Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы
Тасқала ауылы
Қ.И.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Темиралиева Алтынғаным Жасқайратовна
Ата салтым- асыл қазынам
Мақсаты: Оқушыларға өз халқымыздың салт-дәстүрлері, асыл
қазыналары мен асыл мұралары туралы түсінік беру. Ата
салтын сақтауға, дәстүрін жалғастыруға, асыл қасиетін
бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу.
Барысы: -Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздер «ата салтым-асыл қазынам» атты ашық тәрбие сағатына қатысып отырсыздар. Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет адал, білімді, еңбексүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында берілмейтіні анық .
Ананың бесік жырынан бастап көріп-білген салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары.
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Қазір сіздер осы айтылғандардың куәсі боласыздар.
1-оқушы:
Ассалаумағалейкүм, халқым менің,
Ардақтап дәстүріңді, салтыңды елім.
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбектің жемісін бәрің жегін.
2-оқушы:
Туған соң адам боп,
Біілімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
3-оқушы:
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
4-оқушы:
Біздер бұрын көрмеген,
Салт-дәстүрім өлмеген.
Үйренеміз дәріптеп,
Заманымда өлмеген.
-Балалар, халқымыздың ұлағатты ұлттық ұғымдары көп. Соған байланысты бірнеше сұрақтарға жауап беріп көрейік.
-Қазақтың балаға байланысты қандай әдет-ғұрыптарын білесіңдер?
-Шілдехана, бесікке салу, бөбекті қырқынан шығару, тұсау кесу, атқа мінгізу салты т.б
-Бұл баланың дүниеге келгеннен бастап, ержеткенге дейінгі жасалатын әдет-ғұрыптардың тәрбиелік мәні ерекше. Олай болса, осы әдет-ғұрыптар туралы қысқаша айтып өтейік.
Шілдехана— сәби дүниеге келгеннен соң бір жеті бойына ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті.
Бесікке салу— бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларын алып келеді. Бесікке салу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесіктің түбегінен кішкене бұршақ тәрізді тоқаштар өткізіп,
«тыштырма» деп атайды.
Қырқынан шығару-бөбек дүниеге келген соң 40 күннен кейін оның алғаш рет шашы мен тырнағы алынады. 40 қасық су құйылып, сол суға шомылдырады. Баланың ит көйлегіне тәтті дәм толтырып, оны иттің мойнына байлап жүгіртеді. Соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады.
Тұсау кесер— бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ кілем үстімен жүргізеді.
Баланы атқа мінгізу салты-баланың буыны бекіп, 4-6 жасқа келгенде ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қиыншылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі.Балаға ер- тұрмандарын сыйлап, атқа мінгізіп той жасайды. Бұл әрекет ер баланың ендігі азамат болуға дайындалғанының белгісі болып саналады.
-Аталарымыз ер жігіттен ауылдың, рудың, елдің мүддесін қорғауға әрқашан дайын болуды талап еткен.
Ұлдарға көкпар тарту, бәйгеге шабу, аударыспақ, теңге алу, күрес, сайыс сияқты ойындарын үйреткен.
«Қыз өссе –елдің көркі» дегендей, қыз баланың сырт бейнесі, киіне білуі оның ішкі мәдениеттілігімен, тәрбиелік деңгейімен байланысты. Қыз баланы жасынан төзімділікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеген. Қазақ халқының салт-дәстүрі болашақтың айқын көрінісіне үлесін тигізеді. Сендер ата салтын ұстанып, еліміздің мәртебесін, көк байрағын биікке көтерер ұрпақсыңдар!
Ән: «Көк тудың желбірегені»
Қорытынды: «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей, ата салтымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жоғалтпай, адамгершілігі мол, инабатты, иманды адам болып өсіңдер!
«Ата салтым – асыл қазынам»
Мақсаты:
1.
Қазақ халқының қанына
сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрлерімен
сабақтастығын түсіндіру, кейбір халық әндерін, мақал-мәтелдерін үйрету.
2.
Имандылық, инабаттылық,
ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекілігі:
Қазақ үйінің жасауы, мақал-мәтелдер, даналардан шыққан сөз,
қолөнер бұйымдары, ою-өрнек түрлері.
Барысы:
«Дұшпанға қатал,
Досқа адал — халық»
Кіріспе
Мұғалім: Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет
– адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық
салт-дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп,
сұрыпталған озық салт-дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.
Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық.
Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнына берілгенге дейінгі өзі
көріп-білген салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын
қалыптастыратын өмір сабақтары.
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра.
Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар. Салт-дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына
көз жіберсек, олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс-тіршілік болмысынан туып
қалыптасатынын көреміз. Дүниеден өткен адамды жерлеудің салтын қарайтын болсақ,
үнділер өте тығыз орналасқандықтан, көмуге жер жетіспейтіндіктен мәйітті
өртеуі, орыстардың ағаш табытқа салуы, топырағына күрек батпайтын жерде тұратын
адамдар мәйітті адам жүре қоймайтын айдалаға апарып тастайды. Қоғамдық салт –
қоғадық болмыстан туындайды деген осы. Сондықтан халық дәстүрлерінің
дұрыс-бұрысы бар деуге болмайды.
Халық педагогикасының тұрмыстық ереже болып, халықтың салтына
айналған әдет-ғұрыптардың тәрбиелік мәні ерекше.
Халық тәрбиені балаға ана құрсағында жатқаннан бастайды. Оған
куә іштегі сәбидің уақытында дүниеге келуі үшін үлкен аналар түрлі ырымдар
жасайды.
1-оқушы:
Шілдехана – сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы
күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр
түкпірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып,
сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді.
Шілдехана өткізілетін күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы
тиіс.
2-оқушы:
Қырқынан шығару – бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет
шашы мен тырнағы алынып, бесікке салу рәсімі орындалады.
40-күннің өзі ананың бой көтеріп, денсаулығы түзелген кезде
болады. Жалпы осы уақыт ішінде ананың да, баланың да денсаулығы өте мықты
күтімді қажет етеді. Анаға кіндік шеше көмек беруі тиіс. Бұл дастархан басына
тек әйел адамдар келіп қатысады.
