Ардагерлермен кездесу кеші сценарий

Ардагер ұстаздармен кездесу кеші. Ұстаздарды сыйлауға ,құрметтеуге тәрбиелеу.. Внеурочка, Планирование, 7 класс, Ардагер ұстаздармен кездесу кеші

Сейдахметова Ляйля Каргабаевна

Маңғыстау обл Маңғыстау ауд Жармыш орта мектебі

«Ұстаздар-ұлы тұлғалар»

  1. Сахна сыртынан Ұстаз туралы өлең оқылады

Данышпан да, дана да оқып сенен,

Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.

“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,

Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

2. Жүргізушілер шығады.

1- жүрг. Армысыздар, бармысыздар, Қош келдіңіздер, Құрметті де аяулы ұстаздар! Бүгінгі тәрбие сағатымызды бастамас бұрын оқушыларымыз 3 топқа бөлінген соларды ортаға шақырсақ.

  1. Ұлы қызмет басында кім тұрады? Ұстаз олай болса «Ұстаз» тобы

  2. Ұстаздың айнасы кім? « Шәкірт» тобы

  3. Ұстаз бен шәкірттің бірлесе қызмет жасайтын орны

«Мектеп» тобы ортаға жайғасыңыздар

2-жүрг. Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген – анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,

Бар әлемге еңбегімен еленген.

Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,

Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.

Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,

Ол өзіңнің орындалған арманың.

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,

Қасиеті бас иелік мәңгілік!

1- жүрг.Сымбат, Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, өз ісінің шебері ұлағатты ұстаздар ортамызда Көшекенова Асыл апай, Табылова Назира апай, Орынбасарова Гүлжамал апай. Шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

II жүргізуші: Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!

БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ән. Ұстаз ана

1-жүргіуші: Сен қалай ойлайсың, Сымбат? Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ардагерлеріміздің орны ерекше.

2-Жүргізуші: Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз, — деп Әл-Фараби атамыз айтқандай, өз істерінің маманы бола білген бүгінгі шарамыздың қонақтары — ардагер ұстаздармен таныс болайық.

І бөліміміз «Ұстаздың ұстаздық жолы» топтардың ұстаздар өмірінен дайындап келген слайдтарына кезек берейік.

Білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбектері және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде біраз жетістіктерге жеткен аяулы ардагер ұстаздарымызға қошемет көрсетіп қоялық.

1-Жүргізуші: Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Алдарыңызда «Ұстазым менің» әні хор

2-жүрг. Сағыныш сазы толқытқан,

Арнамақ сөздің мәйегін.

Шәкірттерін оқытқан,

Келіп тұр жолдап сәлемін

Құттықтау сөз топтарға беріледі,

ІІ бөлім «Ұстазға арнау» әр топтың ұстаздарға арнаған өлең жолдарына береміз

1- жүрг. Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

2-жүрг. Атажан, келесі кезекті

ІІІ бөліміміз «Ұстазға көрсетілетін құрмет»деп аталады

1-жүргізуші: ооо бұл жақсы бөлім екен ,ал ендеше топ мүшелері бастасын.

1-Жүргізуші: Сымбат, Ұстазға қанша құрмет көрсетсекте көптік етпейді. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.

1 жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

2 жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.

ІҮ «Қонаққа сұрақ»

1 қонаққа сұрақ: Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?

2 қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?

3 қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?

2-жүргізуші: Асыға сәлем жолдап жүректен біз

Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда мектебіміздің мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз.

БИІ «Көңілді күн »

1- Жүргізуші: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.

Ү «Әзіл – қалжың отауы». ҰСТАЗДАР ӨМІРІНЕН.

2-жүргізуші: Жақсы жандар жанымызда әрқашан

Ұлағатты сөзін биік ұстаған

Ардақты ұстаз асыл анаң секілді

Тәрбиелейді балапандай жасыңнан

1-жүрг. Ұстаз мектепте ұстаз болса, отбасында ол -аяулы ана. Ана туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаз-аналар!

Ана туралы ән.

1-Жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім-

Төгілген арай, шуағым

Арманым қонса, қолыма,

Арқаң деп сенің ұғамын

Мұғалім, ғазиз мұғалім-

Сарқылса мәңгі бұлағым

Ұланың бүгін тойыңда

Арнайды саған бұл әнін.

Ән «Ұстазыма» орындайтын ……………………………………………………………

2- Жүргізуші: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.

Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,

Ұстаздың алып жүрген атын еркін

Біз сізге өлеңнен өріп ұсынамыз,

Жүректің алғысы мен рахметін.

1- Жүргізуші: Қадіріңді кезінде

Білмепті ғой ұланың.

Қазір әрбір сөзіңе,

Елеңдейді құлағым.

Бірдей етіп ұстадың.

Демей бізге бөтенсің.

Кейде акылын ұстаздың,

Сағынады екенсің.

Сол ұстазға жаны нұр,

Демек үлкен адаммын.

Есейсек де бәрі бір,

Баяғы шәкірт, балаңмын-деп қанша есейіп кетсек біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз.

1-Жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Осымен бүгінгі кездесуімез аяқталды , апайлар алдарыіыздағы смайлктерді пайдаланып бүгінгі кештегі көңіл күйлеріңізді білдірсеңіздер.

/Көңілді күй, сахнаға оқушылар шығады, олар ұстаздарға біркелкі бас иеді/

6

«Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!»

Мақсаты: Мектеп тарихымен, зейнеткер ұстаздардың еңбектерімен таныстыра отырып, олар туралы мол мағлұмат беру. Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Ұстаз мамандығының қырымен сырларын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, шарлар, гүлдер, слайдтар, ардагер ұстаздардың презентациясы, плакаттар, нақыл сөздер.

Барысы:

1 Жүргізуші. Армысыздар құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі ұстаздар күні мерекесіне арналған «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!»  атты мерекелік кешкі кездесу бағдарламасына кешіне қош келдіңіздер! Бағдарлама жүргізушісі мен Төлегенова Іңкәр және менің әріптесім Асылханов Қанат.

2 Жүргізуші : Армысыздар, ақылмен түйсініп, жүрекпен сезінетін пайым — парасатымен, талғам — танымымен танылатын асыл жандар!
Интелектуалдық әлеуеті мықты, эрудициясы жоғары, сөзі маржан, үні ән ұлағатты ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңізге адалдық, отбастарыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз!

1 Жүргізуші : Ұстаз -барша мамандықтың көш бастаушысы.

Құйылады жыр-ағын, көптендара пырағым.

Құтты болсын мерекең, заңғар тұлға мұғалім, — деген өлең шумақтары бүгінгі қонақтарымыз ардагер ұстаздарға арналады.

2 Жүргізуші: Ия,бұл ұстаздарымыз мектебімізде бірталай жылдар бойы қызмет жасай отырып, шәкірттерін талай додалардың биік шыңын бағындыра білді.
1 Жүргізуші : Мінекей, осындай ұлы тұлға ардагер ұстаздармен кездесу кешін ашық деп жариялаймыз!

2 Жүргізуші:Армысыздар, ардақты ұстаздар! Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты жандар!

1 Жүргізуші
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.

2 Жүргізуші
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!

2 Жүргізуші:
 Ұлағатты ұстаздарымыздың құрметіне

 қабыл алыңыздар.

1.Жүргізуші:Әл-Фараби: «ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деген. Байқайсыздар ма? Бұл сөзден біз бүгінгі қонаққа келіп отырған ұстаздарымыздың бейнесін көреміз.

2 Жүргізуші
Жәнібек ағай — мектепте орны бөлек,
Сүйеді шәкірттеріңіз сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Әрқашан аман болып жүрсең дер тек.

Отаға мектебіміздің І-санатты ұлағатты ұстазы Жәнібек ағайды шақырамыз.

1 Жүргізуші:

-Жәнібек ағай бағдарламамызға қош келдіңіз.

(Жәнібек ағайға сұрақтар)
— Балалық шақтан есіңізде не бар?
— Туған жер сізге несімен ыстық?
— Жас кезіңізде қандай болдыңыз?
— Еңбек еткен жылдары есіңізде қалған қызық оқиға?
— Балаларыңыздың ішінде ерекшелейтініңіз бар ма?
— Бала кезіңізде қандай ойын түрлерін ойнадыңыз?
— Ұстаз мамандығын не себепті таңдадыңыз?
— Қазіргі жастар қандай?
— Мектепте қандай пәнді ұнаттыңыз?
— Алғашқы ұстазыңыз кім еді?
— Сіздің мінезіңіз қандай болды?
— Мектеп оқыған кезде балдармен төбелестіңіз бе?
— Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?
— Мамандықтың басқа түрін таңдар ме едіңіз?

