел тарихы
Мақсаты: Тәуелсіздікке қалай қолымыз жеткені жөнінде, қазақ ұлтының ер ұлдары туған
жерін,
сүйікті елін жаудан ақ найзаның ұшымен, жұмыр білектің күшімен қорғап, ел
тарихын өз қандарымен жазып кеткендігі туралы түсінік беру;
Тәуелсіздік жолында еліміздің талай ұл – қыздары жойқын жорықтарда шейіт
болып ерен ерлігімен тарихта қалғандығын таныстыру;
елін, жерін мейірлене сүйе білген алып тұлғалы батырларымыздың жүрегі, адам—
гершілік, парасаттылық, кісілік, жомарттық, ақындық, шешендік т.б. қасиеттерін үлгі
ете отырып отансүйгіштікке, қажыр – қайраты, ерік – жігері мол, ынтымақшыл,
білімді болып өсуіне бағыт беру.
Көрнекілігі: ұлағатты, қанатты сөздер жазылған плакаттар, тарихтағы ер ұлдарының суреті,
тақырыпқа байланысты слайдтар.
БАРЫСЫ:
1- жүргізуші: Қазақ жері қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі қас сақтай ердің елі.
Елі кедей болмаған, жері байтақ,
Еділ ердей, Бабырдай шерлер елі.
Азат бүгін байлыққа тұнған жерім,
Азап жүгін, ел жауын қуған ері.
Әділет пен бірлікке жанын қиып,
Әділ өткен билердің туған жері.
2 — жүргізуші: Қазақ жері көп шеккен қасіретті,
Қазақ ері — өнерлі, өсиетті,
Египетті билеген Бейбарыстың,
Елі текті, киелі, қасиетті.
Қорлаған жау — басқыншы халыққа мұң,
Қорғаған ер – ойлаушы халық қамын.
Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыстар,
Қорғап қалды ел бағын алыптарым.
1 – жүргізуші: Қазақ елі сонау Алтайдан Пиренейге дейін билік еткен ер Еділ батырдың елі.
Қазақ елі – асқан батырлығымен, ақыл – парасаттылығымен Египет еліне билік
жүргізген Бейбарыстың, Үндіні билеген Бабырдың елі.
2 – жүргізуші: Аспаныңда жарқ – жұрқ етіп жалындар,
Аққан судай зымырады ғасырлар,
Тұрды күтіп, түрлі – түрлі асулар.
1 – жүргізуші: Тарих! Осы сөзде қаншама мазмұн, қаншама ойлар мен ұғым жатыр. Ұлы
Жібек жолының кіндігі болған әлемге әйгілі Отырардың күйреуі, жоңғар
шапқын—
шылығы, үш жүздің Ресейдің қол астына кіруі, ұлт –азаттық шаруалар
көтерілісі,
нәубет аштық, жеке басқа табынушылық, репрессия, Ұлы Отан соғысы,
қазақ
даласындағы полигон зардаптары, орталықтың теріс саясатының
нәтижесінде
Желтоқсан оқиғасы бәрі де біздің тарих.
Енді сол тарих бетін ашайық!
1 – оқушы: Отырар қаласы өз тарихында сұрапыл соғыстан 3 рет қирап, 3 мәрте
тірілген
іргелі орын. Отырардың керуені кіріп – шығып жататын бес қақпасы
болған,
дарбаза қақпа, алтын қақпа, хан сарайы қақпа, құл қақпа, пышақты қақпа деп
аталатын. Дүниеге Әбу –Насыр Әл –Фараби, Әл – Жауһариді келтірген, 100 мыңнан
астам халық мекендеген, бірнеше мешіт, медресесі бар аты әлемге әйгілі қала.
2 – оқушы: 1219 жылы Шыңғысхан жасағы Отырар қаласын 200 мың әскерімен қоршауға
алды.
Бірақ қанша шабуылдаса да олар қаланы ала алмады. Шыңғысхан
қаһарланып,
бүкіл қолы қырылса да «Отырарды алу керек» деген бұйрық береді. Отырар
тұрғындарының жағдайы нашарлайды, тамағы таусылады. Әскер ішінен бір
жансыз
опасыздық жасап, қала қақпасын ашып береді. Жау сатқындарды да, қала халқын
да қырып салады.
Сонымен 6 ай бойы жауға тойтарыс берген Отырар қаласының орнында төбе
–
төбе топырақ қалады.
Көрініс: «Отырардың күйреуі»
3 – оқушы: 1723 жыл. Ел жайлауға көшіп жатқан кез. Алтайдан Атырауға дейін
тыныштық
орнатқан қазақ елі қаннен – қаперсіз, шат – шадыман жаз жайлау қызығын
көруге
бет алғанда, жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қазақ халқын
қан
жылатты. Бұл шабуылдарды жоңғар ханы Цеван Рабтанның інісі Шона
Даба
басқарды. Дүрліккен ел шұбыра қашып, табаны езіліп, шұбырынды халық ақ
табан
болды. Аңдыздаған жұрт Алқа көлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады.
Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты. Елдің елдігін, ердің
ерлігін
соңғы рет сынайтын күн туды. Жауға соққы беріп, жалпы жұртты аман алып қалу
үшін данышпан ата Төле би батырларды батылдыққа, елді бірлікке шақырды.
4 – оқушы: Қара таудың басынан көш келеді,
Қара жорға шайқалып бос келеді.
Қара күнді жамылып қара қазақ,
Қара түнді басынан кешкен еді.
Қара қайғы көрсетпей ештеңені,
Қара жауы қанатын кескен еді.
Шұлғау болып қыздардың кестелері,
Талай қара шаңырақ өшкен еді.
Қара жұртта бықсыған шала қалған,
Аналардан ес кеткен, балалардан.
Тал да таппай қармауға жағалаудан,
Ақыл қашқан адыра бабалардан.
5 –оқушы: «Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен» заман болды. Қалың елді
Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай батырлар
бастап,
азулы жауды Аңырақайда жеңді. Райымбек сияқты киелі батырлар кейін
шапқан
кесапат жауды қасиетті қазақ жерінен біржола қуып тастады.
6 –оқушы: Ер елінің Қабанбай тірегі боп,
Өренінің мақтаныш, жігері боп.
Ерлік сапта жүр мәңгі өзі бастап,
Әр ұрпаққа күш берер жүрегі от.
Етсе егес Бөгенбай дана батыр,
Өткен емес кек алмай дара батыр,
Айбары боп елдіктің, ердің ісі,
Айғағы боп ерліктің дала жатыр.
Райымбек әулие – қасиетім,
«Құдайым» деп жаулары бас иетін.
Балалары батыр боп орындайды,
Бабалардың өнеге — өсиетін.
7 –оқушы: Ел иесіз, жер иесіз болған емес. Халық болған соң оның көсемі болады. Ел
басына
күн туғанда қол бастайтын батыры болмаса, ел бастайтын иесі болмаса ел болудан
қалады. Міне, осындайда ел басшысы болған, тарихта үлкен орын алатын тұлға
–
қазақтың батыр ханы Абылай. Абылай 1771 жылы Әбілмәмбет дүниеден өткен
соң
хан сайланады. Абылай 30 жасқа жетпей — ақ алғыр, жігерлі, қайрат – қуатымен
ел
бірлігіне араласады. Абылай бірінші ел бірлігі, екінші қарулы күш болу
керек
екенін түсінеді.
«Абылайлап» Сабалақ қол бастады,
Абылай хан аталып, ел басқарды.
Ерлігінен хандардың басталады,
Егемендік, елдіктің сел бастауы.
1 – жүргізуші: Тарихтың терең – терең қатпарларына көз жіберер болсақ, елдің есі мен
санасында ұзақ уақыттан бері сақталып келе жатқан небір орасан оқиғаларға
куә боламыз. Сол соқпақтардың бойында еліне елеулі еңбек сіңіріп, қаһар –
мандық қызмет атқарған ірі – ірі тұлғалардың өмірі мен тарихта қалдырған
іздері әлі күнге дейін сайрап жатыр. Заманымыздағы Тәуке хан сондай ардақ
–
ты есімдердің ішінен ерекше орын алады.
Көрініс: «Жеті жарғы»
Автор: Әділ хан аз болды Назардайын
Алашқа Есім ханның жолы дайын.
Тәукедей данышпан хан құрған екен
Басында Күлтөбенің құрылтайын.
Тәуке хан: Уа, жұртым, алты алашқа аты шыққан қазақтың игі жақсылары!
Бүгінде Күлтөбенің басына жайдан — жай жиылып отырған жоқпыз.
Бабаларымыз
Қасым ханның «Қасқа жолын», Есім ханның «Ескі жолын» жалғастыра отырып ел
тыныштығын сақтайтын, тентекті түзейтін Жарғы қабылдап «Қой үстіне бозторғай
жұмыртқалаған заманға» жетуіміз керек.
Бабадан мирасқа қалған жерді сақтау, нығайту үшін ең алдымен дау,
жанжалдың
негізі болған көшпелі елдің мал жаятын жайылымын, қоныстарын дұрыс жолға
қою
қажет. Олай болса бірінші жарғы жер дауы болсын.
Бұдан былай жайылымдар ру – ру болып пайдалануға беріліп және әр
ру
белгіленген аймақтың шеңберінде ғана көшіп – қонуға мүмкіндігі бар болсын. Белгі
–
ленген жер межесінің шеңбері рудағы түтін саны мен мөлшеріне қарай бөлініп, жер
—
ді пайдалану барысында дау туатын болса, ру басшылары, билер әділетті
шешім
шығаруы қажет.
Ал енді Ұлы жүздің бас биі Төле би, сен не айтасың?
Төле би: Жыртық үйден жел гулесе – сол жаман.
Өлім – бесік әлдилеген – сол жаман.
Ұрлық, қарлық, барымталап мал тауып,
Берекесін елдің алған – сол жаман.
Олай болса екінші жарғымыз ұрлық, қарлық, барымтаның жолын қиып, ел
тыныштығын қорғайтын заңымыз болсын.
Тәуке хан: Ал енді Орта жүздің бас биі Қаз дауысты Қазыбек биге сөз берейік.
Қаз дауысты Қазыбек: Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт – береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөзді асырмаған елміз.
Келесі жарғымыз ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету болсын.
Тәуке хан: Келесі сөзді Кіші жүздің бас биі Әйтеке биге берейік.
Әйтеке би: Қазақ ордасын нығайту үшін ең алдымен бет – бетімен ру – руға бөлініп, бір
–
бірімен қырқысып, ел берекесін алған рулар арасындағы дауды шешіп, елдің
ұлттық
бірлігін сақтауымыз керек. Алты алаштың баласы бір – біріне жау болса
елдің
ертеңі не болмақ. Келесі жарғымыз ру арасындағы дауды шешуге арналған заңы
–
мыз болсын.
Тәуке хан: Келесі сөзді қырғыз Көкім биге берейік.
Қырғыз Көкім би: «Аға өлсе – жеңге мұра,
Іні өлсе – келін мұра» дегендей жетімдеріміз бен жесірлеріміз ел кезбесін
десек
келесі жарғымыздың бірі жесір дауы болсын.
Тәуке хан: Қарақалпақ Сасық би, жарғыға қосарың бар ма?
Сасық би: Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы емес пе!
Әйелің жаман болса,
Бұл жалғанның тозағы емес пе!
Туған балаң жақсы болса,
Тән мен жанның шырағы емес пе!
Алған жарың жақсы болса,
Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе! — деп Қаз дауысты Қазыбек би
айтқандай, келесі жарғымыз үй іші мен бала тәрбиесі болсын.
Тәуке хан: Ал қатаған Жайма би, сөз кезегі саған да келді, не айтарың бар?
Қатаған Жайма би: Төрені қара өлтірсе, құнын оның кім бермек,
Азаматын өлтірсе, ақысын оның кім бермек?
Жерін жөнсіз иеленсе, есесін оның кім бермек?
Әйелі ерін сыйламаса, ері елін сыйламаса, елі әдет – ғұрпын сақтамаса
ертеңгі
күніміз не болмақ? Олай болса келесі жарғымыз құн дауы болсын.
Тәуке хан: Уа, жұртым, алты алаштың игі жақсылары! Ел тәуелсіздігі мен тыныштығын
қамтамасыз етер «Жеті жарғымызды» қабылдадық. Айымыз оңымыздан
туып,
«Жеті Жарғымыз» темірқазығымыз болсын! Әумин.
Автор: Жер дауы баяндайтын – біріншісі,
Ру, қоныс болыпты меншікті ісі.
Иеленген жеріне жанжал болса,
Біреуге басымдық қып озбыр кісі.
Үй іші мен баланы тәрбиелеу –
Болған екен заңының екіншісі.
Ұрлық, қарлық, барымта – үшінші заң,
Баян етер бәрін де білген кісі.
Төртінші боп саналған мынау заңы:
Бір халықпен басқа ру болса дауы.
Ұлтын жаудан қорғамақ – бесінші,
Алтыншы – құн, жетінші – жесір дауы.
2 –жүргізуші: Халқымыздың елдік тарихында Исатай, Махамбет бастаған 1836 – 1838 жылдары
шаруалар көтерілісі айрықша орын алады.
8 – оқушы: ХVIII – ХIХ ғасыр, Қазақ билері мен хандары иек атып, көмек күткен орыс
патшалығы бірте – бірте өз мақсатын орындап, қазақ жерін отарлап, қазақ елін
аздыра бастады. Ел ішіне іріткі салып, зымияндық саясатпен ел бірлігіне, ұлттық
қасиетімізге, тіліміз бен дінімізге, кеңдігіміз бен елдігімізге кесір келтірді. Оған
қазақ шаруалары ызаланып, бас көтерді. Исатай мен Махамбет бастаған ел
көтерілісі сәтсіз болса да, ер намысының айғағы еді.
9 – оқушы: Орнатам деп Исатай бостандықты,
Ордадан кек, құптауды достан күтті.
Жаңғырған мұң – шаруа күресінен
Жәңгір хан мен патша жасқаныпты.
Көрініс: «Махамбет пен Жәңгір хан»
Жәңгір: Уа, Махамбет, ел ішіндегі орақ ауызды ақын едің, мені мақтап бір өлең
айтшы
мына халыққа.
Махамбет: Айтсам айтайын.
Хан емессің қасқырсың,
Қас албасты басқырсың.
Дұшпаның келіп табалап,
Достарың сені басқа ұрсын.
Хан емессің аярсың,
Айыр құйрық шаянсың.
Жәңгір: Әй, Махамбет, талай жыл дәмдес болып тең өсіп едік. Сенен бұны күтпеген
едім,
текеметімді тілгендей Әбілқайыр тұқымынан не жамандық көрдің? Сені ел қатарына
қосқан Тайман тұқымы ма?
Махамбет: Жәңгір, атаң Әбілқайыр қарауындағы елді алакөз дұшпаннан қызғыштай қорғаған
ел
үшін туған нар еді. Нардан айғыр туды, айғырдан қауырсын туды.
Тайманұлы
Исатайға тіл тигізбе, ол қарадан туса да хан боп туды. Сен жылатқан елді ол
жұбатса несі айып?
1 –жүргізуші: Ресей қазақ елі түгелдей қол астына біріккеннен кейін, өз ойларын іске
асыра
бастады. Қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алып, беттен ауған орыс шаруа
–
ларына берді.
Қазақтың хандығы жойылды, биліктен айырылды. Мұндай
зорлықтарға
Шыдамаған ел Кенесарыны хан сайлады. Азаттық соғыс ашты. Кенесары
қазақ
халқын өз алдына мемлекет етем, өз алдына дербес ел болғызам деген қазақтың
ең
соңғы ханы болды.
10 – оқушы: ХХ ғасырдың бас кезінде Ресей Азиялық Шығысты отарлауды кең
көлемде
жүзеге асырды.
1916 жылы 40 мыңға жуық шұрайлы жерінен айырылған қазақ еліне 19 бен
41
жастың арасындағы ер азаматтар окоп қазу жұмысына алынсын деген патша
жар—
лығы шықты.
Соған қарсы жер – жерде көтерілістер отряды құрылып, Торғай,
Жетісу
өңірінде Аманкелді Иманов, Әліби Жанкелдин, Тоқаш Бокин сияқты
ардагерлер
басқарды.
Ардагер Аманкелді ердің ері,
Кең өріс жалпақ дала туған жері.
Елі мен мекенінің туын ұстап,
Қол бастап қан майданда аққан тері.
2 – жүргізуші: Қазақтың ғұмырындағы жазылмас дерт – осы ғасыр. Ендеше тарихқа тағы
да
көз жүгіртейік.
11 – оқушы: 1918 – 1919 жылдар. Ресей үшін «Азаматтық» деп аталатын қызыл мен
ақтың
соғысында қазақ ауылдары қосақ арасында кетіп қырғынға ұшырады.
12 – оқушы: 1920 жыл. Алаш елі Кеңес империясының илеуінде қалды.
13 — оқушы: 1921 жыл. Қазақтың кейбір аймақтарында ашаршылық болып өтті.
14 – оқушы: 1928 жыл. «Ірі феодалдар» деген сылтаумен ағайынға ұйытқы болып отырған
қазақтың бай отбасыларын айдауға жіберді.
15 – оқушы: 1929 жыл. Қазақтың жүздеген зиялыларын, мыңдаған азаматтарын Кеңеске
қарсы деп атты, асты, айдауға жөнелтті.
16 – оқушы: 1930 жыл. Кәмпеске, колхоз деген желеумен мал сүмесіне ғана қарап отырған
ұлттың тігерге тұяғын қалдырмай, тышқақ лағына шейін сыпырып алды.
17 – оқушы: 1931 жыл. Қыстан әрең шығып, бір уыс тары таба алмай, Кеңес өкіметі
әдейі
ұйымдастырған алапат ашаршылыққа ұшыраған қалың қазақ жартысының
көбінен
айрылып шыбынша қырылды. Бір деректер бойынша 3 500 000 адам
аштан
өлген.
18 – оқушы: 1937 жыл. Қызыл репрессия
1 – жүргізуші: Жеке басқа табынушылықтан, Сталиндік зұлматтың зардабынан қоғам қайрат
–
керлері Әлихан Бөкейханов, Міжақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов,
Сәкен
Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Смағұл Садуақасовтар
құрбан
болды.
2 – жүргізуші: Бодандықтың қамытын киіп, қарғыс атқан күндерден құтылғанша көрген
азабы,
тартқан тозағы аз болған жоқ. Одан қайтсем құтқарам, теңдігін алып, терезесі
тең етем деген ұлт ұлылары қиян – кескі қарсылықтарын көрсетіп жатты. Өресі,
өлшемі ерек, ой – санасы қырандай қияны шалған Алаш арыстарының жолы
азапты да қасіретті. Алайда ұлт дегенде түн ұйқысын төрт бөлген олар алған
беттерінен қайтпады.
19 – оқушы: Тағдыры қиын, бірақ кісі қызығарлықтай тағдыр. Ғұмыры ащы арманға
толы,
алайда адамға өнеге боларлық ғұмыр кешкен Ахмет Байтұрсынұлы. Ол 1873
жы—
лы Торғай облысы Тосын болысында Сары түбек дейтін жерде дүниеге
келген.
1919 жылғы 24— шілдедегі РСФСР Совнаркомның қаулысы бойынша қазақ өлке —
лік әскери–революциялық советіне мүше болып кіреді, коммунистік партия
қатары
—на өтіп қызу еңбек ете бастайды. 1929 жылы оның басына бұлт үйіріле баста –
ды. Бұл Голощекиннің қазақ жерінде білгенін істеп, бүлдіріп жатқан кезі еді.
1929 жылы қамауға алынғандардың ішінде Ахмет Байтұрсынұлы да болды.
М.Горькийдің жұбайы Қызыл Крест арқылы көмектесіп, 1934 жылы босаттырды.
Бірақ көп ұзамай 1937 жылы репрессияның қанды пышағына ілігеді.
20 – оқушы: Алыстан алаш десе, аттанамын,
Қазақты қазақ десе мақтанамын.
Болғанда әкем — қазақ, шешем – қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын, — деп жырлап өткен қайраткер Міржақып
Дулатұлы 1885 жылы қазіргі Қостанай облысының Жанкелдин ауданына
қарасты
Қызылбел аулында дүниеге келген. 1909 жылы ең алғашқы жинағы «Оян, қазақ!»
Уфа қаласында жарық көреді, 1910 Қазандағы Каримовтар баспасыннан
«Бақытсыз Жамал» романы басып шығарылады. 1913 жылы Ахмет Байтұрсынов—
пен бірге «Қазақ» газетін шығарады. М. Дулатұлы Сталин, Голощекин озбырлығы
—на ілініп, 1928 жылы тұтқындалады. 1930 жылы ОГПУ коллегиясының үкімімен
өлім жазасына кесіліп, одан кейін бұл 10 жыл абақтыға қамау жазасымен
алмастырылады. 1935 жылы 5 – қазан күні елу жасқа толуына бір ай қалғанда
Ақтеңіз – Балтық каналының бойында Сосновец стансасында лагердің лазаретінде
ауыр науқастан қайтыс болады.
21 – оқушы: Сәкен Сейфуллин 1894 жылы қазіргі Қарағанды облысы Жаңарқа ауданында
дүниеге келді. «Сәкен Сейфуллин – қазақ әдебиетінде жаңа эра» деп қазақ
жазушысы Сәбит Мұқанов өз бағасын берген — ді. 1918 жылы маусымда контрре
— волюцияшыл күштер Ақмола қаласында Кеңес үкіметін уақытша
құлатқанда
Сәкен бір топ большевиктермен бірге тұтқынға алынады.
…Қажыма, ер көңілім, бәрі де өтер,
Сан азап бір күнгідей болмай кетер.
Қара түн басып тұрса алды – артыңды,
Жарқырап ататын таң әлі – ақ жетер, — деп қасындағы жолдастарына жігер
береді.
Азаттық таңын аңсаған ақын репрессия қармағына ілініп, 1938 жылы 25
ақпанда атылды.
1 – жүргізуші: 1941 – 1945 жылдар. Адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік,
достық
жолында жан қиған қазақ батырлары ерекше ерлік көрсетті. Батырлықты батыр
лардың ұрпағы Бауыржан Момышұлы бастады.
22 – оқушы: Бауыржан Момышұлы «Ескертпе»
Найзадан қол босаса, қалам алдым
Толғанып оқиғаны көп ойладым.
Тырмысып әл кеткенше көргенімді,
Жалтақтамай, именбей ашық жаздым.
Отырсам көп ойланып, күнім жақын,
Әр адам біле бермейді сөздің парқын.
Ұрпаққа арнап істеген адал еңбек,
Ақ ниетпен ұсындым саған халқым.
Жазушы болмаған соң менің затым,
Көркемді жұмыр емес жазған хатым.
Салмақтайтын саналы ер табылса,
Атаусыз неге қалсын менің атым.
23 –оқушы: Тоқтаровтай батырлар неткен жалын!
Оқтан ықпай, елім деп төккен қанын.
Батырларым жалынын жалаулатып,
Жатыр мәңгі аялап еккен бағын.
Бауыржандар Мәскеуді қорғап қалған,
Бауырмалдар жауға елді қорлатпаған.
Жатыр бүгін жалын боп алыптарым,
Батырлығы бағым боп орнап қалған.
Қорған болған елінің елдігіне,
Батырлардың бас идік ерлігіне!
Ұрпақтары қаһарман бабалардың,
Тәуелсіздік қамалын көрді міне.
2 – жүргізуші: 1986 жыл. Желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар
алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған өжет жастар
ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.
1 – жүргізуші: «Қазақ елі хан сайлар зор данасын,
Ғажап елді келімсек қорламасын!»—
Деп, Қайраты көтерді намыс туын,
Кек қайнатты өрт жалын Орда басын.
Қайраттың ақтық сөзі: Күнәдан таза басым бар.
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар.
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар.
Қайрат деген атым бар.
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар.
Мен не етермін, не етермін.
Мен келмеске кетермін.
Көрмеген қош бол, таңдарым
Көре алмай мен өтермін.
Хош – аман бол артымда
Ағайын – туған, азамат.
Артымда қалған ата – анам.
Ел – жұртым саған аманат.
2 – жүргізуші: Ол әділеттіліктің жеңетініне сенді. 1988 жылы 13 мамырда Семей түрмесінде
Қайрат Рысқұлбеков 21 мамыр күні таңда өмірмен қоштасады.
24 – оқушы: «Ерлік жыры»
Отан сені жырламасам болмайды,
Елін, жерін сыйламаған оңбайды.
1986, желтоқсан
Қазағыма әкелді ғой зор қайғы.
Қаралаған басына оның туды күн,
Жамандамақ, жазаламақ кімді – кім?
Империяның саясаты
Қазақтың
Тастамақшы жерге жаншып теңдігін.
Он мыңдаған әскер қоршап шеруді
Ұрып – соғып жаныштауға кірісті.
Осылайша қайғы шекті қазағым
Бұл не сұмдық,
Құлақ түрші, ағайын.
Қайрат пенен
Ләззәттай есімдер.
Тартты – ау азап,
«Елім — ай» — деп талай күн.
1 – жүргізуші: Ерлігіміздің арқасында Қазақстан егеменді болып дүние жүзіне танылуда. 1991
жылы біздің Отанымыз егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті болды.
2 – жүргізуші: Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,
Дәлелдеуге Қазақстан елдігін.
Арман еткен, қыршын кеткен ағалар
Елің алды егеменді теңдігін.
25 – оқушы: Тәуелсіздік – бабалардың ұраны Қазақстан сен бір елсің жаһанда
Бейуақытта бойға тартқан тұмары. Тең танылған таудай асқақ тұлғасы
Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып, Бір сөйлемді ортасынан үздім мен,
Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы. Осыншама осал боппыз біз кімнен?
Тәуелсіздік – берекенің бір басы, Білсін әлем айырылмаймыз ешқашан
Дәулетің мен сәулетіңнің тұнбасы. Қолымызға түгел тиген тізгіннен
1 –жүргізуші: Міне, достар, Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Осы
Тәуелсіздікті тұғырында нық ұстап тұру үшін сапалы білім мен
тәртіп керек. Болашақ өз ұлтын сүйетін, өз елі, өз жерін,
Отанын сүйетін ұлтжанды, өр намысты, биік рухты болу біздің
қолымызда.
2 – жүргізуші: Қазақстанның өз жолы, өзіндік болашағы бар, бұдан былай
және мәңгі Тәуелсіз Қазақстанның таихы жалғаса бермек!
Қазақстанның Тәуелсіздігі баянды болсын! Қарышта, жайна,
Қазақстан! Қазақстанның болашағы гүлдене берсін!
Ауған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу — кеші
Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу;
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Слайд, видеолар, ардагерлердің суреттері.
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Барысы:
1 — жүргізуші
— Қайырлы күн құрметті де қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! 8 — 9 — 10 сыныбымен ұйымдастыруымен болып отырған «Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман Тек сенен Есте қалған…» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кешін ашық деп жариялаймыз!
2 — жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Өткенін ескермеген өшеді,
Өткенін қастерлеген өседі,- демекші, берер тәлімі мол тарихтың тірі куәгерлері бүгін біздің ортамызда!
1 – жүргізуші:
Жаулардан қарсы келген жасқанбаған
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық. Бейсенбаев Серік
Ажигулов Зинет ағаларымыз.
2 — жүргізуші
— 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.
1 — жүргізуші
Ауған соғысы 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Соңы аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды.
Статистикаға сүйенсек:
10 жылға созылған ауған соғысында КСРО бойынша қайтып оралмаған жалпы адам шығыны – 14453 — ке жетті.
Ал Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 924 — і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.
1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі дене жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды. Атырау қаласынан 534 сарбаз қатысып, оның 1 — і хабарсыз кетті, ал 14 — сол соғыста қаза тапты. Сол оралмаған жауынгерлерімізді орнымыздан тұрып еске алайық:
Еске алу (1 мин үнсіздік)
2 — жүргізуші
Бұл соғыстың абырой әпермейтінін түсінген Кеңес үкіметінің басшылары Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу туралы бір шешімге келді. 1989 жылдың 15 ақпанында қолбасшы, генерал — лейтенант Б. Громов “Кеңес әскері Ауғанстан жерінен толықтай шығарылды” деп мәлімдеді.
Бүгінгі таңда елімізде 10000 — ға жуық ауған соғысының ардагерлері бар. Олардың 3000 — дайы мүгедектер қатарында.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» — деген ойлы сөзі бар.
Бұл соғыс жайлы шындық талай жылдар бойы тұмшаланып келді. Тек еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шындықтың беті ашылды.
«Ауған соғысы» туралы бейнебаян үзінді көріңіздер
1 — жүргізуші:
Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда.
1 — жүргізуші:
— Сіздердің құрметтеріңізге ән. «Атамекен»
Соғыс жылдарындағы оқиға туралы баяндама «Жылдар сөйлейді». Зерделі 8 сынып
1979 жылы
Кеңес әскерінің шектеулі контингенті Ауғаныстанда 86 адамынан айырылды, оның 7 – еуі қазақстандық еді.
12 желтоқсанда КОКП ОК Саяси бюросы Ауғанстанға 40 — армияны енгізу туралы шешім қабылдады.
13 желтоқсан Армия генералы С. Ф. Ахромеевтің басшылығымен КСРО Қорғаныс мин — нің жедел тобы Ташкент, Термез қалаларына жіберілді. 40 — армияның қолбасшылығына генерал – лейтенант Ю. В. Тухаринов тағайындалды.
27 желтоқсанда арнайы мақсаттағы «Зейнит» бөлімшесі Тәжі — Бек сарайын шабуылдады. АДР басшысы Х. Амин өлтірілді. Мемлекеттің жаңа басшысы Б. Кармаль болды.
1980 жылы
Кеңес әскерінің шектеулі контингенті бұл жылы 1484 адамынан айырылды, оның 181 қазақстандық еді.
Ақпанның аяғы. Кабулда үкіметке қарсы жаппай қозғалыс өтті. КСРО елшілігі атқыланды, бірнеше кеңестік азаматттар қаза тапты. Оппозицияның қарулы отрядтарын АДР армиясымен бірігіп талқандау туралы Ауғандағы кеңестік әскери қолбасшылығына тиісті нұсқаулар түсті.
Көктем. 40 — армияның қатысуымен Пактия және Газин уәлфяттарында жауынгерлік іс — қимылдар жүргізіліп, І — Панджер операциясы өтті.
1981 жылы
Кеңес әскерінің шектеулі контингенті бұл жылы 1298 адамынан айырылды, оның 97 қазақстандық еді.
Сәуір. 3 – Панджер операциясы сәтті өтті.
Қыркүйек. Кеңестік және ауғандық әскерлер шартты «Мармоль» атауымен қиын операция жүргізді. Балх уәлаятындағы Мазари — Шариф Оңтүстігіне қарай 25 — 30 шақырымда тауда орналасқан көтерілісшілер базасы талқандалды.
1982 жылы
Бұл жылы 1948 кеңестік жауынгерлер мен офицерлер, оның ішінде 168 қазақстандық қаза тапты.
Мамыр. 40 — армияның қолбасшылығына генерал В. Ф.Ермаков тағайындалды. Оның басшылығымен Парван, Каписа, Газни уәлаяттарында жауынгерлік операциялар, сонымен қатар Ауғанстанның Пәкстан, Иранмен шектесетін мемлекеттер шекарасын жабуда ауқымды жұмыстар жүргізілді.
1983 жылы
Кеңес әскерінің шектеулі контингенті бұл жылы 1446 адамынан айырылды, оның 72 қазақстандық еді.
Мамыр — қыркүйек. Қарсыластармен соғыс барысында 22 жауынгерлік операция жүргізілді. 2800 торауыл қойылып, 17 632 қару бірлігі жойылды. 4334 және1772 мың бірлік оқ дәрі қолға түсті. 103 колонна. Дислокация пунктері атқыланып, 38 минаның жарылуы оқиғасы тіркелді.
1984 жылы
Кеңес әскерінің бұл жылы шығыны 2343 адамды құрады, оның 103 — і қазақстандық еді.
Мамыр — қыркүйек. 40 — армия 22 жоспарлы, 19 жоспардан тыс операциялар жүргізді. 2084 торауыл қойылыр, 18184 моджахед өлтіріліп, 3839 жеке қару бірілігі қолға түсіріліді. 80 колонна, 96 дислокация пункті атқыланды, 53 мина жарылысы болды, кеңес әскері 886 адамынан айырылды, оның 111 — і офицерлер болды. 1958 адам жараланып, оның ішінде 70 мың адамы өліп, 3 минааттар, 50 — ден астам мина, ауқымды қару – жарақ, оқ – дәрі қолға түсті.
1985 жылы
Ауғанстанда кеңестік 1868 адам қаза тапты, оның 86 – сы қазақстандық болды.
қазан. Мәскеуде Кеңес әскерін Ауғанстаннан шығару туралы келіссөз қабылданды.
1986 жылы
Ауғанстанда кеңестік 1333 адам қаза тапты, оның 70 — і қазақстандық болды.
Сәуір. Кеңес әскерін қалайда Ауғанстаннан шығару туралы АҚШ — тың №166 Ұлттық қауіпсіздік директивасына қол қойылды.
1987 жылы
3 – қаңтар. Ауғанстан респ. революциялық кеңесі «Ауғанстандағы ұлттық татуласу» Декларациясын қабылдады.
1988 жылы
759 кеңес әскері, оның ішінде 44 қазақстандық қаза тапты.
Желтоқсан. Горбачев БҰҰ — ның Бас ассамблеясының 4 — сесссиясында АҚШ пен Пәкістанға арналған инициатива көтерді. Онда 1989 жылдың 1 қаңтарынан барлық соғысушы жақтар арасындағы ұрыс қимылдарын, оппозиция мен үкімет әскеріне қару – жарақ, техниканы жеткізуді бір уақытта тоқтату ұсынылды.
1989 жылы
Кеңестік әскерінің шығыны 53 адамды құрады. Оның 8 — і қазақстандық болды.
15 ақпан. Түстен кейін Ауғанстан кеңестік шекарашылар тастап шықты. Термез қаласында болған митингіде 40 — армияның қолбасшысы алдарына қойған әскери міндетті толық орындап шыққанын мәлімдеді.
2 — жүргізуші:
КСРО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққан күнін атап өту қарсаңында «Қазақстан — 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына қатысты Мәжіліс депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл жастарды ел үшін еңбек етуге шақырады.
«Ең алдымен айтарым, адам баласын жақсылыққа үміттендіріп, жақсылыққа жетелеген лазым. Жамандықтың бір кілті ашылса, адамның да, қоғамның да қалған өмірі күреспен өтеді. Елбасының Жолдауы Қазақстанның әлемдік деңгейдегі беталысы мен бағытын айқындап берді. Президентіміз Жолдауын жастарға арнады. Шын мәнінде, бүгінгі жастар өзгеше. Тәуелсіз елдің төл перзенттері, санасы тәуелсіз, ойы озық, білімі асқақ азаматтар. Жастар жауапкершілікпен қатар, ауыртпашылықты да сезінуі керек,»- дей келе Ауған соғысының ардагері бүгінгі еңбек майданын кешегі ауған соғысына теңеді.
«Мен көрген соғыс» атты бейнебаян үзінді көріңіздер
Ауған соғысының қасіреті кімдердің жүрегін жараламады десеңізші?! Азаматтық борышын атқаруға әскерге кетіп, табытпен оралғандары қаншама? Осындай ағаларымыздың хатынан үзінді тыңдаңыздар. (Күй орындалып тұрады.) Арайлым 10 сынып.
«Жауынгер хаты» (авторы М. Сергеев.)
Бауырым, бұл хатымды аласың ба?
Ауғанның тауларының арасында,
Бораған қорғасын оқ бас көтертпей,
Жатырмыз ессіз — түссіз жар астында.
Қоршаудамыз, барады айдан асып,
Анталаған жаулармен тайталасып,
Іздеп жатқан ел де жоқ артымыздан,
Шер — қайғыңды енді кімге айта аларсың?
Күңіреніп, күрсінеді Ауғанстан,
Жігіттер де шаршады сұм соғыстан.
Түн ортасы басталар қанды қырғын,
Жарылыстан — жарылыс – күл боп ұшқан.
Күні өтеді осылай жастығымның,
Жолдасымның естідім ақтық үнін.
Қансырады, құлады командирім,
Бірақ сырын алдырмай жатты күліп.
Күліп жатты жалғанның барлығына,
Өспей жатып жасыл гүл солды сонда!
Көтергенмен рухын жауынгердің,
Іште қалды — ау өкпесі тағдырына!
Басқа салды, біз көндік, амал қанша?
Тартысамыз дұшпанмен ала алғанша.
Қай бұрышта қалады бас домалап,
Алла білер, жортатын сапар қанша?
Кейде ойлайсың, сұм ажал алып кетсе,
Қопарылып, өртеніп жанып кетсем,
Бауырым, дән риза мен болар едім,
Осы хатым еліме барып жетсе!
Түсімізге енеді ақ қорымдар,
Дегендей ме, сездіріп сақ болыңдар.
Бәрімізде бір арман қоршаудағы;
«Сүйегіміз қалмаса екен жат қолында!»
1 – жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ендігі кезекте келешегіміз бен жарқын болашағымыздың жасаушысы, жалындаған жас ұрпақтың арнауын назарларыңызға ұсынамыз.
6 — сынып
1. Өтер жылдап, ауқып тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар
2. Армысыздар, ауғандық жауынгерлер
Жырым бар жараланған, жаныңды емдер.
Өлгендердің жәннәтта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер!
Ерлік қылған ағаларым, аспан асты, жер үсті,
Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар мен бөрікті
Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,
Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.
3. Отан үшін оққа тосып кеудеңді,
Ерлігіңді, өрлігіңді ер көрді.
Бірге аттанған бауырларың жер жастанды, жерленді
Жебейді олар әруағымен сендерді.
Аналардың көл боп аққан көз жасы,
Жетім — жесір тағдырларын ойлашы.
Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз,
Елі үшін құрбан болған ер басы.
4. Баласы батыр туғаннан
Денесін сумен жуғаннан
Батыр да халық қазақпыз
Кіндігін түйіп буғаннан
Даламен бірге қайнасып
Көкпенен бірге жайнасып
Көршімен тату, жауына қату
Қарасаң егер байқасып
Тамыры терең кететін
Жайнаған дархан мекенім
Бар ма екен шіркін жалғанда
Қазахияма жететін
5. Осындай елді құраған
Бабадан қалған мұрадан
Жастарға сарқыт ерлігі
Сел болар ақса жырадан
Ел үшін өткен батырлар
Шайырлар менен ақындар
Күш пенен түйсік, ақылды
Бағындыра алған дарындар
Олардың ерлік тәлімі
Халқына айқын мәлімді
Ұғына алса керекті
Қазіргі ұл — қыз хәліңді
6. Атойлап шапқан батырлар
Рухын қайрап ақындар
Ұрпағым аман болсын деп
Қыршынбасын деп жатырдан
Ел үші қиып құр жанды
Ұстанған елміз бір заңды
Биікке қойған қазақпыз
Ар — ұятпенен ұжданды
Жауына күшін көрсетіп
Ізіне ерген ел сеніп
Жастарға бүгін аманат
Жасалған істер белсеніп
Бабалар салған сара жол
Өшпейтін мәңгі дара жол
Ұрпаққа бүгін аманат
Қорғай біл халқым пана бол
1 — жүргізуші: Арал қаласына қатысқан Ауған соғысының ардагерлері:
Екі жүргізуші барлық Ауған соғысының ардагерлерін кезек кезек тізіп айтып шығады
«Ерлік — жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет. Уақыт пен тарихтың мәңгі жадында қалған оқиғаларды өз басынан өткерген апаларымыз бен ағаларымыздың айтары да, бізге берер тәлімі де мол. Ендеше, сөз кезегі өздеріңізде, құрметті қонақтар!
Ендігі сөз кезегі алып бәйтерек, ауылымыздың мақтанышы болып жүрген ауған соғысының ардагерлеріне беріледі.
Сұхбаттасу
Оқушыларды толғандырып жүрген сұрақтар бар шығар, олай болса кезекті оқушыларға берейік. Оқушылардың сұрағы:
— Сіздермен бірге қазақ жауынгерлері болды ма?
— Сіздің Ауғанстанға аттанғаныңызды тума – туыстарыңыз білді ме?
— Ауған жерінде болғанда ауғандықтардың қандай екенін байқадыңыз?
— Бұл сұм соғысқа аттандыңыз ба?
— Сіз Ауған соғысы туралы фильмдерді көргенде шындыққа жанасатындары бар ма?
— Сіздермен шақырылған жігіттердің қаншасы елге оралмады?
— Соғыстың алдында сіздерге жаттықтыру істерін жүргізді ме? Әлде қару беріп жібере салды ма?
— Сіздерге үкімет тарапынан қандай көмек көрсетіліп отыр?
— Ауғанстанда тұратын қазақтар жайлы білеміз.
— Соғыс кезінде қандастарымызды кездестірдіңіз бе?
— Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп жүрсіз?
— Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз?
— «Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз?
— Сіздер Ауған соғысына барғанда шын өзіңіз ниетіңізбен бардыңыз ба, әлде Кеңес Одағының тапсырмасы болды ма?
1 – жүргізуші:
15 ақпан 1989 жылы 40 — армияның Ауған жерінен генерал Боир Громовтың шығуы еді. Шын мәнінде оқиға басқаша болған. Соғыс бітсе де шекаралар мен негізгі құрамалар қалдырылған. Соңғы шығушы қазақстандық офицер Виктор Харичев басқарған шекарашылар. Олар ешқандай сән – салтанатсыз. Құшаққа алған гүлдерсіз Ауған жеріндегі соғыстың ақырғы нүктесін қойды. Өкінішке орай бұны әркім біле бермейді.
Ауғанстан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 27 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз.
2 — жүргізуші
Мен қазақпын, Ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер.
1 — жүргізуші:
— Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар — деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес.
2 — жүргізуші
Ерлік — елдің туы. Ер қуаты — қару болса, ел — қуаты батырлары, сақадай сарбаздары мен сардарлары. Халық қашанда қаһарман ұлдарын пана тұтқан. Отан үшін күрес, ерге тиген үлес. Халықтың осы даналығы қайда жүрсек те, қашанда жүрек дәптерінде, сана сахнасында сақтаулы жүрсе, қазақ баласы азаматтық парызын адал ақтауды ұмытпас. Ауған қаһармандарын қадірлеп, құрметтеп, рух жасампаздығымен жаңартайық.
Ән: «Байтақ елім»
1 — жүргізуші
Кешіміздің қорытынды сөзін мектебіміздің директоры береміз.
2 — жүргізуші:
Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін — бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір — түкпірінде еңбек етуде.
Аяулы ағалар, уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін.
«Ауғанның асуында от кешкендер…»
Қызылорда облысы, Арал қаласы
№2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп — интернаты
Оразгулова Дина Айнуровна — қосымша білім беру педагогы, тарих пәнінің мұғалімі