Дулат исабеков туралы сценарий

Тимур кіреді.асығыс.Қамажай оның алдынан жүгіріп шығады. Қамажай. Темір, Теміржан. Кешірші мені. Әлгінде, Ермек даладан жылап келіп. Тимур. Мамуля, не боп қалды

САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ КОНСПЕКТІСІ

Жоспарланатын уақыт

Сабақ барысы

Дереккөздер

10 минут

5 минут

15 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Кезекшімен сұхбат

Студенттерді түгендеу

Үйге тапсырмасын тексеру:

50 бет 8-тапсырма

1-тапсырма Ойтүрткі.

  • Дулат Исабековтің қандай шығармаларын білесіздер?

  • Жазушы-драматургтің туындылары негізінде сахналанған қандай қойылымы бар?

2-тапсырма. Топтық жұмыс. «Рөлдік ойындар» әдісі арқылы Дулат Исабековтің «Әпке» пьесасынан алынған үзіндіні рөлге бөліп оқыңыздар. Онда қандай әлеуметтік мәселе көтерілген?

Ермек оянып кетеді де, сыртқа жүгіреді.

Ермек.Әпке.Әпке.

Қамажай. Ермекжан, әпке дегенің қалай? Мен сеің мамаңмын.

Ермек. Жоқ, сен әпкем екенсің.Менің мамам өліп қалған. Сен әпкем екенсің,әпкем екенсің.

Қамажай. Жоқ, мен сенің мамаңмын.Әпке деме, мама де, мама де.

Үстел басында Қамажай ,сіңлісі,сіңлісінің құрбысы тамақ ішіп отыр.

Нәзила. Илансаң бар ғой, әпке, таңертеңнен бері Гауһар екеуміз дым сызған жоқпыз.

Қамажай. Немене, ақшаларың болмай қалды ма?

Нәзила. Жоқ, өзің берген бір сом ақшам да болды. Гауһар да құралақан емес екен. Уақыт жоқ.Ательеге барып едік, қырғын, адам көп екен, шаршап өле жаздадық. Так что, әпкешка, бүгін алдымызға күнжара қойсаң да , жей береміз.

Қамажай. Ақшаларың болмаса, ательеге неге барып жүрсіңдер?

Нәзила. Бұрынғы ақшалы кездерім есіме түсіп… Ательеге ақшалы адамның баруы жаңалық емес. Қолыңнан келсе, ақшасыз барып көр.(Күліп.)Жай айтқаным ғой. Әпке деймін, ательеге маркизет түсіпті.Гауһарда азын- аулақ ақша бар екен, мен одан қарызала тұрмақ едім. Жете алмадық. Жете алмағанымыз да дұрыс болды.Әйтпесе кейін қайдан тауып берер едік.

Қамажай. Неге?.. Тауып береміз… Тимур ертең айлық алады.

Нәзила. Оның айлығы өзінен артылмайтын болды ғой. Өткен жолы мен оны паркте бір қызбен көргем. Меніңше, финанс жағын сол кісі басқаратын болуы керек. Ал енді іске кіріселік.

Екі құрбы сықылықтай күліп, тамақтан қарбытып жеуге кіріседі …

Дескриптор:

1. Дулат Исабековтің «Әпке» пьесасынан алынған үзіндіні рөлге бөліп оқиды

2. Мәтінде қандай әлеуметтік мәселе көтерілгенін баяндайды;

Бағалау. Топтық бағалау

Үй жұмысын тексеру

Ойтүрткі

«Рөлдік ойындар» әдісі

10 мин

10 мин

3 — тапсырма. Жеке жұмыс. «Құрастыр сосын жауап бер» әдісі арқылы пьесаның кейіпкерлері туралы және олардың арасында болған әңгіменің не жайында екенін айтып, өзара диалог құрыңыздар. Диалогтің сұрақтарын өздеріңіз дайындаңыздар.

Дескриптор:

  • пьесаның кейіпкерлері туралы және олардың арасында болған әңгіменің не жайында екенін айтады

  • өзара диалог құрастырады

  • диалогтың сұрақтарын өздері дайындайды

ҚБ. «Қолдау көрсету» әдісі арқылы мұғалім оқушыларды  бағалайды.

4-тапсырма. Топтық жұмыс. «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі арқылы драмалық шығарманың тіліндегі ерекшеліктерді тауып, әдеби тіл нормасына сай қолданысын кестеге жазыңыздар.

Кейіпкердің сөйлеу тіліндегі ерекшелік

Әдеби тіл нормасына сай қолданысы

мама

ана

Дискрептор:

  • драмалық шығарманың тіліндегі ерекшеліктерді табады

  • әдеби тіл нормасына сай қолданысын кестеге жазады

Бағалау.»Мадақтау» әдісі

«Құрастыр сосын жауап бер» әдісі

«Қолдау көрсету» әдісі

«Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі

Кестені

пайдаланады

15 мин

10 мин

10 мин

5-тапсырма. Топтық жұмыс. «Микрофон» әдісі арқылы Шығарма үзіндісін тыңдаңыздар (11-аудио). Кейіпкерлердің үніндегі толғанысты, дауыс ырғағындағы кідірісті, интонациялық өзгерістерді байқадыңыздар ма?

Тимур кіреді.асығыс.Қамажай оның алдынан жүгіріп шығады.

Қамажай. Темір, Теміржан. Кешірші мені. Әлгінде, Ермек даладан жылап келіп….

Тимур. Мамуля, не боп қалды?

Қамажай. Соны жұбатам деп жатқанда ……

Тимур. Түу, айтсаңшы тезірек, менің бір минут та уақытым жоқ. Костюмді үтіктеп қойдың ба?