Сұхбатыңызға рахмет. Қонақтарға арналған орынымызға жайғассаңыз болады.

2 Жүргізуші
Жақсы жандар жанымызда әрқашан

Ұлағатты сөзін биік ұстаған

Ардақты Шолпан апай анаң секілді

Тәрбиелейді балапандай жасыңнан

Отаға мектебіміздің ардагер ұстазы Шолпан апайды шақырамыз.

-Шолпан апай бағдарламамызға қош келдіңіз.

— Балалық шақтан есіңізде не бар?
— Туған жер сізге несімен ыстық?
— Жас кезіңізде қандай болдыңыз?
— Еңбек еткен жылдары есіңізде қалған қызық оқиға?
— Мектепте қалай оқыдыңыз?
— Бала кезіңізде қандай ойын түрлерін ойнадыңыз?
— Ұстаз болуды бала кезіңізден армандадыңыз ба?
— Ұстаз мамандығын не себепті таңдадыңыз?
— Ең алғашқы жұмыс күніңіз есіңізде ме? Несімен есте қалды?
— Мектепте қандай пәнді ұнаттыңыз?
— Алғашқы ұстазыңыз кім еді?
— Сіздің мінезіңіз қандай болды?
— Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?

— Сізге қайта мамандық таңдау реті түссе, қандай мамандықты таңдар едіңіз?

Шолпан апай сұхбатыңызға үлкен рахмет. Қонақтарға арналған орынымызға жайғассаңыз болады.

1 Жүргізуші
Ұлылықтың мықтылығы ағашынан,
Қымыздың күштілігі сабасынан.
Біздердің дарынды деп атағаны,
Үйреткен, тәлім берген Қарлығаш апай,

Бағдарламамыздың келесі қонағы мектебіміздің ардагер ұстазы Қарлығаш апай.

-Қарлығаш апай қош келдіңіз.

— Балалық шақтан есіңізде не бар?
— Туған жер сізге несімен ыстық?
— Жас кезіңізде қандай болдыңыз?
— Еңбек еткен жылдары есіңізде қалған қызық оқиға?
— Мектепте қалай оқыдыңыз?
— Бала кезіңізде қандай ойын түрлерін ойнадыңыз?
— Ұстаз болуды бала кезіңізден армандадыңыз ба?
— Ұстаз мамандығын не себепті таңдадыңыз?
— Ең алғашқы жұмыс күніңіз есіңізде ме? Несімен есте қалды?
— Мектепте қандай пәнді ұнаттыңыз?
— Алғашқы ұстазыңыз кім еді?
— Сіздің мінезіңіз қандай болды?
— Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?

— Сізге қайта мамандық таңдау реті түссе, қандай мамандықты таңдар едіңіз?

Қарлығаш апай сұхбатыңызға үлкен рахмет. Қонақтарға арналған орынымызға жайғассаңыз болады.

2 Жүргізуші
Жақсы жандар жанымызда әрқашан

Ұлағатты сөзін биік ұстаған

Ардақты Қамажай апай анаң секілді

Тәрбиелейді балапандай жасыңнан

ектебіміздің жоғары санатты ұстазы Қамажай апайды ортаға шақырамыз.

-Қамажай апай бағдарламамызға қош келдіңіз.

— ұстаздық жолды таңдауыңыздың себебі жөнінде әңгімелеп берсеңіз;
— мектеп бітірген кезінде қандай сезімде болдыңыз;
— алдыңызға қойған мақсатыңыз, түпкілікті мақсатыңыз қандай?;
— орындалмаған арманыңыз бар ма?
— ұстанымыңыз жөнінде әңгімелесеңіз;
— қиындық кездесті ме? Қиналған қажыған кезде демеу болған не?
— кезінде қазақ мектебінің саны азайып, өз тілін білмейтіндер саны көбейген сәттердің куәсі болдыңыз. Сол кезде сіз қандай күйде болдыңыз, өз тарапыңыздан не істедіңіз?
— өмірден нені түйдіңіз?
— қоғам, қазіргі заман, адам т.б туралы қандай ойдасыз. … көңіліңіз тола ма?
— Өнерге деген көзқарасыңыз қандай? Бір ән айтып немесе би билеп берсеңіз.
— Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
— Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты ма?

Қамажай апай сұхбатыңызға рахмет. Қонақтарға арналған орынымызға жайғассаңыз болады.

1 Жүргізуші
Кулшира апай — мектепте орны бөлек,
Сүйеді шәкірттеріңіз сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Әрқашан аман болып жүрсеңдер тек.

Отаға мектебіміздің жоғары санатты ұлағатты ұстазы Кулшира апайды шақырамыз.

-Кулшира апай бағдарламамызға қош келдіңіз.

— ұстаздық жолды таңдауыңыздың себебі жөнінде әңгімелеп берсеңіз;
— мектеп бітірген кезінде қандай сезімде болдыңыз;
— алдыңызға қойған мақсатыңыз, түпкілікті мақсатыңыз қандай?;
— орындалмаған арманыңыз бар ма?
— ұстанымыңыз жөнінде әңгімелесеңіз;
— қиындық кездесті ме? Қиналған қажыған кезде демеу болған не?
— кезінде қазақ мектебінің саны азайып, өз тілін білмейтіндер саны көбейген сәттердің куәсі болдыңыз. Сол кезде сіз қандай күйде болдыңыз, өз тарапыңыздан не істедіңіз?
— өмірден нені түйдіңіз?
— қоғам, қазіргі заман, адам т.б туралы қандай ойдасыз. … көңіліңіз тола ма?
— Өнерге деген көзқарасыңыз қандай? Бір ән айтып немесе би билеп берсеңіз.
— Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
— Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты ма?

Кулшира апай сұхбатыңызға рахмет. Қонақтарға арналған орынымызға жайғассаңыз болады.

2-Жүргізуші: Сіздердің сұхбатыңызды тыңдау кезінде бізді таң қалдырған жағдай – сіздердің өздеріңізге сенімділіктеріңіз. Сіздердің қиындықтан мойымайтын осынша қайраттылығыңызға, қажырлығыңызға қайран қаламын, қызығамын. Үлкен сеніммен атқарған, атқарар істеріңізге сәттілік болсын демекпіз.

2-жүрг. Іңкәр, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

1-жүргізуші: Ал ендеше баста.

2-Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,

1-Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

2-Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

1-Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

2-Жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

1-Жүргізуші: Қанат, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған әндеріне кезек берелік.

Ән «……………………………» Орындайтын

2 Жүргізуші:ал енді,құрметті қонақтар, оқушылардың сұрақтарына кезек берсек….

1 Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?
2 «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
3 Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз?

4. Есіңізде қалған ең қызықты сәтіңіз?
5. Алғашқы шәкірттеріңіз нешеде?
6. Шәкіртіңіздің күлкілі қылығы есіңізде ме? Қандай қылығы болып еді?
7. Ұстаз болудың қиындығы мен қызығы.

1- Жүргізуші: Рахмет,ұстаздар.

2 Жүргізуші:Ұстаздар, ұлағатты зиялылар, сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Бүгінгі кеш сіздер үшін арналады, шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар.

1- Жүргізуші: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше ұстаздарымызбен ойын ойнасақ.

Ұстаздар шардың ішіне бір қағазға сұрақ жазылады, сол шарды жарып ішінен сұрақты алып жауап берулеріңіз керек.

1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/

2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/

3. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/

4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/

5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/

6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/

2 Жүргізуш: Ұстаздар үлкен рахмет. Орындарыңызға жайғассаңыздар болады.