3-оқушы:
Есімін атау (ат қою) – бұл рәсім ұлағатты кісіге
жүктеледі. Қазақ аттарының көптігі басқа халықтардан ерекшелігі. Қыз балалардың
есімдері олардың көркемдігі. Ат қою «көз тимесін» деген оймен қойылады. Ат таңдалғаннан
кейін баланың құлағына 3 қайтара айтылады.
4-оқушы:
Бесікке салу – бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту,
шашу, жоралғыларыналып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге
немесе анаға жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді,
сумен бала шыланады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «ит
көйлегі» жүгіртіледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойынына
көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие
болады. Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене бұршақ тәрізді тоқаштар
өткізіліп, оны «тыштырма» деп айтады. Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын
айтады.
Бесік жырының сөздері естияр балалардың ой-қиялына жыр етіп,
ананың мейір-шапағатын арттырады. Ондай отты жырларды балалар да жаттап алу
керек.
5-оқушы:
Тұсау кесер – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің
басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек
білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі.
Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ
болсын деп кілем үстімен жүргізеді.
Тұсау кесер жырлары айтылады.
… Қаз, қаз балам, қаз балам,
Қадамыңды жаз, балам
Әнекей, ақ бесік.
Әлдиіме бақ бесік.
Шүмегіңді салайын,
Сылдырмағын тағайын.
Жібек көрпе жабайын,
Бауық барқыт пүліштей
Балдақтарың күмістей,
Жабдығыңмен сыйлысың.
Жатса бөпем жайлысын,
Көсем сенен өседі
Жайлы болсын төсегі.
6-оқушы:
Баланы атқа мінгізу салты – баланың буыны бекіп, 4-6 жасқа келгенде ат
үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын
жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор,
қиыншылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі.
Балаға ер-тұрмандарын сыйлап (ашамай, жандарба, тоқым, жүген,
ноқта), атқа мінгізіп той жасайды.
Бұл әрекет ер баланың ендігі азамат болуға дайындалғанының
белгісі болып саналады.
Қорытынды.
Мұғалім: «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей,
ата-бабаларымыз ұл-қыздарын жасынан бастап сан алуан іс-әрекетпен,
жауапкершілікті талап ететін еңбекпен тәрбиеленген. Ер баланы бес жасынан тай
жалын тартып мінуге жарағаннан бастап, оны қолғанат деп есептеген. «Жігітке
жеті өнер де аздық етеді» деп халқымыз ер баланы төрт түлік малды бағып-күтуге,
жер қыртысын, өсімдік түрлерін білуге, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап
бағыт-бағдарды белгілеп, қоныс-суды дәл табуға үйреткен.
Әкенің баласына ақыл айтып, жауапкершілікке жүктеп, оны
бес-жиырма жасында енші беріп, жастарды өз бетімен шаруа құрып, өмір сүруге
дайындаған. Аталарымыз ер жігіттен ауылдың, рудың, елдің мүддесін қорғауға
әрқашан дайын болуды талап еткен. Ұлдарға көкпар тарту, бәйгеге шабу,
аударыспақ, теңге алу, күрес, сайыс ойындарын үйреткен. Ерлерден садақ тарту,
найзагерлік өнерді, сойыл соғуды білуді талап етіп, дайындаған.
Жеті атасын үйрету ескіден қалған аталы сөз, бабалардың өнегесін,
ерлігін, азаматтығын балаларға ұғындыру — әке міндеті болып есптелген.
«Қыз өссе – елдің көркі» дегендей, қыз баланың сырт бейнесі,
киіне білуі оның ішкі мәдениетімен, тәрбиелік деңгейімен байланысты. Қыз –
болашақ ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың береке құты. Қыз баланы жасынан
төзімділікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиеленген.
Қазақ халқының салт-дәстүрі болашақтың айқын көрінісіне үлесін
тигізеді. Сауатты да, салмақты, адамгершілік қасиеті мол жас ұрпақ салт-дәстүр,
әдет-ғұрыппен өте тығыз байланыста.
№ 34 мектеп -гимназиясы
Өткізген: Рахымова
М М
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ата салтым – асыл қазынам»
Мақсаты: 1.Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру, кейбір халық әндерін, мақал-мәтелдерін үйрету.
2.Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Қазақ үйінің жасауы, мақал-мәтелдер, даналардан шыққан сөз, қолөнер бұйымдары, ою-өрнек түрлері.
Барысы
Кіріспе. Мұғалім: Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.
Бала
тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнына берілгенге дейінгі өзі көріп-білген салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары.
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар. Салт-дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек, олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс-тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз. Дүниеден өткен адамды жерлеудің салтын қарайтын болсақ, үнділер өте тығыз орналасқандықтан, көмуге жер жетіспейтіндіктен мәйітті өртеуі, орыстардың ағаш табытқа салуы, топырағына күрек батпайтын жерде тұратын адамдар мәйітті адам жүре қоймайтын айдалаға апарып тастайды. Қоғамдық салт – қоғамдық болмыстан туындайды деген осы. Сондықтан халық дәстүрлерінің дұрыс-бұрысы бар деуге болмайды.
Халық педагогикасының тұрмыстық ереже болып, халықтың салтына айналған әдет-ғұрыптардың
тәрбиелік мәні ерекше.
Халық тәрбиені балаға ана құрсағында жатқаннан бастайды. Оған куә іштегі сәбидің уақытында дүниеге келуі үшін үлкен аналар түрлі ырымдар жасайды.Шілдехана – сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түкпірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып, сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы тиіс.Қырқынан шығару – бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнағы алынып, бесікке салу рәсімі орындалады. 40-күннің өзі ананың бой көтеріп, денсаулығы түзелген кезде болады. Жалпы осы уақыт ішінде ананың да, баланың да денсаулығы өте мықты күтімді қажет етеді. Анаға кіндік шеше көмек беруі тиіс. Бұл дастархан басына тек әйел адамдар келіп қатысады.Есімін атау (ат қою) – бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі. Қазақ аттарының көптігі басқа халықтардан ерекшелігі. Қыз балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою «көз тимесін» деген оймен қойылады. Ат таңдалғаннан кейін баланың құлағына 3 қайтара айтылады.Бесікке салу – бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларыналып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шыланады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «ит көйлегі» жүгіртіледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойынына көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене бұршақ тәрізді тоқаштар өткізіліп, оны «тыштырма» деп айтады. Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады.