Қамажай. Жоқ … иә … жоқ …. Бүлдіріп алдым …..

Тимур. Көшеге киетін жалғыз костюмімді ақыры өртеп тыңдыңдар ма? Енді қайтемін?

Қамажай. Солай болды. Есімнен шығып …….

Тимур. Көшеге киетін жалғыз костюмімді ақыры өртеп тыңдыңдар ма? Енді қайтемін?

Қамажай. ….. Алармыз

Тимур. Алармыз, көрерміз, бір мәнісі табылар….Немен аламыз, немен көреміз, бір мәнісі қалай табылады? Бір туфли ала алмай жүргенде ….

Қамажай. Қайтемін, әдейі істеген жоқпын ғой ….

Тимур. Ал бүгін немді киемін? Жиынға майкамен кетсін бе?

Қамажай. Құдай-ай! Енді не істесем екен? Білдірмей жамап берейін.

Тимур. Жамап? Енді жамау костюм киюім қалған екен ғой. Түу, осы үйден бір береке таппай-ақ қойдым-ау.

Қамажай. Неге олай дейсің? Береке таптырмай жүрген кім саған? Аузыңа не келсе, соны айта салатыныңды қайдан шығарғансың?

Тимур. Жалғыз костюмім жанып кетсе, енді не демекпін?

Қамажай. Жанбаса, құрып кетсін. Костюм, костюм деп төбемді оятын түрің бар ғой. Мен бір әдейі өртегендей …. «Осылар ренжімесін», «Осылар қабақ шытпасын» деп жар құлағым жастыққа тимей жүргенде естір сөзім осы ма? Даладан ашуланып келсеңдер, маған зіркілдейсіңдер, қуанып келсеңдер, маған еркелейсіңдер. Ал мен кімге ұрысам, кімге еркелеймін? (Жыламсырап.) мен де адаммын ғой. Көңіл жырту мата жыртудан да оңай ма сендерге? Ал кет басыңның ауған жағына . Кет!

Тимур. Қит етсе, көзінің жасы дайын тұрады бұлардың.

Костюмін қолына лып, әрі-бері қарайды. Қолын бір сілтеп, қайта орнына қояды ….

Дискрептор:

  • шығарма үзіндісін тыңдайды

  • кейіпкерлердің үніндегі толғанысты, дауыс ырғағындағы кідірісті, интонациялық өзгерістерді баяндайды

Бағалау. «Бас бармақ» әдісі

6-тапсырма. Жеке жұмыс. «Жалғасын тап» әдісі арқылы Пьесадағы оқиға желісін қалай аяқтар едіңіздер? Дамытып айтып көріңіздер.

Бағалау:

7-тапсырма. Топтық жұмыс. «Ой толғау»әдісі арқылы драма кейіпкерлері туралы ой қорытыңыздар.

Кейіпкерлер

Іс-әрекеттері

Көзқарасы

Қасиеттері

Дискрептор:

  • драма кейіпкерлері туралы кесте толтырады

  • кейіпкерлер туралы мінездеме береді

Бағалау: «Бейнелер » әдісі

«Микрофон» әдісі

4. Сабақты қорытындылау мен рефлексия

5мин

9-тапсырма. «ПОПС» формуласын қолданып, «Әпке» пьесасындағы ақпараттар бойынша өз пікірлеріңізді дәлелдеңіздер.

Бірінші сөйлем. Менің ойымша, …….

Екінші сөйлем. Себебі мен оны …. деп түсіндіремін.

Үшінші сөйлем. Оны мен …. деген фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын.

Соңғы сөйлем. Осыған байланысты мен …. деген ой түйдім.

Үйге:  58 бет. 8-тапсырма. Дулат Исабековтен сұхбат алмақ болдыңыздар. Қандай сұрақтар қояр едіңіздер.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Ашық сабақ Д.Исабеков «Әпке» пьесасы

Қажетті клишлер мен лексикалық құрылымдары қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу ( « келісу, келіспеу» эссесі);

Шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу

Олимпиады: Литературное чтение 1 — 4 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы: Дулат Исабеков «Әпке» драмасы

Модуль тақырыбы: Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті

Оқу сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Қажетті клишлер мен лексикалық құрылымдары қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу ( « келісу, келіспеу» эссесі);

Шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Жаңа сөздердің мағынасы мен айтылуын түсінеді, сөйлем құрастыра алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады :

Сөйлем құрайды, оқиды, мағынасын түсіндіреді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Берілген мәтіннен керек мәліметтер таба алады

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Театр жайлы айта алады

Пәнге қатысты сөздік қормен терминдер:

Арнау, пікір, мақсат қою, бақыт, күресу, ылғи, қуаныш, сәттілік, азап, азап шегу, мақсатқа барар жол, рақат, жеміс., қалауымызша

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Дулат Исабеков кім?

Дулат Исабековтің қандай шығармасын білесің?

Драманың кейіпкерлері кім?

Не себепті …….. деп ойлайсыз?

Қазақ баласын үлкенді сыйлауға кішкентайынан үйретеді.

ишара:

Алдыңғы оқу

Қарағанды қаласы жайлы айта алады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

«Көңіл күйді анықтау» тренингі.

Сабақтың басы.

Сәлемдесу, құрамын түгендеу.

Оқушылар «Шаттық шеңберіне» тұрып, бір-біріне біріне сәттілік, жақсы тілектер айтады.

Интерактивті тақта, слайдтар,

Сабақтың ортасы

Т6.1.1 Жаңа сөздердің мағынасы мен айтылуын түсінеді

Тапсырманы орындаған әр балаға конфеттер беріп отырамын

Сабақтың соңы

Оқушыларға жаңа тақырып бойынша сұрақ қояды:

Дулат Исабеков кім?

Дулат Исабековтің қандай шығармасын білесің?

Драманың кейіпкерлері кім?

1. Сөздікпен жұмыс.

Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен, терминдермен таныстырады, аудармасын айтады, оқиды, оқушылар қайталайды.

Мәтіналды жұмыс.. Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 1-2тапсырманы орындайды. Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.

Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Тыңдалым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 3-4-5- тапсырмаларды орындайды. Мәтінді оқиды, сұрақтарға жауап береді, Бақыт туралы кейіпкерлердің көзқарасы дұрыс не дұрыс еместігін талқылап, дәлелдейді

Грамматика. Жіктік жалғаудың тәуелденуін қайталау.

Мәтінсоңы жұмыс. Оқылым. Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.

Жазушы-драматург Дулат Исабековтың «Әпке» драмасы екі бөлімнен тұрады. Қаламгер оны 1977 жылы жазған. Сахналық қойылымға арналған шығарма.Драма Бұл туынды драма болғандықтан кейіпкерлердің сөйлеген сөздері мен іс-қимылдары интонация мен сезімге толы болып табылады. Басты кейіпкер — Қамажай, алдынан шыққан қиыншылықтарды көтере білген, бауырларына қамқор жан туралы айтылады. Драмада Қамажайдың өмірге құштар жан екенін байқаймыз.

Топтық жұмыс. Оқулықтағы 7-тапсырма. Бақытты болу үшін керек қасиеттерді, мінезді, білімді, жұмысты анықтайды. Адамның сұлбасын салып, оның ішіне анықтаған қасиеттерді жазады.

Жұптық жұмыс. Сұрақтарға жауап береді, диалог құрастырады.

!Қарағнды; кеше және бүгін» тақырыбында ой бөліседі, постер қорғайды.

Бекіту: Оқулықтағы 9-тапсырма. «Шығу парағы» пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

Үйге тапсырма: ереже, тапсырма, мазмұндау

60-жылдарда қазақ әдебиетіне өзіндік ерекшелігімен келген классик жазушылардың қатарындағы көзі тірісі Дулат Исабеков. Қазақ әдебиетінің қадіргі ақсақалы қазір 76 жаста. Дулат Исабеков жазушы, драматург, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық «ПЕН-клубы» және платиналы «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты. Белгілі жазушының екі туған күні, екі есімі бар екенін бірі білсе, бірі біле бермейді. Осыған орай Stan.kz ақпарат агенттігі тау тұлғалы қаламгеріміздің өмірі туралы қызықты деректер ұсынып, өмірінен сыр шертпек.

Дулат Исабеков: жазушының балалық шағы мен шығармашылығы жайлы қызықты мәліметтер

Белгілі жазушы-драматург Дулат Исабеков 1942 жылы 20 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысыны, Сайрам ауданына қарасты Ленин жолы колхозында дүниеге келген. Алғашқы азан шақырылып қойылған есімі  – Нысанбай. Сондай-ақ, Дулат Исабеков 20 желтоқсанда дүниеге келгенімен, екінші туған күні 20 қазан деп есептеледі.

Болашақ жазушының атасы Алдаберген қара жұмысшы болып жұмыс істеп, Ташкент пен Түркістан аралығындағы теміржолды салған. Қара жұмысты көп істегеннен, жазылмайтын ауруға шалдығып, баласы Исабекті кенже інісі Мәуленге тапсырып кетеді. Содан Исабек әкесіндей болған Мәленнің қолында тәрбиеленіп, сонда үйленіп, өз отбасын  құрады.

Дулат Исабековтың ата-бабасы жалпы Сырдың ар жағынан болған. 40-жылдары колхоздар көп ашылып, ауылға адамдар керек болғандықтан, әкесі Исабекті бала-шағасымен бірге Сайрам жаққа айдап жіберген. Исабек төрт баламен көшіп кеткенде әйелі бесінші балаға, яғни Дулат Исабековке жүкті болған.

Сонда келіні босанатын кез келіп қалғанда атасы Мәулен Сырдың екінші жағына қоныс аударған баласы Исабектің үйіне қуғыншы жібереді. Ол кісі өз заманында жоғары білімді атақты молда болған. Және әулетіндегі ұл балалардың есімін өзі қойған. Сол кезде Мәулен молда Исабектің үйіне қуғыншы жіберіп: «Егер ұл бала болса мына есімді қойыңдар. Бұл баланың есімін енді кітаптан қоймаймын. Қалың дулаттардың арасында дүниеге келді. Өскен, өнген ел. Сондықтан атын Дулат қойыңдар» дейді. Ал, ол кезде болашақ жазушы дүние есігін ашып қойған еді. Оның үстіне ата-анасы да құлағындағы тесігіне байланыстырып, ұлдарының есімін Нысанбай қойып қояды. Алайда, туғандарынан баланың есімін Дулат қойыңдар деген хабарды алған Исабек қайтадан азан шақырып, балаға Дулат есімін береді.

Дулат Исабеков Екінші дүниежүзілік соғыстың нағыз қызып жатқан кезінде дүниеге келген ұрпақ өкілі. Ол соғыстағы жеңіске балалық шағын айырбастағандардың бірі. Ол бала болғанымен, балалық шағы болмады. Сонау майдан даласында ысқырып ұшқан оқ Дулаттың да ауылын адаспай тауып келіп, көкжелкеден тиіп, балалық шағын күйретті.