1Жүргізуші: Қанат, Ұстаздар кім болуды армандайды?
2Жүргізуш: Сен де қызық сұрақтар қояды екенсің. Ұстаздар кім болсам екен деп армандамайды..
1Жүргізуші: Неге? Армансыз адам болмайды гой
2Жүргізуші :Сен дұрыс түсінбедің . Менің айтайын дегенім басқа еді. Білгің келеді ма ? 
1Жүргізуші: ммммммммм, әрине 
2Жүргізуші: Ұстаздар бастық болуды армандамайды .Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қарамағында 25-30 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе?
1Жүргізуші:Ұстаздар сот болуды да армандамайды. Ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады. Ал, енді сот демей көріңдерші.
2Жүргізуші яяяяя, өте дұрыс айтасың. Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас. Ұстазды жазушы емес деп көріңізші. 
1Жүргізуші: охо, бір адамның бойынан қаншама мамандықты көріп тұрмыз. Онда біз аяулы ұстаздарымызды дарынды, шебер деп айтсақ артық болмас. Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.
2Жүргізуші:— Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Безендіруші де өзі. Іңкәр, осы біз кейде кабинетте қағаз шашып, кезекшілікті атқармай кететінімізге ұялып тұрғаным ай. 
1Жүргізуші: —-яяяя , біздің балалығымыз бен шалағымызды кешіре білген ұстаздарға қандай құрмет көрсетсек те артық болмас. Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.

2 Жүргізуші: Ендеше келесі музыкалық сәлемімізді қабыл алыңыздар.

1 Жүргізуші— Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында!
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе? 
2 Жүргізуші :яяя, сөзіңе қосыламын. Ұстаздар бізге не үйретпеді дейсің … бәрін, бәрін !!!Ендеше,келесі сөз кезегін ұлағатты ұстаздарымызға береміз.

Ұстаздар сөзі

1 Жүргізуші: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.

Келесі тыңдайтын әндеріңіз «Ұстазым»

2 Жүргізуші:Құрметті Жәнібек ағай, Қарлығаш апай, Шолпан апай, Қамажай апай, Кулшира апай, сіздердің ұзақ жылдар бойы үздіксіз еткен зор еңбектеріңіз-саналы ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше,кейінгі жас буынға үлгі-өнеге болды.

1 Жүргізуші:Сондықтан сол талғаусыз еңбектің жемісі ретіндегі бүгінгі зейнет демалыстарыңыздағы ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуаныштарыңыз молынан болып,немере-шөберенің қызығына тоймай ақ жаулықты Ана бақытына бөленулеріңізді тілейміз! Жүздеріңіз күндей күлімдеп, жүректеріңіз жаздай жайнасын, жанарыңыздан әрдайым нұр себелеп, жандарыңыз шаттыққа кенелсін демекпіз.

Бірге «Біз сіздерді жақсы көреміз!»

1,2 Жүргізуші:Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!

«Ел қорғаған – ер баба» атты ардагерлермен кездесу кешінің сценарийі.

Мақсаты: Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге ету. Отанын , туған елін қорғай білуге, патриоттыққа тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысындағы қазақ елінің майданда және тылда көрсеткен ерен еңбегін паш ету, елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлардың портреттері, нақыл сөздер жазылған плакаттар, «Мәңгі от» макеті.

І жүргізуші: Соғыс өтті жалмап талай өмірді,

Қаншама қан еш жазықсыз төгілді

Соғыс аты естілгенде құлаққа

Елестетер қара тажал өлімді

Келді міне, күндей жайнап гүл көктем

Самал желі шашты тарап, бетті өпкен

Ұмытуға хақымыз жоқ оларды,

Олар біздің бақыт үшін қан төккен.

Өткізді олар сызды окопта күндерін

Елестетем қанды кешіп жүргенін

Естігендей болам жаудың шебіне

Атой салған сарбаздардың үндерін

Талай жанды қиды ажал балтасы

Жауды жеңіп қайтты ауылға қаншасы

Ел қорғаған аталрдың арқасы!

«Шашу биі» орындайтын «Алтынай» бишілер тобы.

ІІ жүргізуші: Армысыздар Отан үшін кеудесін оққа тосып, әділет үшін от кешкен майдангер аталар және ұстаздар, оқушылар.

І жүргізуші: Бүгінгі Ұлы жеңіс  күні Дүниежүзілік тарихындағы сұрапыл соғысқа, алапат айқасқа нүкте қойылған күн. Бүгінгі ұлы мереке – дүниежүзі халықтарына, адам баласына төнген қаратүнек құлдықтан құтқарып, бүкіл әлемге бостандық пен теңдік, бейбітшілікпен зор қуаныш әкелген ұлы да киелі күн. Ұлы жеңістің ақ таңы, жеңіс туын жақындатқан, отты жылдарда атой салып аласұрған, жаумен арпалысқан майдангерлерге мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлық та ерекше. Қарттарын сыйлаған, қарияларын құрметтеген ел осылай етеді.

ІІ жүргізуші:Ортамызға қонаққа келіп отырған ардагер аталарымызды таныстырып өтейік : Айтмағанбетов М, Отарбаев А, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Бақаев.

ІІ жүргізуші:

Алғашқы сөз кезегі мектеп директоры  А.Н.Иманғалиеваға беріледі.

І жүргізуші:

Майданда кешкен окопта сан түнеген,

Батыр туған бабалар салтыменен.

Қаруластар ел үшін ұрандаған.

Намыс болып шайқаста алаулаған.

Төбеден қайта заулап оқ борайды

Айналаны ал қызыл отқа орайды

Жеңіс үшін жастығын берген ерлер,

Бейбіт өмір, еліне төкті орайды.

Ортамызда қонақта отырған ардагер аталарымызғасөз береміз Айтмағанбетов М,Отарбаев А , аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Бақаев.

ІІ жүргізуші:

Республикалық Мұқағали «Жырлайды жүрек» оқулары конкурысының Тоқсын Құлыбеков атындағы атындағы сыйлықтың иегері Тимур Әділбектің орындауында «Бала шақтан болашаққа»

І жүргізуші:

Жеңіс! Қандай құдіретті сөз еді бұл! Осы бір сөзге төрт жылдай теңселген дүниенің қайғы қасіретті, ащы азабы, тәтті арманы, ой – қиялы сыйып жатыр.

Көрініс: «Соғыстан қайтқан солдаттар».

Әнін орындайтын 8а сынып оқушысы Жұрынбай Бақытжан.

ІІ жүргізуші:

Кешегі өткен ерлерді

Ертеңге қалай апарам

Құлағымнан кетпейді

Қатал жылдағы, қатал ән

«Кестелі орамал» орындайтын музыка пән мұғалімі А.Б.Токкожина.

І жүргізуші:

Тарихтың тасқа жазған хаты мәңгі

Бетінде ұлылырдың аты қалды

Солардың қайсарлығы қуат беріп

Солардың өшпейтұғын аты қалды – дей келе біздің бақытымыз, күміс күлкіміз, асқақ әніміз үшін омырауын оққа тосып жас өмірін қиған боздақтарымызға,ардагерлерімізге арнап жолдағалы отырған ШБҰ – ның оқушыларының дайындаған ән – жырларын қабыл алыңыздар.

ІІ жүргізуші:

Тверьдің орманы жас, жері кәрі

Санайды ата – қоныс жұрттың бәрі

Сол жерде Әлияның қаны сіңген

Соғып тұрмерген қыздың жүрегі әлі

«Әлия» орындайтын 9ә сынып оқушы  Еділбаева Жұлдыз.

І жүргізуші:

Аяулы жер атыңнан айналайын

Жастығыңды жоғалтпа жайна дәйім

Зырылдай бер біздің алып болашаққа

Дөңгелей бер жастығым, дәурен айым.

«Алға қазақ жігіттері» Орындайтын: 8а сынып оқушысы Жұрынбай Бақытжан.

ІІ жүргізуші:

Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сәл – сәл кең бұра

Нағыз қазақ, қазақ емес

Нағыз қазақ домбыра

С. Тұрысбеков. «Көңіл толқыны» орындайтын Халықаралық «Ақкөгершін» байқауының дипломанты Әбенова Камила.

І жүргізуші:

Жер – Анамыз жасайды тарлық бізге

Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде

Қайталанып, жаңарып айтылады

Бейбітшілік деген сөз барлық тілде

Ән «Отан» орындайтын аудандық, облыстық сайыстардың жеңімпазы 8а сынып Өтемісова Динара.

ІІ жүргізуші:

Жеңіс деген – жақсылықтың сыңары

Жігер менен құштарлықтың құралы

Күрескердің арманы мен ұраны

Қуаныш пен мерекенің бұлағы

Құтты болсын бүгінгі жеңіс күні

Болмасын еш уақытта соғыс өрті

Тыныштық пен арта берсін әрбір таң

Жайқалып жасай берсін қазақ елі

І жүргізуші:

Біз соғысты көрген жоқпыз. Бірақ бізге бұйырған бақыт сіздердің ерліктеріңіздің арқасында келген еді. Біз сіздердің алдарыңызда бас иеміз, сіздерге бізге бүгінгі бейбіт күнде де жол салып келесіздер.

Жыл өткен сайын сол соғыстың жаңғырығы алыстап бара жатса да біз сіздерге қарыздармыз.

Желбіреген жеңістің 70 жылын көруге бұйырсын. Өмірлеріңізде мейірлі де шуақты күндер көп болсын деген тілекпен бүгінгі кездесу кешімізді аяқтаймыз.

1. Қымбатты: Ақылдың кенін арқалаған айбынды Ақжаулықты аналар.Шынайы да ізгі сезімдерді,білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ардагер ұстаздар сіздерге арнап «Ардагерлер – даналық пен даңқтың үлгісі»атты кездесу кешімізге хош келдіңіздер!

Ісім оңсын десеңіз

Сол істің маманы болыңыз

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз,-деп Әл-Фараби атамыз айтқандай,өз істерінің маманы бола білген бүгінгі кеш қонақтары осы мектептің ардагер ұстаздарымен таныстыра өтейін.

2.Қариялар халқымның кемеңгері,

Жапырағын жайқалтқан емендері.

Халықты ынтымаққа біріктіріп,

Бірлік болсын әрқашан дегендері – иә «Ақылды қария – ағып жатқан дария» дегендей,бала тәрбиесінде отбасындағы ата мен әженің өнегелі ақыл-кеңестерінің орны ерекше. Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен әженің өнегесімен,аталар ақылы мен беріліп,өзіндік ұлттық қасиетімізді қалыптастырады. Міне,,сіздер осыған әбден лайықты жансыңдар ардагер ұстаздарым.Сіздерге арнап қазақ биі ———————— 7 сынып қыздары қабыл алыңыздар.

3.Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Ақыл кенін арқалаған даналар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар –деп

Сіздерге арнап өлең жолдарын 3 сынып оқушылары жолдайды. Қабыл алыңыздар.

4.Ұстаз — ол ана,шәкіртін туған анасындай баурап,өмір өрнектерін,қиындықтармен қызықтарын сезіндіріп, баулудан жалықпайды. Айта берсек ұстазға тіл жетпеген?!

Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!

Айтыңдаршы,адам барма өмірде,

Ұстаздарға қарыздар болып өтпеген –деп

Сіздерге арнап «Ұстазым »әнін орындайтын ——————————

Қабыл алыңыздар.

5. Ұстаздық –ұлы керемет себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.

Болашақтың басшысында,данасын да, ғылымын да, еңбекқор егіншісін де, кенішін де ұстаз өсіреді –деген екен ұлы Бауыржан Момышұы атамыз.Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ,сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз.-дей келе сіздерге арнап өлең жолдарын оқитын осы мектебіміздің маңдай алды 9 сыныпта оқитын қыздарымыз Жанар мен Дианаға кезек берейін Қабыл алыңыздар.

6. «Мектеп- білім тірегі, ұстар оның жүрегі» -деп ғұламалар айтқандай,кез келген адам ұстаз бола алмайды.Себебі, ұстаздық –өнер,тағылымы терең өнер.Шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. Олай болса,келесі сөз кезегін бүгінгі кеш қонақтарына берейін.Өз өмір жолдарыңызды,ұстаз болуының қыры мен сыры туралы оқушыларға шынайылықпен сыр бөліссеңіздер.

7.Егеменді ел болып қалыптастық,

Өркениетке қадамды анық бастық.

Туған жердің тұғыры биік бол деп,

Шын жүректен осы кешті сыйға тарттық

Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар

Балалардың есімі әулеттерге таралар

Ардагер ұстардар берсе екен деп

Бата сұрайды балалар.

8. Өзгерген не?

Адам ба? Әлде заман ба?

Ата –анаға деген парыз қалмаған ба,адамда

Ей ,адамдар

Құрметтеңдер үлкенді

Содан ешкім кем болған жоқ ғаламда! – деп кеш қонақтарына –кітапханашылар атынан сый-сияпат көрсетеміз.

Сонымен, ардагер ұстаздарға арналған «Ардагерлер- даналық пен даңқтың үлгісі» атты кездесу кешімізді аяқтаймыз.Барлық ардагерлерге алтын уақыттарыңызды бөліп,оқушыларға сыр бөлісіп сұхбаттасып әңгімелескендеріңізге мыңда бір алғыс оқырмандар атынан. Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат ұзақ ғұмыр несіп етсін Алла тағала және отбастарыңыз аман болсын-деп тарасып естелікке суретке түсеміз.

«Еңбек ерлікке бастайды» еңбек ардагерімен сыр сұхбат
сыр сұхбатты жүргізген 6 сынып жетекшісі Гүлназ Айтжанқызы Әжібаева

Мақсаты:
а) Ардагерлер жолын оқушыларға үлгі ету. Олардың әңгімесінің мәнін ұғына білуді, үлкендерді сыйлауды, құрметтеуді, атаның батасын, ананың алғысын ала білуді үйрету.
ә) Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту. Белгілі бір мамандыққа баулу. Өзін – өзі ұстау әдебіне қалыптастыру.
б) ерен еңбегімен ел есінде қалған жерлестер есімін келешек ұрпаққа ұмыттырмау. Олардың ел жадындағы ерен еңбектерін көпшілікке ұсыну болғандықтан алғашқы кейіпкері етіп денсаулық саласының үздігі болып отыр.

Армысыздар көрермендер, қымбатты оқушылар! Көңіл – күйлеріңіз қалай, жақсы ма? Бугін лицейде «Еңбек ерлікке бастайды» тақырыбында сыр сұхбат! Балалар білесіздер ме ардагер сөзін кім қалай түсінеді? Ардагер — құрметті, ардақты, қадірлі адам деген мәнді білдіретін этикалық ұғым. Ел қамын ойлап, намысын қорғаған, елеулі еңбек сіңірген абыройлы адамды халық ардагері деп жоғары бағалайды. Жеке адам қоғамда ерекше істерімен, ақыл — парасатымен, адамгершілік асыл қасиетімен, беделімен жұртышылыққа танылғанда ғана ардагер болады. Қазіргі кезде еңбек ардагері, соғыс ардагері деп атаймыз. Олай болса, бүгін 28 қыркүйек – Еңбек күніне орай өткізіліп жатқан шарамызға сіздермен сыр сұхбаттың қонағы еңбек ардагері ақ халатты абзал жан Барахат ағаны қошеметпен ортаға шақырамын!

Қош келдіңіз, Барахат аға! Сіздің көңіл – күйіңіз жақсы ма? Балалармен кездесуге дайынсыз ба? Ендеше бастамас бұрын өзіңіз туралы жазылған экрандағы анықтамаға назар аударалық! ( слайд — презентация)

Барахат Тоғжанұлы Абаев 1942 жылы Түпқараған ауданы Таушық ауылында дүниеге келді.
1965 — 1971ж Ақтөбе медицина институтын (қазіргі Батыс Қазақстан медицина академиясы) бітірді.
1965 – 84 ж. Маңғыстау аудандық ауруханасында хирург — дәрігер, бас дәрігер, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.
1985 – 99 ж. Бейнеу аудандық ауруханасының бас дәрігері,
1999 – 2006 ж. Бейнеу аудандық ауруханасы Мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері, аудандық Денсаулық сақтау саласының үйлестірушісі болды.
2006 жылдан бастап Бейнеу аудандық емханасы мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері.
Марапаттары: «Астана» медалі (1998), ҚР — ның «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісі (2000), «Шапағат» медалімен (2001) марапатталған.

Құрметті аға сізге балалар тапсырмалар мен сұрақтар қояды, соны орындаймын деген уәдеңіз керек? Уәде бересіз бе? Ал, ендеше басталық! Сұрақ балалардан, алғашқы оқушының сұрағы қойылады.

Оқушылар кеш қонағына мынандай сұрақтар қойды.
Сұрақтар:
1. Балалық шақтан есіңізде не бар?
2. Туған жер сізге несімен ыстық?
3. Жас кезіңізде қандай болдыңыз?
4. Еңбек еткен жылдары есіңізде қалған қызық оқиға?
5. Балаларыңыздың ішінде ерекшелейтініңіз бар ма?
6. Бала кезіңізде қандай ойын түрлерін ойнадыңыз?
7. Дәрігер мамандығын не себепті таңдадыңыз?
8. Осы уақытқа дейін қанша операция жасадыңыз?
9. Мектепте қандай пәнді ұнаттыңыз?
10. Алғашқы ұстазыңыз кім еді?
11. Сіздің мінезіңіз қандай болды?
12. Балдармен төбелестіңіз бе?
13. Қазіргі жастар қандай?
14. Ән салып беріңізші?
15. Мамандықтың басқа түрін таңдар ме едіңіз?
16. «Жақсы дәрігер ауруды жазады, жаман дәрігер ауруға ауру қосады» деген мақалды қалай түсінесіз?

Тапсырма:
1. Аға сіз мына қағаздан бала кездегідей ұшақтың моделін жасап берсеңіз? (ақ қағаз беріледі)
2. Сізге фонендоскоп беріледі, осы құрал арқылы баланың жүрек соғысын, өкпесінде денсаулығында ақау бар ма анықтап берсеңіз? ( ортаға бір оқушыны алдырамыз)

Ал, оқушылар ағайдың орындаған тапсырмаларын қалай бағалаймыз? ( оқушылар «5» деген баға береді)
Құрметті ардагер аға, біздің сізге берілген сыр сұхбат аяқталып қалды. Бағанадан бері әр түрлі сұрақтар қойылды. Сол сұрақтардың ішінен өзіңізге ой салған немесе ұнаған сұрақтар болса сұрақ иесіне мына рамкаға қолтаңбаны жазып, беруіңізді сұраймын.
Қазірге жастар арасында смайлик деген сөзді коп қолданады. Әсіресе әлеуметтік желілерде бір — біріне көңіл күйлерін білдіру арқылы смайликтерді жіберіп жатады. Ағылшын тілінде «смайл» — күлкі дегенді білдіреді. Олай болса, сіз осы сұхбаттан алған көңіл күйіңізді, оқушылардан алған әсеріңізді осы смайликтер ішінен біреуін таңдап алып көрсетсеңіз! ( ардагер жымиған смайликті таңдады)

Ел тыныш, жүріп жатсыз ортамызда
Құрметпен қол жаямыз батаңызға
«Шүкір»дейді ақ шашты ардагерлер
Айналар өмірі үлгі, аты аңызға.
2. «Батаменен ер көгерер» (ардагер ағадан бата сұрау)

Міне балалар, бүгінгі сіздермен өткен сыр сұхбат аяқталып қалды. Бүгінгі кездесуден үлкен әсер алдыңдар деп ойлаймын. Кездесуге қонақ болып келген Барахат атамызбен естелікке суретке түсуге шақырамын. Ал, аға сізге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілейміз! Алтын уақытыңызды аялап келгеніңіз үшін мың алғыс айтамыз!

Еңбек ардагері дәрігер — хирург денсаулық сақтау ісінің үздігі Барахат Тоғжанұлымен сырласудан естелік

«Ұстаздар-ұлы тұлғалар» /ардагер ұстаздармен кездесу/

Материал жайлы қысқаша түсінік:

Қазан айының алғашқы мерекелері қарттар және ұстаздар мерекесі тоғысқан күні ардагер-ұстаздармен кездесу кешіне «Түнгі студия» бағдарламасының нышанымен дайындалған іс-шара.

Төмендегі Тәрбие сағаты толық нұсқасы емес, тек сізге танысу үшін көрсетілген, сайтқа жарияланған документтен айырмашылығы болуы мүмкін. Жүктеу үшін осы беттің төменгі жағындағы жүктеу деген жазуды басу керек

«Ұстаздар-ұлы тұлғалар» /ардагер ұстаздармен кездесу/

Маралбекова Шырайлы Арыновна

Алматы облысы, Іле ауданы, «Прогресс» политехникалық колледжі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

04.10.2018

2096

6

Назар аударыңыз, сертификатты “менің материалдарым” деген бетте жүктеп алуға болады

Өз пікіріңізді қалдырыңыз

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
«Прогресс» политехникалық колледжі
         
   «Ұстаздар­ұлы тұлғалар»   
/ардагер ұстаздармен кездесу/
   
                                                                                                      Дайындаған: ТІЖО    
                                                                         Маралбекова Шырайлы Арыновна
                                                                        
                                                 
Өтеген батыр кенті, 2018 «Ұстаздар­ұлы тұлғалар»   
/ардагер ұстаздармен кездесу/
(сахана сыртында диктор оқиды, фонда ақырын әуен орындалып тұрады)
Шәкірттерін оқытудан жалықпаған
Дәріс алды ұстазынан қаншама адам
Қыран құстай биік самғап,
Ұстаздарын шәкірттері ұмытпаған.
Сіздердің назарларыңызға  «Түнгі студия» бағдарламасының нышанымен 
дайындалған іс­шарамызды ұсынамыз! Қабыл алыңыздар!
Мағжан:  
­ Қайырлы күн, құрметті көрермендер! «Прогресс» политехникалық колледжінің 
студиясында «Прогресс» студиясы» жобасына қош келдіңіздер! Менің 
әріптестерім: әр түрлі ойындар ғылымының докторы  Әмір мен   әуенмен 
сүйемелдеуші Нұржан мен Рамазан
— Шоуымызды не істейміз? (көрермендерден сұрайды, көңілді)
— Бастаймыз! (көрермендер жауабы)
Мағжан:
— Тамаша, онда тағы да қайырлы күн! Ал,  Әмір  бүгін қандай жаңалық?
Әмір:
— Бүгін керемет күн болып тұр. Қазан айының алғашқы мерекелері қарттар 
және  ұстаздар мерекесі тоғысқан күні. Шын жүректен құттықтаймыз! 
Бүгінгі мереке біздің аяулы ұстаздарымыздың, ұлағатты мұғалімдеріміздің , 
ардақты оқытушыларымыздың күні!
Мағжан:

 Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі екен. Олай болса бүгінгі мереке 
ұстаздарға арналмақ. Ұстаз ­ ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай 
жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен 
озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын! Әмір:
— Сен қалай ойлайсың, Мағжан? Менің ойымша, кез­келген адам мұғалім, 
ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық ­ өнер, тағылымы терең өнер. Ал 
өнерлі болу кез­келген адамның бойында бола бермейді. Олай болса, шын 
ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке 
ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
Мағжан:
— Әмір, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.
— Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
— Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
— Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
— Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын  жырлағандай, біздің колледжімізде сөзі маржан, үні ән 
ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. 
Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз 
шеберлік емес пе?! Олай болса, «Қызмет қылсаң халқыңа, игі ат қалар 
артында» ­деп қазақтың кемеңгер ақыны Сәбит Дөнентаев айтқандай бүгінгі 
студиямыздың құрметті қонақтары Курманбаева Шакура Мамадилқызын
және Абиева Ұлдан Абиевнаны, сонымен қатар осы колледжіміздің ардагер
ұстазы Жоламанова Сара Өтесінқызын қол соға, қошеметпен 
студиямыздың төріне шақырамыз!
(қол шапалақтап, құрмет көрсету)
Мағжан:
— Шакура апай, Ұлдан апай, Сара апай қалдарыңыз қалай? Сіздер шәкірттердің
шуақ шашқан күніндей ардақты жан, мұғалім атты қиындығы мен қызығы 
қатар жүретін мамандықты таңдағаннан бастап, сан мыңдаған жас ұрпақтың 
болашақ пен жалғастырар алтын көпіріне айналған ардагер ұстаздарсыздар. — Шакура апай, айтыңызшы, ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек 
қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немесе бір 
жағдай болды ма?
(Шакура апайдың жауабы)
Ал, алғашқы ұстазыңыз есіңізде ме?
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
— Сара апай, менің ғана емес, мына көрермендердің де көкейінде тұрған сұрақ 
шығар: ұстаз мамандығын не себепті таңдадыңыз? (Сара апайдың жауабы)
Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты ма?
— Ал, енді Ұлдан апай сізге сұрақ: еңбек еткен жылдары есіңізде қалған қызық 
оқиғалар болса. (Ұлдан апайдың жауабы)
Балаларыңыздың ішінде ерекшелейтініңіз болды ма? 
Қазіргі жастар қандай?
Мағжан:
­ Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше 
ұстаздарымызбен ойын ойнасақ. (Көрермендер қол шапалақтап, қолдайды) Қазір
әр түрлі ойындар ғылымының докторы  Әмір  сіздермен бір ойын 
ұйымдастырмақшы. 
Әмір:
­ Сіздерге шар беремін, шардың ішінде  қағазға жазылған сұрақ бар, сол шарды 
жарып ішінен сұрақты алып жауап берулеріңіз керек.
Ал, кәнекей, таңдаңыздар. (қонақтарға шарлар ұсынады)
1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/
2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз, төрт/
3. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/
4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/ 5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/
6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/
7. Қай кезде қызылға тоқтамай, жасылға тоқтайсыз? /Қарбыз жегенде/
Әмір:
­ Келесі бөлім «Еркін микрафон» деп аталады. Құрметті достар, қонақтарымызға 
сұрақтар қойсаңыздар болады. Қане, кімде сұрақ бар?
 1. «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда 
батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
2. Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз?
3. Алғашқы шәкірттеріңіз нешеде?
4. Шәкіртіңіздің күлкілі қылығы есіңізде ме? Қандай қылығы болып еді?
5. Ұстаз болудың қиындығы мен қызығы.
6. Өнерге деген көзқарасыңыз қандай? Бір ән айтып немесе би билеп берсеңіз.
Мағжан: 
­  Құрметті қонақтар, сіздердің құрметтеріңізге біздің студенттердің кішігірім 
дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар.
Өнерлі студенттерімізді студияға шақырамыз!
Шахзада:
1. Ғасыры жас, заманы асқақ өрендер,
Әр сат сайын жаңалыққа елеңдер.
Әже көрсең, немере бар жанында,
Кешегі ұстаз ­ осы, ізетпен сәлем бер.
Арман жолмен болашаққа қадам бас,
Сонда қоғам саған да мін таға алмас.
Кешегі ұстаз ­ салиқалы қарт көрсең,
Бұрыла кет, ілтипатпен амандас.
Болашаққа артып барлық сенімін,
Олар текке өткерген жоқ өмірін.
Мектебімен бірге жылдар жасасып,
Құрметін көрген талай елінің.
Жандар емес босқа уақыт өткерген,
Бар өмірі бала, шәкірт деп келген.
Олар кеше жасай алған ұлылық,
Білім беріп қара тақта, ақ бормен.
Олар да асқақ білім жолын ән қылған, Тәлім алған талай­талай балдырған.
Жандар олар мағыналы өмірін
Мектебінде шежіре етіп қалдырған.
Бірге жасап өмір­жолда мектеппен,
Өткен талай сынақтардан, өтпектен.
Бүгін, міне, шәкірттері олардың
Өздері ата, өздері әже боп кеткен.
Болашаққа өткеніңмен қадам бас,
Көрінсе де өз заманың саған жас.
Кешегі ұстаз ­ осы, ізетпен сәлем бер,
Кешегі ұстаз ­ осы, ұрпақ, амандас.
Дидар:
2. Мұғалім­ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың
Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл , ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға
Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.
3. Қазына:
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып. Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!
Мағжан: 
­Ал енді студиямызға «Жайдарман» клубын шақырамыз. Қарсы алайық!
КВН әзілдері:
1. Мұғалима Асанның әкесіне шағым айтады: ­ Кеше сабақта сіздің ұлыңыз 
партаға шыбынның суретін салып қойыпты. Мен оны шын екен деп 
қолымды ұрып алдым. ­ Сіз оны айтасыз, – дейді әкесі. ­Бірде ол ваннаға 
крокодилдің суретін салыпты. Зәрем ұшқаны сондай, тұра қашамын деп 
қабырғадағы есіктің суретіне соғылдым.
 Бір студент жігіт көшеде келе жатып, басы айналып құлап қалады. Қасына 
бір келіншек келіп, айналасындағыларға: ­ Су әкеліңдер, су әкеліңдер, ­ 
дейді. Сонда ақырын есін жинай бастаған студент әлгі келіншекке: ­ 
«Аналарға сумен қоса нанға май жағып ала келіңдер» деп айта салыңызшы, ­ 
дейді сыбырлап
2.
3. Студент емтихан тапсыруға келіп тұр. Оқытушы: ­ Билет алыңыз. ­ Ағай, 
4.
менде «проездной» ғой
 Мұғалім оқушысын тақтаға шақырады да: ­ Мен Шығайбайға бір алма 
беремін де, оны төрт балаға бөліп беруін сұраймын. Сонда әр балаға қандай 
бөлік тиеді? ­ Ешқандай. ­ Отыр, екі. Математиканы білмейсің. ­ Ал сіз 
Шығайбайды білмейді екенсіз
5. Студенттік емтихан тапсыру кезі. Профессор: ­ Сіздің аты­жөніңіз? ­ 
Бектұров (студент жымиып күледі). ­ Неменеге жетісіп, мәз болып тұрсың? ­ 
Бірінші сұрағыңызға дұрыс жауап берген сияқтымын. 
6. ­Балам, оқу жылы басталып кетті, күніге ойнағанша, бір уақыт сабағыңа 
қарасаңшы! Қаңғисың да жүресің!
­Ой, әке! Қайтейін енді, қай кітаптің алғашқы бетін ашып қалсам, «Кіріспе» 
деп тұрады, сосын кіріспей жүрмін!
7. Тәулдік жалғауы
­Оқушылар! Бүгін біз Сіздермен /Тәуелдік жалғауын/ өтеміз. Ал, қарапайым 
мысал:
Менің қарындашым; Сенің қарындашың,
Сіздің қарындашыңыз; Оның қарындашы. Ал, Арман, менің айтқан мысалыма
сәйкес мысал келтірші.
­І­і­і… Қысқасы, жалғыз қарындаш бәрінікі  :) 8. ҰБТ­тесті
Оқу орннына түсу үшін тест тапсыру аяқталды.Төртінші пәні география 
болған оқушы Құдайға жалбарынып тұр:
­О,Құдай Мәскеуді Қытайдың астанасы қыла гөр.
9. Түк болмайды
­Егер мен алтын сақинамды қышқылға салсам, не болады?
­Түк болмайды.
­Оны қайдан білесің?
­Егер бірдеме болатын болса, сіз сақинаңызды қышқылға салмас едіңіз.
Мағжан:
Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,
Ұстаздың алып жүрген атын еркін
Біз сізгдерге өнермен ұсынамыз,
Жүректің алғысы мен рақметін.
«Бала махаббат» әнімен ортада 1­курс студенті Жалгасбаев Диербекті қарсы 
алыңыздар!
Мағжан:
­ Шәкіртеріңізді білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие, жақсы қасиеттерді 
бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт­ бағдар беруде еңбектеріңіз зор. 
Олай болса, құрметті ардагер – ұстаздар  дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға 
бақыт, мерейлеріңіз үстем болып, ұзақ ғұмыр кешіңіздер демекпіз!  (қонақтарға 
гүл шоғыры мен сыйлық табысталады) ­ Қанекей достар, барша ұстаздарға арнап бәріміз  білетін «Ұстазым» әнін шырқап 
жіберсек! («Ұстазым» әнін барлығы орындайды)
­ Қазақта керемет мақал бар ғой «Батамен ел көгерер» деген. Енді мына бізге, 
жастарға бата берсеңіздер! (Ардагерлерден бата алу)
Құрметті көрермендер осымен бүгінгі «Прогресс» студиясы» кездесу кеші 
аяқталды. Тамашалағандарыңызға көп рақмет!
                     Ұстазым
Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.
Есімде әліппені жаттатқызып,
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.
Қайырмасы:
Ұстазым, менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс­жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым, менің ұстазым!
Зердемді сен ашпасаң не етер едім?
Өмірден сыбағасыз өтер едім. Ғажайып дүниенің сырын жайып,
Қияға қызықтырып жетеледің.
Қайырмасы:
Ұстазым, менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс­жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым, менің ұстазым!
Өзіңнен өмірге азық ала бердім,
Ұшырып мені алысқа қала бердің.
Бойымда отың кетті ұшқын атқан,
Келеді жана бергім, жана бергім!

Ауған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу — кеші

Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу;
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Слайд, видеолар, ардагерлердің суреттері.
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

Барысы:
1 — жүргізуші
— Қайырлы күн құрметті де қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! 8 — 9 — 10 сыныбымен ұйымдастыруымен болып отырған «Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман Тек сенен Есте қалған…» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кешін ашық деп жариялаймыз!

2 — жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

Өткенін ескермеген өшеді,
Өткенін қастерлеген өседі,- демекші, берер тәлімі мол тарихтың тірі куәгерлері бүгін біздің ортамызда!

1 – жүргізуші:
Жаулардан қарсы келген жасқанбаған
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық. Бейсенбаев Серік

Ажигулов Зинет ағаларымыз.
2 — жүргізуші
— 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.

1 — жүргізуші
Ауған соғысы 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Соңы аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды.
Статистикаға сүйенсек:
10 жылға созылған ауған соғысында КСРО бойынша қайтып оралмаған жалпы адам шығыны – 14453 — ке жетті.
Ал Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 924 — і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.
1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі дене жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды. Атырау қаласынан 534 сарбаз қатысып, оның 1 — і хабарсыз кетті, ал 14 — сол соғыста қаза тапты. Сол оралмаған жауынгерлерімізді орнымыздан тұрып еске алайық:
Еске алу (1 мин үнсіздік)

2 — жүргізуші
Бұл соғыстың абырой әпермейтінін түсінген Кеңес үкіметінің басшылары Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу туралы бір шешімге келді. 1989 жылдың 15 ақпанында қолбасшы, генерал — лейтенант Б. Громов “Кеңес әскері Ауғанстан жерінен толықтай шығарылды” деп мәлімдеді.
Бүгінгі таңда елімізде 10000 — ға жуық ауған соғысының ардагерлері бар. Олардың 3000 — дайы мүгедектер қатарында.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» — деген ойлы сөзі бар.
Бұл соғыс жайлы шындық талай жылдар бойы тұмшаланып келді. Тек еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шындықтың беті ашылды.

«Ауған соғысы» туралы бейнебаян үзінді көріңіздер
1 — жүргізуші:
Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда.
1 — жүргізуші:

— Сіздердің құрметтеріңізге ән. «Атамекен»
Соғыс жылдарындағы оқиға туралы баяндама «Жылдар сөйлейді». Зерделі 8 сынып

1979 жылы
Кеңес әскерінің шектеулі контингенті Ауғаныстанда 86 адамынан айырылды, оның 7 – еуі қазақстандық еді.

12 желтоқсанда КОКП ОК Саяси бюросы Ауғанстанға 40 — армияны енгізу туралы шешім қабылдады.
13 желтоқсан Армия генералы С. Ф. Ахромеевтің басшылығымен КСРО Қорғаныс мин — нің жедел тобы Ташкент, Термез қалаларына жіберілді. 40 — армияның қолбасшылығына генерал – лейтенант Ю. В. Тухаринов тағайындалды.
27 желтоқсанда арнайы мақсаттағы «Зейнит» бөлімшесі Тәжі — Бек сарайын шабуылдады. АДР басшысы Х. Амин өлтірілді. Мемлекеттің жаңа басшысы Б. Кармаль болды.

1980 жылы
Кеңес әскерінің шектеулі контингенті бұл жылы 1484 адамынан айырылды, оның 181 қазақстандық еді.

Ақпанның аяғы. Кабулда үкіметке қарсы жаппай қозғалыс өтті. КСРО елшілігі атқыланды, бірнеше кеңестік азаматттар қаза тапты. Оппозицияның қарулы отрядтарын АДР армиясымен бірігіп талқандау туралы Ауғандағы кеңестік әскери қолбасшылығына тиісті нұсқаулар түсті.

Көктем. 40 — армияның қатысуымен Пактия және Газин уәлфяттарында жауынгерлік іс — қимылдар жүргізіліп, І — Панджер операциясы өтті.

1981 жылы
Кеңес әскерінің шектеулі контингенті бұл жылы 1298 адамынан айырылды, оның 97 қазақстандық еді.

Сәуір. 3 – Панджер операциясы сәтті өтті.
Қыркүйек. Кеңестік және ауғандық әскерлер шартты «Мармоль» атауымен қиын операция жүргізді. Балх уәлаятындағы Мазари — Шариф Оңтүстігіне қарай 25 — 30 шақырымда тауда орналасқан көтерілісшілер базасы талқандалды.

1982 жылы
Бұл жылы 1948 кеңестік жауынгерлер мен офицерлер, оның ішінде 168 қазақстандық қаза тапты.
Мамыр. 40 — армияның қолбасшылығына генерал В. Ф.Ермаков тағайындалды. Оның басшылығымен Парван, Каписа, Газни уәлаяттарында жауынгерлік операциялар, сонымен қатар Ауғанстанның Пәкстан, Иранмен шектесетін мемлекеттер шекарасын жабуда ауқымды жұмыстар жүргізілді.

1983 жылы
Кеңес әскерінің шектеулі контингенті бұл жылы 1446 адамынан айырылды, оның 72 қазақстандық еді.
Мамыр — қыркүйек. Қарсыластармен соғыс барысында 22 жауынгерлік операция жүргізілді. 2800 торауыл қойылып, 17 632 қару бірлігі жойылды. 4334 және1772 мың бірлік оқ дәрі қолға түсті. 103 колонна. Дислокация пунктері атқыланып, 38 минаның жарылуы оқиғасы тіркелді.

1984 жылы
Кеңес әскерінің бұл жылы шығыны 2343 адамды құрады, оның 103 — і қазақстандық еді.
Мамыр — қыркүйек. 40 — армия 22 жоспарлы, 19 жоспардан тыс операциялар жүргізді. 2084 торауыл қойылыр, 18184 моджахед өлтіріліп, 3839 жеке қару бірілігі қолға түсіріліді. 80 колонна, 96 дислокация пункті атқыланды, 53 мина жарылысы болды, кеңес әскері 886 адамынан айырылды, оның 111 — і офицерлер болды. 1958 адам жараланып, оның ішінде 70 мың адамы өліп, 3 минааттар, 50 — ден астам мина, ауқымды қару – жарақ, оқ – дәрі қолға түсті.

1985 жылы
Ауғанстанда кеңестік 1868 адам қаза тапты, оның 86 – сы қазақстандық болды.
қазан. Мәскеуде Кеңес әскерін Ауғанстаннан шығару туралы келіссөз қабылданды.
1986 жылы
Ауғанстанда кеңестік 1333 адам қаза тапты, оның 70 — і қазақстандық болды.
Сәуір. Кеңес әскерін қалайда Ауғанстаннан шығару туралы АҚШ — тың №166 Ұлттық қауіпсіздік директивасына қол қойылды.

1987 жылы
3 – қаңтар. Ауғанстан респ. революциялық кеңесі «Ауғанстандағы ұлттық татуласу» Декларациясын қабылдады.

1988 жылы
759 кеңес әскері, оның ішінде 44 қазақстандық қаза тапты.
Желтоқсан. Горбачев БҰҰ — ның Бас ассамблеясының 4 — сесссиясында АҚШ пен Пәкістанға арналған инициатива көтерді. Онда 1989 жылдың 1 қаңтарынан барлық соғысушы жақтар арасындағы ұрыс қимылдарын, оппозиция мен үкімет әскеріне қару – жарақ, техниканы жеткізуді бір уақытта тоқтату ұсынылды.

1989 жылы
Кеңестік әскерінің шығыны 53 адамды құрады. Оның 8 — і қазақстандық болды.
15 ақпан. Түстен кейін Ауғанстан кеңестік шекарашылар тастап шықты. Термез қаласында болған митингіде 40 — армияның қолбасшысы алдарына қойған әскери міндетті толық орындап шыққанын мәлімдеді.

2 — жүргізуші:
КСРО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққан күнін атап өту қарсаңында «Қазақстан — 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына қатысты Мәжіліс депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл жастарды ел үшін еңбек етуге шақырады.
«Ең алдымен айтарым, адам баласын жақсылыққа үміттендіріп, жақсылыққа жетелеген лазым. Жамандықтың бір кілті ашылса, адамның да, қоғамның да қалған өмірі күреспен өтеді. Елбасының Жолдауы Қазақстанның әлемдік деңгейдегі беталысы мен бағытын айқындап берді. Президентіміз Жолдауын жастарға арнады. Шын мәнінде, бүгінгі жастар өзгеше. Тәуелсіз елдің төл перзенттері, санасы тәуелсіз, ойы озық, білімі асқақ азаматтар. Жастар жауапкершілікпен қатар, ауыртпашылықты да сезінуі керек,»- дей келе Ауған соғысының ардагері бүгінгі еңбек майданын кешегі ауған соғысына теңеді.

«Мен көрген соғыс» атты бейнебаян үзінді көріңіздер

Ауған соғысының қасіреті кімдердің жүрегін жараламады десеңізші?! Азаматтық борышын атқаруға әскерге кетіп, табытпен оралғандары қаншама? Осындай ағаларымыздың хатынан үзінді тыңдаңыздар. (Күй орындалып тұрады.) Арайлым 10 сынып.

«Жауынгер хаты» (авторы М. Сергеев.)
Бауырым, бұл хатымды аласың ба?
Ауғанның тауларының арасында,
Бораған қорғасын оқ бас көтертпей,

Жатырмыз ессіз — түссіз жар астында.
Қоршаудамыз, барады айдан асып,
Анталаған жаулармен тайталасып,
Іздеп жатқан ел де жоқ артымыздан,

Шер — қайғыңды енді кімге айта аларсың?
Күңіреніп, күрсінеді Ауғанстан,
Жігіттер де шаршады сұм соғыстан.
Түн ортасы басталар қанды қырғын,

Жарылыстан — жарылыс – күл боп ұшқан.
Күні өтеді осылай жастығымның,
Жолдасымның естідім ақтық үнін.
Қансырады, құлады командирім,

Бірақ сырын алдырмай жатты күліп.
Күліп жатты жалғанның барлығына,
Өспей жатып жасыл гүл солды сонда!
Көтергенмен рухын жауынгердің,

Іште қалды — ау өкпесі тағдырына!
Басқа салды, біз көндік, амал қанша?
Тартысамыз дұшпанмен ала алғанша.
Қай бұрышта қалады бас домалап,

Алла білер, жортатын сапар қанша?
Кейде ойлайсың, сұм ажал алып кетсе,
Қопарылып, өртеніп жанып кетсем,
Бауырым, дән риза мен болар едім,

Осы хатым еліме барып жетсе!
Түсімізге енеді ақ қорымдар,
Дегендей ме, сездіріп сақ болыңдар.
Бәрімізде бір арман қоршаудағы;

«Сүйегіміз қалмаса екен жат қолында!»
1 – жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ендігі кезекте келешегіміз бен жарқын болашағымыздың жасаушысы, жалындаған жас ұрпақтың арнауын назарларыңызға ұсынамыз.

6 — сынып
1. Өтер жылдап, ауқып тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар
2. Армысыздар, ауғандық жауынгерлер
Жырым бар жараланған, жаныңды емдер.
Өлгендердің жәннәтта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер!
Ерлік қылған ағаларым, аспан асты, жер үсті,
Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар мен бөрікті
Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,
Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.
3. Отан үшін оққа тосып кеудеңді,
Ерлігіңді, өрлігіңді ер көрді.
Бірге аттанған бауырларың жер жастанды, жерленді
Жебейді олар әруағымен сендерді.
Аналардың көл боп аққан көз жасы,
Жетім — жесір тағдырларын ойлашы.
Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз,
Елі үшін құрбан болған ер басы.
4. Баласы батыр туғаннан
Денесін сумен жуғаннан
Батыр да халық қазақпыз
Кіндігін түйіп буғаннан
Даламен бірге қайнасып
Көкпенен бірге жайнасып
Көршімен тату, жауына қату
Қарасаң егер байқасып

Тамыры терең кететін
Жайнаған дархан мекенім
Бар ма екен шіркін жалғанда
Қазахияма жететін
5. Осындай елді құраған
Бабадан қалған мұрадан
Жастарға сарқыт ерлігі
Сел болар ақса жырадан
Ел үшін өткен батырлар
Шайырлар менен ақындар
Күш пенен түйсік, ақылды
Бағындыра алған дарындар
Олардың ерлік тәлімі
Халқына айқын мәлімді
Ұғына алса керекті
Қазіргі ұл — қыз хәліңді
6. Атойлап шапқан батырлар
Рухын қайрап ақындар
Ұрпағым аман болсын деп
Қыршынбасын деп жатырдан
Ел үші қиып құр жанды
Ұстанған елміз бір заңды
Биікке қойған қазақпыз
Ар — ұятпенен ұжданды
Жауына күшін көрсетіп
Ізіне ерген ел сеніп
Жастарға бүгін аманат
Жасалған істер белсеніп
Бабалар салған сара жол
Өшпейтін мәңгі дара жол
Ұрпаққа бүгін аманат
Қорғай біл халқым пана бол

1 — жүргізуші: Арал қаласына қатысқан Ауған соғысының ардагерлері:

Екі жүргізуші барлық Ауған соғысының ардагерлерін кезек кезек тізіп айтып шығады

«Ерлік — жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет. Уақыт пен тарихтың мәңгі жадында қалған оқиғаларды өз басынан өткерген апаларымыз бен ағаларымыздың айтары да, бізге берер тәлімі де мол. Ендеше, сөз кезегі өздеріңізде, құрметті қонақтар!

Ендігі сөз кезегі алып бәйтерек, ауылымыздың мақтанышы болып жүрген ауған соғысының ардагерлеріне беріледі.

Сұхбаттасу
Оқушыларды толғандырып жүрген сұрақтар бар шығар, олай болса кезекті оқушыларға берейік. Оқушылардың сұрағы:

— Сіздермен бірге қазақ жауынгерлері болды ма?
— Сіздің Ауғанстанға аттанғаныңызды тума – туыстарыңыз білді ме?
— Ауған жерінде болғанда ауғандықтардың қандай екенін байқадыңыз?
— Бұл сұм соғысқа аттандыңыз ба?
— Сіз Ауған соғысы туралы фильмдерді көргенде шындыққа жанасатындары бар ма?
— Сіздермен шақырылған жігіттердің қаншасы елге оралмады?
— Соғыстың алдында сіздерге жаттықтыру істерін жүргізді ме? Әлде қару беріп жібере салды ма?
— Сіздерге үкімет тарапынан қандай көмек көрсетіліп отыр?
— Ауғанстанда тұратын қазақтар жайлы білеміз.
— Соғыс кезінде қандастарымызды кездестірдіңіз бе?

— Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп жүрсіз?
— Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз?
— «Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз?

— Сіздер Ауған соғысына барғанда шын өзіңіз ниетіңізбен бардыңыз ба, әлде Кеңес Одағының тапсырмасы болды ма?

1 – жүргізуші:
15 ақпан 1989 жылы 40 — армияның Ауған жерінен генерал Боир Громовтың шығуы еді. Шын мәнінде оқиға басқаша болған. Соғыс бітсе де шекаралар мен негізгі құрамалар қалдырылған. Соңғы шығушы қазақстандық офицер Виктор Харичев басқарған шекарашылар. Олар ешқандай сән – салтанатсыз. Құшаққа алған гүлдерсіз Ауған жеріндегі соғыстың ақырғы нүктесін қойды. Өкінішке орай бұны әркім біле бермейді.
Ауғанстан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 27 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз.

2 — жүргізуші
Мен қазақпын, Ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер.

1 — жүргізуші:
— Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың

Ауғандағы азап шеккен арыстар — деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес.

2 — жүргізуші
Ерлік — елдің туы. Ер қуаты — қару болса, ел — қуаты батырлары, сақадай сарбаздары мен сардарлары. Халық қашанда қаһарман ұлдарын пана тұтқан. Отан үшін күрес, ерге тиген үлес. Халықтың осы даналығы қайда жүрсек те, қашанда жүрек дәптерінде, сана сахнасында сақтаулы жүрсе, қазақ баласы азаматтық парызын адал ақтауды ұмытпас. Ауған қаһармандарын қадірлеп, құрметтеп, рух жасампаздығымен жаңартайық.

Ән: «Байтақ елім»
1 — жүргізуші

Кешіміздің қорытынды сөзін мектебіміздің директоры береміз.
2 — жүргізуші:
Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін — бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір — түкпірінде еңбек етуде.
Аяулы ағалар, уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін.

«Ауғанның асуында от кешкендер…»

Қызылорда облысы, Арал қаласы
№2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп — интернаты
Оразгулова Дина Айнуровна — қосымша білім беру педагогы, тарих пәнінің мұғалімі

Понравилась статья? Поделить с друзьями:
  • Армянские новогодние праздники
  • Армянские национальные праздники список
  • Армянские конкурсы на праздники
  • Армянские государственные праздники
  • Армянские главные праздники

  • 0 0 голоса
    Рейтинг статьи
    Подписаться
    Уведомить о
    guest

    0 комментариев
    Старые
    Новые Популярные
    Межтекстовые Отзывы
    Посмотреть все комментарии