Бесік жырының сөздері естияр балалардың ой-қиялына жыр етіп, ананың мейір-шапағатын арттырады. Ондай отты жырларды балалар да жаттап алу керек.Тұсау кесер – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді.
Тұсау кесер жырлары айтылады.
… Қаз, қаз балам, қаз балам,
Қадамыңды жаз, балам
Әнекей, ақ бесік.
Әлдиіме бақ бесік.
Шүмегіңді салайын,
Сылдырмағын тағайын.
Жібек көрпе жабайын,
Бауық барқыт пүліштей
Балдақтарың күмістей,
Жабдығыңмен сыйлысың.
Жатса бөпем жайлысын,
Көсем сенен өседі
Жайлы болсын төсегі.
Баланы атқа мінгізу салты – баланың буыны бекіп, 4-6 жасқа келгенде ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қиыншылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі.
Балаға ер-тұрмандарын сыйлап (ашамай, жандарба, тоқым, жүген, ноқта), атқа мінгізіп той жасайды.
Бұл әрекет ер баланың ендігі азамат болуға дайындалғанының белгісі болып саналады.Қорытынды.
Мұғалім: «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей, ата-бабаларымыз ұл-қыздарын жасынан бастап сан алуан іс-әрекетпен, жауапкершілікті талап ететін еңбекпен тәрбиеленген. Ер баланы бес жасынан тай жалын тартып мінуге жарағаннан бастап, оны қолғанат деп есептеген. «Жігітке жеті өнер де аздық етеді» деп халқымыз ер баланы төрт түлік малды бағып-күтуге, жер қыртысын, өсімдік түрлерін білуге, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт-бағдарды белгілеп, қоныс-суды дәл табуға үйреткен.
Әкенің баласына ақыл айтып, жауапкершілікке жүктеп, оны бес-жиырма жасында енші беріп, жастарды өз бетімен шаруа құрып, өмір сүруге дайындаған. Аталарымыз ер жігіттен ауылдың, рудың, елдің мүддесін қорғауға әрқашан дайын болуды талап еткен. Ұлдарға көкпар тарту, бәйгеге шабу, аударыспақ, теңге алу, күрес, сайыс ойындарын үйреткен. Ерлерден садақ тарту, найзагерлік өнерді, сойыл соғуды білуді талап етіп, дайындаған.
Жеті атасын үйрету ескіден қалған аталы сөз, бабалардың өнегесін, ерлігін, азаматтығын балаларға ұғындыру – әке міндеті болып есптелген.
«Қыз өссе – елдің көркі» дегендей, қыз баланың сырт бейнесі, киіне білуі оның ішкі мәдениетімен, тәрбиелік деңгейімен байланысты. Қыз – болашақ ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың береке құты. Қыз баланы жасынан төзімділікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиеленген.
Қазақ халқының салт-дәстүрі болашақтың айқын көрінісіне үлесін тигізеді. Сауатты да, салмақты, адамгершілік қасиеті мол жас ұрпақ салт-дәстүр, әдет-ғұрыппен өте тығыз байланыста.
Жүгіре қойшы, құлыным,
Желбіресін тұлымың.
Елгезек бол, ерінбе,
Ілгері бас, ерінбе.
Қазақтың салт—дәстүрі
Кең құшақты қазақ даласында бабалар дүбірі мен даналар үнімен, ата—бабалар салт—дәстүрімен тәрбие
алып өскен –қазақ балаларымыз. Өз ұлтымыздың ата—бабаларымыздан жалғасып келе жатқан салт—
дәстүрімізді ұмытпауымыз керек.
Салт— әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс—тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес
ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі ретінде қалыптасқан.
“Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдептен” дейді халық. Әдепті болу үшін иманды, кішіпейіл, көпшіл,
инабатты болу керек. Ол үшін бүгінгі ұрпақ — өз ата—салтын, әдет—ғұрыптарын білуі қажет. Ата – салтын,
әдет—ғұрпын біліп, құрмет тұтқан оқушының ішкі рухани байлығы , әдептілігі сыртқа күн нұрындай сәуле
шашып тұрады. Ата—бабаларымыздан мұра болып қалған салт— дәстүрсіз, ішкі рухани байлықсыз, әдет—
ғұрыпсыз баланы тәрбиелеп, білім беру мүмкін емес
ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық—демографиялық саясат жөніндегі ұлттық
комиссиясының ұйымдастыруымен «Өнегелі отбасы: дәстүр, тіл және қазіргі заман» тақырыбында пікір
алмасу өтті.
Гүлшара Әбдіхалықова,
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
– Бүгін бізге батыстың желімен домалай беретін қаңбақ ұрпақ керек емес, пайдасын алып, зиянын бойына
дарытпай, дауылға қарсы тұра алатын, тамыры ұлт рухына терең бойлаған білікті ұрпақ керек. Қазақ
қыздарының нәзіктігі мен ибалылығы жоғалып барады. Жат қылықтарға әуес ұрпақ өсіп келеді. Осының бәрі
қоғамымыздың ұлттық салт—дәстүрге, әдет—ғұрыпқа қаншалықты зәру екенін байқатады. Ұлттық тәрбиеден
алыстаған сайын, көлденең кесапаттардан шыға алмай келеміз. Ана тіліміздің көсегесі көгермей жүргенінің
бір себебі – осы ұлттық сана—сезімнің төмендігінен. Сондықтан, жас ұрпақты толыққанды қазақ отбасында
тәрбиелеудің маңызы зор.
Қуаныш Сұлтанов,
ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы:
– Отбасының жылуы мен берекесі ананың ақылы мен парасатында. Ұлт тұлғаларының ұжданы мен келбеті
ананың жүрегі мен қан тамырының тазалығында. Кемеңгер М.Әуезовтің қазақ отбасы туралы «Ұлт болам
десең бесігіңді түзе!» деген ұлағатты сөзінің қадір—қасиеті ерекше артып тұрған дәуірге келдік. Өнегелі ұрпақ
тәрбиесінің ошағы – қазақ шаңырағының орны ерекше. Отбасы атқарар маңызды шаруаның үлкені –
ұлтжанды, елшіл азамат тәрбиелеу. Біз сияқты ұзақ жылдардан кейін тәуелсіздік алған халыққа ең алдымен
отаншыл ұл—қыз өсіру міндет. Ол үшін ең бастысы туған тілді білу. Біздің рухани көгеруіміздің негізінде ана
тіліміз жатыр. Осыны жас ұрпақтың бойына сіңіруіміз қажет. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақ қазақпен
қазақша сөйлессін» деген ұлағатты сөзін ең алдымен отбасымызда іске асыруымыз керек.
Шәмшә Беркімбаева,
Қыздар педогогикалық университетінің ректоры, педогогика ғылымдарының докторы, пофессор:
– Шығыстың ұлы ғұлама ойшылы әл—Фараби айтқандай, «Тәрбиесіз берілген білім қашан да қауіпті» екенін
ұмытпағанымыз жөн. Сол тәрбие беруде әйел—ананың орны бөлек. Еліміздің іргесін нығайтуда, рухани
әлеуетін көтеруде біз әйелдер қауымы мемлекет басшысына қолдау көрсету үшін өз мүмкіндіктерімізді
пайдалана алдық па? Түрлі басқосуларда байқағаным: әйел және бизнес, әйел және саясат сынды
мәселелер біздерді, аналарды көбірек толғандыратындай көрінеді. Шындығына келгенде, ата—ананың бала
тәрбиесіндегі жауапкершілігі төмен.
Халқымыз бала тәрбиесіне ана құрсағында жатқанда мән берген. Өзінің өмірін жалғастырар саналы ұрпақ
өсіруді мақсат еткен. Баланы баптап—баулуда ұлттық дәстүрдің алатын орны ешбір тәрбие орындарының
қызметімен тең келмейді. Ана сүтімен ұлтжандылық, парасаттылық, мейірімділік сияқты қасиеттерді бойына
сіңіріп өскен бала өз ұлтына, тіліне, дініне аса құрметпен қарап өседі. Бала тәрбиесінде ана тілінің қадір—
қасиетін жан—тәнімен оқып білуіне мән беруіміз қажет.
Сейіт Кенжеахметұлы,
жазушы—этнограф:
– «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген ата—бабаларымыз балаларына алдымен отбасындағы
тәрбие өнегесін үйреткен. Одан кейін «Е, Құдайым, бала бер, бала берсең сана бер, сана бермесең бір—
бірлеп ала бер» деп ұрпағының санасыздығынан түңілген. Ұлттық салт—дәстүрлеріне елуден астам тәрбие
«Ата салтым — асыл қазынам» / наурыз мерекесіне арналған сыныптан тыс шара/
Мақсаты: Қазақ халқының салт — дәстурлерін дәріптеу. Наурыз — жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру.
Ата бабамыздың жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі туралы түсінік беру. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
І жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Осы бүгінгі көктем мезгіліндегі қазақтың ұлт мейрамы Наурыз – яғни Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!
Өлкеме Наурыз келді, көктем келді,
Құлпырып, гүлге орап, көк пен жерді.
Халқымның салт — дәстүрін аялаған,
Арманы асқақтады көптен бергі — дей келе Наурыз мерекесі аясында салт — дәстүрге байланысты өткізілгелі отырған «Ата салтым — асыл қазынам!» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
ІІ — жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын әділ баға беретін әділқазылар алқаларымен таныс болыңыздар.
1_______________________________________
2_______________________________________
3_______________________________________
І — жүргізуші: 6, 7, 8 сынып аралығында салт — дәстүрге байланысты танымдық ойынымызды бастамас бұрын ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.
І топ: 6 сынып __________________________________
ІІ топ: 7 сынып _________________________________
ІІІ топ: 8 сынып_______________________________
ІІ — жүргізуші: Сайысымыздың кезеңдерімен таныстырамыз:
І кезең: Таныстыру /топтың аты, ұраны, төс белгісі/
ІІ кезең: «Салт — дәстүрім қазынам»
ІІІ кезең: Сұрақ — жауап /қоржыннан асық алу арқылы
ІV кезең: «Қыз қуу» ойыны /мақал — мәтелдердің жалғасын табу/
V кезең: Қазақтың ұлттық ойындары
VІ кезең: Ырымдар мен тыйымдар
1 — жүргізуші:
Ата — салтым — асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
2 — жүргізуші:
Қазағымның салт — дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған
Салт — дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен — кіші, балдырған.
1 — жүргізуші: І тур Таныстыру: әр топ өздерін таныстырсын.
2 — жүргізуші:
Әдет — ғұрып, салт – дәстүрі қазақтың,
Жарасымды үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық – дей отырып, екінші «Салт — дәстүрім қазынам» атты кезеңін бастаймыз. Салт — дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап береміз.
2 — жүргізуші: Топ басшылары келіп сұрақтарды суырып, топ мүшелерімен ақылдасып сұрақтарға жауап береді. Мұнда сұрақтардың мағынасын түсіндіру керек.
САЛТ — туралы сұрақтар
1 — билет ШІЛДЕХАНА (салт)- Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын — сауық той.
2 — билет КІНДІК КЕСЕР (салт)- Нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін
әйелдер(кіндік шешесі) дайын тұрады. Кіндік кесу — мәртебелі, абыройлы іс.
3 — билет БЕСІККЕ САЛУ (салт)- Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.
4 — билет ҚЫРҚЫНАН ШЫҒАРУ(салт)- Баланың туғанына 40 күн толған соң оны ыдысқа 40 қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан — жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.
5 — билет ТҰСАУ КЕСЕР (салт)- Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.
6 — билет СҮНДЕТКЕ ОТЫРҒЫЗУ (салт) — Ер бала 3, 5 және 7 жасқа толғанда өткізілетін рәсімі.
2 — жүргізуші: Енді ҒҰРЫПҚА байланысты билеттерді топ басшылары келіп суырсын.
1 — билет АТ ҚОЮ (ғұрып)- Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдермен әгілі адамдардың атын қойған. Санымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған.
2 — билет АЙДАР (ғұрып)- Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қояды. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлымда қойылады.
3 — билет КЕКІЛ (ғұрып)- Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны «кекіл» дейді.
1 — жүргізуші: ДӘСТҮР — халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени — тұрмыстық, кәсіптік, салт — сана, әдет — ғұрып, тәлім — тәрбие және рухани іс — әрекеттер көрінісі. Қазақтың бірнеше дәстүрлері туралы билет суырайық.
1 — билет ТЫШТЫРМА(дәстүр)- Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп «тыштыма, тыштыма» деп ырым жасайды және оны «ТЫШТЫРМА» деп атайды. Тыштырманы әйелдер ырым етіп бөлісіп, бала — шағаларына үлестіріп береді.
2 — билет БАЗАРЛЫҚ(дәстүр)- Алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына әкелген сыйлығы.
3 — билет БАЙҒАЗЫ(дәстүр)- Балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сый.
4 — билет ТІЛАШАР(дәстүр)- Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп, оқу жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны «Тілашар» тойы деп атайды.
5 — билет ЖЕТІ АТА (дәстүр)- Халқымыз кейінгі ұрпаққа 7 атасын білуге міндеттеген. Олай болса жеті ата; Бала. Әке, Ата, Арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата.
6 — билет АСАТУ (дәстүр)- Ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалармен жігіттерге асатады.
2 — жүргізуші:
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз – дей келе келесі
ІІІ кезеңімізді бастаймыз. «Сұрақ — жауап»бөлімі. Мына қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржыннан кез келген бір асықты аласыңдар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз.
1 — Асық
1) Үш мақсатты ата.
Жол мақсаты – жету, дау мақсаты — біту, сауда мақсаты — ұту.
2) Үш арсыз
Ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз.
2 — Асық
1) Үш биді атаңыз
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
2) Үш алыс
Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.
3 — Асық
1) Жігіттің үш жақын жұртын ата?
Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт
2) Үш сауап
Шөлге құдық қазған.
Өзенге көпір салған.
Жолға ағаш еккен
4 — Асық
1) Үш байлық
Денсаулық, ақ жаулық, он саулық.
2) Үш тәтті
Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті
5 — Асық
1) Үш жүзді ата?
Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз
2) Үш даусыз?
Мінез, кәрілік, ажал.
6 — Асық
1) Төрт қонақ.
Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, қылғыма қонақ
2) Төрт түліктің пірін атаңыз
Түйе пірі — Ойсыл қараша
Жылқы пірі — Қамбар ата
Сиыр пірі — Зеңгі баба
Қой пірі — Шопан ата
Ешкі пірі — Шекшек ата
7 — Асық
1) Бес асыл
Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
2) Бес қатер
От, жау, борыш, ауру, сөз
8 — Асық
1) Бес қаруға нелер жатады.
Мылтық, найза, садақ, қылыш, айбалта
2) Бес дұшпан
Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ
9 — Асық
1) Жеті күнді ата?
Бүгін – дүйсенбі
Ертең — сейсенбі
Бүрсігүні — сәрсенбі
Арғы күні — бейсенбі
Ауыр күні – жұма
Соңғы күні – сенбі
Азына — жексенбі
2) Жеті атаны таратыңыз?
Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
1 — жүргізуші:
Ата дәстүр абырой көтергенге,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.
2 жүргізуші: IV кезең «Қыз қуу» ойыны. Мақалдап сөйлеу жарысын «Қыз қуу» әдісімен өткізбекпіз. 3 топтан 1 қыз, 1 ұлдан жарысқа шығады.
Мына үзік — үзік сөздерден мақал құрастыру керек.
І ЖҰП
1) Ұяда…………., ұшқанда……………….
(Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.)
2) Ата…………, бала………………….
(Ата — бәйтерек, бала жапырақ.)
3) Ер………, ез……………….
(Ер бір өледі, ез мың өледі.
ІІ ЖҰП
4) Өле…………….., бөле……………….
(Өле жегенше, бөле же.)
5) Таяқ……………, сөз…………….
(Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді.)
6) Мал………….., жер……………….
(Мал баққандікі, жер жыртқандікі. )
ІІІ ЖҰП
1) Тентектің ақылы……………….
(Тентектің ақылы түстен кейін кіреді.
2)……………… сүйіндіреді,……………… күйіндіреді.
(Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді.)
3) Мысық…………….., тышқан………………..
(Мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек.
1 — жүргізуші: Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сайысымыздың мақсаты — заман өзгерседе ұлттық салт — дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Олай болса V кезең “Қазақтың ұлттық ойындары».
Әр топ бір ұлттық ойыннан көрініс көрсетсін.
2 жүргізуші: VI кезең «Ырымдар мен тыйымдар» үш топ қазақтың ырымдары мен тыйымдарын айтып жарысу керек.
1 — жүргізуші: «Ата салтым — асыл қазынам» атты сайысымызды аяқтамас бұрын әділқазылар алқасына сөз береміз.
2 — жүргізуші: «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт — дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін. Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті оқушылар!
Қош, сау болыңыздар!
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы
Тасрал селосы, Тасарал жалпы білім беретін орта мектебінің
орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Балтышева Галия Арынқызы
«Степное негізгі мектебі-балабақша кешені» КММ
Касаинова Риза Кожахметовна
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Ата салтым-асыл қазынам!
Наурыз мерекесіне арналған іс-шара
Жүргізуші: Құтты болсын Ұлыстың ұлы күні
Шаттандырған елімді Тәңір нұры
Табиғатты түлеткен нұрландырып,
Құтты болсын Наурыздың жаңа күні.
Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің
Басын қосқан сан халық, сан ғұрыптың
Ұлыстың ұлы күні паш етейік
Белгісін достық пенен мәңгіліктің.
Ведущий: Наурыз- день чистоты и верности,
Ошибки прощаются, обиды смываются,
В каждом доме- смех, ругаться грех,
В подарок- поздравление и щедрое угощение
Жүргізуші: Қайырлы кеш, құрметті қонақтар!
Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
Ведущий: Добрый вечер, уважаемые гости!
Поздравляем вас с наступающим праздником Наурыз!
Жүргізуші: Құттықтау сөз мектеп директоры Курманбаева Галина Андреевнаға
беріледі.
Ведущий: Слова для поздравления предоставляется директору школы Курманбаевой Галине Андреевне.
Әйгерімнің орындауында Наурыз әні
Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым! Сіздерді Наурыз мерекесіне орай өткізіліп отырған «Ата салтым –асыл қазынам » атты сайысты тамашалауға шақырамыз.
Ведущий: Уважаемые гости! Представляем вашему вниманию конкурс «Традиции народа-бесценное богатство», который проводится в честь праздника Наурыз.
Жүргізуші: Қымбатты қонақтар! Біздің ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл жарқын ниетімен Қыдыр ата келе жатыр екен. Кәне, қарсы алайық.
Ведущий: Қыдыр ата светой старец, благодетель народа, который оберегает , приносит блогополучие, счастье, удачи и вместе с тем дарит жизнь. В день наурыза он ходит повсюду и заходит в каждый дом, благославляя всех его обитателей.
И на наш праздник пришел Қыдыр ата. Даваите встретим.
Қош келдіңіз, Қыдыр ата!Добро пожоловать, Қыдыр ата!
(Қыдыр ата бата береді).
Жүргізуші: Наурыз келсе,
Құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық. (шашу шашылады)
Ведущий: Любой праздник казахского народа начинается с того, что всех угощают шашу-сладости.(Қыздар проходят в зал и угощают всех гостей со словами «Наурыз құтты болсын!»)
Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасын таныстырайық.
Ведущий: Представляем членов жюри:
Жүргізуші:Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін, халқымыз,
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл оның мәдениеті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы.Салт-дәстүрлі ел-мықты, әрі түбі берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген.
Ведущий: Составной частью культуры каждого народа является сохранение своих обычаев, традиций и обрядов, передаваемых из поколения в поколение. Казахские обычаи и традиционные праздники поражают своей красочностью, богатством смыслового наполнения и в полной мере отражают сущность казахского национального характера – открытого, гостеприимного и стремящегося жить в гармонии с окружающим миром.
Сегодня мы вам покажем самые интересные обряды, которые до сих пор имеют место в семейном укладе казахов.
Жүргізуші: Көктем келіп, жылғаға су толып жатыр
Бөктерлерге жыл құстары қонып жатыр
Алтыбайдың ауылына келсеңіздер,
Шілдехана дәл бүгін болып жатыр
Ведущий: Шілдехана – это традиционный той в честь новорожденного.
Приглашаем на сцену учащихся 6 классов. Вашему вниманию обряд «Шілдехана»
Жүргізуші: Бабамыздың мұңысын сен, домбыра!
Анамыздың сырысың сен, домбыра!
Қазағымның жүрегін жаралаған
Даламыздың үнісің сен, домбыра!
Халқымыздың киелі аспабы домбыра сазына құлақ түрелік.
Ведущий: На сцене национальный инструментальный оркестр «Даулескер»
Жүргізуші: Күн жылынып самал жел есілуде,
Қыраттарда тай жарысып көсілуде
Келсеңіздер Бесбайдың ауылына
Нәрестенің тұсауы кесілуде.
Ведущий: Тұсау кесу-обряд, связанный с первыми шагами ребенка. Ножки малыша перевязывались полосатой веревкой. Обряд Тұсау кесу поручали человеку с красивой,твердой походкой,а также обладающему лучшими духовными качествами.
Ученики 5 классов представляют обряд «Тұсау кесу»
Жүргізуші: Ән салса, айтса таң қаларсың,
Ән сөзін тоқсан тоғыз қайталарсың.
Осындай ән туғызған қазағымды
Қалайша тар пейіл деп айта аларсың.
Кезекті жүректі тербеп, сезімді оятар әсем әнге береміз.
Ведущий: На сцене ученик 7 класса Наурызбек
Жүргізуші: Өңшең жайсаң мейман келіп қаладан,
Бұл өнерге тек тамсана қараған.
Жетібайдың ауылында дүрілдеп,
Қазір айтыс басталады аламан.
Ведущий: Айтыс акынов-популярный вид казахского устного народного творчества. В айтысах поднимаются острые и злободневные вопросы жизни народа.Люди получают духовное удовлетворение от слушания айтысов. Они оценивают выступления айтыскеров, выступают, в своем роде, в роли жюри.
А теперь учащиеся 7 классов покажут нам айтыс между девушкой и джигитом.
Жүргізуші: Салт-дәстүрмен жараса,
Қайта құрып жаңаша.
Жарыса өнер көрсетіп,
Ортамызды ашайық.
Мың бұралып би билеп
Інжу-маржан шашайық
Ведущий: Узбекский танец
Жүргізуші: Той думаннан арылмаған бауыры,
Әрқашанда шат-шадыман ауылы.
Ару қызын ұзатпақшы бүгінде,
Өңшең сері Сегізбайдың ауылы.
Ведущий: «Қыз ұзату» -проводы девушки. В этот день родители и грустят, и радуются. Радуются, что вырастили красивую, умную, достойную дочь,за которую не надо краснеть,грустят,потому что жаль расстоваться с дочерью, им кажется, что она еще ребенок.
Вашему вниманию обряд «Қыз ұзату»
Жүргізуші: Наурыз шаттық әніміз.
Би билеп жас кәріміз
Ән салайық бәріміз.
Кішкентай әншіміз Асығатова Арайдың ән шашуын тыңдайық.
Жүргізуші: Уа халайық, мұнда көңіл бөліңіздер,
Көргендерің көрімдігін беріңіздер.
Тоғызбайдың ауылына қонақ болып,
Жас келінді тамашалап көріңіздер.
Ведущий: «Келін түсіру» -приезд невесты в дом жениха. Для казахского народа заветная мечта, самая большая радость и большой той- «келін түсіру». Весь аул готовится к этому торжеству. Обряд «Келін түсіру»
Жүргізуші: Қазақтың халық биі «Қара жорғаны» тамашалайық
Ведущий: А у нас настал торжественный момент подведения итогов конкурса. Слово для поздравления предоставляется нашему жюри.
Ашық тәрбие сағаты
Ата салтым – асыл қазынам
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.
Жүргізуші:
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгініммен жалғадым.
Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын
Қазақ атты үлкен,кіші балдырған.
Жиналыппыз, сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де,
Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге.
Өнерлі халық – өміршең халық, қазақтың әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне бағытталған. «Ата салтым – асыл қазынам» атты тәрбие сағатын бастаймыз.
Музыкалық сәлем: «Қазақы дастарханым»
Оқушыларымыздың салт-дәстүрімізді қаншалықты білетіндігін анықтайық.
1 топ: Салт- әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі. Қазақтың бірнеше салттарын атап өтсек.
2 топ: Шілдехана(салт) Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық той.
3 топ: Кіндік кесер(салт) Нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер(Кіндік шешесі) дайын тұрады. Кіндік кесу- мәртебелі, абыройлы іс.
1 топ:Бесікке салу(салт) Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті, киелі, қуатты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.
2 топ:Қырқынан шығару(салт) Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.
3 топ:Тұсау кесер(салт) Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын салт.
1 топ:Ғұрып-қазақтың өмір салты, өрен салты тағы да басқа қолдану мен дәріптеу.
2 топ:Дәстүр – халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттер көрінісі. Қазақтың бірнеше дәстүрлерін атап өтсек.
3 топ:Тыштырма(дәстүр) Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп «тыштыма, тыштыма» деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды.
1 топ:Базарлық(дәстүр) Алыс сапарға шыққан адамдардың жақандарына (жерлес, көрші-қолаң, жас балаларға, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы.
2 топ:Байғазы(дәстүр) Балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сый.
3 топ:Тілашар(дәстүр) Баласы жеті жасқа толған балаға жаңа киім кигізіп, оқу жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны «Тілашар» тойы деп атайды.
1 топ:Жеті ата(дәстүр) Халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген. Олай болса жеті ата: Бала, Әке, Ата, Арғы ата,Баба, Түп ата, Тек ата.
2 топ:Асату(дәстүр) Ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал, табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.
Жүргізуші:
Шашу,шашу,шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл тәрбие сағатымызда
Керемет рәсім жасайық!
(Көрініс)
Аңсар: Сүйінші, сүйінші дүниеге сәби келді!
Әжелер: Ой, айналайын, балам, бұл қуанышты хабар ғой. Сүйінші сұрау – шың қуаныштың белгісі. Қазақ сүйіншіден нені аяған. Мінекей сүйіншіңді ала ғой.
Аңсар:Рахмет.
Жүргізуші: Балаға қандай ат қойсақ болады екен? Қане қазақтың ғұрыптарының бірі «Ат қою» рәсіміне кезек берейік.
Әжелер: Иә, ата-бабаларымыз балаға ізгі оймен, таза ниетпен есім беруде үлкен мән берген. Сондықтан «Ат қою» рәсімін үлкендердің жолын қусын деп, ауылымыздың ақсақалына жолдайық.
Ата:
Мен немеремнің атын Бақберген қоямын,
Бақбергенге өз барамды берейін.
Асан Қайғы бабадай саналы бол,
Ғаріпте әз Жәнібектей паналы бол.
Керейдей Дәстем салдай бағалы бол,
Атақты Келден бидей саналы бол.
Ер Дәурендей халқыңың батыры бол,
Махамбеттей жұртыңның ақыны бол.
Дау-жанжал болдырмасқа ат салысқан
Қараменде шешендей мақұлды бол.
Азан шақырылып, ат қойылады.
Балаға ат қою рәсімі жасалады.
Ән: «Шілдехана»
Жүргізуші: Бүгінгі кешіміз қызықты өтуі үшін келесі кезекті ойынға берейік. Мына қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржыннан кез-келген асықты аласыздар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз. Кім көп жауап береді екен?Олар құпия асықтар.
1-сұрақ
Он атаны таратып беріңіз?
(Әке, Бала, Немере, Шөбере, Шөпшек, Немене, Туажат, Жекжат, Жұрағат, Жамағат)
2-сұрақ
Үш алыс?
(Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын)
3- сұрақ
Үш биді атаңыз?
(Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
4-сұрақ
Үш жүзді атаңыз?
(Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)
5-сұрақ
Үш байлық?
(Денсаулық, Ақ жаулық, Он саулық)
6-сұрақ
Үш тәтті?
(Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті)
7-сұрақ
Төрт қонақ?
(Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, қылғыма қонақ)
8-сұрақ
Төрт қымбат не?
Алтын ұяң Отан қымбат,
Құт-береке атаң қымбат,
Мейірімді анаң қымбат,
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.
9-сұрақ
Бес дұшпан?
(Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек бекер мал шашпақ)
10- сұрақ
Бес асыл?
(Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
11- сұрақ
Бес байлық?
Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – еркіндік,
Үшінші байлық – тіл байлық.
Төртінші байлық – қайрат-күш, ақ жаулық,
Бесінші байлық – балаңыз.
12-сұрақ
Бес қаруға нелер жатады?
(Мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта)
13-сұрақ
Алты қиынды ата?
Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын,
Шанышқылаған сөз қиын,
Жазылмаған дерт қиын,
Іске аспаған серт қиын,
Ақылынан адасып,
Өзің түскен өрт қиын,
Не істеріңді біле алмай,
Ашыйды сонда бас миың.
Жүргізуші:
Ата дәстүр абырой көтергенге,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.
«Сөздің көркі – мақал» деген ұғым бар. Біздің ойынымыз қыза түскен тәрізді. Мақалдап сөйлесу жарысына да кезек берейік. Қанекей жарысқа кім шығады?
Екі оқушы ортаға шығады?
- Ассалаумағалейкум, қарсыласым. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді» деген, сәлем беруге келдім.
- Амансыңба, достым? «Қуыс үйден құр шықпа» деген, тізеңді бүгіп, дәм ауыс ти.
- «Сыйлап берген су, сатып алған баладан артық» дегендей, жайғассақ жайғасайық.
- «Сыйға сый, сыраға бал» демекші өткенде өздеріңізге риза болып қайттық қой.
- «Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер» демекші татулық пен ауызбірлікке не жетсін.
- «Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдылар» деген ғой, о не дегеніңіз.
- «Бірлік түбі-тірлік» деген ғой бабаларымыз, бірлік болсын.
- «Биік төбеге шықсаң көзің ашылады, жақсымен сөйлессен көңілің ашылады» дегендей, көңіліміз марқайып қалды ғой.
- «Әңгіме,әңгіме дегізер, әңгіме бұзау емізер» демекші, қой қайтатын, мал келетін уақыт болды.
- «Тау тауға қосылмас, адам адамға қосылар» деген әлі кездесерміз, сау бол!
Музыкалық сәлем: Ата–дәстүр әні.
Тәрбиеші: Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты- заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүрімізді көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Бүгінгі тәрбие сағатымызда өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып, саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші салтын сүйген әрбір жас ұрпаққа болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт- дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.
Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті оқушылар!
Тақырыбы: Ата
салтым, асыл қазынам
Мақсаты:
1) оқушыларға қазақ халқының салт –
дәстүрлері мен әдет – ғұрыптарының
тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына
адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін
үйрету;
2)
ата – анамен тығыз байланыс жасау арқылы ортақ тәрбиеге
жұмылдыру.
Көрнекілігі:
суреттер, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар,
ұлттық бұйым көрмелері.
Сабақтың барысы:
Ата
салтым – асыл мұрам, ардағым.
Бабалардың
жалғастырар арманын.
Сан
ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді
бүгінгімен жалғадым.
Қазағымның
салт – дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді
ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт
– дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ
атты үлкен, кіші, балдырған.
Жиналыппыз
сәтті күні бәріміз де,
Үлкен,
кіші, жасымыз, кәріміз де,
Төрлетііз
қадірменді қонақтар,
Гүл
– гүл жайнап мына біздің төрімізге.
Өнерлі
халық – өміршең халық, қазақтың
әдет – ғұрпына, салт – дәстүрлеріне
бағытталған « »
атты тәрбие сағатын бастаймыз.
Ән:
«Қазақтың салт — дәстүрлері»
Тәрбие
сағатымызды бастамас бұрын салт – дәстүрлер туралы
қысқаша мәлімет беріп кетсек:
Салт
– дәстүрлерінің ішіндегі бала тәрбиесіне байланысты
тәрбие дәстүріне тоқталсақ.
Тәрбие дәстүрі.
Салт – әр
ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс –
тіршілігіне, ұлттың құрылым ерекшеліктеріне
сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің
өзі туғызған ғұрыптар тұғырының
негізі. Қазақтың бірнеше салттарын атап өтсек.
1)
Шілдехана (салт).
Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын
ойын – сауық, той.
2) Кіндік
кесер (салт). Нәресте туған сәтте
оның кіндігін кесетін әйелдер (кіндік шешесі) дайын тұрады.
Кіндік кесу – мәртебелі, абыройлы іс.
3) Бесікке
салу (салт). Жаңа туған баланы бесікке
салу. Бесік қасиетті, киелі, құтты мүлік,
сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.
4) Қырқынан
шығару (салт). Баланың
туғанына қырық күн толған соң оны
ыдысқа қырық қасық су құйып,
шомылдырады. Ол сәбидің жан – жүйесінің
қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен
шыққан.
5) Тұсау
кесер (салт). Сәби қаз туғаннан кейін
тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.
Ғұрып.
Қазақтың өмір салты, өрен салты т.б.
қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз.
Қазақ
халқында қалыптасқан бірнеше ғұрыптар:
1)
Ат қою (ғұрып).
Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы
есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен шаш
орнына кекіл, тұлым да қойылады.
2) Айдар
(ғұрып). Балалардың
төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластырып
өсіріп қояды. Бұл ғұрып ер балаға жасалады.
Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.
3) Кекіл
(ғұрып). Жас балалардың
шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш
қалдырып, оның жиегін тегістеп қояды. Оны «кекіл» дейді.
Дәстүр
– халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып
және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық,
кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып,
мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани
іс-әрекеттер көрінісі. Қазақтың бірнеше
дәстүрлерін атап өтсек:
1)
Тыштырма (дәстүр).
Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратен
тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп «тыштыма,
тыштыма» деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды.
2) Базарлық
(дәстүр) – алыс сапарға
шыққан адамдардың жақындарына (жерлес,
көрші-көлем, жас балаларға, сыйлас адамдарына) әкелген
сыйлығы.
3) Байғазы
(дәстүр) – балалардың,
жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай
сый.
4) Тілашар
(дәстүр). Баласы 7 жасқа
толған соң балаға жаңа киім кигізіп, оқу
жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді, мұны
«тілашар» тойы деп атайды.
5) Жеті
ата (дәстүр). Халқымыз кейінгі
ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген. Олай болса жеті ата:
Бала, Әке, Ата, Арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата.
6) Асату
(дәстүр). Ет желініп болған
соң төрде отырған ақсақал табаққа
қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.
Шашу,
шашу, шашайық,
Ақ
сандықты ашайық.
Бұл
мереке, бұл тойда
Керемет
рәсім жасайық.
Бала:
сүйінші, сүйінші, дүниеге сәби келді.
Әжелер:
ой айналайын балам, бұл қуанышты хабар ғой. Сүйінші
сұрау – шын қуаныштың белгісі. Қазақ
сүйіншіден нені аяған. Мінеки сүйіншіңді ала ғой.
Балаға
қандай ат қойсақ екен? Қане, қазақтың
ғұрыптарының бірі, ат қою рәсіміне кезек берейік.
(Балаға ат қою рәсімі жасалады.)
Енді
дүниеге келген баланы бесікке салуға әжелеріміз де дайын
сияқты. Қызықты үзбей «Бесікке салу» рәсіміне
кезек берген дұрыс сияқты.
(«Бесікке салу» рәсімі жасалады.)
Халқымның
қолөнері аса көркем,
Таң
қалып қарап қалар оны көрген, — деп қазақ
халқының тұрмыс – тіршілігіне бір сәт саяхат жасап
қайтсақ қайтеді? Бүгінгі кеште
ұйымдастырылған қолөнер бұйымдарын қарашы, қандай
керемет! «Шеше көрген тон пішер, Әке көрген оқ жонар»
демекші, біздің сыныптың қыздары кесте тоқып,
тоқыма тоқып, көрпе құрап отырса, ұлдарымыз
қамшы
өрумен
қызу жұмыс үстінде. Бұның өзң
қазақтың тұрысының тамаша көрінісі емес
пе?!
Айтпақшы
кешегі біз атын қойған сәбиіміз бүгінде жүруге
талпынып жүрген тәрізді. Бүгін әжелеріміз сол
сәбидің тұсауын кеседі дейді. Жүр, қалып
қоймай соны тамашалайық.
(«Тұсау кесу» рәсімі жасалады)
Құрметті
оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың
мақсаты – заман өзгерсе де ұлттық салт –
дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып,
ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Бүгінгі
тәрбие сағатымызда өздеріңіз куә болған
дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып,
санларыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.
«Тоқсан
ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын
сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын
сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт –
дәстүрінің жанашыры болатынына сенімдіміз.
Еліміздің
жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда
оқушылар!!!