Әкесі соғыске кеткенде Дулат Исабеков жөргектегі бала болған. Содан танымайтын елдің ортасында, отыратын там да жоқ айдалада бес баланы құшақтап анасы Күмісгүл жазғыз қалады. Осындай жағдайда балалар ауырып, әсіресе үйдің кенжесі Дулат аурушаң болып, қатты сырқаттанып қалады. Бала тірі қалмайды дегенді естіген анаға бір күні Дулаттың қайтыс болғанын айтады. Сонда анасы көзінен жасын сығып, баланың мәйітін дәлізге, ауыз тамға шығара салыңдар депті. Сөйтіп, бала Дулатты ауыз тамға шығарып, киізге орап қойған. Ал ертесі, таңертең жұртшылық қолдарына күректерін алып, молаға қарай шығады. Олар баланы көму үшін жер қазып жатқанда, көрші кемпірлер келіп, «баланы алып шығыңдар» дейді. Сол кезде көрші әже келіп баланы алып, бетіне қарағанда, өлді деген Дулат Исабеков ыржиып күлген. Жерлеуге әкелген баланың күлгенін көрген әже шошығаннан сәбиді жерге тастап жіберген. Содан кейін қайтадан көтеріп алып келіп, Дулаттың анасына: «Күмісгүл-ау  сенің балаң тірі ғой» деген. Бұны естіген ана еңкілдеп тұрып жылаған. Баласының өлді дегеніне сенген ана аз болмағанда тектегін көміп жіберер еді. 

Болашақ жазушы бала кезінде өте бұзық болған екен. Тіпті, 9 сынып оқып жүрген кезінде оқудан шығарыла жаздаған. Кейін анасы дүние салып, Дулат Исабеков бауырларымен бірге туған ауылынан көшіп кетеді. Жаңа ауылдағы өмір ерекше, сәл ес білген кез болды. Дулат Исабековтың бүкіл шығармашылық өміріне өшпестей із салған кезең – осы кезең. Аналары қайтыс болып кеткенде екі әпкесі тұрмыста болды. Ал, мектепті де бітірмеген үш ұлға әпкелері қамқор болып, кезектесіп қарасады. Ұлдардың үлкені Нәбиян артынан ерген екі інісін бағу үшін оқудан да бас тартып, әпкелерінің өтініші бойынша шаңырақ көтереді. Осылайша, Дулат Исабеков ағасы екеуі жеңгесі мен үлкен бауыры Нәбиянның қолында тұрады. Дулат ағамызға бала күнінде дәл осы әпкелері, ағасы мен жеңгесі темірқазық болды. Осылайша, ата-анасыз қалған жетімдер бір-бірін сүйреп, бауырмал болып өседі.

Дулат Исабековтың балалық шағы қиын болса да, қызыққа толы болды. Ауылда мақта теріп, даланың жантағы, шеңгелі болып өседі. 

«6-7 сыныпта оқып жүріп, мақта тердік. Сол кезде мақта тез ашылсын деп төбеден ұшақпен дәрі шашып кететін. Сонда жапырақтардың бәрі қурайды. Содан дәрі шашып өткеннен кейін аппақ боп қаламыз. Адам ба, мал ма оған қарамайтын»,- дейді жазушы балалық шағы туралы естелігінде.

Ал оның жазушылығы туралы айтар болсақ, Дулат Исабековтың жазуға деген ынтасы мектеп қабырғасында басталды. 5-6 сыныптарда «Қазақстан пионері» газетін оқып жүргенінде ондағы өлеңдерді оқып, «менде осындай бір өлең жазсам екенмін» деп, еліктейді. Сөйтіп, шатпақтақ ойындағыны қағазға түсіре бастайды, кітаптар оқиды.

Мектепке әдебиет сабағын ерекше жақсы көрген бала Дулаттың 7-8 сыныптардан бастап роман оқуға көңілі ауады. Сол жылдары әлем әдебиеті классиктері қазақша шығып жатқандықтан, олардың шығармаларын қызығып оқиды. Ол әсіресе, Александр Гончаревты сүйіп оқыды. Оның романдарын мектеп қабырғасында жүріп-ақ оқып бітіреді. Тіпті, жазушыға еліктеп «Мақташылар» деген әңгіме де жазған. Содан кейін «Лениншіл жас», «Қазақстан пионер» газеттеріне суреттемелер, өлеңдер жіберіп тұрды. Бірақ, редакциядағылар оған «жазғандарыңыз бізге әлі жарамайды, алайда ізденіп, талпына беріңіз» деп хат жібереді. Сол кезде газеттердің бланкісімен келген хаттың өзі оларға үлкен қуаныш болатын. Бала Дулаттың бұл талпысына қуанған мұғалімдері де «мейлі жарамаса да, келесі бір жолы жарайды, жаза бер» деп, қанат бітірген. Сөйтіп, болашақ жазушы 10 сыныпты бітірерде көптеген әңгімелер жазды. 

Дулат Исабеков оқушы кезінен көркем әдебиетті жақсы көрді. Мектеп бітіргеннен кейін ол Ташкенттегі институтқа оқуға тапсырады. Бірақ, екі ретте де түсе алмай, ақыры Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1966 жылы бітіреді. Шығармашылық жолындағы алғашқы әңгімесі 1963 жылы «Жолда», «Замандастар» атты жинақта жарияланды. 1966-75 жылдар аралығында «Бекет», «Ащы бал», «Мазасыз күндер», «Қара жаңырақ», «Тіршілік» атты повестер мен әңгімелер жинақтары, «Қарғын» романы жарық көрді. 

Сол жылдар аралығында жазушы ҚР Телевизия және радио хабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетте аға редактор ретінде қызмет атқарады. Одан кейінгі 1968-1970 жылдары Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясында аға ғылыми редактор болады.

Кейін 6 жыл «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі міндетін атқарып, 1976 жылы ҚР Мәдениет министр репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы болып бекітіледі. Онда 1988 жылға дейін қызмет етеді. Сосын, келесі онжылдықта  Қазақ теледидарының бас редакторы, «Жазушы» баспасының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болып қызмет атқарады. Ал, 1997 жылдан бастап ҚР Мәдениеттану ғылым зерттеу институтының директоры болып тағайындалады.

Дулат Исабеков осындай маңызды қызметтерді атқарып келсе де, қазақ әдебиетіне көптеген жаңа туындылар әкеліп отырды. Оның кез келген шығармасы өзінше ерекше және оқырман назарынан ешқашан түскен емес. Әсіресе, оның өз өмірінен алынған, ата-анасынан ерте айырылған жетімдер туралы «Әпке» романы ең үздік туындылардың қатарында. «Әпке» қанатымен су сепкен қарлығаштай, бауырлары үшін бар қызығын құрбандыққа шалған қазақ қыздарының типтік образы жайлы туынды. Бауырына туған баласынан да артық қарау қазақ қыздарына ғана тән мінез. Міне, осы тақырыпқа қалам тербеген жазушы қанша жыл өтсе де сахнаның төрін бермеген «Әпке» туындысын өз өмірі бойынша әпкелеріне арнап жазады. 

««Әпке» менің өз өмірім ғой. Егерде әпкелерім болмаса, біз қалай болар едік. Үш ер бала ғана қалдық. Анамыз қайтыс болғаннан кейін тұрмысқа шығып кеткен әпкелерім кезек-кезек келіп, бізді қарады. Сол кезде үлкен ағам 10 сыныпта оқитын. Әкемдей болып кетті деп жүрміз ғой, ол менен үлкен сияқты көрінгенімен, арамыз 5-6 жас болды. Ол үздік оқығандықтан, сол кезде оқуға түсіп тұр еді. Сөйтіп, оқуға түсемін деп жүрген кезінде барлық жоспары быт-шыт болып, апам (анасы) қайтыс болғаннан кейін үйленуіне тура келді. Сонда әпкелерім кезек-кезек бір айлап, екі айлап жатып бізге қарады. Тіпті, ағам үйленгеннен кейін де, келін үйренсін деп қасымызда болды. Кейіннен пьеса жазуыма түрткі болған әпкемнің мына сөзі әлі есімде: жездем келіп, әй үйге қайтасыңдар ма, қайтпайсыздар ма? Біздің де бала-шағамыз бар. Біз де кәдімгідей кір сасып, қоң сасып кеттік қой. Үйде тамақ жоқ. Не сенің бауырларың балада, біздің өз баламыз бала емес пе? дегенде үлкен әпкем Бибіғали: Ей, қақсамай кете бер! Баланы өзің бақ керек болса. Маған баладан гөрі, бауыр қымбат» деген. Маған енді бауыр тауып беретін шешеміз жоқ деген еді. Осы сөзді мен қазір айта аламын ба? Қазір осы сөзді айта алатын адам бар ма? Өз баласын тәлк етіп, бауырларын бірінші орынға қойған жан бар ма? Содан кейін ауылда елдің бәрінде қиындықтың бәрі әйел адамдардың мойнына түсіп жатты. Олар соның бәріне шыдады, көнді. Және колхозда бір тиын алмай жұмыс істеуге көнді. Міне, осының бәрін көре жатып мен қалай «Әпке» туралы жазбаймын»,- деген болатын жазушы «Әпке» романы туралы.

«Әпке» секілді тың туындыны өмірге әкелген қаламгер үзіліссіз еңбектер жазды. Оның таңдамалы повестері «Екі жиырма» деген атпен басылып, оқырман назарына ұсынылды. Сондай-ақ, бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылып, жекелеген туындылары венгр, неміс, пояк, чех тілдерінде жарияланды. Оның шығармалары Израйль, Петербор, Прага, Франция, Германия елдеріндегі театрлардың тұрақты репертуарына еніп, бүгінде көрерменнің үлкен ілтипатына ие болды.

Ал 2012 жылы Алматыда алғаш рет халықаралық «Исабеков әлемі» атты фестиваль өтті. Оған еліміздің 6 театры мен Болгария, Ресей, Тәжікстан, Башқұртстан, Түркия елдерінің театрлары қатысып, белгілі драматургтың туындыларын шебер орындаудан бақ сынасты. Осылайша, Дулат Исабеков өзінің ағалары, аталары жетпеген ерлікті жасады. 6 күнге созылған ол мәдени шарада драматургтың  «Тор», «Ескерткіш», «Мұрагерлер», «Бақыт құсы», «Енді қайттік», «Актриса», «Әпке», «Ескі үйдегі екі кездесу» атты тың туындылары сахналанды. Бұл фестивальдің ерекшелігі – сайысқа түскен өзге ұлт театрлары Дулат Исабековтың шығармаларын өз тілдеріне аударып, сомдады.

Дулат Исабеков ұлттық намысты жоғары қоятын жан. Жазушы 2013 жылы тіпті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында оралмандар мәселесін көтерді. Сонау Монғолиядан елім деп келген отандастарымыздың елден қаша жөнелгендерін естіп, қынжылған қаламгер бұл мәселені Елбасының алдында көтергенді жөн көрді. Ол Монғолиядан келген 800 қазақтың елден кетуіне қазақтың өзі себепші болды деді. Осылай дей келе, Елбасынан «Отаным, елім» деп келген оралмандарды Монғолияға, Қытайға қайта кетуіне мәжбүр еткен ел азаматтарын қатаң жазалауды сұрады. 

Екі туған күні, екі есімі бар: Дулат Исабековтың өмірі мен шығармашылығы жайлы қызықты мәліметтер

Исабековтың уыздай тіл үйірер романдары мен повесть, әңгімелерін кез-келген буын өкілі оқиды. Адамзат тағдырының тәтті де, ащы сәттерін өз еңбектеріне өре білген жазушы қағаз бен қаламын бір мезетте қолынан түсірген емес. Қазақ драматургиясының қазынасы болашақта да Дулат Исабековтың төл туындыларымен толығары сөзсіз. Оның пьесалары республикалық, облыстық театр сахналарында жиі қойылып жүр.

Тау тұлғалы қаламгерді бүгінде шетел де жақсы таниды. Сахна төрін бермеген «Гауһартас», «Әпке» секілді туындылардың авторы 75 жылдығын Лондондағы Шекспирдің «Голобус» театрында атап өтті. Ал тарихы тереңде жатқан бұл театрда мерейтой атап өту екінің бірінің қолынан келмейді. 

Бүгінде қаламгердің еңбектері тек елімізде ғана емес, сонымен қатар халықаралық режиссерлар мен өнер майталмандарының үлкен мәртебесіне ие. Оның «Гауһартас», «Дермене» туындылары бойынша еліміздің режиссерлары көркем фильмдер түсірді. Ал, тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында Душанбеде Влидимир Маяковский атындағы орыс драма-театрының төрінде де Исабековтың «Транзиттік жолаушы» атты пьесасы сахналанды. Ұлт мерейін үстем еткен ұлы мерекеге орайластырып қойылған спектакль аяқталғанға дейін, көрермен тапжылмай қойылымды бір деммен тамашалады.

Дулат Исабеков «Ата үміті»


  • Қазақ тілі және әдебиеті
  • Samina
  • 22.01.2016
  • 0
  • 1
  • 5038

Павлодар ауданы Заңғар жалпы орта білім беру мектебінің

қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі   

Сегизаева Толқын Жасұланқызы

Қысқа мерзімді сабақ жоспар

Пән:

Қазақ әдебиеті

Сынып:

6

Сабақтың тақырыбы:

ХХ ғасыр әдебиеті. Дулат Исабеков  «Ата үміті».

«Дермене» хикаятынан үзінді.

Зерттеу тақырыбым:

Оқушыларды топтық жұмыс арқылы мәдени сөйлеуін және зерттеушілік қабілетін арттыру.

Сабақтың мақсаты:

Шығармаларын талдау арқылы көтерген негізгі мәселе адал іс пен арам істі диалогқа түсу арқылы айқындау.

Күтілетін нәтижесі:

1.Ойталқы негізінде оқушылардың өзіндік көзқарастарын, ұстанымдарын дәлелдеу;

2.Кейіпкерлердің іс-әрекетін сараптау арқылы өмірмен сабақтастыру.

3. Оқушылардың білімге деген құштарлықтары артады, зерттеушілік әрекеттеріне ынталанады.

Әдіс-тәсілдер:

Дара жұмыс,топпен жұмыс,диалогқа түсу,Венн диаграммасын құру,интервью алу,пәнаралық байланыс.

Сабақ түрі:

Жаңа сабақ

Көрнекіліктер:

Интербелсенді тақта,А 3 қағазы,түрлі-түсті маркерлер,компьютер.

Сілтеме

1. Қазақстан жаңалықтарынан үзінді.

2. Интернеттен алынған Дулат Исабеков жайлы деректер.

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уәж

1 минут

Ортаға шақыру.

Дөңгелек шеңберде тұрып бір-біріне тілек айту.

Жаңа тақырыпқа шығу

5 минут

Сөзжұмбақ арқылы тақырыпқа шығу

Интербелсенді тақтаға сөзжұмбақтың жауаптарын жазады. (АКТ)

Білу+

түсіну

10 минут

Дулат Исабеков жайлы бейнеролик көрсету. (АКТ)

Жеке,жұппен жұмысқа назар аудару.

Қосымша дереккөздері арқылы ізденіске түсу,оқулықпен жұмыс. (СТО)

Жеке жұмыс,жұппен жұмыс.(ОЖТжәнеЖ.Е)

Қолдану+

 талдау

15 минут

1.Оқушының іс-әрекетіндегі  сұрақтар арқылы талдауға шығу және кері байланыс жасату.

1.Дулат Исабековтың өмірбаянын,шығармаларын талдау.

2.Дулат Исабековты кластер жасап көрсету.

3.Шығарманың негізгі ойы неде талқылап,жазып көрсету. (СТО)

Эксперттер көмек көрсетеді,кеңес береді. (ТДО)

Сергіту сәті

2 минут

Ән тыңдау.

Интербелсенді тақтаға қарап қимылдарын келтіріп,билейді.

Синтездеу

10 минут

1.Дулат Исабеков жайлы білімдерімен ақпарат алмасу.

2. «Аялдама»

стратегиясын орындату

3. «Шындық-жалған» стратегиясы

1.Адал,арам сөздеріне постер жасау,оны қорғау. (СТО)

2.Бір-бірінен интервью алу.

(ОЖТ және ЖЕ)

қайсысы дұрыс қайсысы бұрыс

Бағалау

2 минут

Бағалау парақтарын тексеріп,оны толтыру жайында ұсыныс беру. (КБ)

Жұптық жұмысын бағалау.Бір топ екінші топты бағалау (ОҮБОБ)

Үйге тапсырма

1. Адал іс пен арам іс жайлы өткендерден интервью алып,

бейнетаспаға түсіру.

2. Дулат Исабеков жайлы ақпараттар жинау.

3. «Гаухартас» фильмін ғаламтордан тауып, көру


 «Ата үміті» («Дермене»  повесінен үзінді)  Дулат Исабеков

«Ата үміті» («Дермене»

повесінен үзінді)

Дулат Исабеков

 Сабақтың мақсаты: Қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгері, танымал жазушы, драматург Дулат Исабеков өмірі мен шығармашылығы жайлы оқушыларға түсінік беру.

Сабақтың мақсаты:

Қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгері, танымал жазушы, драматург Дулат Исабеков өмірі мен шығармашылығы жайлы оқушыларға түсінік беру.

 Оқушыларды үш топқа 7-8 оқушыдан бөлу I топ II топ III топ

Оқушыларды үш топқа 7-8 оқушыдан бөлу

  • I топ
  • II топ
  • III топ

Топ ережесі: Тәртіпке бағыну Өзара сыйластық Тыңдай білу, ести білу Белсенділік таныту Сын мәдениетіне үйрену Қолдау көрсету Уақытты үнемдеу

Топ ережесі:

  • Тәртіпке бағыну
  • Өзара сыйластық
  • Тыңдай білу, ести білу
  • Белсенділік таныту
  • Сын мәдениетіне үйрену
  • Қолдау көрсету
  • Уақытты үнемдеу

  Үй тапсырмасын тексеру  / 10 минут/   Дулат Исабеков «Ата үміті» («Дермене» повесінен үзінді) бойынша мазмұндық жоспар құру.

Үй тапсырмасын тексеру / 10 минут/

Дулат Исабеков «Ата үміті» («Дермене» повесінен үзінді) бойынша мазмұндық жоспар құру.

       Жаңа сабақ  I кезең  Топтық жұмыстар  / 5 минут/

Жаңа сабақ I кезең Топтық жұмыстар / 5 минут/

I топ  «Ата үміті». Сюжеттік – композициялық жоспар құру. Әңгіме тақырыбы, көтерген мәселесі. Оқиға желісі.  /графикалық сюжеттік жоспар/     II топ   Әңгімедегі кейіпкерлерге микро – мінездеме.         III топ  Үзіндідегі кейіпкерлерге салыстыру жұмысы .        Кейіпкерлер Микро - мінездеме Іс - әрекеті Тоқсанбай Ергеш Омаш

I топ «Ата үміті». Сюжеттік – композициялық жоспар құру. Әңгіме тақырыбы, көтерген мәселесі. Оқиға желісі. /графикалық сюжеттік жоспар/   II топ Әңгімедегі кейіпкерлерге микро – мінездеме.   III топ Үзіндідегі кейіпкерлерге салыстыру жұмысы .

Кейіпкерлер

Микро — мінездеме

Іс — әрекеті

Тоқсанбай

Ергеш

Омаш

Сергіту сәті Ал бәріміз тұрайық, Алақанды ұрайық. Оңға қарай бұрылып, Солға қарай бұрылып. Бір отырып, бір тұрып, Бой серігіп алайық .

Сергіту сәті

Ал бәріміз тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып.

Бір отырып, бір тұрып,

Бой серігіп алайық .

  II кезең. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар:  Топтық жұмыс / 5минут/    Шығарманың өн бойында кездесетін адамдық іс – әрекеттер мен жауыздықты, сатқындықты салыстырыңдар. Сол туралы ой бөлісу. Қатыгездік Дүниеқоңыздық Адамгершілік пен адалдық

II кезең. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар: Топтық жұмыс / 5минут/

Шығарманың өн бойында кездесетін адамдық іс – әрекеттер мен жауыздықты, сатқындықты салыстырыңдар. Сол туралы ой бөлісу.

Қатыгездік

Дүниеқоңыздық

Адамгершілік пен адалдық

    III кезең. Топтық жұмыс /5 минут /  1. Іздендіру – зерттеу бағытындағы тапсырмалар (өз қалаулары бойынша): «Адамгершілік пен адалдықты қалай түсінемін?»     Адамгершілік Адалдық

III кезең. Топтық жұмыс /5 минут / 1. Іздендіру – зерттеу бағытындағы тапсырмалар (өз қалаулары бойынша): «Адамгершілік пен адалдықты қалай түсінемін?»

Адамгершілік

Адалдық

    III кезең. Топтық жұмыс / 5минут/  2. Өзінің адамдық өміріңнің платформасын жобаға салып, қорғауға талаптан. «Адамдық борышың не?» модельге түсір     Адамдық борышым

III кезең. Топтық жұмыс / 5минут/ 2. Өзінің адамдық өміріңнің платформасын жобаға салып, қорғауға талаптан. «Адамдық борышың не?» модельге түсір

Адамдық борышым

Қорытындылау  / 3минут/ Тапсырмаларды ортаға салу, талқылау. Бекіту сұрақтары: Қаламгерлердің көтерген міселесі не? Басты кейіпкердің тағдыры туралы не айтар едің? Қаламгердің шешімімен келісер ме едіңдер?

Қорытындылау / 3минут/

Тапсырмаларды ортаға салу, талқылау.

Бекіту сұрақтары:

  • Қаламгерлердің көтерген міселесі не?
  • Басты кейіпкердің тағдыры туралы не айтар едің?
  • Қаламгердің шешімімен келісер ме едіңдер?

Үйге тапсырма  /1 минут/   Берілген шығармашылық жұмыстарды аяқтау.

Үйге тапсырма /1 минут/

Берілген шығармашылық жұмыстарды аяқтау.

 Бағалау /1 минут/   Әр топ бағалау парақшасы арқылы өзін – өзі бағалайды .

Бағалау /1 минут/

Әр топ бағалау парақшасы арқылы өзін – өзі бағалайды .

 Рефлексия /3минут/    Қойған мақсаттарына жеткендігін немесе жетпегендігі туралы жазған стикерлерін тақтаға шығып, толық жетсе – ағаштың тамырына, жартылай жетсе – діңгегіне, түсінуге қиындықтар туындаса – ағаштың басына жабыстырады.

Рефлексия /3минут/

Қойған мақсаттарына жеткендігін немесе жетпегендігі туралы жазған стикерлерін тақтаға шығып, толық жетсе – ағаштың тамырына, жартылай жетсе – діңгегіне, түсінуге қиындықтар туындаса – ағаштың басына жабыстырады.

Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!

 Жазушы естелігі  “ Шоқан өміріне қатты құмарттым. Оның өмірбаянының бәрін қамтуды мақсат тұтпадым. Мен Шоқан өмірінің бір сәтін іздедім. Тапқан да сияқтымын. Ол-Шоқанның кеңсе күзетшісінің баласы Мысықтың балшықтан ойыншық мүсінін жасағанын көріп, талабын танып, оны өзімен бірге оқуға алып кетуі. Әсіресе, осы оқиға маған қатты ұнап, хикаят жазуға ұмтылдырды. “Бала Шоқанды” осылай жаздым”

Жазушы естелігі

“ Шоқан өміріне қатты құмарттым. Оның өмірбаянының бәрін қамтуды мақсат тұтпадым. Мен Шоқан өмірінің бір сәтін іздедім. Тапқан да сияқтымын. Ол-Шоқанның кеңсе күзетшісінің баласы Мысықтың балшықтан ойыншық мүсінін жасағанын көріп, талабын танып, оны өзімен бірге оқуға алып кетуі. Әсіресе, осы оқиға маған қатты ұнап, хикаят жазуға ұмтылдырды. “Бала Шоқанды” осылай жаздым”

 Ой түю тарихшы зерттеуші саяхатшы ғалым этнограф әдебиетші жаратылыстанушы

Ой түю

тарихшы

зерттеуші

саяхатшы

ғалым

этнограф

әдебиетші

жаратылыстанушы

 «Қазақ халқын орыс халқына таныту, осының негізінде өз халқын Европа мәдениетіне жетілдіру Шоқан өмірінің мақсаты еді»  Н.И.Веселовский  «Шоқан күншығысты зерттеу ғылымының жарық жұлдызы болып көрініп еді, тек жарқ етті де сөнді» Н.М.Ядринцев

«Қазақ халқын орыс халқына таныту, осының негізінде өз халқын Европа мәдениетіне жетілдіру Шоқан өмірінің мақсаты еді»

Н.И.Веселовский

«Шоқан күншығысты зерттеу ғылымының жарық жұлдызы болып көрініп еді, тек жарқ етті де сөнді»

Н.М.Ядринцев

Көкшетау Шоқан Уәлиханов 1835 жылы ноябрь айында, Көкшетау облысы, Сырымбет тауына жақын Құсмұрын деген жерде туған

Көкшетау

Шоқан Уәлиханов 1835 жылы ноябрь айында, Көкшетау облысы, Сырымбет тауына жақын Құсмұрын деген жерде туған

 Шоқан оқыған кадет корпусы

Шоқан оқыған кадет корпусы

Шоқан мұражайы Алтынемелдегі Шоқанның кесенесі Шоқан ескерткіші

Шоқан мұражайы

Алтынемелдегі Шоқанның кесенесі

Шоқан ескерткіші

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Қ. Пірімов ауылы, Қ. Күлетов атындағы №92 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Канатбаева Жанат Оналбековна

Қазақ әдебиеті 6 — сынып
Сабақтың тақырыбы: Д. Исабеков «Ата үміті» Кейіпкерлер бейнесі
Жалпы мақсаты: Сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың ойын тиянақтау, кейіпкерлерге талдау жасап, өз көзқарасын жүйелі айтуды қалыптастыру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар шығарманың тілін, құрылысын, кейіпкерлер әлемін талдай отырып, шығарма бойынша ойын тиянақтайды, өз көзқарасын анық жеткізеді.
Негізгі идеялар: Әңгімедегі адамгершілік, ізгілік мәселелері.
Сабақта қолданылатын құрал — жабдықтар: Суреттер, үлестірмелер, кітап, интерактивті тақта
Оқыту әдістері: Блум таксономиясы, Семантикалық карта, РАФТ, Бес жолды өлең, Екі жақты түсіндірмелі күнделік

Сабақ барысындағы іс – әрекеттер мен кезеңдер
Мұғалімнің іс әрекеті
Ұйымдастыру
Амандасу. Сынып бөлмесін және оқушылардың сабаққа дайындығын ұйымдастыру. Оқушылардың жұмыс құралдарын қадағалау.
Психологиялық дайындық
Көңіл күйін көтеру. Сабақ барысында оқушыларға сәттілік тілеу
Топқа бөлу: Топқа бөлу, түрлі – түсті қағаздар тарату

Үй тапсырмасымен жұмыс
1) «Әдебиет шынжыры»
2) «Дермене» туралы қосымша мәліметтер жинау

Толық нұсқасын жүктеу

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Дует на праздник
  • Дубровский праздник у троекурова
  • Дубровицы праздник подворье
  • Дубоссарский праздник урожая
  • Дубль зимний праздник

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии