Сейдахметова Ляйля Каргабаевна
Маңғыстау обл Маңғыстау ауд Жармыш орта мектебі
«Ұстаздар-ұлы тұлғалар»
-
Сахна сыртынан Ұстаз туралы өлең оқылады
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!
2. Жүргізушілер шығады.
1- жүрг. Армысыздар, бармысыздар, Қош келдіңіздер, Құрметті де аяулы ұстаздар! Бүгінгі тәрбие сағатымызды бастамас бұрын оқушыларымыз 3 топқа бөлінген соларды ортаға шақырсақ.
-
Ұлы қызмет басында кім тұрады? Ұстаз олай болса «Ұстаз» тобы
-
Ұстаздың айнасы кім? « Шәкірт» тобы
-
Ұстаз бен шәкірттің бірлесе қызмет жасайтын орны
«Мектеп» тобы ортаға жайғасыңыздар
2-жүрг. Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!
1- жүрг.Сымбат, Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, өз ісінің шебері ұлағатты ұстаздар ортамызда Көшекенова Асыл апай, Табылова Назира апай, Орынбасарова Гүлжамал апай. Шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!
II жүргізуші: Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!
БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ән. Ұстаз ана
1-жүргіуші: Сен қалай ойлайсың, Сымбат? Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ардагерлеріміздің орны ерекше.
2-Жүргізуші: Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз, — деп Әл-Фараби атамыз айтқандай, өз істерінің маманы бола білген бүгінгі шарамыздың қонақтары — ардагер ұстаздармен таныс болайық.
І бөліміміз «Ұстаздың ұстаздық жолы» топтардың ұстаздар өмірінен дайындап келген слайдтарына кезек берейік.
Білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбектері және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде біраз жетістіктерге жеткен аяулы ардагер ұстаздарымызға қошемет көрсетіп қоялық.
1-Жүргізуші: Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Алдарыңызда «Ұстазым менің» әні хор
2-жүрг. Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін
Құттықтау сөз топтарға беріледі,
ІІ бөлім «Ұстазға арнау» әр топтың ұстаздарға арнаған өлең жолдарына береміз
1- жүрг. Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
2-жүрг. Атажан, келесі кезекті
ІІІ бөліміміз «Ұстазға көрсетілетін құрмет»деп аталады
1-жүргізуші: ооо бұл жақсы бөлім екен ,ал ендеше топ мүшелері бастасын.
1-Жүргізуші: Сымбат, Ұстазға қанша құрмет көрсетсекте көптік етпейді. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.
1 жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
2 жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.
ІҮ «Қонаққа сұрақ»
1 қонаққа сұрақ: Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?
2 қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
3 қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?
2-жүргізуші: Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда мектебіміздің мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз.
БИІ «Көңілді күн »
1- Жүргізуші: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.
Ү «Әзіл – қалжың отауы». ҰСТАЗДАР ӨМІРІНЕН.
2-жүргізуші: Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты ұстаз асыл анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан
1-жүрг. Ұстаз мектепте ұстаз болса, отбасында ол -аяулы ана. Ана туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаз-аналар!
Ана туралы ән.
1-Жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын
Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Сарқылса мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін.
Ән «Ұстазыма» орындайтын ……………………………………………………………
2- Жүргізуші: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.
Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,
Ұстаздың алып жүрген атын еркін
Біз сізге өлеңнен өріп ұсынамыз,
Жүректің алғысы мен рахметін.
1- Жүргізуші: Қадіріңді кезінде
Білмепті ғой ұланың.
Қазір әрбір сөзіңе,
Елеңдейді құлағым.
Бірдей етіп ұстадың.
Демей бізге бөтенсің.
Кейде акылын ұстаздың,
Сағынады екенсің.
Сол ұстазға жаны нұр,
Демек үлкен адаммын.
Есейсек де бәрі бір,
Баяғы шәкірт, балаңмын-деп қанша есейіп кетсек біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз.
1-Жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Осымен бүгінгі кездесуімез аяқталды , апайлар алдарыіыздағы смайлктерді пайдаланып бүгінгі кештегі көңіл күйлеріңізді білдірсеңіздер.
/Көңілді күй, сахнаға оқушылар шығады, олар ұстаздарға біркелкі бас иеді/
6
Мақсаты:
Мектеп тарихымен, зейнеткер ұстаздардың еңбектерімен таныстыра отырып, олар
туралы мол мағлұмат беру. Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету.
Ұстаз мамандығының қырымен сырларын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай
білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, шарлар, гүлдер, слайдтар, ардагер ұстаздардың
презентациясы, плакаттар, нақыл сөздер.
Барысы:
1 Жүргізуші. Армысыздар
құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі ұстаздар күні мерекесіне
арналған «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы» атты мерекелік ардагер — ұстаздармен кездесу кешіне қош келдіңіздер!
2 Жүргізуші : Армысыздар,
ақылмен түйсініп, жүрекпен сезінетін пайым — парасатымен, талғам — танымымен
танылатын асыл жандар!
Интелектуалдық әлеуеті мықты, эрудициясы жоғары, сөзі маржан, үні ән ұлағатты
ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңізге адалдық, отбастарыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз!
1
Жүргізуші : Ұстаз —барша мамандықтың көш
бастаушысы. Құйылады жыр-ағын, көптен дара
пырағым. Құтты болсын мерекең, заңғар тұлға мұғалім, — деген өлең шумақтары
бүгінгі қонақтарымыз ардагер ұстаздар
Тарбие Жаролқызына,Кенже Елубайқызына,Хабиба Ойлыбайқызына
арналады.
2
Жүргізуші: Ия,бұл ұстаздарымыз мектебімізде бірталай жылдар бойы қызмет жасай
отырып, шәкірттерін талай додалардың биік
шыңын бағындыра білді.
1 Жүргізуші : Мінекей,
осындай ұлы тұлға ардагер ұстаздармен
кездесу кешін ашық деп жариялаймыз!
1
оқушы :Армысыздар, ардақты ұстаздар! Баршамыздың сауатымызды ашып, білім
нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты жандар!
2 оқушы:
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.3 оқушы:
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
2 Жүргізуші: Ұлағатты ұстаздарымыздың
құрметіне Анарбекова Дарияның орындауындағы
«Той жыры»шығармасын
қабыл алыңыздар.
4
оқушы:Әл-Фараби:
«ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген
және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да, жат
адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен
жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деген. Байқайсыздар ма? Бұл
сөзден біз бүгінгі
қонаққа келіп отырған ұстаздарымыздың бейнесін көреміз.
5 оқушы:
Тарбие апай — мектепте орны бөлек,
Сүйеді шәкірттеріңіз сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Әрқашан аман болып жүрсін дер ек.6 оқушы:
Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты
сөзін биік ұстаған
Ардақты Хабиба апай анаң секілді
Тәрбиелейді
балапандай жасыңнан
7 оқушы:
Ұлылықтың мықтылығы ағашынан,
Қымыздың күштілігі сабасынан.
Біздердің здарынды деп аталғанымы,
Үйреткен, тәлім берген Кенже апайдан,
2-жүрг.
Ержан, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек
қайтеді?
1-жүргізуші: Ал ендеше баста.2-Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау,
өзгенің бақытын аялау»,1-Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»2-Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз
көрген хат таныр»1-Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»2-Жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы
жақсы»1-Жүргізуші: Әлия,
екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше,
қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған әндеріне
кезек берелік.
Ән
«Ұстазым менің» Орындайтын Айдын.
2
Жүргізуші:ал енді,құрметті
қонақтар,өздеріңізге әзірлеген балалардың сұрақтарына кезек берсек….
1 Ұстаздық
өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші
оқиға немес бір жағдай болды ма?
2 «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда
батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
3 Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз?
4. Есіңізде қалған ең қызықты сәтіңіз?
5. Алғашқы шәкірттеріңіз нешеде?
6. Шәкіртіңіздің күлкілі қылығы
есіңізде ме? Қандай қылығы болып еді?
7. Ұстаз болудың қиындығы мен
қызығы.
1-
Жүргізуші: Рахмет,ұстаздар.
2
Жүргізуші:Ұстаздар, ұлағатты зиялылар, сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Бүгінгі кеш сіздер үшін арналады, шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар.
Хор: Ұстазым/7а,7б/
8 оқушы:Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің
жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап
әзілге орын берсек.
1Жүргізуші: Ұстаздар
кім болуды армандайды?
2Жүргізуш: Сен
де қызық сұрақтар қояды екенсің. Ұстаздар кім болсам екен деп армандамайды..
1Жүргізуші: Неге?
Армансыз адам болмайды гой
2Жүргізуші :Сен
дұрыс түсінбедің . Менің айтайын дегенім басқа еді. Білгің келеді ма ?
1Жүргізуші: ммммммммм, әрине
2Жүргізуші: Ұстаздар
бастық болуды армандамайды .Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі,
қарамағында 25-30 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе?
1Жүргізуші:Ұстаздар
сот болуды да армандамайды. Ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да
бір өзі шешіп отырады. Ал, енді сот демей көріңдерші.
2Жүргізуші яяяяя, өте
дұрыс айтасың. Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім
құсап күнде жазуға отырмас. Ұстазды жазушы емес деп көріңізші.
1Жүргізуші: охо, бір адамның бойынан
қаншама мамандықты көріп тұрмыз. Онда біз аяулы ұстаздарымызды дарынды, шебер
деп айтсақ артық болмас. Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері,
көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске
де өзі қатысады.
2Жүргізуші:— Бір тыным жоқ. Кабинет
тазалығы да өз мойнында. Безендіруші де өзі. Ержан
, осы біз кейде кабинетте қағаз шашып, кезекшілікті атқармай кететінімізге
ұялып тұрғаным ай.
1Жүргізуші:
—-яяяя , біздің балалығымыз бен шалағымызды кешіре білген ұстаздарға қандай құрмет
көрсетсек те артық болмас. Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан
Момышұлы “Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.
Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін
де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты
тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
2
Жүргізуші: Ендеше келесі музыкалық сәлемімізді қабыл алыңыздар.
Алина
«Еркемай»
1
Жүргізуші— Ұрпақ болашағы, халқымыздың
келешегі қазіргі ұстаздардың қолында!
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын
мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен,
асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық,
әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін
түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе ?
2 Жүргізуші :яяя, сөзіңе қосыламын. Ұстаздар бізге не үйретпеді дейсің …
бәрін , бәрін !!!Ендеше,келесі сөз кезегін
ұлағатты ұстаздарымызға береміз.
Ұстаздар
сөзі
1
Жүргізуші: «Ұстаз» деген ардақты, киелі,
үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге
үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол
көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.Келесі тыңдайтын әндеріңіз «Ұстазым»
2
Жүргізуші:Құрметті Тарбие апай,Кенже
апай,Хабиба апай, Сіздердің ұзақ жылдар бойы үздіксіз еткен зор еңбектеріңіз-саналы
ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше,кейінгі жас буынға үлгі-өнеге болды.
1
Жүргізуші:Сондықтан сол талғаусыз
еңбектің жемісі ретіндегі бүгінгі зейнет демалыстарыңыздағы ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуаныштарыңыз молынан
болып,немере-шөберенің қызығына тоймай ақ жаулықты Ана бақытына бөленулеріңізді тілейміз! Жүздеріңіз күндей күлімдеп, жүректеріңіз жаздай жайнасын,
жанарыңыздан әрдайым нұр себелеп, жандарыңыз
шаттыққа кенелсін демекпіз.
Бәрі
сахнаға шығып хормен «Біз сіздерді жақсы көреміз!» деп аяқтайды.
1,2
Жүргізуші:Алтын уақыттарыңызды бөліп
келгендеріңізге рахмет!
1. Қымбатты: Ақылдың кенін арқалаған айбынды Ақжаулықты аналар.Шынайы да ізгі сезімдерді,білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ардагер ұстаздар сіздерге арнап «Ардагерлер – даналық пен даңқтың үлгісі»атты кездесу кешімізге хош келдіңіздер!
Ісім оңсын десеңіз
Сол істің маманы болыңыз
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз,-деп Әл-Фараби атамыз айтқандай,өз істерінің маманы бола білген бүгінгі кеш қонақтары осы мектептің ардагер ұстаздарымен таныстыра өтейін.
2.Қариялар халқымның кемеңгері,
Жапырағын жайқалтқан емендері.
Халықты ынтымаққа біріктіріп,
Бірлік болсын әрқашан дегендері – иә «Ақылды қария – ағып жатқан дария» дегендей,бала тәрбиесінде отбасындағы ата мен әженің өнегелі ақыл-кеңестерінің орны ерекше. Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен әженің өнегесімен,аталар ақылы мен беріліп,өзіндік ұлттық қасиетімізді қалыптастырады. Міне,,сіздер осыған әбден лайықты жансыңдар ардагер ұстаздарым.Сіздерге арнап қазақ биі ———————— 7 сынып қыздары қабыл алыңыздар.
3.Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған даналар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар –деп
Сіздерге арнап өлең жолдарын 3 сынып оқушылары жолдайды. Қабыл алыңыздар.
4.Ұстаз — ол ана,шәкіртін туған анасындай баурап,өмір өрнектерін,қиындықтармен қызықтарын сезіндіріп, баулудан жалықпайды. Айта берсек ұстазға тіл жетпеген?!
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!
Айтыңдаршы,адам барма өмірде,
Ұстаздарға қарыздар болып өтпеген –деп
Сіздерге арнап «Ұстазым »әнін орындайтын ——————————
Қабыл алыңыздар.
5. Ұстаздық –ұлы керемет себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.
Болашақтың басшысында,данасын да, ғылымын да, еңбекқор егіншісін де, кенішін де ұстаз өсіреді –деген екен ұлы Бауыржан Момышұы атамыз.Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ,сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз.-дей келе сіздерге арнап өлең жолдарын оқитын осы мектебіміздің маңдай алды 9 сыныпта оқитын қыздарымыз Жанар мен Дианаға кезек берейін Қабыл алыңыздар.
6. «Мектеп- білім тірегі, ұстар оның жүрегі» -деп ғұламалар айтқандай,кез келген адам ұстаз бола алмайды.Себебі, ұстаздық –өнер,тағылымы терең өнер.Шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. Олай болса,келесі сөз кезегін бүгінгі кеш қонақтарына берейін.Өз өмір жолдарыңызды,ұстаз болуының қыры мен сыры туралы оқушыларға шынайылықпен сыр бөліссеңіздер.
7.Егеменді ел болып қалыптастық,
Өркениетке қадамды анық бастық.
Туған жердің тұғыры биік бол деп,
Шын жүректен осы кешті сыйға тарттық
Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар
Балалардың есімі әулеттерге таралар
Ардагер ұстардар берсе екен деп
Бата сұрайды балалар.
8. Өзгерген не?
Адам ба? Әлде заман ба?
Ата –анаға деген парыз қалмаған ба,адамда
Ей ,адамдар
Құрметтеңдер үлкенді
Содан ешкім кем болған жоқ ғаламда! – деп кеш қонақтарына –кітапханашылар атынан сый-сияпат көрсетеміз.
Сонымен, ардагер ұстаздарға арналған «Ардагерлер- даналық пен даңқтың үлгісі» атты кездесу кешімізді аяқтаймыз.Барлық ардагерлерге алтын уақыттарыңызды бөліп,оқушыларға сыр бөлісіп сұхбаттасып әңгімелескендеріңізге мыңда бір алғыс оқырмандар атынан. Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат ұзақ ғұмыр несіп етсін Алла тағала және отбастарыңыз аман болсын-деп тарасып естелікке суретке түсеміз.
«Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!»
Мақсаты: Мектеп тарихымен, зейнеткер ұстаздардың еңбектерімен таныстыра отырып, олар туралы мол мағлұмат беру. Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Ұстаз мамандығының қырымен сырларын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, шарлар, гүлдер, слайдтар, ардагер ұстаздардың презентациясы, плакаттар, нақыл сөздер.
Барысы:
1 Жүргізуші. Армысыздар құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі ұстаздар күні мерекесіне арналған «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» атты мерекелік кешкі кездесу бағдарламасына кешіне қош келдіңіздер! Бағдарлама жүргізушісі мен Төлегенова Іңкәр және менің әріптесім Асылханов Қанат.
2 Жүргізуші : Армысыздар, ақылмен түйсініп, жүрекпен сезінетін пайым — парасатымен, талғам — танымымен танылатын асыл жандар!
Интелектуалдық әлеуеті мықты, эрудициясы жоғары, сөзі маржан, үні ән ұлағатты ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңізге адалдық, отбастарыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз!
1 Жүргізуші : Ұстаз -барша мамандықтың көш бастаушысы.
Құйылады жыр-ағын, көптендара пырағым.
Құтты болсын мерекең, заңғар тұлға мұғалім, — деген өлең шумақтары бүгінгі қонақтарымыз ардагер ұстаздарға арналады.
2 Жүргізуші: Ия,бұл ұстаздарымыз мектебімізде бірталай жылдар бойы қызмет жасай отырып, шәкірттерін талай додалардың биік шыңын бағындыра білді.
1 Жүргізуші : Мінекей, осындай ұлы тұлға ардагер ұстаздармен кездесу кешін ашық деп жариялаймыз!
2 Жүргізуші:Армысыздар, ардақты ұстаздар! Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты жандар!
1 Жүргізуші
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.
2 Жүргізуші
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
2 Жүргізуші: Ұлағатты ұстаздарымыздың құрметіне
қабыл алыңыздар.
1.Жүргізуші:Әл-Фараби: «ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деген. Байқайсыздар ма? Бұл сөзден біз бүгінгі қонаққа келіп отырған ұстаздарымыздың бейнесін көреміз.
2 Жүргізуші
Жәнібек ағай — мектепте орны бөлек,
Сүйеді шәкірттеріңіз сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Әрқашан аман болып жүрсең дер тек.
—Отаға мектебіміздің І-санатты ұлағатты ұстазы Жәнібек ағайды шақырамыз.
1 Жүргізуші:
-Жәнібек ағай бағдарламамызға қош келдіңіз.
(Жәнібек ағайға сұрақтар)
— Балалық шақтан есіңізде не бар?
— Туған жер сізге несімен ыстық?
— Жас кезіңізде қандай болдыңыз?
— Еңбек еткен жылдары есіңізде қалған қызық оқиға?
— Балаларыңыздың ішінде ерекшелейтініңіз бар ма?
— Бала кезіңізде қандай ойын түрлерін ойнадыңыз?
— Ұстаз мамандығын не себепті таңдадыңыз?
— Қазіргі жастар қандай?
— Мектепте қандай пәнді ұнаттыңыз?
— Алғашқы ұстазыңыз кім еді?
— Сіздің мінезіңіз қандай болды?
— Мектеп оқыған кезде балдармен төбелестіңіз бе?
— Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?
— Мамандықтың басқа түрін таңдар ме едіңіз?
Сұхбатыңызға рахмет. Қонақтарға арналған орынымызға жайғассаңыз болады.
2 Жүргізуші
Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты Шолпан апай анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан
—Отаға мектебіміздің ардагер ұстазы Шолпан апайды шақырамыз.
-Шолпан апай бағдарламамызға қош келдіңіз.
— Балалық шақтан есіңізде не бар?
— Туған жер сізге несімен ыстық?
— Жас кезіңізде қандай болдыңыз?
— Еңбек еткен жылдары есіңізде қалған қызық оқиға?
— Мектепте қалай оқыдыңыз?
— Бала кезіңізде қандай ойын түрлерін ойнадыңыз?
— Ұстаз болуды бала кезіңізден армандадыңыз ба?
— Ұстаз мамандығын не себепті таңдадыңыз?
— Ең алғашқы жұмыс күніңіз есіңізде ме? Несімен есте қалды?
— Мектепте қандай пәнді ұнаттыңыз?
— Алғашқы ұстазыңыз кім еді?
— Сіздің мінезіңіз қандай болды?
— Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?
— Сізге қайта мамандық таңдау реті түссе, қандай мамандықты таңдар едіңіз?
Шолпан апай сұхбатыңызға үлкен рахмет. Қонақтарға арналған орынымызға жайғассаңыз болады.
1 Жүргізуші
Ұлылықтың мықтылығы ағашынан,
Қымыздың күштілігі сабасынан.
Біздердің дарынды деп атағаны,
Үйреткен, тәлім берген Қарлығаш апай,
—Бағдарламамыздың келесі қонағы мектебіміздің ардагер ұстазы Қарлығаш апай.
-Қарлығаш апай қош келдіңіз.
— Балалық шақтан есіңізде не бар?
— Туған жер сізге несімен ыстық?
— Жас кезіңізде қандай болдыңыз?
— Еңбек еткен жылдары есіңізде қалған қызық оқиға?
— Мектепте қалай оқыдыңыз?
— Бала кезіңізде қандай ойын түрлерін ойнадыңыз?
— Ұстаз болуды бала кезіңізден армандадыңыз ба?
— Ұстаз мамандығын не себепті таңдадыңыз?
— Ең алғашқы жұмыс күніңіз есіңізде ме? Несімен есте қалды?
— Мектепте қандай пәнді ұнаттыңыз?
— Алғашқы ұстазыңыз кім еді?
— Сіздің мінезіңіз қандай болды?
— Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?
— Сізге қайта мамандық таңдау реті түссе, қандай мамандықты таңдар едіңіз?
Қарлығаш апай сұхбатыңызға үлкен рахмет. Қонақтарға арналған орынымызға жайғассаңыз болады.
2 Жүргізуші
Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты Қамажай апай анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан
-Мектебіміздің жоғары санатты ұстазы Қамажай апайды ортаға шақырамыз.
-Қамажай апай бағдарламамызға қош келдіңіз.
— ұстаздық жолды таңдауыңыздың себебі жөнінде әңгімелеп берсеңіз;
— мектеп бітірген кезінде қандай сезімде болдыңыз;
— алдыңызға қойған мақсатыңыз, түпкілікті мақсатыңыз қандай?;
— орындалмаған арманыңыз бар ма?
— ұстанымыңыз жөнінде әңгімелесеңіз;
— қиындық кездесті ме? Қиналған қажыған кезде демеу болған не?
— кезінде қазақ мектебінің саны азайып, өз тілін білмейтіндер саны көбейген сәттердің куәсі болдыңыз. Сол кезде сіз қандай күйде болдыңыз, өз тарапыңыздан не істедіңіз?
— өмірден нені түйдіңіз?
— қоғам, қазіргі заман, адам т.б туралы қандай ойдасыз. … көңіліңіз тола ма?
— Өнерге деген көзқарасыңыз қандай? Бір ән айтып немесе би билеп берсеңіз.
— Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
— Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты ма?
Қамажай апай сұхбатыңызға рахмет. Қонақтарға арналған орынымызға жайғассаңыз болады.
1 Жүргізуші
Кулшира апай — мектепте орны бөлек,
Сүйеді шәкірттеріңіз сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Әрқашан аман болып жүрсеңдер тек.
—Отаға мектебіміздің жоғары санатты ұлағатты ұстазы Кулшира апайды шақырамыз.
-Кулшира апай бағдарламамызға қош келдіңіз.
— ұстаздық жолды таңдауыңыздың себебі жөнінде әңгімелеп берсеңіз;
— мектеп бітірген кезінде қандай сезімде болдыңыз;
— алдыңызға қойған мақсатыңыз, түпкілікті мақсатыңыз қандай?;
— орындалмаған арманыңыз бар ма?
— ұстанымыңыз жөнінде әңгімелесеңіз;
— қиындық кездесті ме? Қиналған қажыған кезде демеу болған не?
— кезінде қазақ мектебінің саны азайып, өз тілін білмейтіндер саны көбейген сәттердің куәсі болдыңыз. Сол кезде сіз қандай күйде болдыңыз, өз тарапыңыздан не істедіңіз?
— өмірден нені түйдіңіз?
— қоғам, қазіргі заман, адам т.б туралы қандай ойдасыз. … көңіліңіз тола ма?
— Өнерге деген көзқарасыңыз қандай? Бір ән айтып немесе би билеп берсеңіз.
— Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
— Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты ма?
Кулшира апай сұхбатыңызға рахмет. Қонақтарға арналған орынымызға жайғассаңыз болады.
2-Жүргізуші: Сіздердің сұхбатыңызды тыңдау кезінде бізді таң қалдырған жағдай – сіздердің өздеріңізге сенімділіктеріңіз. Сіздердің қиындықтан мойымайтын осынша қайраттылығыңызға, қажырлығыңызға қайран қаламын, қызығамын. Үлкен сеніммен атқарған, атқарар істеріңізге сәттілік болсын демекпіз.
2-жүрг. Іңкәр, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?
1-жүргізуші: Ал ендеше баста.
2-Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,
1-Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»
2-Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»
1-Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»
2-Жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»
1-Жүргізуші: Қанат, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған әндеріне кезек берелік.
Ән «……………………………» Орындайтын
2 Жүргізуші:ал енді,құрметті қонақтар, оқушылардың сұрақтарына кезек берсек….
1 Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?
2 «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
3 Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз?
4. Есіңізде қалған ең қызықты сәтіңіз?
5. Алғашқы шәкірттеріңіз нешеде?
6. Шәкіртіңіздің күлкілі қылығы есіңізде ме? Қандай қылығы болып еді?
7. Ұстаз болудың қиындығы мен қызығы.
1- Жүргізуші: Рахмет,ұстаздар.
2 Жүргізуші:Ұстаздар, ұлағатты зиялылар, сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Бүгінгі кеш сіздер үшін арналады, шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар.
1- Жүргізуші: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше ұстаздарымызбен ойын ойнасақ.
Ұстаздар шардың ішіне бір қағазға сұрақ жазылады, сол шарды жарып ішінен сұрақты алып жауап берулеріңіз керек.
1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/
2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/
3. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/
4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/
5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/
6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/
2 Жүргізуш: Ұстаздар үлкен рахмет. Орындарыңызға жайғассаңыздар болады.
1Жүргізуші: Қанат, Ұстаздар кім болуды армандайды?
2Жүргізуш: Сен де қызық сұрақтар қояды екенсің. Ұстаздар кім болсам екен деп армандамайды..
1Жүргізуші: Неге? Армансыз адам болмайды гой
2Жүргізуші :Сен дұрыс түсінбедің . Менің айтайын дегенім басқа еді. Білгің келеді ма ?
1Жүргізуші: ммммммммм, әрине
2Жүргізуші: Ұстаздар бастық болуды армандамайды .Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қарамағында 25-30 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе?
1Жүргізуші:Ұстаздар сот болуды да армандамайды. Ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады. Ал, енді сот демей көріңдерші.
2Жүргізуші яяяяя, өте дұрыс айтасың. Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас. Ұстазды жазушы емес деп көріңізші.
1Жүргізуші: охо, бір адамның бойынан қаншама мамандықты көріп тұрмыз. Онда біз аяулы ұстаздарымызды дарынды, шебер деп айтсақ артық болмас. Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.
2Жүргізуші:— Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Безендіруші де өзі. Іңкәр, осы біз кейде кабинетте қағаз шашып, кезекшілікті атқармай кететінімізге ұялып тұрғаным ай.
1Жүргізуші: —-яяяя , біздің балалығымыз бен шалағымызды кешіре білген ұстаздарға қандай құрмет көрсетсек те артық болмас. Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
2 Жүргізуші: Ендеше келесі музыкалық сәлемімізді қабыл алыңыздар.
1 Жүргізуші— Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында!
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?
2 Жүргізуші :яяя, сөзіңе қосыламын. Ұстаздар бізге не үйретпеді дейсің … бәрін, бәрін !!!Ендеше,келесі сөз кезегін ұлағатты ұстаздарымызға береміз.
Ұстаздар сөзі
1 Жүргізуші: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.
Келесі тыңдайтын әндеріңіз «Ұстазым»
2 Жүргізуші:Құрметті Жәнібек ағай, Қарлығаш апай, Шолпан апай, Қамажай апай, Кулшира апай, сіздердің ұзақ жылдар бойы үздіксіз еткен зор еңбектеріңіз-саналы ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше,кейінгі жас буынға үлгі-өнеге болды.
1 Жүргізуші:Сондықтан сол талғаусыз еңбектің жемісі ретіндегі бүгінгі зейнет демалыстарыңыздағы ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуаныштарыңыз молынан болып,немере-шөберенің қызығына тоймай ақ жаулықты Ана бақытына бөленулеріңізді тілейміз! Жүздеріңіз күндей күлімдеп, жүректеріңіз жаздай жайнасын, жанарыңыздан әрдайым нұр себелеп, жандарыңыз шаттыққа кенелсін демекпіз.
Бірге «Біз сіздерді жақсы көреміз!»
1,2 Жүргізуші:Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!
Сәтбаев қаласы әкімдігінің «№16 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 26 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші
Өткізген: Сафинова Загипа Базылбекқызы, мектеп кітапханашылары
Өткен күні: 11.02. 2015 жыл
Өткен орны: мектеп кітапханасы
Мақсаты:
оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу;
өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі:
Слайд. Кітап сөресі
Шақырылған қонақтар: Ауған соғыс ардагерлері:
- Утемисов Хайрулла
- Амралинов Қайрат
- Мухаметгалиев Хайдар
Кездесу кештің барысы
Саруар Мадияр:
— Қайырлы күн құрметті де қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 26 жыл толуына арналған «Ауғанның от — жалыны» атты жауынгер интернационалистермен кездесу кешін
Бірге: ашық деп жариялаймыз!
Зейнурова Ботагөз:
— 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс– зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі –Ауған соғысы.
Мадияр: 1989 жыл 15 ақпан – Кеңес әскерінің ақырғы легі Ауған елінен біржолата әкетілді. Өткеніміз өз елесінде қалу жолында әр жылдың
15 ақпан күні — Ауған соғысына қатысқандарды еске алу күні болып есептеледі. Бүгінгі күні арамызда осынау алапат ойранға қатысып келген жерлестеріміз де аз емес. Олай болса бүгінгі кездесу сағатымыздың құрметті қонақтары — жауынгер – интернационалистерге қошемет көрсетейік. Олар:
(Қонақтармен таныстыру)
- Утемисов Хайрулла
- Амралинов Қайрат
- Мухаметгалиев Хайдар
Ботагөз: Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы
Боздақтарға басымды иіп бір минут,
Есіме алам сол бір апат қайғыны
Ауған соғысында мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген ағаларымызға басымызды иіп тағзым етейік!
Мадияр: Арманына жете алмаған ұлын ойлап
Ананың құрғамаған көзі жастан-
демекші өмірінде естіп білмеген жерде ұлының қазаға ұшырағаны көптеген аналарымыздың көз жасының себепкері болды.
Әрине уақыт өте, бейбіт өмірдің шуағы жарқыраған шақта, сол қаза болған асыл азаматтар халқының мәңгі есінде сақталып, бүгінде оларға ескерткіштер орнатылып, көше аттары беріліп, құрметке ие болуда.
Ботагөз: Әрбір сарбаз елімнің боп тірегі ,
Халқым аман болсыншы деп тіледі.
Егеменді ел болып етек жаптық,
Төбемізден көк байрақ желбіреді.
Мадияр: Құрметті жауынгер интернационалистер, Сіздердің құрметтеріңізге мектебіміздің 7 сынып оқушысы Қайырбек Аяулымның орындауында «Қазақстан, алға!» әнін қабыл алыңыздар
Ән
Ботагөз: Былтыр Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл толуына Амангельды Жантасовтың « Қара – майор отряды» атты кітабы жарық көрді. Сол кітаптың мазмұны жөнінде видео бейнеге назар аударайық.
Видео Слайд көрсетілімі
Мадияр: — 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.
Ботагөз: — Азаматтық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген. Өткен әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған адам шығынын әкеліп, қаншама мемлекетті күйретумен тарихта таңба болып қалды.
Мадияр: — 10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңырауға шым батырған Ауғаныстандағы сұрапыл соғыс 10 жылға созылды.
Жау дейміз — ау, қолдан жасап жауынды, саясаттың солақайы уландырған тамырды, бауырына бауыздап балдай ішкен Кеңестің ол сұрапылды, дауылды заманы еді..
агитбригада
Ботагөз:
Өтер жылдар, артып тағы алыстап,
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың,
Ауғандағы азап шеккен арыстар — деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамады, ерлік өлмеді, замандарға жалғаса берді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері.
Мадияр:
«Ерлік — жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау – біз үшін бір ғанибет. Құрметті ағалар, сол бір сұрапыл соғыстың естеліктерін ортаға салып үзінді айтып берсеңіздер.
(Әңгіме сұхбат жүргізіледі)
- Соғысқа шақырту алғанда қай жерде әскери борышыңызды өтеп жүр едіңіз?
- Соғыс кезіндегі қиындықтарды айтып берсеңіз?
- Ауған соғысына аттанар алдында соғыстың мақсат — мүддесі түсіндірілді ме?
- Кеңес әскері Ауғанстан жерінен шығарылатынын естігенде қандай сезімде болдыңыздар?
- Бүгінгі таңда елімізде 10000 — ға жуық Ауған соғысының ардагерлері бар екен. Сіздер бір — біріңізбен майдандас ретінде хабарласып тұрасыздар ма?
- Кейінгі ұрпаққа айтар тілектеріңіз?
Ботагөз:
Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 26 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге Сәтбаев қаласының абыройын асқақтатуға атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп — құрметтеу – біздің борышымыз дей отырып, келген қонақтарға алғысымызды айтамыз. (Сыйлықтар беру)
Мадияр:
Отан алдындағы борышты адал атқарып, өзге мемлекеттің аумағына тәуекелге бел буып барып келген сол кездегі жалынды жастар, қазіргі таңда жігіт ағасы болған сіздер қандай құрметке болса да лайықсыздар. Сіздердің Отан алдындағы жауапкершіліктеріңіз кейінгі ұрпаққа үлгі болсын.
Ботагөз: Енді ондай соғыс ешқашан болмасын. Тәуелсіз елімізде мәңгі тыныштық орнасын! Еліміздің көк туы биікке желбіресін!
Мадияр:
Құрметті қонақтар, әрбір минуты қымбат мына заманда алтын уақыттарыңызды қиып, шақырғанымызға келгендеріңізге көп — көп рақмет! Оның өзі сіздердің антқа берік, жауапкершілігі жоғары адам екендіктеріңіздің дәлелі. Бұл кездесу оқушылар үшін үлкен тәрбиелік мәні зор мағыналы іс — шара болды деп есептейміз. Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен дидарласайық! Келесі кездескенше
Бірге : Қош сау болыңыздар!
Естелік суретке түсу
(Қонақтарды құрметпен шығарып салу)
Мақсаты: Мектеп тарихымен, зейнеткер ұстаздардың еңбектерімен таныстыра отырып, олар туралы мол мағлұмат беру. Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Ұстаз мамандығының қырымен сырларын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, шарлар, гүлдер, слайдтар, ардагер ұстаздардың презентациясы, плакаттар, нақыл сөздер.
Барысы:
1 Жүргізуші. Армысыздар құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі ұстаздар күні мерекесіне арналған «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы» атты мерекелік ардагер — ұстаздармен кездесу кешіне қош келдіңіздер!
2 Жүргізуші : Армысыздар, ақылмен түйсініп, жүрекпен сезінетін пайым — парасатымен, талғам — танымымен танылатын асыл жандар!
Интелектуалдық әлеуеті мықты, эрудициясы жоғары, сөзі маржан, үні ән ұлағатты ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңізге адалдық, отбастарыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз!
1 Жүргізуші : Ұстаз -барша мамандықтың көш бастаушысы. Құйылады жыр-ағын, көптен дара пырағым. Құтты болсын мерекең, заңғар тұлға мұғалім, — деген өлең шумақтары бүгінгі қонақтарымыз ардагер ұстаздар Тарбие Жаролқызына,Кенже Елубайқызына,Хабиба Ойлыбайқызына арналады.
2 Жүргізуші: Ия,бұл ұстаздарымыз мектебімізде бірталай жылдар бойы қызмет жасай отырып, шәкірттерін талай додалардың биік шыңын бағындыра білді.
1 Жүргізуші : Мінекей, осындай ұлы тұлға ардагер ұстаздармен кездесу кешін ашық деп жариялаймыз!
1 оқушы :Армысыздар, ардақты ұстаздар! Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты жандар!
2 оқушы:
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.
3 оқушы:
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
2 Жүргізуші: Ұлағатты ұстаздарымыздың құрметіне Анарбекова Дарияның орындауындағы «Той жыры»шығармасын қабыл алыңыздар.
4 оқушы:Әл-Фараби: «ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деген. Байқайсыздар ма? Бұл сөзден біз бүгінгі қонаққа келіп отырған ұстаздарымыздың бейнесін көреміз.
5 оқушы:
Тарбие апай — мектепте орны бөлек,
Сүйеді шәкірттеріңіз сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Әрқашан аман болып жүрсін дер ек.
6 оқушы:
Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты Хабиба апай анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан
7 оқушы:
Ұлылықтың мықтылығы ағашынан,
Қымыздың күштілігі сабасынан.
Біздердің здарынды деп аталғанымы,
Үйреткен, тәлім берген Кенже апайдан,
2-жүрг. Ержан, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?
1-жүргізуші: Ал ендеше баста.
2-Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,
1-Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»
2-Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»
1-Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»
2-Жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»
1-Жүргізуші: Әлия, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған әндеріне кезек берелік.
Ән «Ұстазым менің» Орындайтын Айдын.
2 Жүргізуші:ал енді,құрметті қонақтар,өздеріңізге әзірлеген балалардың сұрақтарына кезек берсек….
1 Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?
2 «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
3 Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз?
4. Есіңізде қалған ең қызықты сәтіңіз?
5. Алғашқы шәкірттеріңіз нешеде?
6. Шәкіртіңіздің күлкілі қылығы есіңізде ме? Қандай қылығы болып еді?
7. Ұстаз болудың қиындығы мен қызығы.
1- Жүргізуші: Рахмет,ұстаздар.
2 Жүргізуші:Ұстаздар, ұлағатты зиялылар, сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Бүгінгі кеш сіздер үшін арналады, шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар.
Хор: Ұстазым/7а,7б/
8 оқушы:Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.
1Жүргізуші: Ұстаздар кім болуды армандайды?
2Жүргізуш: Сен де қызық сұрақтар қояды екенсің. Ұстаздар кім болсам екен деп армандамайды..
1Жүргізуші: Неге? Армансыз адам болмайды гой
2Жүргізуші :Сен дұрыс түсінбедің . Менің айтайын дегенім басқа еді. Білгің келеді ма ?
1Жүргізуші: ммммммммм, әрине
2Жүргізуші: Ұстаздар бастық болуды армандамайды .Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қарамағында 25-30 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе?
1Жүргізуші:Ұстаздар сот болуды да армандамайды. Ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады. Ал, енді сот демей көріңдерші.
2Жүргізуші яяяяя, өте дұрыс айтасың. Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас. Ұстазды жазушы емес деп көріңізші.
1Жүргізуші: охо, бір адамның бойынан қаншама мамандықты көріп тұрмыз. Онда біз аяулы ұстаздарымызды дарынды, шебер деп айтсақ артық болмас. Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.
2Жүргізуші:— Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Безендіруші де өзі. Ержан , осы біз кейде кабинетте қағаз шашып, кезекшілікті атқармай кететінімізге ұялып тұрғаным ай.
1Жүргізуші: —-яяяя , біздің балалығымыз бен шалағымызды кешіре білген ұстаздарға қандай құрмет көрсетсек те артық болмас. Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
2 Жүргізуші: Ендеше келесі музыкалық сәлемімізді қабыл алыңыздар.
Алина «Еркемай»
1 Жүргізуші- Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында!
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе ?
2 Жүргізуші :яяя, сөзіңе қосыламын. Ұстаздар бізге не үйретпеді дейсің … бәрін , бәрін !!!Ендеше,келесі сөз кезегін ұлағатты ұстаздарымызға береміз.
Ұстаздар сөзі
1 Жүргізуші: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.Келесі тыңдайтын әндеріңіз «Ұстазым»
2 Жүргізуші:Құрметті Тарбие апай,Кенже апай,Хабиба апай, Сіздердің ұзақ жылдар бойы үздіксіз еткен зор еңбектеріңіз-саналы ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше,кейінгі жас буынға үлгі-өнеге болды.
1 Жүргізуші:Сондықтан сол талғаусыз еңбектің жемісі ретіндегі бүгінгі зейнет демалыстарыңыздағы ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуаныштарыңыз молынан болып,немере-шөберенің қызығына тоймай ақ жаулықты Ана бақытына бөленулеріңізді тілейміз! Жүздеріңіз күндей күлімдеп, жүректеріңіз жаздай жайнасын, жанарыңыздан әрдайым нұр себелеп, жандарыңыз шаттыққа кенелсін демекпіз.
Бәрі сахнаға шығып хормен «Біз сіздерді жақсы көреміз!» деп аяқтайды.
1,2 Жүргізуші:Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!
5
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
«Прогресс» политехникалық колледжі
«Ұстаздарұлы тұлғалар»
/ардагер ұстаздармен кездесу/
Дайындаған: ТІЖО
Маралбекова Шырайлы Арыновна
Өтеген батыр кенті, 2018 «Ұстаздарұлы тұлғалар»
/ардагер ұстаздармен кездесу/
(сахана сыртында диктор оқиды, фонда ақырын әуен орындалып тұрады)
Шәкірттерін оқытудан жалықпаған
Дәріс алды ұстазынан қаншама адам
Қыран құстай биік самғап,
Ұстаздарын шәкірттері ұмытпаған.
Сіздердің назарларыңызға «Түнгі студия» бағдарламасының нышанымен
дайындалған ісшарамызды ұсынамыз! Қабыл алыңыздар!
Мағжан:
Қайырлы күн, құрметті көрермендер! «Прогресс» политехникалық колледжінің
студиясында «Прогресс» студиясы» жобасына қош келдіңіздер! Менің
әріптестерім: әр түрлі ойындар ғылымының докторы Әмір мен әуенмен
сүйемелдеуші Нұржан мен Рамазан
— Шоуымызды не істейміз? (көрермендерден сұрайды, көңілді)
— Бастаймыз! (көрермендер жауабы)
Мағжан:
— Тамаша, онда тағы да қайырлы күн! Ал, Әмір бүгін қандай жаңалық?
Әмір:
— Бүгін керемет күн болып тұр. Қазан айының алғашқы мерекелері қарттар
және ұстаздар мерекесі тоғысқан күні. Шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгінгі мереке біздің аяулы ұстаздарымыздың, ұлағатты мұғалімдеріміздің ,
ардақты оқытушыларымыздың күні!
Мағжан:
—
Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі екен. Олай болса бүгінгі мереке
ұстаздарға арналмақ. Ұстаз ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай
жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен
озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын! Әмір:
— Сен қалай ойлайсың, Мағжан? Менің ойымша, кезкелген адам мұғалім,
ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер, тағылымы терең өнер. Ал
өнерлі болу кезкелген адамның бойында бола бермейді. Олай болса, шын
ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке
ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
Мағжан:
— Әмір, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.
— Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
— Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
— Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
— Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын жырлағандай, біздің колледжімізде сөзі маржан, үні ән
ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк.
Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз
шеберлік емес пе?! Олай болса, «Қызмет қылсаң халқыңа, игі ат қалар
артында» деп қазақтың кемеңгер ақыны Сәбит Дөнентаев айтқандай бүгінгі
студиямыздың құрметті қонақтары Курманбаева Шакура Мамадилқызын
және Абиева Ұлдан Абиевнаны, сонымен қатар осы колледжіміздің ардагер
ұстазы Жоламанова Сара Өтесінқызын қол соға, қошеметпен
студиямыздың төріне шақырамыз!
(қол шапалақтап, құрмет көрсету)
Мағжан:
— Шакура апай, Ұлдан апай, Сара апай қалдарыңыз қалай? Сіздер шәкірттердің
шуақ шашқан күніндей ардақты жан, мұғалім атты қиындығы мен қызығы
қатар жүретін мамандықты таңдағаннан бастап, сан мыңдаған жас ұрпақтың
болашақ пен жалғастырар алтын көпіріне айналған ардагер ұстаздарсыздар. — Шакура апай, айтыңызшы, ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек
қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немесе бір
жағдай болды ма?
(Шакура апайдың жауабы)
Ал, алғашқы ұстазыңыз есіңізде ме?
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
— Сара апай, менің ғана емес, мына көрермендердің де көкейінде тұрған сұрақ
шығар: ұстаз мамандығын не себепті таңдадыңыз? (Сара апайдың жауабы)
Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты ма?
— Ал, енді Ұлдан апай сізге сұрақ: еңбек еткен жылдары есіңізде қалған қызық
оқиғалар болса. (Ұлдан апайдың жауабы)
Балаларыңыздың ішінде ерекшелейтініңіз болды ма?
Қазіргі жастар қандай?
Мағжан:
Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше
ұстаздарымызбен ойын ойнасақ. (Көрермендер қол шапалақтап, қолдайды) Қазір
әр түрлі ойындар ғылымының докторы Әмір сіздермен бір ойын
ұйымдастырмақшы.
Әмір:
Сіздерге шар беремін, шардың ішінде қағазға жазылған сұрақ бар, сол шарды
жарып ішінен сұрақты алып жауап берулеріңіз керек.
Ал, кәнекей, таңдаңыздар. (қонақтарға шарлар ұсынады)
1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/
2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз, төрт/
3. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/
4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/ 5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/
6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/
7. Қай кезде қызылға тоқтамай, жасылға тоқтайсыз? /Қарбыз жегенде/
Әмір:
Келесі бөлім «Еркін микрафон» деп аталады. Құрметті достар, қонақтарымызға
сұрақтар қойсаңыздар болады. Қане, кімде сұрақ бар?
1. «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда
батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
2. Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз?
3. Алғашқы шәкірттеріңіз нешеде?
4. Шәкіртіңіздің күлкілі қылығы есіңізде ме? Қандай қылығы болып еді?
5. Ұстаз болудың қиындығы мен қызығы.
6. Өнерге деген көзқарасыңыз қандай? Бір ән айтып немесе би билеп берсеңіз.
Мағжан:
Құрметті қонақтар, сіздердің құрметтеріңізге біздің студенттердің кішігірім
дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар.
Өнерлі студенттерімізді студияға шақырамыз!
Шахзада:
1. Ғасыры жас, заманы асқақ өрендер,
Әр сат сайын жаңалыққа елеңдер.
Әже көрсең, немере бар жанында,
Кешегі ұстаз осы, ізетпен сәлем бер.
Арман жолмен болашаққа қадам бас,
Сонда қоғам саған да мін таға алмас.
Кешегі ұстаз салиқалы қарт көрсең,
Бұрыла кет, ілтипатпен амандас.
Болашаққа артып барлық сенімін,
Олар текке өткерген жоқ өмірін.
Мектебімен бірге жылдар жасасып,
Құрметін көрген талай елінің.
Жандар емес босқа уақыт өткерген,
Бар өмірі бала, шәкірт деп келген.
Олар кеше жасай алған ұлылық,
Білім беріп қара тақта, ақ бормен.
Олар да асқақ білім жолын ән қылған, Тәлім алған талайталай балдырған.
Жандар олар мағыналы өмірін
Мектебінде шежіре етіп қалдырған.
Бірге жасап өміржолда мектеппен,
Өткен талай сынақтардан, өтпектен.
Бүгін, міне, шәкірттері олардың
Өздері ата, өздері әже боп кеткен.
Болашаққа өткеніңмен қадам бас,
Көрінсе де өз заманың саған жас.
Кешегі ұстаз осы, ізетпен сәлем бер,
Кешегі ұстаз осы, ұрпақ, амандас.
Дидар:
2. Мұғалімұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың
Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл , ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға
Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.
3. Қазына:
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып. Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!
Мағжан:
Ал енді студиямызға «Жайдарман» клубын шақырамыз. Қарсы алайық!
КВН әзілдері:
1. Мұғалима Асанның әкесіне шағым айтады: Кеше сабақта сіздің ұлыңыз
партаға шыбынның суретін салып қойыпты. Мен оны шын екен деп
қолымды ұрып алдым. Сіз оны айтасыз, – дейді әкесі. Бірде ол ваннаға
крокодилдің суретін салыпты. Зәрем ұшқаны сондай, тұра қашамын деп
қабырғадағы есіктің суретіне соғылдым.
Бір студент жігіт көшеде келе жатып, басы айналып құлап қалады. Қасына
бір келіншек келіп, айналасындағыларға: Су әкеліңдер, су әкеліңдер,
дейді. Сонда ақырын есін жинай бастаған студент әлгі келіншекке:
«Аналарға сумен қоса нанға май жағып ала келіңдер» деп айта салыңызшы,
дейді сыбырлап
2.
3. Студент емтихан тапсыруға келіп тұр. Оқытушы: Билет алыңыз. Ағай,
4.
менде «проездной» ғой
Мұғалім оқушысын тақтаға шақырады да: Мен Шығайбайға бір алма
беремін де, оны төрт балаға бөліп беруін сұраймын. Сонда әр балаға қандай
бөлік тиеді? Ешқандай. Отыр, екі. Математиканы білмейсің. Ал сіз
Шығайбайды білмейді екенсіз
5. Студенттік емтихан тапсыру кезі. Профессор: Сіздің атыжөніңіз?
Бектұров (студент жымиып күледі). Неменеге жетісіп, мәз болып тұрсың?
Бірінші сұрағыңызға дұрыс жауап берген сияқтымын.
6. Балам, оқу жылы басталып кетті, күніге ойнағанша, бір уақыт сабағыңа
қарасаңшы! Қаңғисың да жүресің!
Ой, әке! Қайтейін енді, қай кітаптің алғашқы бетін ашып қалсам, «Кіріспе»
деп тұрады, сосын кіріспей жүрмін!
7. Тәулдік жалғауы
Оқушылар! Бүгін біз Сіздермен /Тәуелдік жалғауын/ өтеміз. Ал, қарапайым
мысал:
Менің қарындашым; Сенің қарындашың,
Сіздің қарындашыңыз; Оның қарындашы. Ал, Арман, менің айтқан мысалыма
сәйкес мысал келтірші.
Ііі… Қысқасы, жалғыз қарындаш бәрінікі 
Оқу орннына түсу үшін тест тапсыру аяқталды.Төртінші пәні география
болған оқушы Құдайға жалбарынып тұр:
О,Құдай Мәскеуді Қытайдың астанасы қыла гөр.
9. Түк болмайды
Егер мен алтын сақинамды қышқылға салсам, не болады?
Түк болмайды.
Оны қайдан білесің?
Егер бірдеме болатын болса, сіз сақинаңызды қышқылға салмас едіңіз.
Мағжан:
Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,
Ұстаздың алып жүрген атын еркін
Біз сізгдерге өнермен ұсынамыз,
Жүректің алғысы мен рақметін.
«Бала махаббат» әнімен ортада 1курс студенті Жалгасбаев Диербекті қарсы
алыңыздар!
Мағжан:
Шәкіртеріңізді білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие, жақсы қасиеттерді
бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт бағдар беруде еңбектеріңіз зор.
Олай болса, құрметті ардагер – ұстаздар дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға
бақыт, мерейлеріңіз үстем болып, ұзақ ғұмыр кешіңіздер демекпіз! (қонақтарға
гүл шоғыры мен сыйлық табысталады) Қанекей достар, барша ұстаздарға арнап бәріміз білетін «Ұстазым» әнін шырқап
жіберсек! («Ұстазым» әнін барлығы орындайды)
Қазақта керемет мақал бар ғой «Батамен ел көгерер» деген. Енді мына бізге,
жастарға бата берсеңіздер! (Ардагерлерден бата алу)
Құрметті көрермендер осымен бүгінгі «Прогресс» студиясы» кездесу кеші
аяқталды. Тамашалағандарыңызға көп рақмет!
Ұстазым
Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.
Есімде әліппені жаттатқызып,
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.
Қайырмасы:
Ұстазым, менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қысжазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым, менің ұстазым!
Зердемді сен ашпасаң не етер едім?
Өмірден сыбағасыз өтер едім. Ғажайып дүниенің сырын жайып,
Қияға қызықтырып жетеледің.
Қайырмасы:
Ұстазым, менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қысжазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым, менің ұстазым!
Өзіңнен өмірге азық ала бердім,
Ұшырып мені алысқа қала бердің.
Бойымда отың кетті ұшқын атқан,
Келеді жана бергім, жана бергім!
«Ұстаздар-ұлы тұлғалар» /ардагер ұстаздармен кездесу/
Материал жайлы қысқаша түсінік:
Қазан айының алғашқы мерекелері қарттар және ұстаздар мерекесі тоғысқан күні ардагер-ұстаздармен кездесу кешіне «Түнгі студия» бағдарламасының нышанымен дайындалған іс-шара.
Төмендегі Тәрбие сағаты толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

«Ұстаздар-ұлы тұлғалар» /ардагер ұстаздармен кездесу/
Маралбекова Шырайлы Арыновна
Алматы облысы, Іле ауданы, «Прогресс» политехникалық колледжі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
04.10.2018
2095
6
Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады
